5 C
Астана
29 марта, 2024
Image default

Қазақ басылымдарына Ақордаға жалтақтау тән

Қазақ бас­пасөзіне сұра­ныс әлі де аз, өйт­кені қаза­қтіл­ді басы­лым­дар жарым­жан болып отыр. Газет бет­терінің қаза­қ­ша­сы көбей­се, тара­лы­мы бір­ден түсе бастай­ды, дей­ді бел­гілі жір­на­лист, «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің «Бас оқыр­ма­ны» Ермұрат Бапи.

Автор: Жан­на БИСАРОВА

«Дат» жоба­сы­ңың жетек­шісі, Ермұрат Бапи жоба­ның 15 жыл­дың ішін­де көр­ген қиын­ды­қта­ры тура­лы, қазақ бас­пасөзінің бүгін­гі жағ­дайы және пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың мұра­гері жөнін­де сұрақтарға «R‑студияның» 26 сәуір­де өткен онлайн-кон­фе­рен­ция бары­сын­да жау­ап берді.

«Дат­тың» 15 жыл­ды­ғы тура­лы

Елі­міз­де­гі тәу­ел­сіз басы­лым­дар­дың бірі — «Дат» жоба­сы­ның жарық көріп келе жатқа­ны­на 15 жыл тол­ды. Осы уақыт­тың ішін­де баста­ры­ңы­зға талай қиын қыстау кезен­дер түсті…

- «Айта айта Алтай­ды, Жамал апай қар­тай­ды», демек­ші, «Дат­тың» құда­ла­ну мәсе­лесі он бес жыл­дың ішін­де, алға­шқы күн­нен бері айты­лып келеді. Сіз­бен біздің оқыр­ман­да­ры­мыз бір деп ойлай­мын, сон­ды­қтан олар біздің жағ­дай­ы­мы­здан хабар­дар болуы әбден ықти­мал. Қысқа­ша айт­сам, 15 жыл­дың ішін­де «Дат» газеті 12 мәр­те ата­уын өзгерт­ті, бір газет жабы­лып жат­ты, басқа­сы ашы­лып жат­ты, ара­сын­да екі-үш нөмір­лері ғана шығып үлгер­ген­дер бол­ды. Біз 48 сот про­цес­сі­нен өттік, оның ішін­де 4 қыл­мыстық, 11 аза­мат­тық, қалға­ны әкім­шілік про­цес­стер. 800 мил­ли­он тен­ге­ге арыз түсіп­ті, әрине оның ешқай­сысын біз өте­ген жоқ­пыз, өйт­кені ондай мүм­кін­дік жоқ біз­де. Сон­дай тар тай­ғақ жол­дан өттік, шынын айту керек, сонғы бір екі жыл­да шама­лы тыныш болып қалды.

- Бұл неге бай­ла­ны­сты деп ойлайсыз?

- Бір жағы­нан «Рес­пуб­ли­ка» газеті­мен алы­сып жатқа­сын ба, оның себебін біз біл­медік. Бір жағы­нан ынғай­сыз екен, әлдеқай­да ойлар болуы мүм­кін. Бірақ, мүл­дем тыны­шта­лып қал­ды деп айтуға бол­май­ды, айы­на бір рет бір әкім­шілік ары­здар түсіп жата­ды, біз сотқа жет­кіз­бей, келісіп жатқан жай­ы­мыз бар, өйт­кені газет­ті сақтап калу керек.

- Өткен­де бір сұқ­ба­ты­ңы­зда «басын­да біз оппо­зи­ци­я­лық басы­лым болған жоқ­пыз деп қал­ды­ңыз», Қаза­қстан­да тәу­ел­сіз басы­лым мен оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­ның қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар деп ойлай­сыз?

- Тәул­сіз басы­лым деген дүние менің ойым­да, ол жан­жақты қоғам­дағы бар ақпа­рат­ты түгел­дей береді. Аза­мат­тық қоғам­ның, оппо­зи­я­ци­я­ның да, билік­тің де ақпа­ра­тын яғни қоғам­дағы тепе- теңдік­ті сақтай­ды. Ал оппо­зи­я­ци­я­лық газет деген қоғам­дағы қар­сы ойлар­ды, пікір­лер­ді көбірек жари­я­лаған кей­ин ол, әрине оппо­зи­ци­я­лық басы­лы­мға жатады.

-Қазір енді өздеріңізді қалай бағалайсыз?

- Енді бізді оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дар қата­ры­на ығы­сты­рып тастаған­нан кей­ін, біз оны мой­ын­да­уға мәж­бүр­міз, екін­ші­ден елде­гі 5000 жуық газет билік­тің жырын жыр­ла­са, біз қалған бір-екі оппо­зи­ци­я­лық газет басқа пікір­ді жет­кізу­ге тырып жатырмыз.

- Қазір­гі Қаза­қстан­дағы нарық бас­пасөзін қалай баға­лай­сыз, оның ішін­де қазақ бас­пасөз нарығын?

- Бас­пасөз нары­ғын­дағы бүгін­гі жағ­дай­ын айтар бол­сақ, ең бірін­ші кезек­те, ақпа­рат мини­стр­лі­гі тара­пы­нан қоғам­дық-сая­си мән­де­гі газет­тер­ді тір­кеу шек­те­улі екені айтуы­мыз керек. Сол себеп­тен тәу­ел­сіз жан-жақты ақпа­рат­ты беретін басы­лым­дар жоқтын қасы, сан түр­лі себеп­тер­мен өтініш бер­ген аза­мат­тар­дың құжат­та­ры қай­та­ры­лып, өтініш бер­ген адам­дар тек­серіс­ке ұшы­рай­ды, ал тіміскі­мен айна­лы­са­тын біз­де бірақ орган бар — ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті. Бас­пасөз нары­ғы деген­де, сайт­тар­ды алмаған­да таза оппо­зи­ци­я­лық 10 жуық басы­лым­дар бір жағын­да, ал бір жағын­да 5000 жуық билік­тің сой­ы­лын соғып жүр­ген газеттер…

- Оқыр­ман сұрағы: « Сале­мат­сыз ба, Ере­ке! Газетінізді қазір кім қар­жы­лан­ды­ра­ды? жақын­да 15 жыл­дық той­ы­ла­ры­ңы­зды қалай атап өтіңіздер?».

- Бізді ешкім қар­жы­лан­дыр­май­ды, әрине, ара-тура жаны ашып қол ұшын беріп тұра­тын аза­мат­тар бар. Бас­па­да қары­зы­мыз болып қалып, оқыр­ман­дар­дан көмек сұраға­ны­мы­зда көмек­тес­кен адам­дар бол­ды. Негізі сол шығарған газеті­мізді сата­мыз, оның өзі айлы­ғы­мы­з­бен бас­паға жет­пей жата­ды. Мәсе­лен, 2 айдан бері қыз­мет­кер­лері­міз жалақы­сын алған жоқ. Біз­де жар­на­ма жоқ, мықты құры­л­тай­шы­мыз да жоқ, тіп­ті біздің газет­ті сату­шы­лар­дан ақша­мы­зды ала алмай жүр­ген жағ­дай­ы­мыз бар.

- Ақша демек­ші, оқыр­ма­ны­мы­здан мына­дай бір сұрақ түсі­піті «Ере­ке сіз талай жур­на­ли­стің еңбе­кақы­сын бер­мей, лақты­рып кетіп жүр­сіз. Оны Дат-та іст­ген жур­на­ли­стер­ден естіп біліп жүр­мін. Сол рас па: Әділ­дік­ті ту еткен Сіздің өзіңіз біре­удің еңбек ақы­сын жесеңіз, онда билік­ке қалай өкпе­ле­у­ге бола­ды? Гулмира».

- Ондай мәсе­ленің бар екенін мой­ын­дау керек (күледі). Жасы­ра­ты­ны жоқ, бар болған­да, оны лақты­рып кету деп қабыл­да­мау керек шығар, ешкім ешкім­ді лақты­рған жоқ, қазақ айта­ды ғой «Ер мой­ы­нын­дағы қаны­шер емес». Ол жағ­дай­дың бәрі сол қар­жы мәсе­лесіне тіре­леді. Кезін­де кадр­лар жетіс­пей, ойдан қыр­дан қашқан­дар­ды жұмысқа алған кез бол­ды ғой, сон­да бір екі ай жұмыс жасап кет­кен­дер де бар жыл­дар бойы жыр қылып айтып жүр­ген. Бар­лы­ғын санаған­да 300 мың тең­ге көле­мін­де шығар көп болса.

Тағы бір оқыр­ман­нан түс­кен сау­ал: «Ере­ке, қазақ басы­лым­да­ры мен сайт­та­ры­ның қай­сысы­на көңіліңіз толады?».

- Қазақ басы­лым­да­ры деген­де, сон­дай бір рес­пуб­ли­ка­лық толық дәре­же­де көңіл тола­тын­дай басы­лым жоқ. Тір­кел­ген 5000 астам газет қоғам­ның бір жағын жаз­бай­ды, 10-ға жуық оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дар қоғам­ның басқа жағын жаз­бай­ды, не бол­ма­са сынап жаза­ды. Сон­ды­қтан, қазақ бас­пасөзін­де қоғам­дық-сая­си мәсе­ле­ге кел­ген­де кібір­тік көп, анау әкім не айта­ды екен, мынау министр не дер екен, Ақор­да­дан не шыға­ды деп жал­тақтау бар. Кей­бір газет­тер бар қоғам­да жемқор деп ата­лып жүр­ген адам­дар­ды тұлға қылып таны­тқы­сы келеді. Біз­де­гі қазақ басы­лым­дар­дың қалып­тасқан сая­са­ты жоқ, әсіре­се ұлт, қоғам мәсе­лесіне кел­ген­де әнгі­мені етек­те ғана айта­ды да Ақор­даға тиетін жерін айт­пай­ды. Бір дәре­же­ге жете­ді де, ары қарай айтыл­май­ды. Қазақ бүйт­пей­ді- сүйт­пей­ді дей­ді, ал Ақор­да­ның сес көр­сетіп оты­рға­ны тура­лы айтыл­май­ды. Сол тұрғы­дан кел­ген­де біз­де жарым­жан басы­лым­дар шығып жатыр деп айтуға болады.

Оқыр­ман сұрағы: « Ермұрат аға, сәле­мат­сыз ба? Сіз­дер­дің газет орыс­ша қаза­қ­ша шыға­ды, Қалай ойлай­сыз, егер тек қаза­қ­ша шық­са, тара­лы­мы азай­ып қала ма, жал­пы қазақ бас­пасөзіне сұра­ныс аз ба орыс­шаға қарағанда?».

- Менің үлкен арма­ным таза қазақ газетін шыға­ру мен қаза­қтіл­ді жур­на­лист­пің ғой енді, бірақ шынын айту керек, орыс­ша жағын қосқан­да біздің тира­жы­мыз бір­ден өсті. Мәсе­лен, Дат кезін­де тек қаза­қ­ша шықты ғой, содан кей­ін біз Сол­дат­ты шығар­дық орыс­ша­сын қосып, сон­да біздің тира­жы­мыз 70 мыңға дей­ін көтеріл­ген кез бол­ды. Біз қазір де бай­қап оты­ра­мыз, егер қаза­қ­ша жағы сәл көбей­іп кет­се, тираж бір­ден аза­яды. Оқыр­ман­дар теле­фон шалып айта­ды, неге азай­ып кет­ті деп, соған қараған­да біз осы пари­тет сақтап оты­руы­мыз керек. Түбі мен көбейт­кім келеді қаза­қ­ша жағын, бірақ сұра­ныс аз болып тұр, өкініш­ке қарай.

Латы­нға көшу туралы

Оқыр­ман сұрағы: «Сәле­мат­сыз ба, Ере­ке! Қазақ жазуын латын әрі­піне көшіру­ге қалай қарайсыз?». 

- Менің ойым­ша, дәл қазір үре түре­геліп көшу­ге қар­сы­мын, үш жүз жыл­дық бодан­дық құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан құты­лу жолы деп қабыл­дай­мын бірақ бір­ден оны он бес жылға дей­ін құты­ла сала­мыз деу санаға сый­май­ды, ы бүгін­гі тұған бала­ны я бол­ма­са мек­теп­ке бара­тын бала­ны латын қар­піне үйрет­се, ол өзінің бала­сын үйре­те бастаған­да сон­да көшуді бастау керек шығар, бәл­кім мен қате­ле­сетін де шығар­мын, 20 жыл­да­ры латы­нға өткен­де халы­қтың көбісі әріп таны­май­тын, ол кез­де оңай болған. Ал қазір кирил­ли­ца­мен бүкіл әлем­нің жана­лы­ғын танып оты­рған қаза­ққа сен лати­ни­ца­ға көш деп айту енді қисы­нға келе ме? Алды­мен тілі­міздің жағ­дай­ын түзеп алай­ық, қазақ тілі толы­ғы­мен кен­се­лер­ге кіру керек, сіз қазір кез кел­ген Алма­ты­ңың орта­лы­ғын­дағы офис­ке кіріп көр­сеңіз біре­уі де қаза­қ­ша сөй­ле­мей­ді, «бара­хол­ка­ның» маңай­ын­дағы­лар бол­ма­са. Сон­ды­қтан қазақ тілін іс жүзін­де мем­ле­кет­тік дең­гей­ге жет­кізіп алай­ык, сосын лати­ни­ца тура­лы айтуға болады.

Қаже­гел­дін­нің қай­туы туралы

- Оқыр­ман сұрағы: «Қаже­гел­дин­мен бай­ла­ны­сы­ңыз бар ма? ол кісі келеді деген сыбыс болып еді, сол тура­лы хаба­ры­ныз бар ма?»

- Бұл әнгі­ме бірер жыл­дан бері айты­лып жүр, мен үшін бұл түсінік­ті, Әке­жан аға­мы­здың тұрғы­сы­нан да қара­сақ, түсі­ну­ге тыры­сам елден кет­кеніне 16 жыл бол­ды әкесіне топы­рағ сала алма­ды, ет жақын туы­ста­ры да қай­тыс болған­да келе алма­ды, бала­ла­ры неме­ре­лерінің бір буы­ны елден тамы­ры үзіліп қал­ды, өзі ақсақал жасы­на жет­ті алпы­стан асты ол кісінң елге келу бала­лар­ды елге жет­кі­зу ойы ол дұрыс деп қабыл­дай­мын, бірақ ол енді қан­дай жағ­дай­да қай­та­ды, қан­дай сая­си келісім­дер­мен келеді , ол жағын мен дөп басып айта алмай­мын. Ол кісіні қай­та­ру үшін пре­зи­дент тара­пы­нан шешім болуы керек, рахым­шы­лық болу керек, оны Қаже­гел­дін қалай қабыл­дай­ды, ол енді мен біл­мей­тін әнгіме.

Әбілә­зо­втың ақша­сы туралы

Оқыр­ман сұрағы: «М.Әбіләзовты билік елдің ақша­сын алып кет­ті деп жамандайды.Бірақ,менің ақшам­ды алып кет­ті деп ары­зданған қара­пай­ым бір адам жоқ.Әбіләзовтың алып кет­кені не ақша сон­да? Әбілә­зов тура­лы не айтасыз?”

- Осы тура­лы мен де көп жазып, ойланғам, негізін­де Әбілә­зов бан­кінің ақша­сын алып кет­кен бол­са, онда салым­шы­лар­дың ақша­сы болуы керек қой, егер сол ақша­ны Әбілә­зов алып кет­кен бол­са, од деген

билік­ке жақ­сы себеп бола­тын еді ғой халы­қты дүр­лік­тіріп қоя­тын, мәсе­лен алаңға 500 адам­ды шыға­рып, бір ай бойы тұрғы­зып қою келеді ғой Ақор­да­ның қолы­нан келеді. Бірақ нақты жағ­дай ондай емес емес сияқты, Әбі­ля­зо­втың алып кет­ті деген ақша­сы ол өзінің биз­нес жоба­ла­рын­дағы ақша­сы деп білем, ол тек бан­кир емес қой, ол кәсіп­кер, құры­лы­ста жоба­ла­ры бол­ды, әйт­пе­се неге әртүр­лі айты­ла­ды біре­се 6 мил­ли­ард, біре­се 10 мил­ли­ард, бұл деген Қаза­қстан бюд­жетінің жар­ты­сы ғой, онда опы­рай­ып қал­май ма, елдің бір шеті құлап қалу керек қой! Алай­да бәрі орнын­да тұр. Осы тура­лы мен бір бан­кир­мен сөй­лес­кенім­де ол да мар­дым­ды жау­ап бере алма­ды, осы сұраққа.

Пре­зи­дент мұра­гері туралы

- Біраз жыл­дан бері және қызу талқы­ла­нып жатқан мәсе­ле­лер­дің бірі - мұра­гер тақы­ры­бы, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың мұра­гері кім бола­ды деген сұраққа қазір, қалай жау­ап едіңіз?

- Нақты бір фигу­ра­ны атау қиын. Бірін­ші­ден, Назар­ба­ев мұра­гер ретін­де өзінің соңы­нан тәр­би­е­ле­ген ада­мы жоқ, екін­ші­ден, біз­де ел биле­у­ге хақы­мыз бар, өрені­міз жете­ді, сай­ла­у­ға қаты­са ала­мыз деген аза­мат­тар­ды қырып тастап жатыр Қаже­гел­дин­нен бас­та­са, Әбі­ля­зов, Алтын­бек атыл­ды, Назар­ба­ев өзі мұра­гер­лік сая­сат­пен айна­ла­сып жүр­ген жоқ. Мен ойлай­мын кей­де, Нұре­ке­ге осы өзі кет­кен соң, елді топан су басып қал­са да бәрі бір ма деп…

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, «R‑студия» — сот шеші­мі бой­ын­ша жабы­лған «Голос рес­пуб­ли­ки» газетінің шығар­ма­шы­лық тобы­ның жаңа жоба­сы. Бұл жоба жур­на­ли­стер­дің заң шең­берін­де оқыр­ман­да­ры­мен бай­ла­ны­ста болу амалы.

Сұх­бат­ты жүр­гіз­ген Жан­на БИСАРОВА

ОТ РЕДАКЦИИ: По мне­нию руко­во­ди­те­ля про­ек­та «Дат» и глав­но­го чита­те­ля газе­ты «Обще­ствен­ная пози­ция», извест­но­го жур­на­ли­ста Ерму­ра­та Бапи, в Казах­стане нет пол­но­цен­но­го рын­ка прес­сы. «Несмот­ря на заве­ре­ния неко­то­рых нац­па­тов, ситу­а­ция с казах­ской прес­сой весь­ма пла­чев­ная, это я вижу по сво­ей газе­те, как начи­на­ешь сокра­щать рус­скую часть, сра­зу пада­ют тира­жи», — рас­ска­зал он в эфи­ре «R‑студии». Напом­ним, «R‑студия» новый про­ект твор­че­ско­го кол­лек­ти­ва закры­той по суду газе­ты «Голос Рес­пуб­ли­ки», кото­рый дает воз­мож­ность жур­на­ли­стам под­дер­р­жи­вать связь с ауди­то­ри­ей не нару­шая закона.

Ори­ги­нал статьи:

Қазақ басы­лым­да­ры­на Ақор­даға жал­тақтау тән

архивные статьи по теме

Каким будет конец авторитаризма?

Editor

Преемник обречен на честные выборы

Казахстан сваливается в более жесткий авторитаризм

Editor