1 C
Астана
29 марта, 2024
Image default

Павлодар Кереку бола ма, әлде қалай?

- Кісінің атын қалаға, елді мекен­ге беру­ге қар­сы­мын. Қан­ша даны­шпан бол­са да, адам­ның атын өзінің туған жеріне беріл­гені жөн емес. Сон­да Абай Абай ауда­нын­да туған, Абай қала­сын­да тұрған деп айтуы­мыз керек пе? Әлде, Рай­ым­бек Рай­ым­бек ауда­ны­нан шыққан дегені­міз дұрыс па? Ал Өске­мен қала­сы­на Қона­ев не істе­ді? Егер әр адам­ның әкім болған қала­сы­на соның атын бере бер­сек, не бола­ды? Әр қалаға өзінің тари­хи жер ата­у­ла­ры ғана жарасады.

- Жур­на­ли­стер одағы­ның жетек­шісі қазақ тілін­де Семей, Өске­мен деген тари­хи ата­у­лар жоқ деп отыр ғой…

- Семей­дің аты — Семей. Қала­дан алпыс шақы­рым жер­де Семей­тау деген жер бар. Өске­мен­нің аты — Көк­тас. Сон­дай жер ата­уы бар.

- Мата­ев «Кере­ку деген атау да тари­хи емес, орыс көпе­сі Коря­ко­втың аты­нан шыққан» деген­ді айтады…

- «Дұрыс емес» дей­тін оның қолын­да қан­дай дере­гі бар? Кере­ку деген — кере­ге. «Кере­ге­ден тігіл­ген үй» деген сөз. Оған дәлел табы­лған. Ескі қоныс болған. Ал үйде шай ішіп оты­рып, көл­гір­си­тін заман өткен. Біл­мей­тін нәр­се­ге кіріс­пе­гені жөн.

- Сон­да сіз осы қала­ларға қан­дай атау бер­ген­ді дұрыс санайсыз?

- Өске­мен, Пав­ло­дар, Пет­ро­пав­ловск деген ата­у­лар пат­ша­ның жар­лы­ғы арқы­лы қой­ы­лған. Бұл жар­лы­қтар қазір біз­ге жүр­мей­ді! Олар­ды басқа жар­лы­қтар­мен жоюға бола­ды. Бұл қала­лар­дың өз тари­хи ата­у­ла­ры бар емес пе?! Өске­мен — Көк­тас, Пав­ло­дар — Кере­ку, Пет­ро­пав­ловск — Қызылжар…

Ғари­фол­ла Есім, сена­тор, фило­со­фия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор:

- Сей­тқа­зы бауы­рым­ның айтқа­нын қала ата­у­ла­ры­на қаты­сты бір ұсы­ныс деп қарау керек. Әркім­нің өз пікірі бар. Семей деген сөз — қаза­қтың тарихы­на, мәде­ни­етіне, дәстүріне сіңісті болған ұғым. Оны қозға­удың еш қа­жеттілігі жоқ деп ойлай­мын. Бұл — орын­ды атау. Пав­ло­дар тура­лы айт­сақ, оның өзгер­гені жөн. Павел — орыс тарихын­да ерекше еңбек­тері­мен аты шық­паған пат­ша. Сон­ды­қтан бұл қала­ның бұры­нғы ата­уы — Кере­ку болуы керек.

Кере­ку деген сөздің Коря­ков деген­ге еш қаты­сы жоқ. Бұл — Мах­мұт Қашқа­ридің «Түрік сөзді­гін­де­гі» бар ұғым. Менің атам Есім (тірі болған­да 140-қа келер еді): «Кере­куді бала күні­міз­де солай атай­тын» дей­тін. Өске­мен қала­сы ата­уы тура­лы да ойланған жөн. Өске­мен — «Усть-Каме­но­горск» сөзінің қаза­қ­ша ата­уы бол­са керек. Соны­мен бір­ге Алма­ты тура­лы әңгі­мені аяқтаған дұрыс. Алма­ты деген атау — әбден орны­ққан ұғым. Сон­ды­қтан оны кезін­де қате аталған «Алма-Ата» деген­ге қай­та-қай­та бұрып, оған айна­ла берудің еш қажеті жоқ.

Жазып алған Айжан Көшкенова

 

Источ­ник: Ұлт пор­та­лы

Ори­ги­нал статьи — 

Пав­ло­дар Кере­ку бола ма, әлде қалай?

архивные статьи по теме

Раки станут террористами, а Овны – президентами

Нет потерпевших и… нет доказательств?

Как государству избавиться от БТА