14 декабря, 2025
Image default

Халықты ашындырмаңыздар, мырзалар!

Халықты ашындырмаңыздар, мырзалар!

Халы­қты ашын­дыр­маңы­здар, мырзалар!

ҚР пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевқа
Бас про­ку­рор Ж.Асановқа
Жоғарғы сот төраға­сы Қ.Мәмиге
ІІМ мини­стрі Қ.Қасымовқа

Үндеу хат
Құр­мет­ті мырзалар!

Біз сіз­дер­ге төмен­де­гі жағ­дай­лар­ды мәлім­дей­міз және ойла­нып әре­кет ету­леріңізді сұрай­мыз. Жер кодексіне енгізіл­ген түзе­ту­лер мен қосым­ша­лар­дан дау шықты. Ол барған сай­ын үдеп бара­ды. Оның билік пен халық ара­сын­дағы текетірес­ке ұла­су қау­пі төнді.
Пре­зи­дент мыр­за, Сіздің жари­я­лаған мора­то­рий­іңіз бен үкі­мет­ке тап­сы­рып құрғы­зған Жер тура­лы комис­си­яңыз осы мәсе­лені оңтай­лы шешу­ге сеп­те­суі тиіс еді. Заңға қар­сы­лық біл­дір­ген халы­қты тыны­штан­ды­ру, түсінік жұмыста­рын жүр­гі­зу мақ­са­тын­дағы бұл шара­ла­ры­ңыз құр­ды­мға кете баста­ды. Бірін­ші­ден, комис­сия құра­мын­да жұрт­шы­лық тара­пы­нан ұсы­ны­лған өкіл­дер жет­кіліксіз. Шешім қабыл­да­уда бір­жаққа басым­ды­лық беріледі. Екін­ші­ден, құқық қорғау орган­да­ры­ның бел­сен­ді аза­мат­тарға күш көр­се­туі, заң­сыз әре­кет­тер­ге баруы билік­ке сенім­сіздік­ті одан әрі ұлғайт­ты. Мұның бәрі «Бір­лесіп мәміле­ге келуді емес, жасан­ды, жалаң наси­хат­пен және күш­теу жолы­мен халық қала­маған заң­ды өткіз­гілері келеді» деген пікір туғы­зды. Ал сенім­ді жоғал­тқан, нара­зы­лы­қты өршіт­кен жер­де ортақ мәміле­ге келу мүм­кін емес.
«Билік­тің қай­нар көзі – халық» екен­ді­гін еле­ме­ушілік­тің, оны тек сөз жүзін­де қал­ды­рып, іске асыр­маудың сал­да­ры­нан осын­дай келеңсіздік­тер орын алды. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на, Аза­мат­тық және сая­си құқы­қтар жөнін­де­гі Қаза­қстан қол қой­ған Халы­қа­ра­лық пак­ті­ге сәй­кес аза­мат­тар­дың бей­біт жиын­дарға, шеру­лер­ге, демон­стра­ци­я­ларға қаты­суға толық құқы бар. Алай­да біздің елі­міз­де аза­мат­тар құқы­ғын аяқ асты ететін, Ата-заңы­мы­зға қай­шы келетін шек­те­улер қой­ы­лған. Тая­у­да Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы осы мәсе­ле­ге сіз­дер­дің назар­ла­ры­ңы­зды ауда­рып, алаң­да­у­шы­лық біл­дір­ді. Соған қара­ма­стан мем­ле­кеті­міздің абы­рой­ын түсіретін сорақы әре­кет­тер күн өткен сай­ын көбей­іп бара­ды. Үсті­міз­де­гі жылғы 21 мамыр­да бүкілқа­за­қстан­дық бей­біт жиын­дар өткі­зу тура­лы жұрт­шы­лық баста­ма көтер­ді. Қала­лар­дағы әкім­дік­тер әртүр­лі сыл­та­у­лар­мен митинг өткізу­ге рұх­сат етер емес. Жер­ді сатуға және шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге халы­қтың нелік­тен нара­зы екен­ді­гін бас­шы­лар­дың есті­гісі келмейді.
Халы­қтың үнін өшіру­ге, қар­сы пікір­лер­ді тұн­шы­қты­руға күш жұм­саған, қуғын- сүр­гін­ді әдет­ке айнал­ды­рған билік­тің ғұмы­ры ұза­ққа бар­май­ды. Оның соңы жақ­сы­лы­қ­пен аяқтал­май­ды. Бұры­нғы­ла­рын айт­паған­да, соңғы жыл­дар­дағы Сири­ядағы, Укра­и­на­дағы мысал­дар соған куә. Олар­ды сіз­дер де жақ­сы білесіз­дер, тек басқа мағы­на­да түсін­дір­ген­ді қалай­сыздар. Билік­ті сақтап қалу­дың жолы – нара­зы­лық митин­гілерін өткіздір­мей тастау, ол үшін жұрт­ты үрей­лен­діріп, бел­сен­ді аза­мат­тар­ды қуғын­дау емес! Халы­қтың өз пікірін біл­діруіне мүм­кін­дік туғы­зып, оның талап – тіле­гін тың­дау, орын­да­уға жұмы­лу, мүм­кін бол­ма­са – тіке­лей тіл­де­су арқы­лы түсін­ді­ру ғой. Қаза­қстан халқын демо­кра­ти­яға бей­ім­сіз, түсі­нуі қиын, сотқар мінезді деп ешкім де айта алмай­ды. Өз халқын үрей­де ұстағы­сы келетін­дер – дик­та­тор­лар. Сіз­дер мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың өрке­ни­ет­ті жолын таң­даған­ды­қта­ры­ңы­зды іспен көр­се­тетін сын саға­ты туды. Жаңаө­зен қасіретінің қай­та­ланға­нын біз қала­май­мыз. Оққа ұшқан­дар­дың – қаза тапқан­дар мен жара­ланған­дар­дың және жазы­қ­сыз сот­талған­дар­дың, қуда­лау көр­ген­дер­дің бәрі үшін жау­ап­ты адам­дар бола­ды. Олар да жаза­сыз қал­май­ды. Қай­та­ланған қасірет­ке халық көм­бістік­пен қара­май­ды және оны кешір­мей­ді. Сіз­дер­дің бәріңіздің бала­ла­ры­ңыз, неме­ре­леріңіз бар. Бүгін­гі қателік­теріңіз солар­дың келе­ше­гіне бал­та шаппасын.
Жерін қорға­уға әзір тұрған халы­қты қадір­леу, қастер­леу керек! Еңсесін езген, олар­дан жау жасаған ұты­ла­ды. Халы­қтың өзі мем­ле­кет­ті­гі­мізді, тәу­ел­сізді­гі­мізді, жері­міздің тұта­сты­ғын сақта­уға жана­шыр­лық таныт­ты. Қауіп­ті сезін­ді, дүр көтеріл­ді. Оған үрей­лен­бе­ген абзал. Керісін­ше, қол­дау қажет.
Пре­зи­дент мыр­за! Айна­лаңы­здағы адам­дар нелік­тен халы­қты басып- жаны­шта­уға әуес, ашын­ды­руға, ашу­лан­ды­руға құмар? Сіз­ге қар­сы кел­ті­ру үшін поли­ци­я­ны, про­ку­рор­лар мен сот­тар­ды заң­ды бел­ден басқы­зып, әдейі аран­да­тып оты­рған жоқ па? Әлде бәрі де Сіздің тап­сыр­маңы­зды орын­да­у­шы ма? Халай­ық Сіз­ден осы­ны біл­гісі келеді.
Елі­міз­де тыны­штық, жақ­сы­лық, бере­ке-бір­лік болуын тілей­міз. Сон­ды­қтан да ақиқат­ты алды­ла­ры­ңы­зға тарт­тық. Митинг үшін қуда­ла­нып жатқан аза­мат­та­ры­мы­зға ара­ша­шы болы­ңы­здар! Әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лған­дар­ды дереу босат­ты­ры­ңы­здар! Баба­ла­ры­мыз қан төгіп қорғаған киелі жері­мізді саудаға сал­дыр­май, шетел­дік­тер­ге жал­дат­пай халық тіле­уін орын­даңы­здар. Ел Сіз­дер­ден осы­ны күтеді.

Қаб­деш Жұма­ді­лов, халық жазу­шы­сы, мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері,

Софы Сма­та­ев, жазу­шы, Халы­қа­ра­лық «АЛАШ» сый­лы­ғы­ның лауреаты,

Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, жазушы,

Мұх­тар Шаха­нов, “Түр­кі тіл­дес халы­қтар ара­сын­дағы ең үздік әлем ақы­ны” сый­лы­ғы­ның иегері,

Темір­хан Медет­бек, ақын, мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері,

Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, жур­на­лист, «Халық ақы­ны Хамит Ерға­ли» қоры­ның төрайымы,

Әмір­жан Қоса­нов, жур­на­лист, саясаткер,

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы,

Ермұрат Бапи, «Дат» газетінің бас оқырманы,

Жары­лқап Қалы­бай, «Аңыз адам» – «Жұл­ды­здар отба­сы» жур­на­лы­ның бас редакторы,

Марат Тоқаш­ба­ев, «Пре­зи­дент және Халық» газетінің бас редакторы,

Жан­бо­лат Мамай, «Ашық алаң – Три­бу­на» газетінің бас редакторы.

Ори­ги­нал ста­тьи: Три­бу­на — Рес­пуб­ли­кан­ская обще­ствен­но-поли­ти­че­ская газе­та / tribunakz.com

архивные статьи по теме

Заявление движения «Оставим народу жилье» по итогам рассмотрения предложений…

Незнание освободило от ответственности

Senate issues new directives to Biden to counter the Chinese Communist Party

Editor