10 C
Астана
25 апреля, 2024
Image default

Қазақстандықтарға Ішкі істер министрлігі қымбатқа түсіп отыр

 Тіке­лей және тіке­лей емес күр­делі шығы­ста­ры бой­ын­ша Үкі­мет құра­мын­дағы ең қым­бат құры­лым Ішкі істер мини­стр­лі­гі болып табы­ла­ды. Мұн­дай қоры­тын­ды­ны «Рейтинг.kz» зерт­теу агент­ті­гі беріп отыр.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

 

Рей­тинг­тің негізіне 2012 жыл­дың 23 қара­ша­сын­да қабыл­данған «2013—2015 жж. арналған Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы» ҚР Заңын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік орган­дар­дың тіке­лей күр­делі шығы­ста­ры­ның көле­мі алын­ды. Қаза­қстан­ның салық төле­ушілері үшін тіке­лей күр­делі шығы­ста­ры бой­ын­ша ең қым­бат мем­ле­кет­тік орган­дар анықталды.

Олар:

Ішкі істер мини­стр­лі­гі (5 437 701 мың теңге);

Қар­жы мини­стр­лі­гі (1 751 716 мың теңге);

Юсти­ция мини­стр­лі­гі (1 698 190 мың теңге);

Бюд­жет­тің тіке­лей күр­делі шығы­ста­ры бой­ын­ша ең арзан құры­лым­дар мыналар:

Ұлт­тық ғарыш агент­ті­гі (6 437 мың теңге);

Спорт және дене шыны­қты­ру істері агент­ті­гі (12 376 мың теңге);

Рей­тинг­тің құра­мы­на кірмегендер:

 

a) Өңір­лік даму мини­стрілі­гі — ағым­дағы жыл­дың қаңтар айын­да құры­луы мен осы жылға рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тіке­лей күр­делі шығы­ста­ры­ның жоқты­ғы себебінен;

 

b) Қорға­ныс мини­стр­лі­гі — 2013 жылы бел­гі­лен­ген Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тіке­лей күр­делі шығы­ста­ры­ның жоқты­ғы себебінен.

 

Атал­мыш зерт­те­уде­гі шығыс көле­міне емес, қай­та олар­дың ұлғаю бой­ын­ша жағым­сыз үрдісіне мән беру керек. Өйт­кені бұл ҚР Пре­зи­ден­тінің тап­сыр­ма­ла­ры­на және салық төле­ушілер­дің құқы­қта­ры мен заң­ды мүд­де­леріне қай­шы келеді.

 

Мем­ле­кет­тік орган­дар­ды қам­та­ма­сыз ету­де­гі қар­жы­ның өсі­мі мысал ретін­де бола ала­ды. Мәсе­лен, Юсти­ция мини­стр­лі­гіне 2012 жылы 1 193 412 мың тең­ге бөлін­се, ал осы жылы оның көле­мі 504 778 мың тең­ге­ге ұлғай­ды. Қар­жы мини­стр­лі­гінің көр­сет­кі­ші 1 577 894 пен 173 822 мың тең­гені құрай­ды. Бірақ бар­ша қоғам үшін осы мем­ле­кет­тік орган­дар­дың бюд­жет қар­жы­сы көле­мінің ұлға­юы бой­ын­ша нақты­лық жоқ.

Тіке­лей емес күр­делі шығы­ста­ры бой­ын­ша көсбасшылар

Мини­стр­лік пен агент­тік­тер­дің құра­мы­на кіретін құры­лым­дар­ды қам­та­ма­сыз ету­ге бағыт­талған тіке­лей емес күр­делі шығы­ста­ры тура­лы сөз қозғалады.

Тіке­лей емес күр­делі шығы­стар бой­ын­ша ең қым­бат орган Қал­мұ­хан­бет Қасы­мо­втың басқа­рып оты­рған құры­лы­мы (Ішкі істер мини­стр­лі­гі) болып табы­ла­ты­нын зерт­теу нәти­же­лері көр­сетіп отыр. 2013 жылы бюд­жет­тен 22 967 773 мың тең­ге бөлінді.

Екін­ші оры­нға Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков басқа­рып оты­рған Қорға­ныс мини­стр­лі­гі орна­ла­сты. Ағым­дағы жылы бұл құры­лы­мға бюд­жет­тен 16 853 639 мың қарас­ты­ры­лып отыр.

Рей­тинг­те­гі үшін­ші орын­ды Сали­дат Қай­ыр­бе­ко­ва басқа­рып оты­рған Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі (6 761 200 мың тең­ге) иелен­ді. Төр­тін­ші оры­нға Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лі­гі (Вла­ди­мир Бож­ко, 5 188 003 мың тең­ге), бесін­ші оры­нға Білім және ғылым мини­стр­лі­гі (Бақыт­жан Жұмағұ­лов, 3 404 517 мың тен­ге) тұрақтады.

Тіке­лей емес күр­делі шығы­стар бой­ын­ша ағым­дағы жыл­дың жағ­дайы мынадай:

Жал­пы қорытындылар

Бір жағы­нан, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 2013 жылы­на орта­лық атқа­ру­шы меке­ме­лер­ді қам­та­ма­сыз ету үшін бөлін­ген қар­жы көле­мі тым көп емес те шығар.

Бірақ екін­ші жағы­нан, Пар­ла­мент­ке шығыс тар­мақта­ры бой­ын­ша ешбір дәлел­сіз (алды­ңғы жыл­мен қараған­да қар­жы көле­мінің ұлғай­ты­луы бой­ын­ша да) ұсынылады.

Екін­ші­ден, Қаза­қстан­ның аза­мат­та­рын­да салық төле­ушілер ретін­де мини­стр­лік­тер мен агент­тік­терінің мұқтаж­ды­қта­рын қанағат­тан­ды­ру үшін қар­жы­ның жұм­са­луы бой­ын­ша ақпа­рат алу мүм­кін­шілі­гі жоқ. Ал үкі­мет құра­мы­на кіретін атал­мыш меке­ме­лер ақпа­рат­ты ашы­қты­ғы­мен қам­та­ма­сыз ету үшін баста­ма­ны қолға алмай отыр.

Үшін­ші­ден, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің орын­да­луын бақы­лау бой­ын­ша Есеп коми­теті мен басқа да бақы­лау-қадаға­лау орган­да­ры­ның көп­те­ген тек­серістерінің нәти­же­лері көр­сетіп оты­рған­дай, атқа­ру­шы билік жүй­есін­де қар­жы тәр­тібін қам­та­ма­сыз етудің төмен­гі дең­гейі бай­қа­ла­ды. Бұл тиім­сіз және мақ­сат­сыз қар­жы­ның (күр­делі шығы­стар) жұм­са­луы­мен айқын­да­ла­ды. Қар­жы мини­стр­лі­гінің мәлі­мет­тері бой­ын­ша 2012 жыл­дың 1 тамы­зда ІІМ-нің 7,2 млрд. тең­ге игеріл­ме­гені (ішкі әскер мен түзеу қыл­мыстық-атқа­ру­шы­лық жүй­есіне бөлін­ген еді) аны­қтал­ды ( http://www.caravan.kz/article/51042/print қараңыз).

Сол себеп­ті осы жылға бөлін­ген күр­делі шығы­стар бой­ын­ша қар­жы тәр­тібін сақтай­ты­ны­на кепіл­дік жоқ. Соны­мен қатар, ішкі құры­лым­дарға бөлін­ген қар­жы арқы­лы кей­бір мем­ле­кет­тік орган­дар өздерінің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесін шешуі де ықтимал.

Төр­тін­ші­ден, шығын­да­ры көп мини­стр­лік­тер­дің бас­шы­ла­ры «Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік эли­та­сы жұмысы­ның тиім­ділі­гінің рей­тин­гісін­де­гі» (http://agencyrating.kz/rating-effectivnosti-kz/?lang=kz қараңыз) 20 ең тиім­сіз шене­унік (ІІМ, Қорға­ныс мини­стр­лі­гі, Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі, Білім және ғылым мини­стр­лі­гі) қата­рын­да екені аны­қтал­ды. Өз кезе­гін­де осын­дай баға­лар олар­дың атқа­рып жүр­ген меке­ме­лерін­де­гі жетіс­пе­ушілік­тері мен сәт­сіздік­терінің айна­сы болып табы­ла­ды. Сон­ды­қтан да ең қым­бат мем­ле­кет­тік орган­дар өздеріне жүк­тел­ген мін­дет­терін (қам­та­ма­сыз ету үшін бөлін­ген қар­жы­ның жөн­сіз жұм­са­луын) толық атқар­май отыр.

2012 жыл­дың 28 қара­ша­сын­да өңір­лер­ді дамы­ту жөнін­де­гі кеңе­сте ҚР Пре­зи­ден­тінің «мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші — халық қыз­мет­шісі» прин­ци­пі өте өзек­ті бол­мақ. Соны­мен әрбір атқа­ру­шы орган мем­ле­кет Бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы мен салық төле­ушілер­дің мүд­де­лерін өз қыз­метін­де (оның ішін­де қам­та­ма­сыз ету үшін шығын сме­та­сын жасақтаған­да) жоға­ры қоюы керек.

Рей­тинг­ті құра­с­ты­рған­да алғышарттар

Билік­тің атқа­ру­шы орган­да­ры­ның бар­лық дең­гей­лерін­де олар­ды қам­та­ма­сыз ету үшін мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен бөлі­нетін қар­жы­ның өсі­мі Қаза­қстан­ның бас­шы­лы­ғы­ның сая­са­ты мен оның жүзе­ге асы­ры­лу ара­сын­да қай­шы­лы­қтың негіз­гі көр­сет­кі­ші болып табылады.

ҚР Пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаев қар­жы­ның тиім­ді және мақ­сат­ты жұм­са­луы­на, оның ішін­де мем­ле­кет­тік билік пен басқа­ру­ды қам­та­ма­сыз ету үрдісін­де үнем­де­уіне назар ауда­ра­ды. Бұған мем­ле­кет Бас­шы­сы­ның келесі үнде­улері мен сөз­дері дәлел бола алады.

Нақты­лай­тын бол­сақ… 2011 жыл­дың 26 жел­тоқ­са­нын­да Пре­зи­дент Әкім­шілі­гінің бас­шы­лы­ғы, Үкі­мет пен «Нұр Отан» ХДП-мен бір­лес­кен кеңесін­де Елба­сы: «…біз ұқып­ты болуы­мыз тиіс­піз, әсіре­се мем­ле­кет­тік орган­дар мен ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дағы шығын­дарға қаты­сты. Олар қым­бат, дулы шара­лар­дан, көр­сетілім­дер­ден, халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар­дан бас тар­туы­мыз қажет. Мұның бәрін доға­ру қажет»,— деген еді.

2012 жыл­дың 27 қаңта­рын­да Үкі­мет мүше­лері, әкім­дер, орта­лық мем­ле­кет­тік орган­да­ры­ның жетек­шілері, «Самрұқ-Қазы­на» әл-ауқат қоры мен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның бас­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен өткен жиын­да Пре­зи­дент Қар­жы мини­стр­лі­гіне бюд­жет шығын­да­рын қай­та қара­уды (оның ішін­де эко­но­ми­ка­лық өсім мен халы­қты жұмыспен қам­ту­ды қам­та­ма­сыз етпей­тін­дер­ді аны­қта­уды) тап­сыр­ды. Оған қоса, қар­жы­ны көп талап ететін және пай­да­сыз шара­лар шығын­да­рын қысқар­ту­ды талап етті.

Соны­мен бір­ге мем­ле­кет бас­шы­сы мем­ле­кет­тік сатып алу­ларға қаты­сты мәсе­лені көтеріп, осы жүй­ені қай­та қара­уды тапсырды.

Және де бюд­жет­ті үнем­деу үшін Пре­зи­дент мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар­да, хол­динг­тер мен ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дағы басқа­ру­шы­лық аппа­рат санын азай­ту тура­лы нақты тап­сыр­ма бер­ді. Бірақ та бос қалған ресур­стар­ды қалған жұмыс­шы­лар­дың жалақы­сы­на қосуға рұқ­сат бермеді.

Атал­мыш шара­да шене­унік­тер­дің қыз­мет­тік көлік­тері отан­дық емес, шетел­дік мар­ка­лар­дан тұра­ты­ны тура­лы сын айтыл­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы тек қаза­қстан­дық көлік жаса­у­шы­лар­дың мүд­де­лерін қорғап қана қой­май, бюд­жет қар­жы­сын үнем­де­у­ге шақыр­ды. Бірақ та қол астын­дағы қыз­мет­кер­лер бұл тап­сыр­ма­ны орын­да­уға асы­ғар емес. Осы­ған орай, 2012 жыл­дың 3 шіл­десін­де Инду­стри­а­ли­за­ция күніне арналған теле­мост шара­сын­да Елба­сы мем­ле­кет­тік орган­дар­дың отан­дық көлік­тер­ді сатып алуын тап­сыр­ды. Оның айтуын­ша, ҰҚК, Қорға­ныс мини­стр­лі­гі мен ТЖМ ғана осы тап­сыр­ма­ны орын­да­ды, ал қалған­да­ры шетел­дік тех­ни­ка­ны сатып алуын жалға­сты­рып жатыр.

Қар­жы мәде­ни­еті мен бюд­жет­ті үнем­деу тұрғы­сы­нан ағым­дағы жыл­дың 23 қаңта­рын­да жыл­дық нәти­же­леу мен «Қаза­қстан-2050» Стра­те­ги­я­сы­ның іске асуын­дағы мін­дет­тер тура­лы кеңе­сте ҚР Пре­зи­ден­ті аймақтық бас­шы­лар­ды мәде­ни­ет, білім беру мен ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы қым­бат нысан­да­ры­ның құры­лы­сы­мен айна­лы­сып кет­кен­дік­тері тура­лы үлкен сынға алды. Өз кезе­гін­де рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша әлі күн­ге дей­ін 189 мек­теп пен ден­са­улық сақтау сала­сы­ның 68 ныса­ны апат­тық күй­де тұр. Осы­ған орай, жаңа құры­лыс нысан­да­рын салу­ды доға­рып, бөлін­ген қар­жы­ны қазір­гі әле­умет­тік нысан­дар­ды жөн­де­у­ге бағыт­тау тапсырылды.

Осы­ған қара­ма­стан, кей­бір атқа­ру­шы орган­дар мен оның бас­шы­ла­ры бюд­жет­тік қар­жы­ны ұлғай­туға бағыт­талған іс-әре­кет­тер жасап келеді. Заң шыға­ру сала­сын­да шынайы түр­де шексіз құқы­ққа ие рес­пуб­ли­ка Үкі­меті рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің жоба­сы­на бел­гілі бір жылға нақты күр­делі қар­жы шығын­да­ры­ның көле­мін кір­гі­зе ала­ды. Осы уақыт­та Пар­ла­мент Үкі­мет­тің атал­мыш мәсе­лесіне оң көз­бен қарайды.

Ал «Total.kz» интер­нет-бас­па­сы­ның мәлі­меті бой­ын­ша 2012 жыл­дың бірін­ші тоқ­са­нын­дағы күр­делі қар­жы шығы­ны 2011 жыл­мен салы­сты­рған­да 31,7% өсті. Мұн­дай өсім жер мен актив­тер­ге иелік ету мен жөн­деу жұмыста­ры­ның арқа­сын­да жет­ті (http://total.kz/economics/2012/08/20/kazahstanskie_chinovniki_podoroz қараңыз).

ҚР Бюд­жет кодексінің 38 бабын­да былай делін­ген: «Күр­делі шығы­старға, бюд­жет­тік инве­сти­ци­я­лар­дан басқа, шығы­стар­дың эко­но­ми­ка­лық сынып­та­ма­сы­на сәй­кес мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­ны қалып­та­сты­руға не нығай­туға, күр­делі жөн­де­уді (қал­пы­на кел­тіруді) жүр­гізу­ге және өзге де күр­делі шығы­старға бағыт­талған шығы­стар жатады».

Көріп оты­рға­ны­мы­здай, Қаза­қстан­ның бюд­жет жүй­есінің негізі мен меха­низмдерінің қыз­мет етуін құрай­тын негіз­гі заң­на­ма­лық акт күр­делі қар­жы шығы­ста­ры­на қаты­сты нақты түсінік пен шек жоқ. Сол себеп­ті мұн­дай жағ­дай бюд­жет сая­са­тын­да Үкі­мет өз мүд­де­леріне сай қыз­мет ететініне көз жет­кізу­ге болады.

«Рейтинг.kz» зерт­теу агент­ті­гі мен «Каз­по­треб­над­зор» ҚБ алдағы уақыт­та Қаза­қстан­ның бюд­жеті сала­сы­ның қазір­гі жағ­дай­ы­на (2014—2016 жж. арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің негізін­де мини­стр­лік пен меке­ме­лер­дің рей­тин­гісі жасау) мони­то­ринг жасайды.

ОТ РЕДАКЦИИ: МВД, годо­вой бюд­жет кото­ро­го на 2013 соста­вил око­ло 5,5 млрд тен­ге обхо­дит­ся казах­стан­цам доро­же всех осталь­ных мини­стерств и ведомств. Тако­вы резуль­та­ты рей­тин­га мини­стерств и ведомств Казах­ста­на по уров­ню затрат на их содер­жа­ние, состав­лен­но­го иссле­до­ва­тель­ским агент­ством «Рейтинг.kz» в сотруд­ни­че­стве с ОО «Каз­по­треб­над­зор».

 

Источ­ник: Рейтинг.kz агенттігі

Ори­ги­нал статьи: 

Қаза­қстан­ды­қтарға Ішкі істер мини­стр­лі­гі қым­батқа түсіп отыр

архивные статьи по теме

Кто и что отражает в современной России

Кризис отнимает у банков депозиты

“День несогласия‑2” состоялся вопреки арестам