18.9 C
Астана
9 июля, 2026
Image default

Әйелдер зейнетке қаншада шығуы керек?

Қаза­қстан­ның орта­ша ста­ти­сти­ка­лық тұрғы­ны зей­нет­кер­лік­ке шыққан соң тоғыз жыл өмір сүреді. Ал Син­га­пур елінің тұрғы­ны тағы 13 жыл, Өзбек­стан тұрғы­ны – жеті жыл, Моңғо­лия тұрғы­ны екі жыл артық өмір сүреді екен. Осын­дай қоры­тын­ды­ға «Каз­по­треб­над­зор» ҚБ мен «Рейтинг.kz» Зерт­теу агент­ті­гінің әлем­нің бар­лық елдерін­де­гі зей­нет­кер­лік жасқа жүр­гізіл­ген зерт­те­уі көр­сетіп отыр.

 

Автор: Ұлт порталы

 

Қазір­гі заман­ның басты жал­пы әлем­дік мәсе­лесі халы­қтың тез қар­та­юы болып отыр. Сон­ды­қтан да әлем­нің көп­те­ген елдерін­де­гі зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­туы соның бір сал­да­ры бол­мақ. Қаза­қстан­да да алдағы уақыт­та әйел­дер­дің зей­нет­кер­лік жасын бір­тін­деп 63-ке жет­кі­зуді жос­пар­лап отыр. Бір­не­ше күн бұрын ҚР Вице-пре­мьері Қай­рат Келім­бе­тов алдағы 10 жыл ішін­де ішін­де бір­те-бір­те әйел­дер­дің зей­нет­кер­лік жасын ұлғай­та­ты­нын мәлім­деді. Оның ойын­ша, осын­дай шешім­нің себебі жүк­тілі­гі мен боса­нуы бой­ын­ша дема­лы­сқа шығу нәти­же­сін­де әйел­дер­дің жұмыстағы үзілістері болып отыр. Келім­бе­тов мыр­за­ның ойы­на сүй­е­нетін бол­сақ, егер де қаза­қстан­дық әйел­дер бала санын аз туып жат­са, онда мұн­дай шешім қабыл­дан­бас еді.

Зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту баста­ма­сы­ның негізділі­гін тек­се­ру үшін «Каз­по­треб­над­зор» ҚБ мен «Рейтинг.kz» Зерт­теу агент­ті­гі зей­нет­кер­лік­ке шыққан аза­мат­тар­дың өмір сүру ұза­қты­ғы рей­тин­гісін жаса­ды. Сарап­тау негізін­де тұрған көр­сет­кіш аза­мат­тар­дың зей­нет­кер­лік жасқа жету мүм­кін­шілі­гі мен қазір­гі зей­нет­кер­лік жастың жал­пы негізділі­гін көр­се­те­ді. Яғни, рей­тинг­те­гі көш­бас­шы елдер­де зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту­дың объ­ек­тив­ті негіз­дері бар бол­са, өз кезе­гін­де аут­сай­дер елдер жасты ұлғай­ту емес, керісін­ше төмен­де­ту керекті­гін еске­ру қажет.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Зей­нет­кер­лік­ке шыққан аза­мат­тар­дың өмір сүру ұза­қты­ғы рей­тин­гісін­де Син­га­пур мем­ле­кеті бірін­ші оры­нға ие (22 жыл) бол­ды. Осын­дай көр­сет­кіш атал­мыш елдің күтілетін өмір сүру ұза­қты­ғы­ның жоға­ры көр­сет­кі­ші­мен (84 жас) бай­ла­ны­сты. Соны­мен қатар, Син­га­пур елін­де зей­нет­кер­лік жас — 62 (ер аза­мат пен әйел­дер үшін) жыл екен. Оған қоса, елі­міздің сая­си эли­та өкіл­дері бағ­дар ретін­де осы елді атап жүр­ген­ді­гін еске­ру қажет.

Рей­тинг­те­гі көш­бас­шы­лар үшті­гіне Ита­лия мен Фран­ция мем­ле­кет­тері кіріп отыр. Атал­мыш елдер­дің үкі­мет­терін­де зей­нет­кер­лік жастың ұлғай­туы­ның негіз­гі себеп­тері бар болға­ны­мен, осы мем­ле­кет­тер­дің халқы үлкен нара­зы­лық біл­діру­де. Бір қызы­ғы, нара­зы­лық шеру­лер­ге зей­нет жасы­на кел­ген аза­мат­тар емес, қай­та жастар шығып отыр екен. Сту­дент­тер мен оқу­шы­лар­дың осы шеру­ге шығу себебі ретін­де зей­нер­кер­лік­ке шығу жасы ұлғай­ту арқы­лы жасы үлкен аза­мат­тар жұмыс орнын босат­пай­ты­ны­на алаң­да­у­шы­лық біл­діретінін көрсетеді.

Рей­тинг­тің төр­тін­ші орны­на Қытай (19 жыл) орна­ла­сты. Атап кететін бір жәйт, осы мем­ле­кет­те ауыл­ды аймақтар­да тұра­тын аза­мат­тарға зей­не­тақы қарас­ты­рыл­маған екен. Мем­ле­кет­тің мына саты­ға орна­ла­суы елде­гі ер аза­мат­тар үшін 60 жас, ал әйел­дер үшін 50—55 жаста зей­нет­ке шығуы­мен түсін­діріледі. Соны­мен қатар Қытай­да өмір сүру ұза­қты­ғы 43-тен 75 жасқа жет­кені­мен, зей­нет­кер­лік жас 60 жыл­дан астам көтеріл­ме­генін атап өту­ге болады.

Рей­тинг­те­гі келесі жиыр­ма орын­дарға еуро­па­лық мем­ле­кет­тер орна­ла­сты. Оған қоса, осы тізім­ге Австра­лия мен Кана­да елдері еніп отыр. Осы елдер­дің зей­нет­кер­лік­ке шыққан аза­мат­тар­дың орта­ша өмір сүру ұза­қты­ғы — 15—18 жыл. Рей­тинг­тің жоға­ры саты­сы­на 17 жыл көр­сет­кі­ші­мен Гре­ция мем­ле­кеті (эко­но­ми­ка­сын­да жүй­елі про­бле­ма­лар болға­ны­мен) орналасты.

Ал пост­кеңе­стік кеңістік­те рей­тинг­те­гі көш­бас­шы­лық оры­нға Өзбек­стан (21 орын) ие бол­ды. Өзбек­стан­ның мұн­дай көр­сет­кіш­ке жетуі зей­нет­кер­лік­ке шығу жасы­мен (ер аза­мат­тар үшін 60, әйел­дер үшін 54 жас) бай­ла­ны­сты­ры­ла­ды. Өзбек­стан елі пост­кеңе­стік кеңістік­те зей­нет­кер­лік жасты қысқар­тқан жалғыз ғана мем­ле­кет болып отыр. 1999 жылы Пре­зи­дент­тің қаулы­сы­мен әйел жылы деп жари­я­лаған уақыт­та өзбек қоға­мын­дағы нәзік жан­ды­лар­дың жасын бір жылға (кеңес зама­ны­на қараған­да) азайт­ты. Көр­ші ел зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту арқы­лы үлкен жұмыс­сыздық про­бле­ма­сы­ның туын­дай­ты­нын біліп оты­рға­ны бай­қа­лып отыр.

Кеден­дік одаққа мүше Бело­русь елі рей­тинг­тің 34 орны­на (14 жыл) орна­ла­сты. Осын­дай нәти­же­ге кеңес зама­нын­дағы зей­нет­кер­лік жастың сақта­луы арқы­лы жет­ті. Деген­мен­де бұл елде зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту мәсе­лесі талқы­ла­нып жатыр.

Қазір­гі таң­да 60 мем­ле­кет­тің ішін­де Қаза­қстан 53 орын­ды иелен­ді. Моңғо­ли­я­мен салы­сты­ра­тын бол­сақ, атал­мыш мем­ле­кет 46 оры­нға орны­қты және қаза­қстан­ды­қтар­дан екі жылға артық өмір сүретіні аны­қтал­ды. Соны­мен қатар, орта­ша ста­ти­сти­ка­лық ел тұрғы­ны Син­га­пур мем­ле­кетінің тұрғы­ны­мен салы­сты­рған­да құр­мет­ті еңбек дема­лы­сын 2,4 есе кем пай­да­ла­на­ды. ТМД елдері ара­сын­да Қаза­қстан Ресей­ден, Қырғыз­стан­нан, Мол­до­ва мен Тәжік­стан­нан алда тұр. Рей­тинг­те Қаза­қстан­ның төмен­гі оры­нға орна­ла­суы өмір сүру ұза­қты­ғы­ның азды­ғы (11 орын) түсіндіріледі.

Егер де әйел­дер­дің зей­нет­кер­лік жасын 63-ке жет­кі­зетін бол­сақ, онда Қаза­қстан бір­ден 58 оры­нға түседі. Сон­да мем­ле­кет Пәкістан мен Тәжік­стан­ның алдын­да тұрады

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН БОЛЖАМДАР

Үкі­мет­ті зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту мәсе­лесін­де бюд­жет­те­гі қар­жы­ның тап­шы­лы­ғы мен біры­ңғай зей­не­тақы қоры­ның құры­луы итер­ме­лей­ді деп болжа­уға болады.

Дамы­ған елдер­дің тәжіри­бесі көр­сет­кен­дей, зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту­дың объ­ек­тив­ті себебі біреу ғана — ол халы­қтың тез қар­та­юы. Әрине, Қаза­қстан үшін бұл мәсе­ле өте өзек­ті. Деген­мен­де рей­тинг­те көр­сетіл­ген мем­ле­кет­тер­мен салы­сты­ра­тын бол­сақ, онда бұл мәсе­ле Қаза­қстан үшін аса маңы­зды емес. Ал үкі­мет­тің дәлел­дері сенім­ді ұялаттырмайды.

Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің ақпа­ра­ты­на сүй­е­нетін бол­сақ, зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту мына­лар үшін қажет:

1). Жинақта­у­шы зей­не­тақы жүй­есіне қаты­су өтілі мен зей­не­тақы­ның жинақ көле­мін көбей­ту үшін. Қаза­қстан­да басты про­бле­ма зей­не­тақы жар­на­сын жина­удың ұза­қты­ғы емес, аза­мат­тар­дың басым көп­шілі­гінің жинақта­у­шы жүй­е­ге жүй­елі түр­де қаты­спа­уы болып табы­ла­ды. Соның сал­да­ры­нан латент­ті жұмыс­сызды­қтың тууы­на әкеліп соға­ды және өзін-өзі қам­та­ма­сыз етіп оты­рған аза­мат­тар зей­не­тақы қор­ларға өз жар­на­ла­рын бөл­мей­ді. Мұн­дай тәжіри­бе нәти­же­сін­де ынты­мақты жүй­ені алып тастау арқы­лы бола­шақта аза­мат­тар­дың көбін­де зей­не­тақы­сы мүл­дем бол­май­ды. Сөй­тіп, бола­шақта ауыл­да тұра­тын халық зей­не­тақы­сыз қалуы ықти­мал. Басқа­ша сөз­бен айт­сақ, зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту үрдісі аза­мат­тар­дың жинағы­ның өсі­міне әкелмейді.

2). «baby-boom» ұрпағы­ның (соғыс жыл­да­ры­нан кей­ін туы­лған­дар) қар­та­юы­на бай­ла­ны­сты демо­гра­фи­я­лық ауырт­па­лы­қтың коэф­фи­ци­ент өсі­мін тегістеу үшін. Соғыс жыл­да­ры­нан кей­ін туы­лған аза­мат­тар­дың бала­ла­ры 70—80-жж. дүни­е­ге кел­ген еді. Сөй­тіп демо­гра­фи­я­лық жары­лы­стың нәти­же­сін­де зей­нет­кер­лер саны­ның өсі­мі бай­қал­ды. Бұн­дай мәлі­мет­тер­ді ресми ста­ти­сти­ка айғақтай­ды. Соны­мен бір­ге атал­мыш «baby-boom» үрдісі басқа да елдер­де бай­қал­ды. Бірақ та сол елдер­дің үкі­меті зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­туға асы­ғар емес. Жарқын мысал Өзбек­стан мем­ле­кеті (табиғи бай­лы­қта­ры­ның аз бол­са да) бола алады.

3).Экономикалық бел­сен­ді жасты ұзар­ту арқы­лы еңбек нары­ғы­на қосым­ша еңбек ресур­стар­ды қаты­сты­ру мүм­кін­дік­терін кеңей­ту үшін. Ресми деректер бой­ын­ша жұмыс­сыздық дең­гейі 5,4% құрай­ды. Жұмыспен қам­тыл­маған халы­қтың басым бөлі­гін өзін-өзі қам­та­ма­сыз етіп жатқан­дар­дың қата­ры­на енгі­зу және жұмыс­сыз ретін­де тір­ке­лу про­це­ду­ра­сы­ның тым төре­шіл­ді­гі нәти­же­сін­де осын­дай көр­сет­кі­шті көр­сетіп отыр. Дұрыс пікір­лі қаза­қстан­дық шынайы жұмыс­сызды­қтың ресми деректер­ден тым жоға­ры екенін біледі. Соны­мен, Қаза­қстан­ның еңбек нары­ғын­да еңбек кадр­лар­дың тап­шы­лы­ғы жоқ. Қай­та керісін­ше, басты мәсе­ле жұмыс орны­ның (әсіре­се, ауыл­дар­да) жетіспеушілігінде.

Зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту арқы­лы жастар ара­сын­дағы жұмыс­сыздық туын­да­уы­на әкеліп соға­ды. Осы­дан бір­не­ше күн бұрын ҚР Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Серік Әбде­нов 2020 жылға дей­ін Жастар сая­са­ты­ның даму Тұжы­рым­да­ма­сы­ның мін­дет­терінің бірі жұмыс­сыздық дең­гей­ін төмен­де­ту болып табы­ла­ды. Сөй­тіп, министр мен үкі­мет ара­сын­дағы сөз бен істің тіке­лей қара­ма-қай­шы­лы­ғын көріп отырмыз.

Соны­мен қатар, зей­нет­кер­лік жасын ұлғай­ту қат­ты әле­умет­тік толға­ны­сқа және билік­ке сенім дең­гей­інің төмен­де­уіне әке­леді. Шетел мем­ле­кет­терінің тәжіри­бесі көр­сетіп оты­рған­дай, бар­лық аза­мат­тар үшін зей­нет­кер­лік жас өте өзек­ті бол­мақ. Әрине, үкі­мет­тің зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту мәсе­лесін­де­гі дәлел­дері мағы­на­сыз болып табы­ла­ды. Сон­да билік осын­дай тиім­сіз қада­мға баруға мәж­бүр­ле­уі мына­дай мәсе­ле­лер итермеледі:

1).Бюджетте қар­жы­ның тап­шы­лы­ғы — мүм­кін­ді­гі бар ең таны­мал себеп. Бәл­кім, үкі­мет мүм­кін­ді­гі ықти­мал эко­но­ми­ка­лық толқу­ларға қар­сы «қауіп­сіздік жасты­ғын» даяр­лап отыр. Бірақ та Қаза­қстан шикі­зат дер­жа­ва­сы болған соң, пай­да­лы қаз­ба­лар­дан түс­кен табыс жоға­ры дең­гей­де тұр.

2). Біры­ңғай зей­не­тақы қорын құру. Бар­лық зей­не­тақы қор­лар­ды біры­ңғай мем­ле­кет­тік қорға бірік­тіру­ге мәж­бүр­ле­ген соң, үкі­мет мой­ны­на төлем­дер­ге кепіл­дік беру тура­лы жау­ап­кер­шілік түседі. Бірақ та зей­не­тақы қор­ла­рын­дағы актив­терінің сапа­сын баға­лау үшін ашық көз­дер­де толық ақпа­рат жоқ. Басқа­ша айтқан­да, кей­біре­улерін­де зей­не­тақы ақша­ла­ры жоқ болуы мүм­кін. Ал мем­ле­кет­тің зей­не­тақы қор­ла­ры­ның «түсініксіз» актив­терін сатып алу қау­пі бар. Сон­ды­қтан да зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту мәсе­лесі Х — уақы­ты­ның (қаза­қстан­ды­қтар­дың жинаған ақша­ла­рын төлей алмау қабілет­сізді­гі кезін­де) созы­луы­на сеп­ті­гін тигізеді.

ҰСЫНЫСТАР

Сарап­та­ма нәти­же­сі мен кел­тіріл­ген қоры­тын­ды­лар­дан зей­нет­кер­лік жасты ұлғай­ту­дың ещ себебі жоқты­ғын көріп отыр­мыз. Сон­ды­қтан «Каз­по­треб­над­зор» ҚБ мен «Рейтинг.kz» ЗА ел үкі­меті­нен әйел­дер­дің зей­нет­кер­лік жасын ұлғай­ту жос­па­ры­нан бас тар­туын талап етеді.

Зей­не­тақы сала­сын­дағы мәсе­ле­лер­ді шешу үшін төмен­де­гі ұсы­ны­стар ұсынылады:

1).Норвегияның тәжіри­бесіне сүй­ене оты­рып, зей­нет­кер­лер­ді лай­ы­қты зей­не­тақы­мен қам­та­ма­сыз ету үшін Ұлт­тық қор­да сақталған баға­лы қағаз­дар­дан түс­кен табыст­ар­ды бөлу. Сөй­тіп, атал­мыш ұсы­ныс Ұлт­тық қор­дың «Бола­шақ ұрпақ қоры­на» кері транс­фор­ма­ци­я­сын біл­діреді. Кезін­де Қаза­қстан­дағы Ұлт­тық қор осы­лай аталған болатын.

2). Мем­ле­кет тара­пы­нан жұмыс­ба­сты әйел­дер үшін (жүк­тілі­гі мен боса­ну дема­лы­сы кезін­де) қосым­ша өте­мақы­лар­ды енгі­зу. Боса­нуға дей­ін­гі әйел­дер­дің соңғы жыл­да­ры­ның орта­ша төле­мінің 50% мем­ле­кет тара­пы­нан жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры­на бөліп тұру. Мұн­дай меха­низмді бала тууы­на бай­ла­ны­сты әле­умет­тік төлем­дер­ді шек­те­уде­гі өте­мақы ретін­де қарас­ты­руға болады.

ӘДІСТЕМЕ

Зей­нет­кер­лік­ке шыққан аза­мат­тар­дың өмір сүру ұза­қты­ғы рей­тин­гісіне 60 мем­ле­кет еніп отыр. Рей­тинг­те күтіл­ген өмір сүру ұза­қты­ғы мен қазір­гі зей­нет­кер­лік жас өлшем­дері алы­нған бола­тын. Күтіл­ген өмір сүру ұза­қты­ғы тура­лы ақпа­рат (2012 жылғы ақпа­рат) http://mostinfo.su/ сай­ты­нан алын­ды. Әлем­нің түр­лі елдерін­де­гі зей­нет­кер­лік жас тура­лы ақпа­рат­тар әр түр­лі көз­дер­ден алын­ды. Кей­бір елдер­де зей­нет­кер­лік жас түр­лі әле­умет­тік топ­тар­мен ерекше­лен­се, онда орта­ша көр­сет­кі­ш­тер алын­ды. Осы­ған орай, мәлі­мет­тер кіш­кене дәл­сіздік­ті көр­се­туі ықти­мал, бірақ та сарап­тау нәти­же­сіне мүл­дем әсер етпеді.

Аза­мат­тар­дың зей­нет­кер­лік­ке шығу­дың орта­ша жасы ер аза­мат­тар мен әйел­дер ара­сын­дағы орта ариф­ме­ти­ка­лық көр­сет­кі­шті біл­діреді. Зей­нет­кер­лік­ке шыққан аза­мат­тар­дың өмір сүрудің орта­ша ұза­қты­ғы күтіл­ген өмір сүру ұза­қты­ғы­нан есеп­телін­ді. Мұн­дай көр­сет­кіш елдің бар­лық әле­умет­тік топ­та­ры­на қол­да­нуға болады.

Источ­ник: Ұлт порталы

Ори­ги­нал статьи: 

Әйел­дер зей­нет­ке қан­ша­да шығуы керек?

архивные статьи по теме

Сможет ли Казахстан избавиться от своего клептократического прошлого?

Editor

По прошествии года реформ, инициированных FinCEN Files, ключевой источник находится за решеткой.

Editor

Как Есимов отчитался перед народом