-3 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

Сағадиев, келіңіз!

Сағадиев, келіңіз!

Қазақ мек­теп­терін қорға­уы­мыз керек. Нақты іс жасай­тын уақыт кел­ді. Сіз­дер­ден қол­дау күтеміз.

Саға­ди­ев, келіңіз!

«Үш тұғыр­лы тіл» тура­лы түсін­діріңіз және халы­қты тыңдаңыз.

Қаза­қстан Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің мәлі­метін­ше, елде­гі мек­теп­тер­дің бар­лы­ғы 2019 жыл­дан бастап үш тіл­де оқы­ту жүй­есіне көшпек. «Үш тұғыр­лы тіл» бағ­дар­ла­ма­сы­ның жүзе­ге асуы­на қажет­ті дай­ын­дық жасалған ба? Айта­лық, оқу­шы­лар ана тілін­де әрең түсі­нетін кей­бір күр­делі пән­дер­ді ағы­л­шын тілін­де оқы­та ала­тын ұста­здар бар ма? Бұл үшін пән мұғалім­дерінің екін­ші маман­ды­қты иге­руі, яғни ағы­л­шын тілінің де мама­ны болуы қажет емес пе? Егер мек­теп­тер­дің бар­лы­ғы үш тіл­де оқы­та­тын бол­са, оқу­шы­лар­дың мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­ге­ру дең­гейі қан­дай бол­мақ? Ең басты­сы, пән­дер­ді оқы­ту тілін ауы­сты­рған­нан елде­гі білім беру сапа­сы арта ма, әлде кері кете ме? Үш тұғыр­лы тіл­ді шұғыл түр­де енгі­зу­де­гі мақ­сат неде?

Қазір­гі таң­да қоғам­ды ерекше алаң­датқан осын­дай сау­ал­дарға аталған мини­стр­лік тара­пы­нан мар­дым­ды жау­ап жоқ. Оның орны­на өз «рефор­ма­ла­рын» жалаң мадақтап, жар­на­ма­ла­удан басқа ешнәр­се бай­қал­май­ды. Мек­теп­те­гі оқы­ту­ды үш тіл­ге көшіруді – асы­ғыс, шала және сау­ат­сыз шешім деп санай­мыз. Бұған дей­ін Оңтүстік Корея мек­теп­терін­де білім­ді ағы­л­шын тіліне көшір­ген-ді. Бірақ оқу­шы­лар­дың білім дең­гей­інің төмен­де­уіне бай­ла­ны­сты ел билі­гі бұл баста­ма­дан бас тар­тқан. Демо­кра­ти­я­лық, эко­но­ми­ка­сы дамы­ған Оңтүстік Коре­я­ның өзін­де іске аспаған бағ­дар­ла­ма­ның Қаза­қстан­да бола­шағы бола ма?

Кеңе­стік заман­да билік қазақ мек­теп­терін жапқы­зды, қай­та­дан ашуға кедер­гі кел­тір­ді. Соның сал­да­ры­нан бір­не­ше ұрпақ оры­ста­нып, өз ана тілі­нен мүл­дем қол үзді. Қитұрқы сая­сат­тың зардаб­ы­нан әлі де құты­ла алмай келе­міз. Соны көре, біле тұра, қазақ мек­теп­терін жой­ып, оның орны­на үш тіл­де білім беретін дүбә­ра баста­ма­ны көте­рудің аста­рын­да не жатыр? Әлде бұл қазақ тілін мүл­дем жою­дың, ұлт­тың бола­шағы­на бал­та шабу­дың ама­лы ма? Олай бол­са мұн­дай­ға жол беру­ге бол­май­ды. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік тіл­де білім беретін мек­теп­тер­дің саны және сапа­лық дең­гейі үне­мі арт­ты­ры­луы тиіс. Жас ұрпақтың өзінің ана тілін­де білім алып, ғылым жолы­на түсуіне мем­ле­кет тара­пы­нан бар­лық жағ­дай жаса­луы қажет.

Қазақ бала­ла­ры­ның шет тілін білуі – уақыт тала­бы. Оған ешкім қар­сы емес. Мәсе­лен, ағы­л­шын тілін үйре­ту үшін білік­ті маман­дар жет­кілік­ті болуы керек. Қазір­гі­дей шала сау­ат­ты, екі- үш айлық кур­стар­дан өткен мұғалім­дер шет тілін­де оқу­шы­ларға пән­дер­ді жете үйре­те алмай­ды. Мықты маман­дар­ды тар­ту, олар­дың жалақы­сын өсі­ру үшін қыру­ар қар­жы керек. Білім мен ғылым­нан гөрі күштік құры­лым­дар­ды алды­мен жары­лқай­тын сая­сат­ты өзгерт­пей­ін­ше бұл мәсе­ле түп­кілік­ті шешілмейді.

Шет тілін үйре­ну үшін тіл­дік орта қажет, сон­ды­қтан да жоғарғы сынып­тар­да физи­ка, химия, инфор­ма­ти­ка, био­ло­гия пән­дерін ағы­л­шын тілін­де оқы­тқан жөн деген мини­стр­лік­тің ұста­ны­мы қол­да­уға тұр­май­ды. Ол пән­дер­ді қазақ тілін­де оқы­ту­дан бастар­ту- қазақ тілін ғылым тілі ету­ден бас тар­ту! Бұл- мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ны­лу аясын қасақа­на тары­л­ту, оны керексіз етудің алғы­шар­ты! Бұған төзу­ге бол­май­ды. Ағы­л­шын тілін, әде­би­етін, мәде­ни­етін, тарихын оқы­ту арқы­лы сол тіл­ді үйре­тудің, білудің жөні басқа.

Алма­ты қала­сын­да бұдан бұрын үш тіл­ділік­ке бай­ла­ны­сты қоғам­дық тың­дау өткізіл­ді. Оған қазақ тілінің шынайы жана­шыр­ла­ры- бел­гілі ғалым­дар, ақын, жазу­шы­лар, жур­на­ли­стер, сая­сат­кер­лер мен сая­сат­та­ну­шы­лар, сарап­шы­лар, ата-ана­лар, сон­дай-ақ Білім және ғылым мини­стр­лі­гі­нен, жоғарғы оқу орын­да­ры­нан, мек­теп­тер­ден жау­ап­ты адам­дар қаты­сты. Орта мек­теп­тер­де білім беру­де­гі жос­пар­ланған әрі кенет­тен жүзе­ге асы­ры­ла бастаған өзгерістер талқы­ға салын­ды. Мини­стр­лік­тің ұстанған бағы­ты­ның қателік­тері өткір сынға ұшы­ра­ды. Алдын ала дай­ын­да­лып кел­геніне қара­ма­стан, рефор­ма жаса­у­шы­лар мен олар­ды қол­пашта­у­шы­лар­дың айтқан­да­ры жұрт­шы­лы­қты қанағат­тан­дыр­ма­ды. Мұн­дай екі жақты талқы­ла­уды жалға­сты­ру қажет­ті­гі оқу жылы басталған соң тіп­ті айқын бола түсті.

Ана тілі­міздің тағ­ды­ры­на, ұрпақ тәр­би­есі мен білім алуы жағ­дай­ы­на алаң­даған көп­шілік­тің – газет­тері­міздің оқыр­ман­да­ры­ның ұсы­ныс-талап­та­ры бой­ын­ша біз Білім және ғылым мини­стрі Ерлан Саға­ди­ев­ті қоғам­дық талқы­лау жиы­ны­на шақы­ра­мыз. Өзі қол­да­у­шы­сы әрі іске асы­ру­шы­сы болып жүр­ген «Үш тұғыр­лы тіл» сая­са­тын зия­лы қауым­ның, қоғам қай­рат­кер­лерінің, жур­на­ли­стер­дің, пат­ри­от аза­мат­тар­дың, ата- ана­лар­дың алдын­да түсін­дір­сін. Пре­зи­дент­тің халы­ққа түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу жөнін­де­гі тіке­лей тап­сыр­ма­сын орын­да­сын. Елдің көкей­ін­де жүр­ген сау­ал­дарға жау­ап бер­сін. Сол себеп­ті, біз Алма­ты­да «Саға­ди­ев, келіңіз!» атты жиын өткі­зетіні­мізді жари­я­лай­мыз. Мем­ле­кет­тік тіл­дің бола­шағын, елдің ертеңін ойлай­тын аза­мат­тар бас қоса­тын бұл жиы­нға министр Е.Сағадиевтің өзінің келуін сұрай­мыз. Үкі­мет бас­шы­сы Б.Сағынтаев мыр­за оның қоғам өкіл­дері­мен кез­де­су­ден қоры­қ­пай, кез­де­су­ге келуіне ықпал ете­ді деген сенімдеміз.

«Саға­ди­ев, келіңіз!» атты мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­дау жиы­ны 22 қазан күні Алма­ты­да өте­ді. Нақты­лы мекен-жай­ды және уақы­тын бас­пасөз бен интер­нет арқы­лы қосым­ша хабарлаймыз.

Қоғам­дық талқы­лау жиы­нын ұйымдастырушылар –

«Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай, «Три­бу­на — Сая­си Қалам» газеті бас редак­то­ры­ның мін­детін атқа­ру­шы Жан­бо­лат Мамай.

Ори­ги­нал ста­тьи: Три­бу­на — Рес­пуб­ли­кан­ская обще­ствен­но-поли­ти­че­ская газе­та / tribunakz.com

архивные статьи по теме

Жанна Байтелова снова на свободе

Пикет казахского консульства в Одессе: рабочим – свободу, убийц – к ответу!

Пястолов представитель нефтяников рассказывает о ситуации