15 C
Астана
8 мая, 2024
Image default

Дала даңқын “ЭКСПО”-сыз шығаруға болмай ма?

Құр­мет­ті оқыр­ман! Бүгін біз назар­ла­ры­ңы­зға жаңа айда­ры­мы­зды ұсы­нып отыр­мыз, мұн­да бел­гілі сая­сат­кер және жур­на­лист Әмір­жан Қоса­нов өзек­ті мәсе­ле­лерғе қаты­сты өз ойын біл­дір­мек. Айта­ры бар басқа да аза­мат­тар ниет біл­діріп жат­са, құба-кұп.

 

Автор: Әмір­жан Қосанов

 

Бірқа­тар БАҚ хабар­ла­уы бой­ын­ша “Аста­на­ның 15 жыл­ды­ғы мен “ЭКСПО-2017”-нің құр­метіне “Ұлы Дала Даңқы” мұра­жай­ын салу ұсы­ныл­ды”. Мұн­дай баста­ма көтер­ген “Ұлы Дала Қыран­да­ры” атты қоғам­дық қозға­лы­стың өкіл­дері, “бұл шын мәнін­де әлем­де тең­десі жоқ, Ұлы Далаға арналған тұңғыш мұра­жай бола­ды” деп отыр.

Өз ұсы­ны­ста­рын олар былай деп негіз­дей­ді: ““Бұл күн­де аста­на­лы­қтар Елор­да­мы­здың құры­луы­ның 15 жыл­ды­ғы­на және ЭКСПО-2017 әлем­дік көр­менің өткізілуіне дай­ын­дық үстін­де. Осы орай­да “Ұлы Дала Қыран­да­ры” РҚМӘ қозға­лы­сы өз үлесін қосу­ды жос­пар­лап отыр. Ол Аста­на қала­сы­ның жаны­нан “Ұлы Дала Даңқы” — “Музей Сла­вы Вели­кой Сте­пи” мұра­жайы құры­лы­сын салу болып табы­ла­ды. Бұл шын мәнін­де әлем­де тең­десі жоқ, Ұлы Далаға арналған тұңғыш мұра­жай болып саналады”.

Әрине, кез кел­ген елдің тарихы мен бүгінін паш етіп, наси­хат­та­уға тиіс мұра­жай­лар­дың көп болға­ны жақ­сы. Оның үстіне қазақ дала­сы­ның даңқы шын мәнін­де өзінің лай­ы­қты баға­сын ала қой­ған жоқ.

Бірақ осы­нау (және мем­ле­кет­тік қар­жы­ны жұм­са­уға негіз­дел­ген басқа да) баста­ма­лар тура­лы есті­ген­де, неге екені бел­гісіз, көңіл­ді бір күдік билей бастайды.

“Аузы күй­ген үріп ішеді” дей­ді атам қазақ.

Бұған дей­ін де өткізіл­ген әртүр­лі үлкен­ді-кішілі іс-шара­лар маңын­дағы қар­жы­лық дау-дамай­лар­ды, қыл­мыстық істер­ді, шене­унік­тер­дің сот­та­лу­ла­рын еске алсақ, дәл осы мақал амал­сыздан ойға оралады.

Оның үстіне осы­нау іс-шара­ларға бөлін­ген мол қар­жы­ның қалай­ша жұм­са­лып жатқа­ны — қалың қоғам үшін терең құпия. Сон­ды­қтан да ол ақша­ның қай­да кет­кенін біз кей­ін, қыл­мыстық істер қозғалған­да ғана естіп жатамыз.

Ал “ЭКСПО-2017” тура­лы әңгі­ме тіп­ті бөлек.

Бай­қап отыр­сақ, енді билік айна­лы­сар басқа жұмыс қал­маған­дай: бар­лық баста­ма­лар мен жос­пар­лар осы тақы­ры­пқа ғана арна­лып, тек осы көр­менің маңайы шыр айна­ла бастады!

Атал­мыш мұра­жай ашу тура­лы баста­ма да осы науқан­шыл­ды­қтың кебін киген сияқты.

Әйт­пе­се, Дала даңқын осы “ЭКСПО”-сыз да наси­хат­та­уға бола­тын еді ғой!

Ондай мұра­жай кере­гі керек қой, бірақ оның кон­цеп­ци­я­сы қан­дай бол­мақ? Өткені­міз­ге жан-жақты да әділ көзқа­рас бері­ле ме, әлде ондағы экс­по­нат­тар ел ішін жау­лап бара жатқан жеке басқа табы­ну науқа­ны­ның көлең­кесін­де қалып қоя ма? Өйт­кені, менің­ше, көр­ме мен мұра­жай­ды салы­сты­руға бол­май­ды, еке­уінің мис­си­я­сы екі бөлек. Көр­ме келеді де кете­ді, ол уақыт­ша нәр­се, ал мұра­жай бол­са — одан гөрі терең әрі тұрақты құбылыс!

Сон­ды­қтан “ЭКСПО” секіл­ді тек қана жетістік­тер­ді паш ету­ге тиіс шару­а­ның аясын­да құрыл­мақ кез кел­ген нысан (оның ішіне мұра­жай да кіреді) осы мақтам­паз­дық мак­си­ма­лиз­мінің құр­ба­ны боп кетуі әбден мүм­кін. Гәп осында!

Нелік­тен көп­те­ген баста­ма­лар “ЭКСПО”-ның атын жамы­лып, жаң­быр­дан кей­ін­гі саңы­ра­уқұлақтар секіл­ді қап­тай баста­ды енді­гі жерде?

Менің­ше, оның басты екі себебі бар.

Бірін­ші­ден, бұл — елба­сы­ның өзі бата­сын беріп, елдің тая­у­дағы ең басты шаруа­сы мәр­те­бесіне ие болған таза сая­си жоба. Күн­делік­ті бас­пасөз­ге қарап отыр­саңыз, “ЭКСПО-2017” енді­гі жер­де біздің ұлт­тық иде­яға айна­лып бара жатқан секілді!

Пре­зи­дент­ке тіке­лей қаты­сы болған­ды­қтан әрбір шене­унік не оли­гарх енді­гі жер­де бұл көр­ме­ден тыс қала алмай­ды да өзінің шама-шарқын­ша баста­ма­лар көтеріп, елба­сы­ның көзіне түскісі кеп, әлек­те­нетіні хақ. Өз басым ертең “ЭКСПО- 2017”-ге арна­лып поэ­ма­лар мен ода­лар, роман­дар мен пове­ст­тер жазы­лып жат­са, аса таң қала қой­мас­пын! Құлақ үйрен­ді ғой ондай­ларға. Яғни, “ЭКСПО”-ны қол­д­маға­ның — билік­ті қол­да­маға­ның” боп шыға келеді!

Екін­ші­ден, осы көр­ме­ге 1,5 мил­ли­ард дол­лар­дай қар­жы жұм­са­ла­ды деп о баста айтыл­ды. Осын­ша­ма ақша — кей­біре­улер үшін ең басты сти­мул! Қазір ел ішін­де тараған әңгі­ме­ге сен­сек, мем­ле­кет­тік қар­жы жұм­салған кез­де оның 30 пай­ы­зы “откат” ретін­де шене­унік­тер­дің қал­та­сы­на түседі екен. Осы есеп­ке жүгін­сек, шама­мен 500 мил­ли­он дол­лар (!) талан-тара­жға түсіп, бүгін­гі жар­лы бастық ертең аяқ асты­нан бай­ып шыға келеді!

Сон­ды­қтан да осы көр­ме­ге арналған қар­жы­ның жұм­са­луын қатаң қадаға­лау меха­низ­мін қарас­ты­ру қажет. Ол тура­лы үлкен қоғам­дық тың­да­у­лар ұйым­да­сты­ры­лып, мәсе­лені бүге-шігесіне дей­ін талқы­лап алсақ та, еш айы­бы болмайды.

Қоғам­ды кеуле­ген ең басты екі сұраққа жау­ап берілуі тиіс. Осы көр­ме­ден Қаза­қстан қан­дай пай­да көр­мек? Жұм­са­ла­тын қыру­ар қар­жы өзін-өзі ақтай ма, жоқ па?

Жасы­ра­ты­ны жоқ, қазір жұрт ара­сын­да осы көр­ме тура­лы әртүр­лі алып-қашпа әңгі­ме көп. Көкей­де­гі осы және басқа да сау­ал­дарға нақты жау­ап беріл­мей, “ЭКСПО”-ға деген қоғам­дағы сенім­сіздік жойылмайды.

Ал көр­ме­ге деген шағын сенім­сіздік, түп­теп кел­ген­де, билік­ке деген үлкен сенім­сіздік­ті арт­ты­ра түсетіні хақ.

ОТ РЕДАКЦИИ: Ува­жа­е­мые чита­те­ли! Пред­став­ля­ем ваше­му вни­ма­нию новую посто­ян­ную руб­ри­ку — автор­скую колон­ку извест­но­го поли­ти­ка и пуб­ли­ци­ста Амир­жа­на Коса­но­ва. Он будет делить­ся с чита­те­ля­ми сво­им мне­ни­ем по акту­аль­ным про­бле­мам наше­го обще­ства. Кста­ти, если будут дру­гие жела­ю­щие после­до­вать при­ме­ру г‑на Коса­но­ва — мило­сти просим.

архивные статьи по теме

Почувствуй себя под прицелом!

«Это будут мертвые выборы». Размышления активистов и экспертов

Editor

Встань с колен, казах, сбрось с шеи тирана и вора!