9 C
Астана
20 апреля, 2024
Image default

Малымыздың орнын сөз басты

Әлі есім­де, бір күні ауыл­дағы трак­тор­шы жиен­ша­рым теле­фон шалып: «Он бес жыл бойы бап­тап жұмысқа қосып жүр­ген трак­то­рым­ды сов­хоз дирек­то­ры маған бер­мей, көр­ші кол­хоз­дағы неме­ре інісіне сата­тын бол­ды, енді қай­тем?!» деп шырыл­да­ды. Көре қалған­да «аға­сы» деп сәлем беріп жүретін кеше­гі дирек­тор­мен сөй­лесіп едім, «жаны­на тор­сық бай­лат­пай» қалып­ты. Ақы­рын­да Ауыл шару­а­шы­лық мини­стріне хат жазып, жиен­ша­ры­ма жалғыз трак­тор­ды әрең бұйырттым.

Ауыл шару­а­шы­лық мини­стр­лі­гі… Жал­пы бүгін­де бұл мини­стр­лік­тің жағ­дайы қалай екен? Естуім­ше, тәу­ел­сіздік­ке дей­ін­гі құра­мын сақтап келеді: ғима­ра­ты кең, шта­ты толық, айлық ақы­сы мол. Бірақ құзы­рын­да өзі ен таға ала­тын бір тұяқ мал, өзі егін егер бір гек­тар жер, құй­ып-өлшеп берер бір кило-литр жанар-жағар­май жоқ. Алай­да мини­стр­лік баяғы дәре­же­сін­де. Жеке мен­шік шару­а­шы­лы­қтар мен қожа­лы­қтарға келісім-шарт, мін­дет­те­ме арқы­лы иек арта­ды. «Қызық». Мыса­лы, мау­сым­дық жұмыстар қар­саңын­да жанар-жағар­май иелері­мен келіс­сөз жүр­гізіп, арза­ны­раққа сатып алу­дың сауда­сын­да жүреді.

Мини­стр­лік­тің «мал шару­а­шы­лы­ғы» деп ата­ла­тын сала­сы­на назар аудар­сам, жеке­мен­шік шару­а­шы­лы­қтар мен қожа­лы­қтар­дың қолын­да, мыса­лы, 1990 жылғы 10 мил­ли­онға жуық сиыр­дың, 36 мил­ли­он шама­сы қой-ешкінің, 2 мил­ли­он­дай жылқы­ның, 150 мыңға жуық түй­енің үштен бірі ғана бар көрі­неді. Соның өзі шетел­дер­ден сатып алу­дың есебі­нен қара-құра болып жүр­ген­дей. Бас­пасөз ақпа­ра­ты­нан аңғарға­ным­дай, тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да шетел­дер­ден ондаған мың қой, сиыр сатып алып­пыз және әлі де сөй­тіп жүр­міз. Бірақ шылқы­ға­ны­мыз шама­лы. Ол мал­дың қан­ша­сы ұшақ пен пой­ы­зда арам қат­ты, қан­ша­сы жер­сін­бе­уден қырыл­ды, қан­ша­сы ол жақтан жұқ­па­лы ауру күй­ін­де әкелініп, мұн­да құр­тыл­ды — оны ашып айту жоқ. Шетел­дер­ге мал сатып алуға мал мама­ны емес, үкі­мет­тің ақша­сын санап, «бар­мағын жалап» дағ­ды­ланған тал­таң­бай биз­нес­ші­сы­мақтар бара­ды екен. Солар­дың әуре-әре­кетіне мем­ле­кет қал­та­сы­нан жұм­салған қыру­ар қар­жы­ның сұра­уы және жоқ.

Үкі­мет­те ауыл шару­а­шы­лы­ғын түзе­у­ге құлық та, қар­жы да бар сияқта­на­ды. Оның ұсы­нуы­мен, пар­ла­мент­тің ұйға­ры­мы­м­ен, пре­зи­дент­тің бекітуі­мен соңғы он шақты жыл­да ауы­лға деп жүз­де­ген мил­ли­ард тең­ге бөлін­ді, алай­да ажа­ры кір­ген ауыл шама­лы. Был­ты­рғы жыл аяғын­дағы бір ресми хабар­да алты жүз­ден аса ауыл­дың ауыз­суға жары­май оты­рға­ны айтыл­ды. Жылу­сыз, жары­қ­сыз, мед­пункт­сіз күн кешу­шілері қаншама?

Осы сияқты бере­кесіздік­тің сал­да­ры­нан (ұсақ-түй­ек­ті айт­паған­да) ең бір керек тағам — етті ит өлген жер­де­гі елдер­ден сатып алу­да­мыз. Рес­пуб­ли­ка Санақ-есеп басқар­ма­сы­ның 2012 жыл­дың көкек айын­дағы мағлұ­ма­ты былай дей­ді (қысқа­ша):

2011 жылы сырт­тан 233 390 тон­на ет әкел­дік. Сатқан­дар: Австра­лия, Арген­ти­на, Бол­га­рия, Кана­да, Уруг­вай, Мексика…

Сон­дай-ақ: 41 083 тон­на балық алдық. Сатқан­дар: Нор­ве­гия, Рос­сия, Ислан­дия, Вьет­нам, Германия.

Ал АҚШ-тан сатып алы­нған «Буш сирағы» 117 000 тонна!

Өстіп оты­рып, «бай болған соң сата­ды» деген наси­хат-дақ­пырт үшін 2011 жылы 360 тон­на ет, 18 000 тон­на балық сатып­пыз. Алған­дар: Ресей, Лит­ва, Дания, Қытай, Гру­зия, Ирак, Иран.

Жал­пы біз сырт­тан сатып ала­тын азық-түлік сыр­тқа сата­ты­ны­мы­здан 10 есе көп екен!

Басқа мини­стр­лік­тері­міздің де сық­пы­ты оңып тұрған жоқ. Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрілі­гінің құзы­рын­да бұры­нғы ондаған трест, ком­би­нат, зауыт, фаб­рик­тің бірен-сара­ны ғана бар. Мұнай мен газ­дың, түсті метал­дың іс жүзін­де­гі қожа­ла­ры: аме­ри­кан­дар мен қытай­лар, маш­ке­ви­чтер мен мит­тал­дар, құлы­ба­ев­тар мен өте­мұра­то­втар халы­қтың нәпақа­сын жеп, ойла­ры­на кел­ген­ді қылып жүр, соның бір кесірі — Жаңаө­зен­де­гі қантөгіс.

Алай­да билік бұл тай­раң­да­у­шы­лар мен төстең­де­ушілер­ге әсте шаң жуыт­пай­ды. Себебі: «2030» бағ­дар­ла­ма­мыз олар­сыз да ойдағы­дай «орын­да­лып», «2050» бағ­дар­ла­ма­сын (неге «3000» бол­ма­ды ма екен?!) иге­ру­ге қызу кірісіп кет­тік… Ресми тір­ке­уде­гі жұмыс­сызда­ры­мы­здың саны был­ты­рғы қара­ша­да 471 мың болға­ны, ал ауыл-село­ла­ры­мы­зда есеп­ке алын­бай жүр­ген ондаған мың жұмыс­сыздың бары «эко­но­ми­ка­ны дамы­ту­дың қаза­қстан­дық жолы­на» кедер­гі бола «алмақ емес»!..

Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің қал­та­сын­да қыла­яғы өзін­дік дәрі-дәр­мек те жоқ, шет­тен алып келіп сата­тын пай­да­кү­нем­дер­ге көз сүзіп жүр. «Өз күнін өзі көру» үшін жүй­ені бастан-аяқ ақы­лы қыз­мет­ке көшіру­мен және әлек.

Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гін­де даңға­за­лық басым. Эст­ра­да өнері­міз көр­ші ресей­лік, шалғай шетел­дік шуыл­дақ-құты­ры­қтар­дың шаңын қап­ты. Бұл мини­стр­лік­тің әде­би­ет сала­сы десек, мұн­дағы тір­лік ала-құла: бас­па негізі­нен жеке мен­шік қол­да, кім­нің несін шыға­ра­ды — дирек­то­ры­ның еркі. Ақын-жазу­шы­лар қала­мақы­дан қағы­лға­лы жиыр­ма жыл, ол мәсе­лені оң шешу жөнін­де­гі өтініш-талап­та­ры пре­зи­дент­тің алды­на дей­ін бар­са да, «баяғы жар­тас — бір жар­тас». Жаңа министр Мұх­тар Құл-Мұха­мед мыр­за сала­ның жұмысын сапа­лы ете ала ма, бұл — жау­а­бы ертең болар бүгін­гі сауал.

Білім мини­стр­лі­гі­міз. Жиыр­ма жыл­да он екі мини­стр­дің «қызы­ғын» көр­ген бұл жүйе кәдім­гі тәжіри­бе алаңы­на айнал­ды. Ана­у­сы — алай, мына­у­сы — былай деп жөн­ді пікір айту­дың өзі қиын. Алдағы оқу жылын мек­теп­тер он екі сынып­тық жүй­е­ге көшу­мен бастай­тын бол­ды. «Шетел­дер­де солай!» дегелі біраз болған еді, ақы­ры соған жүгініп­ті. Ағы­л­шын тілі 1‑сыныптың оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на енгізіліп, аты­шу­лы «үштұғыр­лы тіл» жоба­сы тірілтілді.

Сауда, тұр­мыстық қыз­мет… Бұлар да: «Өзі­міз біле­міз! Шетел­дер­ге теңе­ле­міз!» деп ұран­даға­лы қашан!

Әйте­уір, шетел­дер­ге елік­теу-солы­қтау дер­тіне шал­ды­қтық. Рес­пуб­ли­ка­ның ішкі жағ­дай­ы­на, мүм­кін­дік­ке қарау, халы­қтың хал-аху­а­лы­мен сана­су керексіз бол­ды. Мәсе­лен: ауыз­суға, жылу жүй­е­леріне, электр қуа­ты­на ие ком­па­ни­я­лар «шетел­дік­тер­мен сана­са білу үшін» баға­ны ай ара­ла­тып көте­реді, олар­мен тәжі­ке­ле­су­ге, қым­бат­тат­па­уға тиіс депар­та­мент «көтер­ген­дері дәлел­ді екен» деп оты­ра береді.

Тіп­ті пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев­тың моно­по­ли­стер­ді ауы­зды­қта­ту­дың, ком­му­нал­дық қыз­мет төлем­дерін қым­бат­тат­па­удың орны­на, өзі солар­дың сой­ы­лын соғып, мыса­лы: «Біз­де су арзан болған соң үнем­де­мей­ді, қым­бат­та­ту керек!» — деп «жөн сіл­те­гені» кеше ғана. Халы­ққа «қамқор­лық», міне, осы­лай жаса­лып келеді.

Рес­пуб­ли­ка Есеп-қисап (ста­ти­сти­ка) агент­ті­гінің мәлім­де­уін­ше, 2005—2011 жыл­дар көле­мін­де (бес жыл­да) біз­де: ыстық су — 54 пай­ы­зға, суық су — 59, газ — 57, электр қуа­ты — 118, жылу — 43, теле­фон ақы­сы — 91 пай­ы­зға қым­бат­таған. Одан бері­де өсіп жатқа­ны және сөзсіз.

Әділет мини­стр­лі­гі, заң, құқық қорғау… мақта­нар­лық мән жоқ. «Зай­ыр­лы мем­ле­кет­ке айнал­дық!» деп күпіл­де­ген­де, буы­мыз көр­пе­мізді тесіп шыға­ды. Зай­ыр­лы елде өз ісі­нен шашау шыққан министр және басқа бас­шы халы­қтан кешірім сұрап, қыз­меті­нен бас тар­та­ды (отстав­каға кете­ді). Біз­де олай ойлау да жоқ қой?! Сонау жылы Заман­бек Нұрқа­ді­лов, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы (шофері мен оққаға­ры қоса) өлтіріл­ген­де, күні кеше Жаңаө­зен­де, Арқан­кер­ген­де, Ала­тау бөк­терін­де қан­ды оқиға болған кез­де, ол сұм­ды­қтар үшін тіке жау­ап­ты қай министр, қай әкім ұят­тан өртеніп орны­нан кет­ті? Оларға не пре­мьер-министр, не пре­зи­дент: «Сен кінәлісің!» деді ме?

Зай­ыр­лы мем­ле­кет­те ой еркін­ді­гі, сөз бостан­ды­ғы бар. Билік­тің бір шара­сы­на нара­зы болған көп­шілік көше­ге шығып, алаңға жина­лып, талап-тіле­гін ашық, батыл айта­ды. Ол үшін қуғы­нға ұшы­ра­май­ды. Керісін­ше, шетел­дік теле­бағ­дар­ла­ма­лар­дан көріп жүр­гені­міз­дей, поли­ция олар­дың тәр­тіп сақта­уын қадаға­лай­ды, көл­де­нең біре­улер­дің аран­да­ту әре­кет­тері­нен қорғай­ды. Әне, демо­кра­ти­я­ның бір бел­гісі. Ал біз­де ондай­да поли­ция бас­са­лып сотқа сүй­рей­ді, сот шір­кінің­де ақиқатқа көз жет­кізу­ге уақыт жоқ, қол­ма-қол не айып сала­ды, не сот­тап, түр­ме­ге тығып жібе­реді. Тәу­ел­сіз бас­пасөзді қисын­сыз айып­пен жауып тастау, жур­нал­шы­ла­рын қуғын­дау заң орын­да­ры­мы­здың әдетіне айнал­ды. Соған қарай­сың да, біз­де Әділет мини­стр­лі­гінің бар екен­ді­гіне күмән­да­на­сың және зай­ыр­лы­лы­қтан ада мем­ле­кет кім­нің, ненің бар-жоғын қай­те қой­сын деп тынасың.

Толып жатқан құра­лақан мини­стр­лік­ті топыр­лат­пай, штат­та­рын, айлы­қта­рын қауқар­ла­ры­на қарай ықшам­да­са, «ата­сы­ның бөр­кін» әлі киіп жүр­ген қай­сы­бірін үкі­мет­тің құзы­рын­дағы Депар­та­мент­ке (Басқар­маға) айнал­дыр­са, заманға оңқай іс болар-ақ еді, бірақ ондай батыл­ды­ққа, әділ­дік­ке жал­пақ­ше­шей билік қадам бас­пас. Десем де, саны көп, сапа­сы пәс мини­стр­лік­ті ұста­уға мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен жылы­на қан­ша қар­жы жұм­са­ла­ты­нын біл­гім келеді. Бірақ оны кім санап айтып береді? Бір кісінің емес, тіп­ті халы­қтың пікірін керек етпей­тін билік пе?

Иә, жиыр­ма бір жыл бойы аттан түс­пей келе жатқан біздің билік, егер жаңы­лы­спа­сам, мұн­ша мерзім­де халы­қ­пен бір рет қана «ақыл­да­сты». Ол жер­ді сату-сат­пау тура­лы мәсе­ле еді. Сай­лау дей­тін­дері­міз саудаға ұқсап, «сақал сипаған­ша» өтіп жата­ты­ны тәрізді, жер­ді сауда­ла­у­ға халы­қтың басым көп­шілі­гі қар­сы бол­са да, жер­ді алдын ала бөліп алған­дар­дың билі­гі ұпай арт­ты­рып кет­ті. Сөй­тіп, қазір­де қазақ жерінің қан­ша­сы кім­дер­дің қолын­да екенін анық біл­мей­міз. Билік айт­пай­ды да, айтқы­з­бай­ды да.

Қаза­қстан­ның бұл жағ­дай­ла­ры сөз жүзін­де басқаша.

Сөз жүзін­де демекші…

Билік­тің бауы­рын­дағы бас­пасөздің бет­тері кеше­гі «хру­щев­тік ком­му­низ­мнің» мәлі­мет­тері мен ұран­да­ры­на толы: «Азық-түлік баға­сы тұрақта­ды», «Жаңа пәтер көбе­ю­де», «Сапа­лы өнім­ге сұра­ныс көп», «Өркен­ді ісі­міз мол», «Ет, сүт өнді­ру арт­ты­рыл­ды», «Агроө­нер­кәсібі­міз қарқын­ды даму­да», «Кемел­ді келе­шек бізді күтіп тұр!», «Руха­ни түле­уі­міз күшті!», «Мақ­сат — ұлы, жол — ашық!», «Кәсі­по­рын­да­ры­мыз қуат­ты», «Ауыл көр­кей­іп келеді», «Мәң­гілік Ел бола­мыз!», «Дамуы­мы­зға шек жоқ!», «Сая­си жаңғы­руы­мыз жоға­ры дәре­же­де», «Басты меже — оты­зды­ққа ену!», «Қаза­қстан­ның даму жолы — басқа­ларға өне­ге!», «Бүкіл әлем­нің наза­ры қуат­ты Қаза­қстан­да!», «Жаһан­да­ну­дан жасқан­бай­мыз!», «Бүкіләлем­дік көр­ме біздің гүл­ден­гені­міздің куәсі бола­ды!», «Елба­сы­ның жаңа «2050» стра­те­ги­я­сы — нұр­лы жолы­мы­здың жалғасы!».

«2030-дың» «2050-ге» жол бер­ген­ге дей­ін­гі 18 жылын­да сыр­тқа қары­зы­мыз 140 мил­ли­ард дол­ларға жуы­қта­ды, одан қашан құты­ла ала­мыз, әлде «дәстүр­лік» жол­мен өсе бере ме — ол тура­лы ләм-мим жоқ. Күн­де жиын, күн­де той болып жата­тын Аста­на­да халы­қа­ра­лық кезек­ті жина­лыс — дүние жүзінің Нобель сый­лы­қты­сы, басқа­сы мен қасқа­сы бар эко­но­ми­стері бас қосып, біздің «күн санап дамып» бара жатқан эко­но­ми­ка­мы­здың негізін­де әлем­дік жоба жаса­мақ көрі­неді. Оған шақы­рған мей­ман­да­ры­мы­зға жұм­сай­тын шығы­ны­мыз «онша көп емес» екен, кісі басы 20 000 дол­лар дей­ді. Қаза­қстан­дай «бай» елге бұл дегенің бір шелек судан бір қасық су алған­дай ғой, ә?.. Менің­ше, бұл жина­лыс пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев мыр­за­ға Нобель сый­лы­ғын бұй­ыр­ту жолын­дағы жан­та­ла­стың тағы біре­уі сияқтанады.

Пре­зи­дент­тің «2050» бағ­дар­ла­ма­сы жари­я­ланған­нан бері­де­гі сөз жары­сы тасып жатқан өзен­дей. «Елба­сы­мыз Нұре­кеңнің» деп баста­лып, «Нұре­кеңнің арқа­сын­да өркен­дей бере­міз!» деген­дей жағым­ды айтыс. Бұн­дай жоба ешбір елде ешқа­шан бол­мап­ты, оның әрбір сөй­ле­мі сәу­лелі, нұр­лы екен. «2030» бағ­дар­ла­ма­сы бізді әлем­де­гі ең бай елу елдің қата­ры­на қосу­ды ойдағы­дай аяқтап, ол бәлем­дер­дің жиыр­ма­сын «қуып жетіп, басып озып», енді қалған оты­зы­ның апшы­сын қуы­руға кірісіп­піз. Бұған менің де қуанғым, алақай­лағым келеді, бірақ ел эко­но­ми­ка­сы­ның халін көр­се­тетін ресми есеп-санақ орын­да­ры­ның «бай­қа­у­сызда» айтып қала­тын шын­ды­ғы біздің жетістік ата­улы­ла­ры­мы­здың көбі сөз, қағаз жүзін­де екенін айғақтай­ды. Жұрт­шы­лық ол айғақты керек те етпей­ді, өйт­кені қым­бат­шы­лы­қтан көз аша алмай, көресісін көріп келеді.

Бүгін­де шылқа бай­ып оты­рған капи­та­ли­стік елдер­дің бір­де-бірі, мен біл­ген­де, ең бол­ма­са бесжыл­дық жос­пар жасап көр­ген жоқ. Алғы екі-үш жыл­да елдің игілі үшін жүзе­ге асуы қажет­ті жоба­лай­ды да, көбік сөз­ге жуы­май, нақты іспен шұғыл­да­нып, бар­лық күш-қуат­ты сол жоба­сын орын­да­уға жұм­сай­ды. Біздің өкі­мет, үкі­мет бас­шы­ла­ры­мы­здың сол елдер­де болған­да­рын­да ондай тәр­тіп-тәсіл­ге назар аударған­да­рын, оң шараға балап айтып кел­ген­дерін есті­медік. Олар­дың сән-сал­та­нат­ты сапар шегу­лері Қаза­қстан­ның Еура­зия аймақты­ғы­на, Кеден одағы­на кіріп­тар болуы­на апа­рып, Ресей мен Қытай­дың ара­сын­да жал­тақта­уға мәж­бүр етті. Пре­зи­дент­тің шетел­дер­ге ондай сапа­ры енді елі­міздің жоға­ры орденін ала жүріп, сол елдер­дің бас­шы­ла­рын мара­пат­тау «өнеріне» айнал­ды. Испа­ни­я­ның королі І‑Хуан Кар­лосқа «Алтын Қыран­ды» апа­рып тап­сыр­ды. Оны­сы біздің буын үшін, әрине, жаңа­лық емес, біз Хру­щев­тің шетел­дер­де «Совет Одағы Баты­ры­ның» Алтын жұл­ды­зы мен Ленин орденін таратқа­нын көргенбіз.

Пре­зи­дент Н.Назарбаев мыр­за­ның көкей­і­ме қон­бай­ты­ны — мем­ле­кет­тік тіл­мен «жасы­рын­бақ ойнай­ты­ны». Ол бір­де: «Қазақ қаза­қ­пен қаза­қ­ша сөй­лес­сін» деді ғой? Деді. Жақ­сы сөз іске асқа­ны­мен жақ­сы, бірақ өкі­мет, үкі­мет, пар­ла­мент оры­стіл­ді болып оты­рған біз­де ол сөз атқа міне алмады.

Ал одан кей­ін­де пре­зи­дент­тің: «…Біз­де ешбір тіл­ге басым­дық беріл­ме­уі керек» деді ғой? Деді. Оны­сы мем­ле­кет­тік тіл­ді басқа тіл­дер­ден оздыр­мауды ұқты­рға­ны еді. Одан соң екі дос — Н.Назарбаев пен О.Сүлейменов осы­дан біраз бұрын кезек­ті дидар­ла­су­ла­рын­да қазақ зия­лы­ла­ры­ның тіл мәсе­лесіне қаты­сты даб­ы­лы басыл­май келе жатқа­нын өза­ра әңгі­ме­ле­ген­ге және «Бір адым да шегін­бей­міз, арты­мы­зда… — Ресей!» дескен­ге ұқсай­ды. Оның мыса­лын «Ашық алаң» — «Три­бу­на» газетінің биы­лғы 9 қаңтар­дағы санын­да кел­тіріл­ген мына үзін­ді­ден көр­дім: «Даже если чело­век еще не зна­ет казах­ско­го язы­ка, он живет в стране, где Кон­сти­ту­ци­ей утвер­жде­ны два язы­ка — госу­дар­ствен­ный и офи­ци­аль­ный. Это долж­но быть и в обра­зо­ва­нии, и на служ­бе. Как понял из раз­го­во­ра с пре­зи­ден­том, на это будут обра­щать вни­ма­ние. Олжас Сулейменов».

Газет был­ты­рғы 1 жел­тоқ­сан­дағы санын­да пре­зи­дент­тің: «На каком язы­ке я высту­пал бы с три­бу­ны ООН, если бы не рус­ский язык? Нель­зя терять богат­ство, кото­рое ты имеешь.

И потом, у нас мно­го­сот­лет­няя сов­мест­ная жизнь здесь» дегенін де паш еткен. А.Пушкин мен Л.Толстойдың, И.Тургенев пен А.Чеховтың… тіліне бас иетін қаза­қтар­дың бірі маған пре­зи­дент­тің сол пәл­са­па­сын оқы­ған сәт­те: «Егер біздің елде орыс тілі бол­ма­са, тәу­ел­сіз Қаза­қстан бағы ашыл­май, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­на мүше де бола алмай, дүние жүзіне таны­ла да алмай, айда­ла­да сор­лап қала береді екен-ау! Оу, осы­ны түсі­ней­ік­ші!» — деп тіл жана­шыр­ла­ры­мы­зға Жол­дау жазуға шақ қалдым…

Айт­пақ­шы, жақын­да пре­зи­дент Қаза­қстан­ның көге­руінің негізі — қазақ тілі деген кезек­ті «тео­ри­я­сын» тарат­ты. Дұрыс делік те, «әліп­тің артын бағалық».

«Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 20 (196) от 3 мая 2013 г.

Источ­ник: Обще­ствен­ная позиция 

Ори­ги­нал статьи — 

Малы­мы­здың орнын сөз басты

архивные статьи по теме

Зятя Назарбаева снова схватили за руку?

Хиллари Клинтон в восхищении

Плевать на закон недопустимо