Алатау ауданындағы үйлер заңдасып жатқанда экономикалық дағдарысқа байланысты өз үйлерін салып үлгермеген кісілер фундаменттерін заңдастыруға талпында. Алайда әкімдік оларды алаяқтар, арамзалар деп айыптап, жерлерінен қууға тырысты.
«Шаңырак» бірлестігі көптеген үйлерді заңдастырылып болғаннан кейін фундаменттер мәселесіне де назар аударды. Біздің ұсынысымыз бойынша Алатау аудандық әлеуметтік дау-жанжалдарды қарастыру және шешу жөніндегі Қоғамдық кеңестің жанында арнайы комиссия құрылып, Роза НҮСІПОВАНЫҢ басқаруымын фундаменттердің инвентаризациясы өткізілді.
Мыңға тарта жер телімі тексеріліп, ақыры 25 қаңтардан бастап комиссияның жұмысы басталды.
Комиссия жұмысының нәтижесі мынадай.
Алғаш рет Алатаулық әкімдікке фундаменттерін заңдатыру туралы өтінішпен 680 келді.
Олардың ішінен барлық қажетті құжаттарды 463 адам тапсырып болды. Солардың ішінен 217 ДГП «АлматыгорНПЦзем» атты ұйымнынң тексеруінен өтті. 130 адамнынң құжаттары өтпей қалды да, олар өз құжаттарын қайта тапсырды.
Роза Нүсіпованынң ақпараты бойынша инвентаризация кезінде мынадай статистика анықталды:
1. Даулы ақпарат (даулы құжаттар) – 18
2. «Дәлелденбеген» фундаменттер (кірпіштер құрастырылған) – 6
3. Жер телімі бар болып анықталғандар – 15
4. «Накладка» (құжаттар бойынша фундамент бір жерде, шын мәнінде басқа жерде орналасқан) – 17
5. Бойдақтар – 29
6. Жалғыз басты аналар – 10
7. Көп балалы аналар және мүгедектер – 7
8. Тіркеу туралы мәліметі жоқ – 22
9. Тіркеуі баска қала тұрғыны — 57
10. Құжаттары толықтар – 45
Махамбет АБЖАН
View article:
Фундаменттер заңдастырылып жатыр