Отбасылық билік құрғысы келген «елбасыға» арнау
Отыз жыл бойы Қазақ елін Н. Назарбаев басқарды. Бұл уақыт мерзімінде ҚР азаматтарының құқықтары жерге тапталды. Қара халық тек қана сайлау құқынан ғана емес, ата-бабадан қалған мемлекетiмiздi қолымызға алып, Ұлы Дала дәстүрімен билікке сайлану және елді басқару мүмкіндігінен де айырылды.
Ұзақ тарихында көп қиындық көрген қазақ халқы «тәубе», «шүкір» деп, ұзақ жылдар бойы әлеуметтік жағдайы жақсаратынына сеніп, үмітін үзбеді. Керісінше, уақыт өте бере, Назарбаев халықты бос уәдемен алдап, қазақ жерінің байлығына тек қана өзін және өзінің отбасын кенелтіп, өзінің жағдайын жасап алды.
Назарбаев бірде-бір рет әділ сайлауға түспегеніне қоғам куә, халық шын ниетімен қолдаған басшымын деп атауға құқы жоқ. Оның басқаруымен құрылған мәжіліс пен билік те әділ сайланбағаны жұртқа аян. Дәл осы басты және маңызды себеппен Назарбаевтың Ата заңымыз бен басқа да мемлекеттік құқықтық-нормативтік құжаттарға енгізген өзгертулері мен бұйрықтарын да заңсыз деп табамыз.
Біреулер дүние жүзіне аты шулы «Қазахгейт» дауын ұмытқан шығар. Алайда халық қалтасынан ұрлап, Назарбаевтың Швейцария банктеріне тыққан миллиондары туралы ақпарат бәріне мәлім және бұл тақырып ҚР президентіне қатысты ең сорақы мәселе емес. Жаңа Қазақстан тарихында тағы бір даулы оқиға орын алды. Кезінде оның жеке кеңесшісі ретінде Джеймс Гиффен деген АҚШ азаматы қызмет атқарған. Сол кезде жеті жылға созылған тергеу амалы нәтижелеріне сүйенсек, Назарбаев миллиондаған доллармен пара алғаны және де оның жұбайы да қымбат автокөліктерге ие болғаны нақты фактілермен дәлелденген.
АҚШ-та Гиффенге қарсы іс қозғалған кезінде,оны қорғап алған адвокаттың еңбек ақысын Қазақстан үкіметi төлеп, нәтижесінде кеңесші жазадан құтылып шықты. Ең қызығы – ол адам Каспий теңізіндегі мұнай өндіру туралы құпия ақпаратты білуші ғана емес, «ЦРУ»-дың, яғни бөтен мемлекеттің арнайы қызметінің ақпарат таратушысы болғаны анықталды.
Бұл жағдайда басқа құқықты елде мұндай басшыны өмір бойы бас бостандығынан айыруға әбден болар еді, бірақ Назарбаев 30 жылдан бері заңсыз жолмен мемлекетті басқарып қана қоймай, Нұрсұлтан-хандығын заңдастыруға бел байлады.
Екінші рет мұндай заңсыз әрекет Н.Назарбаев қолындағы шексіз билік арқасында бабамыздан аманат ретінде қалған қасиетті қазақ жерін Қытайға берген кезде жасады. Ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, 1000-нан 100 000 мың шаршы шақырымға дейін көлемі бар қазақ жерін Қытайға берген. Әрине, тегін емес! Мемлекет жерді айырбастау кезінде Қазақстан халқы наразылық тудырған жағдайда, Қытай үкіметi әскери көмек көрсететіні туралы қосымша ақпарат та бар.
Айтылып кеткен қазақ еліне қауіпті шараларды Нұрсұлтан Назарбаевтың жалғыз өзі жасауға әлі жоқ. Әрине, оның көмекшілері бар. Оның бірі – халықаралық құқықты ғана емес, сонымен қатар Қытай мемлекетін жақсы білетін, өзіне адал, әрі сауатты, белгілі мемлекеттік қызметкер. Ол тұлға студент кезінен Қытай мемлекетінде арнайы дипломдық және 10 айлық сынақ тәжірибесінен өтіп, содан кейін Пекиннің КСРО елшілігінде қызмет атқарған.
Аталмыш мемлекет қызметкерi ҚР Сыртқы істер министрі қызметінен Қазақстан премьер-министрі лауазымына ауысып, кейін қайтадан Сыртқы істер министрі болған кезде орын алынған. Әрі қарай, өзінің адал көмекшісін Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының екінші президенті болуға лайықты санап, ең маңызды өкілеттіліктерiн сол адамға тапсырып, билікті одан әрі өз қолында сақтау ұстанымын осылай іске асырды.
Сонымен, жиырма жылдан астам уақыт ішінде еліне екі мәрте қауіп әкелген Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытайға жер беру кезінде мемлекетке залал келтірген, енді, міне, екінші президент болған жеке бір тұлға, яғни Н. Назарбаев тағайындаған азамат Қ. Тоқаев билік басына келе қалды.
Бұл жағдай ақылға сыймайтын парадокс. Аяқ астынан өз-өзін «елбасы» деп атаған, шексіз билікке ие болып, ақырында ел-жұрттың алдында ешқандай жауап бермейтін тұлға болып шықты! Тіпті, заң бойынша, президент өкілеттілігін пайдаланған кезінде және өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін де ешқандай жауапқа тартылмайтын әулиеге айналды! Бұл сұмдық Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Тұңғыш Президент туралы заңда» бекітілген. Онымен шектелмей, аталмыш заң бойынша, «елбасы»министрлерді, судьяларды, прокурорларды тағайындауға жеке әмірі бар болып шықты. Және «елбасы» мемлекеттік қарулы күштердің, яғни ҚР әскери қолбасшысы болып танылды. Ол аз болғандай, соттар, прокуратура және полиция оған тікелей бағынуға мәжбүр. Нақты айтқанда, Н. Назарбаев тек өзіне, өзінің билігін сақтал алу үшін лайықты заңдар мен жарлықтарды заңдастыру бағытында ойына келгенін істеп, қалаған нәрсесін жасайды, алайда ешқашан жауапқа тартылмайтын болып тұр.
Қазақстанда бұл жағдай Конституцияға сәйкес еместігін көптеген сауатты заңгерлер біліп отыр және «елбасының» мемлекетке, яғни Ел мен Халыққа қарсы жасаған қауіпті әрекеті үшін ешқашан ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынын түсінеді! Алайда «елбасы» мен оның отбасы мүшелері және жемқор сыбайластары аталмыш іс-әрекетінің заңсыз, еліне, қоғамға қарсы шаралар екендігін біле тұра, заңсыз жолмен келген миллиардтарын жоғалтып алудан қорқады.
Өкінішке орай, қазіргі саяси ахуалға қарсы шыққанның орнына қазақстандықтардың өздері оның айдауына көніп, айтқанына төзіп отыр. Рухтың әлсіздігінен бе, әлде білместіктен бе, үнемі «елбасының» атына хат жолдап, тіпті қазір оның ізбасарының атына құжаттар рәсімдейді. Биліктің ойлап тапқан заңсыз ережелеріне көніп, сайлауға қатысамыз деп, әмеңгерлікпен «елбасы» тағайындаған тұлғаға қарсылық білдірмей, әлжуаз сес көрсеткендей болып жүр. Қалың халық сонда да ара-тұра: «Не істейміз?» дегендей, «елбасының» аузына қарап, ханымыз жұмсарып, халыққа бет бұрар дегендей сыңай танытады.
Ел аман, жұрт тыныш болса да, халықтың жағдайы мәз емес. Сол кезде ойымызда заңды сұрақ туады: өзгеріс бола ма? Таңдауымыз бар ма? Бүгінгі күні қалыптасқан саяси ахуалды, жетімсiреп қалған қара халықтың жағдайын, яғни өз болашағымызды өз қолымызға алааламыз ба немесе әмеңгерлік билікті қалдырып, ұры, жемқор билікке жем болып жүре береміз бе? Кеудемізде жанымыз болса, осы маңызды сұрақтардың басын ашатын уақыт келді.
Тарихты білетін азаматтар әрбір режимнің бір-ақ заңды ақыры бар екеніне күмәнсiз. Назарбаевтың өз қолымен құрған режимі де ерекше емес, оның бүкіл мемлекеттік органдарда қызмет ететіндері де, олардың туыстарынан тұратын жүйе де өте әлжуаз. Сондықтан ел болып қаламыз, қазақ деген Ұлы Даланың батыр ұрпақтары атағын жалғастырамыз десек, оның отбасы мүшелеріне жол бермеуіміз керек! Осы мақсатта біз жаппай қарсылық көрсетуіміз қажет. Феодалдық режимге тұншығып бара жатқан елімізді бірде-бір рет әділ өтпеген сайлаудан, халық ниетімен шықпаған адамның басқаруынан құтқаруымыз керек.
Міне, өз болашағымыздың тағдыры үшін алаңдаған қазақ бауырлар, бір күнде барлық үлкен қалалар мен шеткері аймақтардағы алаңға шығып, әділетсіздікке қарсы ішіңізге сыймай жүрген өз ойларыңызды төменде ұсынылған ұрандармен неге білдірмеске?!
- «Нұр-Сұлтанатқа жол жоқ!»
- «Ел болашағы сенің қолыңда!»
- «Ел үшін, жер үшін БІРІГЕЙIК!»
- «Ел тағдыры – менің тағдырым!»
- «Елдің болашағы – баламның болашағы!»
- «Әділ сайлауды талап етемін!»
- «Қазақ елін Назарбаев әулеті билемейдi!»
- «Президент билігіне жол жоқ!»
- «Биліктің мәжіліске, елдің заңды өкілдеріне ауысуын талап етеміз!»
- «Әулеттік билікке жол бермейміз!»
Жүздеген, мыңдаған қазақстандықтар наразылық акциясын өткізгенде ғана біздің жоғарыдағы қорқақтарымыз өздерінің жеке ұшақтарына мініп, қашып кетуге тырысады, бірақ біз ондай мүмкіндікті болдырмауымыз керек! Қазақстанға зиян келтіргендері үшін жауапқа тарту керек!
Уақытша үкіметті бір жылға дейінгі мерзім аралығында жұртқа танымал қоғам қайраткерлерi: Серiкболсын Әбділдин, Ғазиз Алдамжаров, Балташ Тұрсымбаев, Зәуреш Батталова, Әміржан Қосанов, Евгений Жовтис және басқа да көптеген адамдар басқарып,елге жетекшілік етіп, жауапты болуға дайын.
Олар халық ұсынған және өзін-өзі ұсынған азаматтарға парламенттік сайлау жариялап, дайындыққа уақыт беруге әзір отыр. Қалың халық арасында сауатты заңгерлер мен экономистер, елі мен жеріне адал қызмет еткісі келетін азаматтар бар екеніне сенеміз.
Отыз жыл бойы өз халқын қорлап-зорлап келе жатқан бір адам, оның отбасы төбемізге шыққан кезде көзді жұмып, сабыр сақтауғаболмайды. Көкірегі ояу әр адамның түсінетін уақыты жетті. Шірік билікке «Доғар!» деп айтатын уақыт келді!
Халық өз тағдырын өзі шешуге, өз билігiн тек адал жолмен сайлауға, мемлекеттікоргандардағы пара алушылар мен жемқор шенеуніктерден құтылуға дайын, әділдік жүйе орнатуға толық құқылы.
Лира БАЙСЕЙІТОВА,
Ботагөз ИСА,
Серік МЕДЕТБЕКОВ,
Қазақстан оппозициясының шетелдік бюросы,
Женева, сәуір, 2019 жыл