-6 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

ЕЛБАСЫ, КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ немесе Қазақстанда қос билік орын алды ма?

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз еркі­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­дент­ті­гі­нен бас тарт­ты. Бірақ, ол Тұңғыш Пре­зи­дент – Елба­сы мәр­те­бесін алып, еле­улі өкілет­ті­гі мен құзіреті бар ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің өмір бой­ғы төраға­сы болып қала берді. 

Оның сыр­тын­да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның өмір бой­ғы төраға­сы және ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің тұрақты мүше­сі бол­ды.
Мұның бәріне ол «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы тура­лы», «Қауіп­сіздік кеңес тура­лы» тағы басқа ҚР заң­дарқа­был­дап, өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу  арқы­лы қол жет­кізді. Енді Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бұл әре­кеті қан­ша­лы­қты заң­ды, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на қан­ша­лы­қты сай келеді деген сұраққа жау­ап іздеп көрейік. 

Елбасы Президенттің құзіреті мен өкілдіктерін заңсыз тартып алды ма?

Біз­де қазір мем­ле­кет­те­гі ең жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға Пре­зи­дент бар да, оны­мен қоса зор өкілет­тілі­гі бар Тұңғыш Пре­зи­дент — Елба­сы бар. ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 40-бабы­ның 1- тар­мағы­на сәй­кес Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті — мем­ле­кет­тің бас­шы­сы, мем­ле­кет­тің ішкі және сыр­тқы сая­са­ты­ның негіз­гі бағыт­та­рын айқын­дай­тын, ел ішін­де және халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­да Қаза­қстан­ның аты­нан өкіл­дік ететін ең жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға.

Ал Кон­сти­ту­ци­яда Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы­ның мәр­те­бесі мен құзіреті айқын­дал­маған.
Тұңғыш Пре­зи­дент­тің құзіреті мен өкілет­тері «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы туралы»,-ҚР заңын­да бел­гі­лен­ген. Енді осы заң­ның Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кест­і­гі тура­лы тал­дау жасап көрейік. 

Бай­қаған­да­ры­ңы­здай, ҚР Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес мем­ле­кет­тің ішкі және сыр­тқы сая­са­ты­ның негіз­гі бағыт­та­рын айқын­дау, ел ішін­де және халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­да Қаза­қстан­ның аты­нан өкіл­дік ету Пре­зи­дент­тің тікілей құзіреті болып сана­ла­ды.
Ал, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы туралы»,-заңының 1‑бабының 5‑абзацының 2‑тармақшасының 2‑абзацында «Мем­ле­кет­тің ішкі және сыр­тқы сая­са­ты­ның негіз­гі бағыт­та­ры бой­ын­ша әзір­ле­нетін баста­ма­лар Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті­мен — Елба­сы­мен келісіледі.»,-деп көрсетілген.Осы жер­де «Егер Елба­сы келіс­пе­се Пре­зи­дент мем­ле­кет­тің ішкі және сыр­тқы сая­са­ты­ның негіз­гі бағыт­та­рын айқын­дай алмай ма?», деген сұрақ туын­дай­ды. Оның үстіне бұл жағ­дай­да Елба­сы Пре­зи­дент­тің Кон­сти­ту­ци­я­лық құзіретіне қол сұғып тұрған жоқ па деген мәсе­ле тағы бар. Бұл бір деп қойыңыз. 

Екін­ші мәсе­ле, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы туралы»,-заңының 1‑бабының 5‑абзацының 2‑тармақшасының 1‑абзацында Елба­сы­ның Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сын, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қауіп­сіздік Кеңесін өмір бойы басқа­ру, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­лық Кеңесінің құра­мы­на өмір бойы кіру құқы­ғы беріл­ген. Оған қоса Пар­ла­мен депу­тат­та­ры­ның басым бөлі­гін құрап оты­рған, бар­лық дең­гей­де­гі мәс­ли­хат­тар­дың депу­тат­та­рын сай­лай­тын «Нұр Отан» пар­ти­я­сын да Елба­сы өмір бойы басқа­ра­тын болды. 

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 41-бабы­ның 1‑тармағына сәй­кес Пре­зи­дент 5 жыл мерзім­ге сай­ла­на­ды және 44-бабы­ның 1- абза­цы­ның 5‑тармақшасына сәй­кес ол ҚР Пре­зи­ден­тіне тіке­лей бағы­на­тын және есеп беретін мем­ле­кет­тік орган­дар­ды құра­ды, тара­та­ды және қай­та құра­ды, олар­дың бас­шы­ла­рын қыз­мет­ке тағай­ын­дай­ды және қыз­мет­тен босатады.

Бірақ «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы туралы»,-заңына сәй­кес Пре­зи­дент өзі құрған орган­ның төраға­сын өзі тағай­ын­дап неме­се орны­нан ала алмай­тын болып тұр. Бұл жер­де үлкен бір құқы­қтық сәй­кес­сіздік­тің орын алып оты­рға­ны анық.
Аталған заң­ның 3‑бабында Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы өзі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің өкілет­тік­терін орын­дау кезеңін­де жасаған, ал бұлар тоқта­ты­лған­нан кей­ін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы деген өз мәр­те­бесін жүзе­ге асы­руға бай­ла­ны­сты әре­кет­тері үшін жау­ап­ты­лы­ққа тар­тыл­май­ты­ны белгіленген.Мұндай айры­қ­ша арты­қ­шы­лық Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша да, ҚР «Пре­зи­ден­ті тура­лы» ҚР заңын­да да Пре­зи­дент­ке айқын­да­лып беріл­ме­ген. Олай бол­са, аталған заң бой­ын­ша Елба­сы­ның құзірет­тері Пре­зи­дент­тен де жоға­ры болып шығады. 

Бұл дегеніңіз, бірін­ші­ден, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы туралы»,-заңының Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес­пей­тінін, екін­ші­ден, Елба­сы­ның заң бой­ын­ша беріл­ген құзірет­терінің ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­мен үйле­с­пей­тінін, үшін­ші­ден, қазір­гі жағ­дай­да елі­міз­де қос билік­тің орын алға­нын көрсетеді. 

Қауіпсіздік кеңесі қандай орган?

ҚР Кон­сти­ту­ця­сы­ның 44-бабы­ның 20- тар­мағын­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті: Қауіп­сіздік Кеңесін және өзге де кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган­дар­ды, сон­дай-ақ Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы мен Жоға­ры Сот Кеңесін құрады;»,-деп көр­сетіл­ген.
Бұл жер­де­гі «және өзге де» деген сөзді «басқа, бірақ дәл сон­дай» деп түсін­ген жөн. Енді «Қауіп­сіздік Кеңесін және өзге де кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші органдарды…құрады»,-деген сөз­ге мән бер­сек, ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган екенін көре­міз. Олай бол­са Кон­сти­ту­ци­я­ның 44-бабы­ның 20- тар­мағын­да Пре­зи­дент­тің Қауіп­сіздік кеңесінің және дәл сон­дай, яғни кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган­дар­ды құра ала­ты­нын айта­ды. Демек, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы бой­ын­ша, нақты­рақ айт­сақ оның 44-бабы­ның 20- тар­мағы­на сәй­кес ҚР Қауіп­сіздік кеңесі кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган болып табы­ла­ды.
Ал «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қауіп­сіздік Кеңесі тура­лы» заңы­ның 1‑бабында оған кон­сти­ту­ци­я­лық орган мәр­те­бесі берілген. 

Осы­ның өзі аталған заң­ның Кон­сти­ту­ци­яға сай емес екенін көр­сетіп тұрған жоқ па? 

Одан әрі тара­тып айтар бол­сақ, аталған заң бой­ын­ша Қауіп­сіздік кеңесі кон­сти­ту­ци­я­лық орган мәр­те­бесін алу арқы­лы ол Пар­ла­мент, Үкі­мет және Сот жүй­есі­мен тең дәре­же­ге жетіп отыр. Яғни, Қаза­қстан­да билік­тің заң шыға­ру­шы, атқа­ру­шы және сот билі­гі­мен қоса төр­тін­ші билік тар­мағы пай­да бол­ды деген сөз. Ал мұн­дай жағ­дай ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын­да жоқ.

Екін­ші­ден, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қауіп­сіздік Кеңесі тура­лы» заңы­ның 1‑бабының 2- тар­мағы­на сәй­кес Елба­сы Кеңе­сті өмір бойы басқа­ра­тын бол­са, аталған бап­тың 2‑тармағы бой­ын­ша Пре­зи­дент Кеңе­стің құра­мын Кеңе­стің өмір бой­ғы төраға­сы, яғни Елба­сы­мен келі­се оты­рып қалып­та­сты­ра­ды екен. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды Пре­зи­дент өзі құрған Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сын тағай­ын­дай алмай­ды, орны­нан боса­та алмай­ды, тіп­ті Кеңе­стің құра­мын да Елба­сы­ның келісі­мін­сіз қалып­та­сты­ра алмай­тын болып шыға­ды.
Мұның бәрі ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­мен, ҚР «Пре­зи­ден­ті тура­лы» заңы­мен бел­гі­лен­ген Пре­зи­дент­тің құзіреті мен мәр­те­бесіне, оның ішін­де Бас қол­бас­шы мәр­те­бесіне қара­ма-қай­шы деген­ді біл­дір­мей ме деген ой келеді. 

Виртуалды Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай мекеме?

Елба­сы құрған Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы вир­ту­ал­ды меке­ме екені тура­лы осы­ған дей­ін де айтқан едім. Себебі, «Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы» ҚР заңын­да ассам­бле­я­ның құқы­қтық мәр­те­бесі тура­лы «Заң­ды тұлға құрыл­май, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті құра­тын… меке­ме» деп көрсетілген. 

Бұл жер­де­гі «заң­ды тұлға құрыл­май» деген тір­кес­ке мән бер­сек, «Мем­ле­кет­тік мүлік тура­лы» заң бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар мен мем­ле­кет­тік меке­ме­лер мем­ле­кет­тік заң­ды тұлға­лар болып сана­ла­ды. Аталған заң­ның 123-бабын­да «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұлға мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кез­ден бастап құрыл­ды деп есеп­те­леді және заң­ды тұлға­ның құқы­қта­ры­на ие бола­ды» деп көр­сетіл­ген. Демек, заң бой­ын­ша ҚР Пре­зи­ден­ті құрған меке­ме мем­ле­кет­тік меке­ме болып табы­ла­ды және ол ресми тір­ке­луі тиіс. Ал, мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өтпе­ген мем­ле­кет­тік меке­ме заң­ды тұлға құқы­ғы­на ие бола алмай­ды, яғни ол өмір­де жоқ, вир­ту­ал­ды нәр­се деген сөз.Демек, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы мем­ле­кет­тік меке­месі құқы­қтық тұрғы­да өмір­де жоқ меке­ме және оның қыз­меті заң­сыз болып шыға­ды. Ассам­бле­яға кет­кен қар­жы да заң­сыз, мақ­сат­сыз жұм­сал­ды деген сөз.

Енді осы өмір­де жоқ, заң­ды тұлға болып санал­май­тын, вир­ту­ал­ды, заң талап­та­ры­на сай емес Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы ҚР Пар­ла­мент Мәжіліс­нің тоғыз депу­та­тын сай­лай­ды. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 87-бабы­на сәй­кес, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы сай­лай­тын мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат­тар ұсы­ну құқы­ғы Ассам­блея кеңесіне тиесілі.

Ең қызы­ғы, ассам­блея мүше­лері екі сай­лау дауы­сы­на ие болып отыр. Олар Пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на Қаза­қстан­ның аза­ма­ты ретін­де бір дауыс беретін бол­са, тоғыз депу­тат­ты сай­лау үшін екін­ші рет дауыс береді. Мұн­дай жағ­дай біз­ден басқа ешбір елде жоқ шығар деп ойлай­мын. Сол Ассам­бле­я­ны Елба­сы өмір бойы басқа­ра­ды және оны орны­нан алуға Пре­зи­дент­тің құзіреті жүр­мей­тін сияқты. Жоға­ры­да айты­лған жағ­дай­ларға қарап Елба­сы өзінің билі­гін сақтап қалуы мен оған, отба­сы­на ешкім­нің тиіс­пе­уін қам­та­ма­сыз ету үшін ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның талап­та­рын бұзып отыр ма деген ойға қал­дым. Тіп­ті ол Пре­зи­дент­тің Кон­сти­ту­ци­я­лық құзірет­тері мен билі­гінің едәуір бөлі­гін, заң­сыз тар­тып алған­дай, елде қос билік орын алған­дай көрінеді. 

ҚР «Құқы­қтық актілер тура­лы» заңы­ның 64-бабы­на сәй­кес құқы­қтық актілер, яғни заң­дар Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы кел­ме­уі керек және Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы заң­дар­дың күші жой­ы­ла­ды.
Жоға­ры­да көр­сетіл­ген жағ­дай­лар елде­гі тыны­шты­қты, мем­ле­кет қауіп­сізді­гін, ел тәу­ел­сізді­гін сақта­уға кері әсерін тигі­зуі мүм­кін екенін де айта кету керек.

Бұл қай­шы­лы­қтар­ды жою үшін «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті — Елба­сы тура­лы», «Қауіп­сіздік кеңес тура­лы» тағы басқа заң­дар­дың Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кест­і­гін тек­сер­тіп, қай­шы заң­дар­дың күшін жоюға, Қауіп­сіздік кеңес пен Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сын тара­туға Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си ерік-жігері жете ме, әлде Елба­сы бақи­лық болған­ша шыдай ма, оны уақыт көр­се­те­ді.
Біздің мін­дет, күдік­ті, күмән­ді жағ­дай­лар­ды ашып көр­се­ту, ескер­ту ғана. 

Бұл менің жеке пікіріп, ойым, пай­ы­мым. Ал елде­гі білік­ті заң­гер­лер, сая­си тұлға­лар, бел­сен­ділер осы жағ­дай тура­лы не айтар екен? Бәл­кім мен кей­бір нәр­се­лер­ді дұрыс түсін­бей оты­рған болар­мын. Пікір қосы­ңы­здар. Ел біздікі, жер мен мем­ле­кет біздікі. 

Мақ­сат Іли­ясұ­лы, «Алаш жолы» жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лы­сы­ның жетекшісі 

https://www.facebook.com/MaksatIlyasuly

https://www.facebook.com/zagranburo/photos/a.1022692647760843/2707976619232429/?type=3&theater

архивные статьи по теме

Спецслужбы сорвали покушение на Путина

Голыми животами на защиту Лукпана

Акежан Кажегельдин: Мы добьемся замораживания средств Назарбаева за рубежом и применения санкции к членам его семьи

Editor