-9 C
Астана
17 ноября, 2024
Image default

Елбасы айтса, әрине, онда болады!

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті халқын тағы да жаңа иде­я­сы­мен қуант­ты. Нұр­сул­тан Назар­ба­ев мұсыл­ман­дар діни басқар­ма­сы­на қоғам­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­ге қаты­сты шариғат заң­да­ры аясын­да пәту­а­лар шыға­рып оты­ру­ды жүк­те­ді. Сарап­шы­лар ара­сын­да бұл баста­ма әрқи­лы пікір­лер тудырды.

 

Автор: Асыл РАХМЕТОВА

Діни басқар­ма 2228 мешіт­тің басын бірік­тір­ген елі­міз­де маңы­зды меке­ме сана­ла­ды. Елде діни білім­ді қалып­та­сты­рған отан­дық жүйе қалы­пқа түс­кен. Соны­мен қатар қоғам­да жоға­ры діни сау­ат­ты аза­мат­тар саны да арт­ты. Жоға­ры-білік­ті діни қыз­мет­кер­лер­ді ірік­теу, жинақтау қазір­гі уақыт­тың тала­бы. Діни басқар­ма мен мем­ле­кет­тік орган қыз­мет­кер­лері қоғам­дағы және әле­умет­тік сала­дағы діни-сау­ат­ты­лық мәсе­ле­лерін шешу­ге зор маңыз беруі керек. Аза­мат­тар­дың діни сау­а­тын арт­ты­ру үшін тал­ма­стан қажыр­лы еңбек ету­ге тиіс­піз. Діни басқар­ма қоғам­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­ді шешу­ге бағыт­талған пәту­а­лар­ды шыға­рып оты­ру керек, — деп мәлім­деді пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев дің өкіл­дері­мен кез­де суде.

Дін­та­ну­шы Бей­біт Сапа­ра­лы пікірін­ше, пре­зи­дент­тің бұл баста­ма­сы ешбір заң­мен реттелмеген.

Қаза­қстан Араб елі неме­се Иран елдері сияқты Ислам мем­ле­кеті емес, зай­ыр­лы мем­ле­кет­піз. Ал пре­зи­дент­тің дін бой­ын­ша нұсқау беру мәсе­лесі заң­мен рет­те­луі керек. Қазір­гі Кон­сти­ту­ция және жаңа дін тура­лы заң бой­ын­ша елба­сы­ның мұн­дай мүм­кін­дік­тер мен құқы­қта­ры жоқ. Дін­ге ара­ла­суға қазір­гі кез­де ол кісінің құзы­реті болға­ны­мен құқы­ғы жоқ. Онда елба­сы басқа да дін­дер өкіл­деріне дәл солай айтуға тисті бола­ды. Мыса­лы, Түр­ки­яда мұның бәрі заң­мен рет­тел­ген, имам­дар мем­ле­кет­тен айлық ала­ды, ал біз­де жағ­дай мүл­дем басқа, дей­ді Бей­біт Сапаралы.

Соны­мен қатар, дін­та­ну­шы­ның ойын­ша, Қаза­қстан­да мұсыл­ман қауым басым болған­ды­қтан, мем­ле­кет олар­дың мәсе­ле­лері­нен тыс қала алмайды.

Мұн­да тұрған ештене жоқ деп есеп­тей­ді Ана­то­лий Коси­чен­ко, Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне қарас­ты фило­со­фия және поли­то­ло­гия инсти­ту­ты­ның фило­со­фия, мәде­ни­ет және дін бөлі­мінің менгерушісі.

Пре­зи­дент мен жазам деген жоқ қой, ол кісі пәту­а­лар­ды шыға­ру керек деді, бұл муф­ти­ят­тің тіке­лей мін­деті. Олар үне­мі осы­мен айна­лы­сып келеді, кезін­де қаза­қ­ша кітап шыққан, жүз­ден аса пәту­а­лар жинақталған ішін­де, мен оны орыс тіліне ауда­руға ұсы­ныс жасағам. Пре­зи­дент кез кел­ген сала­да нұсқау беру­ге құзы­реті бар ғой, мыса­лы энер­ге­ти­каға бай­ла­ны­сты, сол секіл­ді ол Діни басқар­ма­сы­на да пәтуа шыға­ру керек деп, үндеу жасай ала­ды, — дей­ді фило­со­фия ғылы­мы­ның докторы.

Ал «Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры одағы­ның» жетек­шісі Мұрат Телі­бе­ков аң-таң болға­нын жасырмады.

Бұл ұсы­ныс Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес кел­мей­ді, біз­де мем­ле­кет дін­ге ара­лас­пай­ды ғой. Егер де солай ету керек бол­са, онда елі­міз­де­гі басқа да бар­лық діни кон­фес­си­я­ларға да қаты­сты айты­луы керек еді. Мәсе­лен, пра­во­сла­вие дінінің өкіл­дері Мұсыл­ман­дар діни басқар­ма­сы­ның пікірі­мен сана­су тиіс па? деген сау­ал тастай­ды қоғам белсендісі.

Оның ойын­ша бұл баста­ма­ны іске асы­ру қиын­ды­қтар туғы­зуы мүмкін:

Десек те, бұл жер­де түй­іні тарқа­маған мәсе­ле­лер жет­кілік­ті. Адам­дар әдет­те бедел­ді тұлға­лар­дың пікірін қол­дай­ды, ал біз­де­гі қалып­тасқан сая­си жүй­е­де ондай адам­дар қал­ма­ды. Ал бұй­ры­қ­пен тағай­ын­далған руха­ни көсем­ді халық тың­дай­ды деп ойлау әуес­кой­дың ісі. Менің­ше, мына­дай иде­я­ны жүзе­ге асы­ру әлдебір нәти­же көр­се­те қой­май­ды. Өйт­кені біз­де нағыз көш­бас­шы­лар­ды тық­сы­рып, шет­ке ығы­сты­рып, тіп­ті жоюға дей­ін барып отыр.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, кеше Аста­на­да Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры­ның кезек­тен тыс 7‑ші құры­л­тайы өтті. Онда бұры­нғы бас мүф­ти Әбсат­тар қажы Дер­бісәлі орны­нан өз еркі­мен кетіп, жаңа мүф­тий болып Семей аймақ бой­ын­ша өкіл има­мы 40 жастағы Ержан Мая­ме­ров тағай­ын­далға­ны тура­лы бел­гілі болды.

Сау­ал­на­маға қаты­сқан біздің сарап­шы­лар жана муф­тий тура­лы ештеңе біл­мей­тін­дерін айтты.

Ори­ги­нал статьи: 

Елба­сы айт­са, әрине, онда болады!

архивные статьи по теме

Молодые казахстанцы готовы к митингам

Bloomberg: страны G7 и ЕС собираются ввести санкции против банков третьих стран, использующих российский аналог SWIFT

Editor

Первая смерть на забастовке нефтяников