7 C
Астана
26 апреля, 2024
Image default

Латыңға көшу – өз еркімен өшу

Мен латы­нға көшу­ге қар­сы­мын! Себебі, бұл ұсы­ныс басы­лым бет­терін­де көп­тен бері тиіп-қашты айты­лып жүр­гені­мен, осы жолы қара­пай­ым халы­қтан емес, билік­тен шықты. Ал бұған дей­ін­гі билік­тен шыққан бар­лық ұсы­ны­стың ұлт мүд­десіне кереғар келетін, жасы­рын, сая­си аста­ры бар болатын.

 

Автор: Герой­хан ҚЫСТАУБАЕВ

 

Мәсе­лен, «Көп ұлт­ты Қаза­қстан» иде­я­сы уақыт өте келе елі­міз­де тұрып жатқан әрбір өзге ұлт өкіл­деріне, халы­қа­ра­лық заң­на­ма­ларға сүй­ене оты­рып, авто­но­мия талап ету­леріне құқық бере­рі сөз­сіз дүние. «Көп дін­ді (кон­фес­си­я­лы) Қаза­қстан» иде­я­сы­ның зардаб­ын қазір-ақ тар­тып отыр­мыз. «Үш тұғыр­лы тіл» ұста­ны­мы — түбін­де қазақ тілін жоя­тын идея.

Жал­пы, менің ойым­ша, біздің билік ұлт­тық мен­та­ли­теті­мізді (басқа­ша айтқан­да, ұлт­тың өзін) жоюға жан­та­ла­сып жатыр. Жоға­ры­да айты­лған үш «иде­я­ның» кез кел­гені толы­қтай жүзе­ге асса, бүгін­гі қаза­қы қал­пы­мы­здан түк қал­мас еді. Соның бірі — «Ел бір­лі­гі» деген әде­мі атпен ұсы­ны­лған, ал түп­кі мақ­са­ты «Қаза­қстан­дық ұлт­ты» қалып­та­сты­ру док­три­на­сы. Құдай­ға шүкір, Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз бастаған ел жана­шыр­ла­ры­ның арқа­сын­да билік­тің бұл зыми­ян ойы­на дер кезін­де тосқа­уыл қоя біл­дік. Сон­да билік өз өмірін­де алғаш рет тізе бүк­ті! Біз де «Қаза­қтың басы бірік­кенін түсін­ген болар енді» деп, үміт артып қалған­быз. Сөйт­сек, қате­лесіп­піз. Билік, керісін­ше, өш сақтап қалған екен.

Айғағы — бүгін­гі ұсы­ны­сы. Мына билік «тірі» тұрған­да, қан­дай да бір жаңа әлі­п­би­ге көшу жүзе­ге аспай­ды. Ал аса қал­ды деген­нің өзін­де, кирил­ли­ца­мен жылап көрі­сетін жағ­дай туын­дай­ды. «Көше­міз» дегені — халы­қты жәй алдау, елдің зей­іні мен сана­сын басқа жаққа бұру ғана. Негіз­гі мақ­сат — сол баяғы қаза­қты жою сая­са­тын жалға­сты­ру! Шынайы түбі — жарға соқты­ра­тын аяр ұсы­ныс бұл. Қараңыз.

«Ел бір­лі­гі» док­три­на­сы­нан оңбай опық жеген билік енді­гі кезек­те ұлт жана­шыр­ла­ры ара­сы­на кезек­ті «сүй­ек­ті» лақты­рып жібер­ді. Билік жаңы­лы­сқан жоқ. Шынын­да да, док­три­наға қар­сы күре­сте «бір қол­дың бес сау­сағын­дай жұмы­лған» ұлт пат­ри­от­та­ры қазір­дің өзін­де-ақ бітіс­пе­стей болып, екі­ге жары­лып тұр. Бірі — латын­шаға көшу керек десе, екін­шісі — оған қар­сы. Алдағы уақыт­та үшін­ші, төр­тін­ші, т.т. тоқтам­дағы басқа топ­тар­дың да шығуы кәдік. Бұл жағ­дай — ұлт мүд­десі деген­де, енді-енді әзер бас қосып келе жатқан қаза­ққа ес жиғы­з­бас соққы бола­тын билік­тің аңсаған арманы!

Менің «қар­сы» топ­та болуым­ның екін­ші себебі: латын­шаға көшу керек деп ұлар­дай шулап оты­рған бүгін­гі топ, мыса­лы, кеше қай­да бол­ды? Пре­зи­дент­тің аузы­нан осы сөз шыққанға дей­ін олар кім­нің астын­да «тұн­шы­ғып» жат­ты екен? «Көшу» анық солар­дың бүгін­гі сай­раға­нын­дай, ертең­ге қал­ды­руға бол­май­тын өте маңы­зды шаруа бол­са, олар неге пре­зи­дент бұл мәсе­лені сөз еткен­ге дей­ін көтер­меді? Жоқ әлде бұл пре­зи­дент­тің аузы­нан шыққан­ды іліп әке­тетін әдет­те­гі жан­дай­шап­тық әре­кет пе?

Бұл топқа үлкен күдік бар. Олар­дың айтуын­ша, «латын әлі­п­биіне көшу — оры­стың бодан­ды­ғы­нан бір­жо­ла құты­лу­дың ең төте жолы екен». Дал­ба­са пікір! Кез кел­ген әлі­п­би — сим­вол, қағазға түс­кен қисық сызы­қтар топ­та­ма­сы ғана. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бар мәсе­ле — бол­мысы­ң­да. Жүрек­те­гі батыр­лық, сана­дағы азаттық — бұл құдірет. Бодан болғың кел­ме­се, осын­дай құдірет­ке ие бол! Бұдан басқа жол жоқ құл­ды­қтан құтқа­рар. Осы құдірет­тен құр алақан бол­саң, саған әлі­п­би көмек­те­се адмай­ды. Бой­ы­ң­да батыр­лық, санаң­да тәу­ел­сіздік жоқ па — ешқан­дай қаріп бей­ша­ра­лы­ғы­ң­ды жоя алмай­ды сенің.

Шама­сы, бұл топ­тағы­лар да ұлт үшін күй­іп-пісіп жүр­ген­дер. Бірақ өз ойла­рын жал­тақ­сыз айтуға, ашық күре­су­ге жүрек­тері дау­ла­май­тын­дар. Ал енді пре­зи­дент­тің өзі айтқан соң, неден қоры­қ­сын, бәрі шеті­нен «батыр», шама­сы кел­ген­ше шулап, бүкіл интер­нет­ті даңға­за­ға айнал­ды­рып жіберді.

«Көшуді» жақта­у­шы топ­тың тағы бір айтар уәжі: латын қар­пі ком­пью­тер жүй­есіне, ғалам­тор желісіне терең­деп ену­ге мүм­кін­дік береді екен. Бұл ком­пью­тер­ді әліп деп таны­май­тын­дар­дың әңгі­месі. Ком­пью­тер үшін ағы­л­шын­ды­қтан өзге бар­лық әлі­п­би тең дәре­же­де. Тіп­тен кез кел­ген әлі­п­биді ағы­л­шын әлі­п­биі­мен тепе-тең ету де түк­ке тұр­май­тын дүние. Себебі ком­пью­тер (сон­дай-ақ қал­та­фон) «екілік жүй­е­де­гі цифр­лық код­тар­ды» ғана «түсі­неді».

Үшін­ші уәж­дері: «латын әлі­п­биі түр­кі әле­мінің руха­ни бір­лі­гіне зор ықпал ете­ді. Кремль пан­тюр­кизм иде­я­сы­нан қат­ты қорқа­ды! Латын­шаға өтуі­міз­ге Ресей­дің қар­сы­лы­ғы содан»-мыс. Бұл енді сая­сат­ты әліп деп таны­май­тын­дар­дың әңгі­месі. Бол­ма­са «Кремль түр­кі әле­мі­нен қат­ты қорқа­ды» деген дүм­білездің сөзі. Түр­кі әле­мі — әрқай­сысы­ның өз мәде­ни­еті, өз тілі бар бөлек-бөлек мем­ле­кет­тер. Бірін-бірі тіл­мәш­сіз толық түсіне алмай­ды. Мыса­лы, «mag’lubiyat» деген­нен сіз не түсін­діңіз? Тіп­ті қай ұлт­тың тілі екенін білесіз бе? Жоқ. Бұл өзбек­ше «жеңіліс» деген сөз. Бәрі де сіз­ге таныс латын қар­пі бол­са да, өзбек тілін біл­ме­сеңіз, ештеңе дей алмай­сыз. Сон­ды­қтан қаріп­тің ортақты­ғы ешқан­дай бір­лік­ке жете­лей алмай­ды. Кирил­ли­ца­да болған өзбек, түр­кі­мен, қырғыз, т.б. ағай­ын­дар қай­да қазір? Шека­ра­сы­нан бай­қа­май өтіп кет­сең, атып өлтіреді, жоқ деген­де ұзақ мерзім­ге түр­месіне тыға­ды. Осы ма түрік­тік бірлік?

Бұл топ­тағы­лар­дың тағы да біраз уәж­дерін кел­тіру­ге болар еді. Бірақ бәрі дер­лік осын­дай әлсіз аргу­мент­тер. Мәсе­лен, енді бірі «Латын әлі­п­биіне көшу — заман тала­бы» дей­ді. Заман тала­бы — әлі­п­би ауы­сты­ру емес, «бодан­ды­қтан әлі­п­би ауы­сты­ру арқы­лы құты­ла қоя­мыз» деген, бей­ша­ра­лық, қорқақтық сезім­нен, құл­дық сана­дан құтылу!

Пре­зи­дент­тің ауы­зы­нан «латын әлі­п­биіне көшу» тура­лы сөз шығуы мұң екен, бұл «батыр­лар» «үркей­ін деп тұрған киік еді…»-нің керін киді де қал­ды. Алды-арты­на қара­май, «көше­міз» деп далақтап жүр. Сон­дағы мақ­сат не? Ұта­ты­ны­мыз қай­сы? Біре­уі біл­мей­ді! Бірақ «көшеді».

Менің «қар­сы» топ­та болуым­ның үшін­ші себебі: билік бұл жер­де бір оқпен екі қоян­ды атып алып отыр. Қоян болған­да да, кәдім­гі ноян­да­рын. Бірін­ші­ден, қоға­мы­м­ы­зда ұлт­ты жояр келесі «док­три­на» пай­да бола қал­са, оған қуат­ты қар­сы­лық көр­се­те ала­тын қауым да қал­май­ды. Елім деген ерлер­дің түбіне осы латын сыз­ба­сы жетей­ін деп тұр. Тары­дай шашыл­мақ. Екін­ші­ден, билік өзінің сан қай­та­ра айтып жүр­ген: «Қаза­қтың тарихы 1990 жыл­дар­дан кей­ін ғана бастал­ды» деген баяғы­дан бер­гі арма­ны­на бара­тын оңай жол тап­ты. Естеріңіз­де бол­са, осы­дан үш-төрт жыл бұрын 40-қа тар­та ұлт қасқа­ла­ры «Жаңа тарих­ты жазай­ық!» деп, дүр­кіре­ген бола­тын. Шынын­да да, латын­шаға өтіп, «жаңа дәуір­де» өмір кешіп жатқан буы­нға өткен, ескі заман не керек? Енде­ше латы­нға өту — сонау атам қаза­қтан, бүгін­гі тәу­ел­сізді­гі­міз­ге дей­ін­гі тарихы­ң­ды жою! Қажет дүниені ауда­рып ала­мыз деген бос сөз. Ақша ғана өзек­ті мәсе­ле болып тұрған қоғам­да тарих кім­ге керек?

Енді біз латын әлі­п­биіне өтіп кет­кен «жарқын» күні­мізді, бүгін­гі билік­тің сиқы­на сай, көз алды­мы­зға еле­стетіп көрелік. Көп­теп жаңа­дан салы­нған зама­на­уи орыс мек­теп­тері пай­да бола­ды. Бұған ешкім тый­ым сала алмай­ды. Себебі қазақ ата-ана­лар­дың өздерінің жаз­ба­ша түр­де­гі бер­ген талап-ары­зда­ры осын­дай бол­мақ. Бала­сын кім қан­дай мек­теп­ке беруі — әркім­нің Кон­сти­ту­ци­я­лық өз құқы­ғы. («Жау кет­кен соң, қылы­шы­ң­ды боққа шап»). Бұл орыс мек­теп­терін­де бар­лық сабақ кирил­ли­ца­да, тек мем­ле­кет­тік тіл ғана латын­ша­да жүреді. Орыс мек­теп­терін­де­гі үлгерім қазақ мек­теп­теріне қараған­да есе­леп артық. Себебі оқулық «жыр­ты­лып-айы­ры­ла­ды».

Ал қазақ мек­теп­терін­де бәрі керісін­ше, бар­лық сабақ латын­ша, тек орыс тілі ғана кирил­ли­ца­да жүреді. Үлгерім масқа­ра нашар, себебі оқулы­қтар жетіс­пей­ді, ал бар оқулы­қтар­дың сапа­сы адам айтқы­сыз төмен.

Жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы жағ­дай мұнан да аяны­шты. Қаза­қ­ша латы­н­мен жазы­лған оқулы­қты он қай­та­ра оқы­саң да ештеңе ұқпай­сың. Себебі тілі­мізді толық дамы­тып үлгер­ме­сек, қазір­гі­дей дең­гей­де­гі аудар­ма­ны, орыс­ша­сын оқып барып түсі­несің. Сал­да­ры­нан диплом алып шыққан қаза­қы бала білім­сіз, ал орыс тіл­ді бала көп сау­ат­ты. Табиға­ты­нан мате­ме­ти­ка, физи­каға зерек қазақ жаста­ры ғылым­ның иісі мұр­ны­на бар­май­тын топас ұлт­тың өкіл­дері болып шыға келеді.

Енді уақыт өте келе, бес, әрі кет­се, он жыл­да кирил­ли­ца­ға қай­та ауысасың!

Міне, бұл жоға­ры­да айты­лған «Қаза­қтың көзіне көк шыбын­ды үйме­ле­ту» сәті.

Әрине, дәл осы­лай бола­ды дей­тін көріп­кел­ді­гім жоқ. Деген­мен, осы тек­тес құбы­лы­стың бола­ры анық-ақ. Сон­ды­қтан қазақ тілін бар­лық сала­да толық дамы­тып алмай, кирил­ли­ца­дан кету­ге бол­май­ды! Ал қазақ тілі билік­тің мына ұстанған сая­са­ты­мен тағы 20 жыл­да да толық өз дең­гей­іне көтері­ле алма­сы анық. «Латын әлі­п­биіне өтей­ік» деп, енті­гін баса алмай жүр­ген ағай­ын­дар, ең бірін­ші қазақ тілін толы­ққан­ды мем­ле­кет­тік тіл дәре­же­сіне көте­ру­ге, дәл осы екпін­деріңізді төмен­дет­пе­ген күйі атса­лы­су­ла­ры­ңыз керек, егер тіл­ге шын жан­да­ры­ңыз ашы­са! Ол жол­да бұл жол­дағы­дай емес, керісін­ше, пре­зи­дент сая­са­ты­на қар­сы келіп қалу­ла­ры­ңыз да ықти­мал. Сөй­тіп жүріп мем­ле­кет­тік тіл­ді өз тұғы­ры­на оты­рғы­за алсақ, сосын барып тіп­тен қытай иеро­гли­фіне өте­міз десеңіз­дер де құқы­ла­ры­ңыз бар. Ол кез­де мен сіз­дер­ді қолдаймын.

Ал мұн­дай­ға дай­ын емес, пре­зи­дент рұқ­сат бер­се ғана «батыр» бола­тын бел­сен­ділер бол­саңы­здар, онда Мұх­тар Шаха­нов сияқты ұлт мүд­десі үшін күресіп жүр­ген аза­мат­та­ры­мы­здың аяғы­на ора­лып, жүрісі­нен жаңылдырмаңыздар!

Негізін­де, «латы­нға ертең көшей­ік» деп шулап жатқан­дар­дың дені — «көшу, көшпе­удің» зия­ны мен пай­да­сын толық сара­лай алмай­тын, Пре­зи­дент­тің өзі әу баста-ақ есеп­теп, сырт­та­ры­нан сенім артқан «батыр­ла­ры» болып отыр. Пре­зи­дент­тің мұн­дай талан­ты­на таң қал­масқа шараң жоқ. Өйт­кені ол шуыл­дақтар­дың көтеріліп оты­рған мәсе­лені талқы­ла­у­ға өре­лері жет­пе­се керек: Шаха­но­втың жеке басы­на бағыт­талған «ұлт­шыл бол­са, неге фами­ли­я­сы­ның соңын­дағы «ов»-ты алып таста­май­ды?» деген сияқты бос әңгі­ме­лер­мен ғана шектелген.

Мыса­лы, фами­ли­я­ла­рын­да «-ов», «-ев» деген жалға­у­ла­ры жоқ тарих­шы Мәм­бет Қой­гел­діні, бол­ма­са демо­граф Мақаш Тәтім­ді алай­ық. Еке­уі де мүй­із­дері қарағай­дай ғалым­дар. Сон­да осы кісілер Шаха­но­вқа қараған­да мықты ұлт­шыл­дар ма? Жоқ! Мұны өзге­лер емес, тіп­ті ол кісілер­дің өздері де мой­ын­дай­ды деп ойлай­мын. Бүгін­гі Тұңғыш­бай Әл-Тара­зидің бұры­нғы Жаманқұ­ло­втан ешқан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Енде­ше атты өзгерт­кен­нен түк шық­пай­ды, егер затты өзгертпесек.

Сон­ды­қтан мәсе­ле әр адам­ның жеке бел­гісі — есі­мін­де емес, оның затын­да, табиға­тын­да. Дәл тіл мен әлі­п­би сияқты. Мәсе­ле тіл­дің өзін­де, оның қалай бел­гі­ле­нетін қар­пінің түрін­де емес!

P.S. Тағы бір ой бар. Билік­те қоғам­дағы бар­лық сая­си қар­сы күш­тер­ді дәр­мен­сіз­ден­ді­ру жос­па­ры бұрын­нан болған. Осы жос­пар бой­ын­ша, олар ең әуелі оппо­зи­ци­я­ны жік-жік­ке бөліп, әлсірет­ті, жұмысы­на тый­ым сал­ды. Ақпа­рат құрал­да­рын сот арқы­лы жап­ты. Қалға­ны — соңғы жыл­да­ры қуат алып келе жатқан ұлт пат­ри­от­та­ры еді, олар­дың да үнін өшіретін ама­лын тап­ты. Ең соңғы елде­гі қоғам­дық ойға әсер ете ала­ды деген екі басы­лым: «Жас Алаш» пен «Дат» жоба­сы аман тұр, әзір­ше. Осы­лар­дың «көзін» жой­са, біт­ті, билік ойы­на не кел­се, соны ешбір қиын­ды­қ­сыз жүзе­ге асы­ра ала­ды. Мәсе­лен, пре­зи­дент­тің мұра­герін (Дариға­ны дей­ік) жария ете ала­ды, бол­ма­са Қытай­ға жер беріп, яки Кеден­дік одақтағы үш мем­ле­кет­тің аясын­да «таза эко­но­ми­ка­лық» деп, халы­қты алдап, уақыт­ты созбай-ақ, бір­ден сая­си, бұры­нғы Кеңес Одағы­ның бала­ма­сы — Еура­зия одағын құра алады. 

Онда билік­тің құдай­ла­ры жары­лқап, Путин­нің тақи­я­сы аспанға ұшып, өз елі­міз­де­гі өзге тіл­ділер­дің жұл­ды­зда­ры жарқы­рай түс­пек. Ал қазақ ше?… Қаза­қтың қолын­да бір-бір латын әліп­пе­сі болады…

Ұлы өрт­тің баста­уы — кіш­кен­тай ғана шыр­пы оты! Қара­пай­ым әлі­п­би үшін алы­сып жүріп, бары­мы­здан жұр­дай болып қал­май­ық, ағай­ын! Бүгін­гі мына опа­сыз, ұры билік­тен қазақ жақ­сы­лық күтпесін.

От редак­ции: по мне­нию Герой­ха­на Кыстау­ба­е­ва пере­ход на лати­ни­цу не “самый корот­кий путь избав­ле­ния от рос­сий­ской коло­ни­за­ции”, как счи­та­ют неко­то­рые сто­рон­ни­ки сме­ны алфа­ви­та. Как гово­рит наци­о­нал-пат­ри­от, лати­ни­ца уни­что­жит всю казах­скую исто­рию с неза­па­мят­ных вре­мен до независимости.

Источ­ник: Газе­та «Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 06 (182) от 21 фев­ра­ля 2013 г.

Ори­ги­нал статьи:

Латы­ңға көшу – өз еркі­мен өшу

архивные статьи по теме

Скромное торжество необъявленной победы

Как газета с судисполнителями судилась

Кайрат Мами, его сын, квартира в Лондоне и бизнес-центры в Казахстане

Editor