22 C
Астана
18 апреля, 2024
Image default

Латынның қорасына бір кірсек…

Қазақ кезек­ті даудың астын­да қал­ды. «Өнбей­тін дауды өспей­тін бала қуа­ды» дей тұра бәрі­міз кәзір осы даудың иірі­міне тар­ты­луға мәж­бүр­міз. Басқа­сы аз болған­дай, енді латы­нға көшу деген мәсе­ле туды. Мен бұған тіке­лей қарсымын.

 

Автор: Өмір­зақ АҚЖІГІТ

Бірін­ші­ден, латын қар­піне көш­сек ком­пью­тер­де жұмыс істеу оңай бола­ды, тез дамып кете­міз деген сөздің өзі күл­кілі. Әліп­пе бар болға­ны құрал ғана. Ол өзі ешнәр­сені дамы­та алмай­ды. Даму­дың кіл­ті әріп­те тұр­са оған ең бірін­ші болып еврей­лер көшер еді. Дай­ын тұрған латын әліп­пе­сін 1948 жылы солар қабыл­дар еді.

Екін­ші­ден, біздің түр­кі тіл­дес елдер­мен ара­ла­суы­мыз оңай­лай­ды деген уәж одан да күл­кілі. Кеңес кезін­де бәрі­міз бір әліп­пе­ні қол­дан­дық, сол кез­де сіз өзбек, түрік­мен, әзір­бай­жан тұр­мақ қырғыз­ша оқып, түсіне ала­тын ба едіңіз? «Мана­сты» неме­се Ш.Айтматовты түп­нұсқа­дан оқып көр­діңіз бе? Ал, біз, (бала күні­міз­де алып жыр­дың талай жерін кем­пір-шал­дарға оқи-оқи жат­тап алған бола­тын­быз) тал­пы­нып көр­дік. Түсіне алма­дық, тұса­у­лы аттай кібір­тік­тей бер­дік. Себебі, әріп бір болған­мен тіл бөлек! Екін­ші жағы­нан, халық халы­қ­пен мидай ара­ла­сып, сапы­ры­лы­сып жат­пай­ды. Ол жеке­ле­ген ғалым­дар­дың, дипло­мат­тар­дың, қала бер­ді кәсіп­кер­лер мен сауда­гер­лер­дің шаруа­сы. Олар зұлұспен де тіл табысып кете ала­тын жан­дар. Әр халық өз тілі­мен, өз әрпі­мен өз жерін­де өмір сүреді. Олар­ды сол үшін қолданады.

Үшін­ші­ден, қазақ диас­по­ра­ла­ры­мен бай­ла­ны­сы­мыз оңай­лай­ды деген уәж де сын көтер­мей­ді. Бір­нәр­сені түсі­ней­ік­ші, бауыр­лар. Біз иә алдағы ары кет­се 10—15 жыл­да сырт­тағы 5 млн.қазақты көшіріп әке­ле­міз, сөй­тіп, қаза­қты қаза­ққа қоса­мыз. Иә, 10—15 жыл­дан кей­ін сырт­та қазақ қал­май­ды, тек қытай, өзбек, моңғол,орысқалады.Кәзіргі қытайландырудың,өзбектендірудің (моңғол­дан­ды­ру да бастал­ды) бет қарат­пас қарқы­ны­на қара­саңы­здар­шы бір мез­гіл! Тілі, жаны, рухы қытай­ға, өзбек­ке, моңғолға айна­лып кет­кен адам­ды сіз ол кез­де «төбең­нен алтын құя­мын» деп елге әке­ле алмай­сыз. Жүр ғой Евро­па­дағы қаза­қтар, біре­уінің кел­гісі кел­мей­ді. Келем десе бәрінің мүм­кін­ді­гі жет­кілік­ті. Бірақ, оларға Отан емес, жай­лы жер керек. Олар өзін қазақ сана­май­ды, «Ота­ным — Қаза­қстан» деп білмейді.

Төр­тін­ші­ден, және ең басты­сы, біз қаза­ғы­мы­зды бір­тіл­ді, қаза­қтіл­ді етіп алмай тұрып, латы­нға көш­сек бүгін­гі оры­стіл­ді қан­даста­ры­мы­зды өз қолы­мы­з­бен бір­жо­ла­та оры­стар­дың қата­ры­на итеріп тастай­мыз. Жиыр­ма екі жыл­дан бері қаса­ры­сып, бала­ла­рын тек орыс тіл­ді мек­теп­тер­ге беріп, өздері де қаза­қ­ша үйрен­бей келе жатқан жан­дар, оны заң жүзін­де білу­ге мін­дет­те­уді, мыса­лы, Пар­ла­мент депу­та­ты неме­се дипло­мат қазақ тілін білу­ге мін­дет­ті деген талап­ты, «толь­ко через наш труп» деп көл­де­нең жатып алып өткіз­бей кел­ген билік­те­гілер енді қазақ тілін латын әрпі арқы­лы үйре­ну­ге кірі­седі деген­ге кім сенеді? Оларға қазақ болған­нан орыс болған оңай. Әзір­дің өзін­де-ақ олар­дың көбінің жаны, рухы, сана­сы орыс.

Ал, түп­теп кел­ген­де біз қаза­қты қаза­ққа қосып, қаза­қты қаза­ққа айнал­ды­рып алған­нан кей­ін барып әліп­пе ауы­сты­руы­мы­зға бола­ды. Тіп­ті, ол қажет те. Тек қай әліп­пе? Ол — ата-баба әліп­пе­сі. Ғылым­да «көнетүр­кі жазуы» деп бел­гі­лен­ген, шын мәнін­де көнеқа­зақ жазуы­на көшуі­міз қажет. Сол Орхон-Ени­сей жазуын тек қаза­қтар ғана аудар­ма­сыз оқып, түсіне ала­ды. Мың жарым жыл өтсе де, көне тіл­ге ең жақын тұрған қазақ тілі!

Осы­ған орай, «әзір­ге латы­нға көше тұрай­ық, оның кезе­гі кей­ін келер» деген пікір­лер де айты­лып жатыр. Қай­ран, аңғал қаза­ғым-ай! Латын­ның қорас­ы­на бір кір­сек, кей­ін қай­та шығу жоқ бізге.

От редак­ции: по мне­нию Омир­за­ка Акжи­ги­та, казах­ский алфа­вит нуж­но пере­во­дить не на лати­ни­цу, а на Орхо­но-Ени­сей­ские пись­ме­на. Как счи­та­ет, наци­о­нал-пат­ри­от, лати­ни­ца еще боль­ше раз­де­лит каза­хо­языч­ных и рус­ско­языч­ных казахов.

Ори­ги­нал статьи:

«Латын­ның қорас­ы­на бір кірсек…»

архивные статьи по теме

ГАЗЕТА — Худой мир лучше ссоры

Пощечина от Стинга

Казахстан не останется резервной базой