2013 жылдың 16 желтоқсанында Еуро Парламент тура екі жыл бұрын Қазақстан Республикасында болған Жаңаөзен оқиғасы жайында Еуропа мемлекеттерінің өкілдері мен азаматтары қатысатын қоғамдық тыңдаулар мен содан кейінгі баспасөз конференция жасамақшы. Іс-шараның ұйымдастырушысы Пол Мерфиден басқа Социалистік Партияның мүшесі, Ақтаудың 2 мұнай жұмыскері мен Астана қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Орталығының қызметкері қатыспақшы.
Іс-шараның маңызы — Жаңаөзенде орын тапқан қырғынның шынайылығын айқандап, үкімет ұсынған ресми нұсқадағы барлық жалған мәліметтерді теріске шығару. Алғашқы рет Парламент мүшелері мен Еуропаның қоғамдық пікірі 7 ай бойы жалғасқан ӨзенМұнайГаз жұмыскерлерінің ереуілін тоқтатқан оқиға жайлы қолма-қол деректерге мүмкіндік алады.
Еуропа — Қазақстан мұнайының негізгі импортшыларының бірі. Сол себепті, қоғамдық тыңдаулардың өзекті мақсаты Назарбаев бастаған қазақ құрылысының қатыгездігі туралы ескерту болып табылады. 2012 жылы Еуропалық Одақ ағлақ құндылықтарды сақтағаны үшін Бейбітшілік Саласындағы Нобель Сыйлығына ие болды. Халықаралық сауданы Қазақстан үкіметінен айныттыру мен жоғарыда аталып кеткен құндылықтарды сақтау мақсатында Бұқаралық Ақпараттар Құралдарын азап және қуғын-сүргінге шалдықтыру әдістері, және адам құқықтарын бұзу әрекеттері әшкереленеді.
ЕҚЫҰ-ның бұрынғы қызметкерінің шындықты айқындау мақсатындағы Жаңаөзенге сапары
2013 жылдың 12—17 қазан аралығында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының қызметкері Педро Луис Рубио оқиға және оның себептері жайында әрі қарай зерттеу жасау үшін Жаңаөзен қаласына аттанды. Зерттеу құрбандардың туыс-туысқандары мен жарақат алған азаматтармен сұхбат және мәйітхана, зират басы, және оқиға болған күні өрттенген ғимараттарға сапарлардан тұрады.
Сапардың басты мақсаты халықаралық қоғам пікірін мемлекет құрылысы мұнай жұмысшыларының ереуілін тоқтату мақсатында қоздырған оқиғаны нақты ұғынумен қамтамасыз ету болып табылады. Ол оқиға құрбандарының отбасыларынан олардың туған балаларының өмірлерін қиятындай қала әкімдігі ұйымдастырған сауық кешіне бару қателіктері туралы тыңдаған кезіндегі әлсіздігін мойындады.
Барлық отбасылар бұл апаттың үкіметпен алдын-ала жоспарланғаны туралы пікірлерімен бөлісті. Оқиғадан бірнеше күн бұрын республиканың басқа аймақтарынан милициялар шақырылып, қара киімдегі белгісіз адамдар әкімдік және ӨзенМұнайГаз ғимараттырын өрттеп, мергендер екі ғимараттың арасында тұрып қонақүйден алдын-ала болжаумен оқ атты. Оған қоса, ереуілшілерді ыдырату мақсатында жергілікті тұрғындар басты алаңда киіз үйлерді орнату үшін паралар ұсынылды.
Біз жиналған құжаттар мен дәлелдердің Еуропалық Парламентте жасырын шындықты туғызатынын мойындаймыз. Оның Астана қаласындағы ЕҚЫҰ өкілдігінің маңыздылығын және оның демократиялық құндылақтарға деген міндеттіліктерін күшейтетініне үміттенеміз.
От редакции. Перевод на русский язык смотрите по ссылке.