-3 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

ГАЗЕТА — “Әкем қылмысы үшін емес, халқы үшін түрмеде отыр”

31 қан­тар­да бел­гілі дис­си­дент, ақын және қоғам қай­рат­кері Арон Ата­бек 60 жасқа тол­ды. Ол 2006 жылғы “Шаңы­рақ” оқиға­сы­на қаты­сқан үшін 18 жылға сот­та­лып, жабық түр­ме режи­мін­де жаза­сын өте­уде. Өткен жылғы жел­тоқ­сан айын­да дис­си­дент тәр­тіп­ті бұзға­ны үшін тағы екі жылға жал­пы режим­де­гі коло­ни­ядан қатаң тәр­тіп­те­гі жабық түр­ме­ге ауы­сты­ры­лған болатын.

 

Автор: Асқар АЙДАРХАН

Алғаш рет осын­дай түр­ме­ге ол 2010 жылы түс­кен еді. Біз Арон Ата­бек тура­лы оның 26 жастағы үлкен ұлы Асқар Айдар­хан­мен сұх­бат­тасқан едік. Асқар­дан әкесінің қазір­гі жағ­дайы және мен оның мез­гілі­нен бұрын боса­уы­на отба­сын­дағы­лар­дың үміт­тері бар жоғын сұрадық.

Кітап­ты шыға­руға үрей кедер­гі болып тұр

Асқар, әкеңізді соңғы рет қашан көр­діңіз неме­се сөйлестіңіз?

- Ол Аста­на­ның СИЗО сын­да жатқан кезін­де, 2012 жылғы жел­тоқ­сан айын­да. Осы кез­де әкем­ді Аста­на арқы­лы (Қара­жал­дың жал­пы режим­де­гі коло­ни­я­сы­нан Арқа­лы­қтың жабық түр­месіне- авт) этап­пен әкет­кен еді. Қамаудағы­лар негізі мекен жай­ы­на жет­кен­ше бір­ша­ма уақыт сол жақта бола­ды екен. Отба­сы­мы­здың досы сана­ла­тын бір аза­мат Аста­на­да әкем жатқан уақыт­ша қамау абақты­сы­на жолы­ғуға барып­ты. Өкініш­ке қарай, оны­мен кез­де­су­ге рұқ­сат беріл­ме­ген. Сол кез­де әкем­мен теле­фон арқы­лы сөй­ле­су­ге мүм­кін туды.

Еке­уіңіз не тура­лы сөйлестіңіздер?

- Ол өзіне қаты­сты сот ісін қай­та қарау жөнін­де халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар­мен бай­ла­ны­су­ды және “Еура­зи­я­ның жүре­гі” атты кіта­бын жары­ққа шығар­ту керекті­гін айт­ты. Осы уақы­тқа дей­ін әкем­нің кіта­бын жары­ққа шыға­ра алмай келеміз.

Қысқа­ша бұл кітап­тың не жай­ын­да жазы­лға­нын айтып өтсеңіз?

- Бұл кітап­та тарих, сая­сат, руха­ни фило­со­фия мен эзо­те­ри­ка ара­лас қол­да­нып жазы­лған. Кітап­та Қаза­қстан мен осын­да тұра­тын халы­қтың алдағы 10—20 жылы­на сая­си болжам жаса­ла­ды. Және шығар­ма­ның ішін­де көр­шілес мем­ле­кет­тер­дің, оның ішін­де Ресей­дің де алдағы уақыт­тағы сая­си жағ­дай­ы­на тал­дау жаса­лып, сарап­талған. Автор кіта­бын­да кеңес зама­нын­дағы және Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіздік алған жыл­да­рын­дағы қор­да­ланған мәсе­ле­лер­ге өзін­дік көзқа­ра­сын біл­діреді. Шығар­ма­ның элек­трон­дық нұсқа­сы­ның бар­лық тара­у­ла­ры atabek.ru сай­тын­да бар. Кітап үш тара­пқа бөлін­ген, бірін­шісін­де қаза­қтар­дың тарихы тура­лы айты­ла­ды. Басқа бөлім­дері сая­сат пен әле­умет­тік про­бле­ма­ларға арна­ла­ды. Кітап­та көп­те­ген өткір-өткір, мықты өлең­дері де жари­я­ланған. Про­за поэ­зи­яға, ал поэ­зи­я­сы про­за­ға айна­ла­тын тұста­ры да кез­де­седі. Алай­да жіті назар салып қара­саңыз, поэ­зия мен про­за­дағы айты­ла­тын дүни­е­лер өза­ра жақын үндесіп жата­ды. Сая­си тақы­рып­тар­дағы өлең­дері мен сая­сат пен қоғам қай­рат­кер­леріне арналған эпи­грам­ма­лар да бар.

Кітап қай уақыт­та жазылған?

- Әкем “Шаңы­рақ. Бас­па­на­сыздар­дың көтерілісі” кіта­бын жазып болы­сы­мен осы кітап­ты жазуға кіріс­кен. Бұл кітап әр жыл­да­ры жазыл­ды. 2008 жыл­мен 2011 ара­лы­ғын­да әртүр­лі түр­ме­лер­де оты­рға­нын­да жазы­лған. Алма­ты­ның СИЗО­сын­да басталған бұл кітап Қара­жал­да жалға­сын тап­са, Арқа­лы­қта аяқтал­ды. Баста­пқы­да жеке­ле­ген сұх­бат­тар болып, кей­інірек қай­та өңделіп, нәти­же­сін­де тұтас кіта­пқа айналған. Мен әкем­нің халы­ққа өз ой пікірін жет­кі­зе ала­тын қаси­еті болған­ды­қтан оны түр­ме­де ұстап отыр деп есеп­тей­мін. Оны екін­ші рет жабық түр­ме­ге тәр­тіп­ті бұз­ды деген желе­умен ауы­сты­ру, жалғыз адам­дық каме­ра­да ұстау әкем­нің ұста­ны­мы­м­ен тіке­лей бай­ла­ны­сты деп ойлаймын.

Кітап нелік­тен әлі күн­ге дей­ін жары­ққа шыға­рыл­май отыр?

- Менің­ше, әзір­ге Қаза­қстан­ның қоғам қай­рат­кер­лері мен жал­пы қоға­мы мұны қол­да­уға қауқар­сыз деп ойлай­мын. Бәл­кім қауіп­те­нетін болар, қорқа­тын да шығар. Мен тіп­ті, бас­пасөз арқы­лы осы кітап­ты жары­ққа шыға­руға көмек сұра­дым да. Өкініш­ке қарай, әзір­ге бос уәде­лер беру­ден ары­ға асқан ешкім табыл­ма­ды. Расын айтқан­да, осын­дай кітап­ты шыға­руға қол­дау біл­ді­ре алмай оты­рған елі­міз­де­гі демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ден де көңілім қал­ды. Әзір­ге түбе­гей­лі ешкім бас тар­тқан жоқ, бірақ бел­сене қол­дай­тын­дар да шық­па­ды. Соны­мен қатар әкем­нің кіта­бын басып шыға­руға қызы­ғу­шы­лық таны­та қояр бас­па үйін де көрмедім.

Нақты кім­дер­ден көңіліңіз қалды?

- Бұл тура­лы жари­яға салып, айта алмай­мын. Олай еткенім ыңғай­сыз болады.

Бұл кітап қан­ша ақшаңыз бол­са да, Қаза­қстан­да шыға­ры­ла қоя­ты­ны­на сен­бей­сіз ғой? 

- Жоқ, мен ештеңе­ге күмән­дан­бай­мын. Көк­тем­ге қарай кітап жары­ққа шыға­ды деп үміт­те­не­мін. Әкем­нің мерей­той­ы­на қар­сы шыға­рыл­ма­ды өкініш­ке қарай. Бірақ Наурыз мере­кесінің қар­саңын­да дай­ын болып қала­тын шығар. Тек елі­міздің аза­мат­та­ры үрей­лерін, өзін­дік мен­мен­ді­гін жеңе алса бол­ды, кей­біре­улер мыса­лы әкем­мен қазақ тілі тура­лы көзқа­ра­сы әртүр­лі болған­ды­қтан көмек­те­су­ден бас тар­туы мүм­кін. Менің айт­пағым, кітап­та қымы­здық пат­ри­от­тар ретін­де сурет­те­летін адам­дарға қаты­сты шығып отыр. Бұл кітап­та адам­дар­ды тіл білу дең­гей­іне қарай қоғам­да жік сала­тын, қоғам­ның тұта­сты­ғы­на сына қаға­тын жағ­дай­лар тура­лы баян­да­ла­тын тарау бар. Ал мұн­дай жік­ке бөлі­ну қоғам­ды күй­ре­ту­дан бастап, аза­мат­тық соғы­сқа дей­ін апа­рып соғуы мүмкін.

Шығар­ма­ла­рын Арон орыс тілін­де жаза­ды емес пе?

- Ол қазақ тілін­де де жаза ала­ды. Бірақ оның шығар­ма­ла­ры­ның 90 пай­ы­зы орыс тілін­де жазылған.

“Әкем­ді серу­ен­ге қара мас­ка киі­гізіп шығарады”

Өткен күз­де сіз­дер­дің отба­сы­ла­ры­ңы­здың бас­па­на жағ­дай­ын түзе­у­ге көмек көр­сетіл­ді. Бұл мәсе­лені шешу­ге кім­дер жәр­дем­де­сті? Қазір­гі кез­де қан­дай көмек­ке мұқтажсыздар?

- Мен был­тыр біздің үйі­міздің шаты­рын жөн­де­у­ге асар жасап, жәр­дем көр­сет­кен қара­пай­ым адам­дар мен асарға қаты­сқан бар­ша аза­мат­тарға шексіз алғы­сым­ды біл­діре­мін. Сол кісілер­дің көме­гінің арқа­сын­да алғаш рет біздің үйдің шаты­ры­нан көк­тем­гі, күз­гі жауын шашын­нан су там­шы­ла­май­тын бол­ды. Біздің тұрғын үй жағ­дай­ы­мыз қазір әкем­нің түр­ме­де­гі каме­ра­сы сияқты нашар жағ­дай­да еді, өйт­кені түр­ме шатыр­ла­ры тесік, ескі бола­ды. Қазір үйде жөн­деу жұмыста­рын жүр­гі­зу менің жос­па­рым­да жоқ. Басты мақ­са­тым әкем­нің кіта­бын жары­ққа шыға­ру. Мен ол кітап­ты шыға­рып қана қой­май, әрбір аза­мат­тың қолы­на тиюіне жағ­дай жасағым келеді.

Сіз әкеңіз­бен был­ты­рғы жел­тоқ­сан­да теле­фон арқы­лы сөй­лес­кеніңізді айт­ты­ңыз. Одан кей­ін Арон­нан хабар бол­ды ма? 

- Тіке­лей өзі­нен хабар бол­ма­ды. Алай­да қамаудағы­лар­дың өза­ра теле­фон­мен, басқа­дай жағ­дай білі­су әдісі арқы­лы оның каран­т­ин­де жатқа­нын естіп біл­дік. Негізі түр­ме­ге түс­кен адам­ның каран­т­ин­де болуы қалып­ты жағ­дай. Бірақ әкем­нің жатқан каме­ра­сы өзге­лер­дікіне қараған­да ең нашар, жағ­дайы өте төмен екен.

Нақты­рақ айтып өтсеңіз?

- Осы­ған дей­ін­гі екі жыл бойы жатқан каме­ра­ла­ры­ның ішін­де есік пен тере­зе­ге жет­кіз­бей, кедер­гі жасап тұра­тын темір тор болып­ты. Бұл тор­дың ішін­де шкон­ка мен кіш­кен­тай үстел және орын­дық қой­ы­лған. Әкем маған осы­лай сурет­теп айтып еді. Ал қазір­гі оты­рған каме­ра­сы­ның бұры­нғы­сы­нан тәуір емесіне күмәнім жоқ. Себебі, әкем оты­рған қазір­гі каме­ра “өмір­бақи жаза­сы­нан айы­ру­дың уақыт­ша учас­кесі” деп ата­ла­ды. Адам­дар сол жер­де бір­не­ше ай неме­се бір­не­ше жыл қамауда оты­рып, сосын өмір­бақи­лық жаза­сын өтеу лагеріне кете­ді екен. Әкем ауыр қыл­мысқа бір­не­ше мәр­те барған адам­дар­мен бір­ге қамауда жатыр. Каме­ра­ла­ры шах­мат тәр­тібі­мен орна­ласқан. Ол жалғыз адам­дық каме­ра­да отыр. Қамаудағы­лар­дың бірі­мен бірінің сөй­ле­суіне ешқан­дай мүм­кін­ді­гі жоқ. Жабық түр­менің ішін­де ерекше тәр­тіп орна­ты­лған. Таңер­тең ерте­мен таңғы cағат 5‑те неме­се 6‑да ұйқы­дан тұрғы­за­ды. Түскі сағат 2 мен 4 ара­лы­ғын­да тыны­ғу уақы­ты. Ал басқа уақыт­та жатуға бол­май­ды. Не тұруға, не оты­руға тиістісің. Каме­ра­да бей­не­бақы­лау орна­ты­лған. Серу­ен­де­у­ге олар­ды арнайы кон­во­ир­лар алып шыға­ды және қол­да­рын­да мін­дет­ті түр­де кісен бола­ды. Соны­мен қатар серу­ен­ге олар­ды қара мас­ка кигізіп, түр­менің тер­ри­то­ри­я­сын көр­мей­тін­дей, ешкім­мен сөй­ле­с­пей­тін­дей етіп алып шығады.

Оған сәлем­де­ме, кез­де­су алуы­на шек­теу қой­ы­лған ба? 

- Түр­ме әкім­шілі­гі оның қан­дай жағ­дай­да қамауда оты­рға­ны тура­лы біз­ге хабар­ла­ма жібер­ді. Әкем жылы­на бір рет екі келі­де­гі бір бан­де­роль алуға және жылы­на бір мәр­те ғана 14 келі тар­та­тын бір сәлем­де­мені тек қана оның жаза­сын өтеу мерзі­мінің тең жар­ты­сы біт­кен­де алуға құқы­лы. Әке­ме жабық түр­ме­де жаза­сын өте­у­ге екі жыл кесіл­ді. Сон­ды­қтан енді тек бір жыл­дан соң ғана сәлем­де­ме жібе­ре ала­мыз. Ал кез­де­су мәсе­лесі тура­лы хабар­ла­ма­да екі қысқа уақыт­тық кез­де­су­ге бола­ты­ны жазы­лған. Ешқан­дай ұзақ уақы­тқа кез­де­су­ге бол­май­ды. Хабар­ла­ма­да қысқа мерзім­дік кез­де­судің қашан, қан­дай жағ­дай­да өтетіні тура­лы нақты айтыл­маған. Бұған бай­ла­ны­сты кез­де­су тура­лы әкем­нің өзі хабар­ла­у­ға тиіс екенін айтыпты.

Ал хат алы­су, теле­фон­мен сөй­ле­су жағы қалай болуда?

Арқа­лы­қта жатқа­нын­да біз одан, ол біз­ден бар болға­ны екі ғана хат алдық. Заң бой­ын­ша хат алы­су, теле­фон­мен сөй­ле­су­ге ешқан­дай шек­теу қой­ыл­мауға тиіс. Бұл тура­лы түр­ме әкім­шілі­гін­де­гі хабар­ла­ма­да да айты­ла­ды. Бірақ біз әкем­нің хат жазуы­на мүм­кін­дік берілетін беріл­мей­тіні жөнін­де де ештеңе біл­мей­міз. Жабық түр­ме­ге қамалған уақыт­тан бері әкем­нен бір де бір хат хабар кел­меді. Теле­фон­мен сөй­ле­су мәсе­лесіне кел­сек, оның біз­бен хабар­ла­суы­на теле­фон кар­та­сы бар. Өкініш­ке қарай,бізге бір рет те хабар­лас­паға­ны­на қараған­да, оған теле­фон соғуға да рұқ­сат беріл­мей­тін сияқты. Өткен жолы да оған ешкім­мен теле­фон арқы­лы сөй­ле­суіне рұқ­сат беріл­ме­ген. Бұл жолы да жағ­дай өзгер­ме­ген секілді.

Кезек­те сая­си тәу­ел­сізді­гі­міз тұр

Арон Кенес Одағы кезі­нен дис­си­дент болып келеді. Бала­лық шағы­ңы­зда әкеңіз қан­дай болып есте қалды? 

- Бала­ның пси­хи­ка­сы басқа­ша бола­ты­ны рас. Олар оқиға­лар­ды үлкен­дер сияқты емес, жеңіл­деу қабыл­дай­ды. Десек те, әрбір бала­ның бақыт­ты бала­лық шағы болуға тиіс қой. Менің бала­лық шағым олай өтпе­ді. Есесіне, мен отба­сы­мы­здың көшіп қонуы­нан ТМД елдерінің көп­те­ген қала­ла­рын­да бол­дым. Алма­ты­ның бас алаңын­да лозунг көтеріп, Жел­тоқ­санға қаты­су­шы­лар­ды боса­ту­ды талап еткен топ адам­дар­дың шеруін көр­генім есім­де сақта­лып­ты. Бұл 1989 жыл еді. Ол кез­де менің жасым небәрі үште екен.

Нелік­тен көшіп жүрдіңіздер?

- Әкем­нің қыз­метіне бай­ла­ны­сты. Сол кез­дері әке­ме қаты­сты іс қара­лып, оны ұрлы­ққа қаты­сы бар деп шығар­мақ болған еді. Араға көп жыл­дар салып, бұл іс жабыл­ды. Бірақ оған күре­су үшін елден көшу­ге тура кел­ді. Сол кезең­дер­де күрес­кер­лер­дің көбісі осы­лай елден жырақта­уға мәж­бүр болған еді ғой.

- Сон­да қан­дай жерл­дер­де тұрдыңыздар? 

- Мәсе­лен, Ресей­де. Біз Мәс­ке­уде ұзақ уақыт тұрдық.

Өзіңіз қазір сіз нен­дей шару­а­лар­мен айналысасыз?

- Мен гума­ни­тар­лық сала бой­ын­ша білім алған­мын. “Халы­қа­ра­лық қаты­на­стар” және “шетел тілі” бой­ын­ша жоға­ры оқу орнын оқып бітір­дім. Про­фи­лім ағы­л­шын тілі. Көп­те­ген жер­лер­де жұмыс істе­дім. Мар­ке­тинг, жар­на­ма жасау ком­па­ни­я­ла­рын­да да жұмыс істе­дім. Алай­да 2011 жылы әкем­нің шығар­ма­ла­ры жари­я­ла­на­тын сайт жасап, соны іске асы­ру мақ­са­тын­да жұмысым­нан түбе­гей­лі кету­ге шешім қабылдадым.

Сіз өз еркіңіз­бен кет­тіңіз бе? Әкеңіздің күрес­кер­лі­гі сіздің жұмысы­ңы­зға әсер етпе­ді ме?

- Мен өз еркім­мен, сана­лы түр­де жұмысым­нан кет­ті. Өзім жұмыс істе­ген ұжы­мға менің әкем­нің қыз­меті ешбір әсерін тигіз­бесін деген мақ­сат­пен кет­тім. Әкем­нің кітап­та­ры басы­лып, жары­ққа шығы­сы­мен, жұмыс істе­уді баста­мақ жос­па­рым бар.

Сіздің қарын­да­сы­ңыз бар. Оның жасы неше­де? Әкесінің ұзақ мерзім­ді түр­ме­ге жабы­луын ол қалай қабылдады?

Қарын­да­сым­ның жасы жиыр­ма­да. Жұмыс істей­ді. Алдағы уақыт­та оның жоға­ры білім алуы­на жағ­дай жасау тура­лы ойла­нып жүр­міз. Шаңы­рақ оқиға­сы бәрі­нен де қарын­да­сым­ның қабы­рға­сы­на қат­ты бат­ты деу­ге бола­ды. Ол кез­де оның жасы небәрі он сегіз­де бола­тын. Бірақ ол әке­міздің әлдебір қыл­мыс үшін емес, халқы үшін түр­ме­де оты­рға­нын түсі­неді. Десек те, біз әке­міздің жаны­мы­зда болға­нын, ерте­рек түр­ме­ден боса­ты­луын қалай­мыз. Біз қарын­да­сым еке­уі­міз әкем тура­лы сөй­лес­кен­де неме­се әкем­нің өзі­мен сөй­лес­сек, рухы­мыз қанат­та­нып, қай­рат­та­на түсе­міз. Себебі, әке­міздің рухы өте мықты. Оның сөз арқы­лы ада­мға беретін әлдебір күш беру қаси­еті бар. Оның дауыс ырғағы­ның өзі адам­ның ерік жігеріне күш беріп, күре­сте тек жеңіс­ке ұмты­луға ықпал етеді.

Арон ұзақ мерзім­ге сот­тал­ды. Оның мерзі­мі­нен бұрын босап шыға­ры­на үміт­те­несіз бе?

- Әкем 18 жылға сот­тал­ды, қаза­қстан­дық бір де бір сая­си тұтқын мұн­дай мерзім­ге қамалған жоқ. Бірақ ол 2024 жыл­дан бұрын (қағаз жүзін­де ол он бір жыл­дан кей­ін босап шығуы тиіс — авт.) бостан­ды­ққа шыға­ды деп сене­мін. Мұның бар­лы­ғы жоға­ры­да оты­рған­дар­дың сая­си шешім­деріне және Батыс елдері мен Қаза­қстан­ның өза­ра қарым қаты­на­ста­ры­на бай­ла­ны­сты бол­мақ. Себебі, 15—18 тәулік­ке қамалған­дар ар ожда­ны­ның тұтқы­ны деп сана­ла­ды да, ал 18 жылға қама­лып, оның ішін­де төрт жылын кар­цер­де өткі­зетін­дер­ді халы­қа­ра­лық қоғам­да­стық ар намысы­ның тұтқы­ны сана­уға дай­ын емес. Мұн­да сая­сат­тағы екі­жүзділік бай­қа­ла­ды. Батыс өзіне керектісін алып болған соң, басқа­лай қисын­сыз жағ­дай­ларға көзін жұма қарай­ды. Соған қара­ма­стан, демо­кра­ти­я­ны өзге­лер­ге үйретіп отыр.

Сіз елі­міз­де­гі қазір­гі сая­си жағ­дай­ға қан­дай баға бересіз? Нелік­тен біздің елде әділет­сіз сот шешім­дерін шыға­ру қалып­ты жағ­дай­ға айналды?

- Біздің сая­си режим­нің тота­ли­тар­лы, жемқор­лы­ққа батқа­ны тура­лы бәрі біледі. Мұның себебін мен қоғам­нан деп біле­мін. Қоғам тиран­ның ел басқа­руы­на жол беріп, өз бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лып отыр, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды, талап­тар­ды орын­да­ту­дың орны­на, немқұрай­ды­лы­ғы­мен менің әкем сияқты аза­мат­та­ры­ның сот­та­луы­на ықпа­лын тигі­зу­де. Мен әкем­нің әріп­те­стері­мен, қол­да­у­шы­ла­ры­мен толы­қтай келі­се­мін. Елі­міз­де­гі тарих­шы­лар мен этно­граф­тар бай­ы­рғы қаза­қтың арғы бер­гі тарихын қаз­ба­лап, зерт­те­умен келеді. Бірақ олар­дың бір де бірі сол қаза­қтар­дың нелік­тен бұл күн­де үйсіз, күй­сіз қаңғып жүр­геніне мән берер емес. Қаза­қтар жері­нен, бас­па­на­сы­нан айры­лып жатыр. Осын­дай мәсе­ле­лер қазір кез кел­ген аза­мат­ты ойлан­ды­руға тиіс. Мем­ле­кет­тің тілі қай тіл бола­ты­ны емес, он, жиыр­ма жыл­дан кей­ін­гі елі­міздің жағ­дайы не бола­ты­ны бәрі­нен маңызды.

Мем­ле­кеті­міздің тұта­сты­ғы мен еге­мен­ді­гі келесі пре­зи­дент тиран және ұры бол­маған жағ­дай­да ғана сақта­ла­ды деп ойлай­мын. Біз­де­гі эко­но­ми­ка­ны алпа­уыт елдер өза­ра бөліп алып қой­ған. Енді­гі кезек­те сая­си тәу­ел­сізді­гі­міз тұр.

Сұх­бат­тасқан Нази­ра ДӘРІМБЕТ

ОТ РЕДАКЦИИ. На рус­ском язы­ке интер­вью с сыном Аро­на Ата­бе­ка мож­но про­чи­тать на пор­та­ле по этой ссыл­ке или в во вто­ром номе­ре газе­ты “Рипа­б­лик”.

архивные статьи по теме

Водителей автобусов оставляют без прибыли

Власти Жанаозена боятся митинга женщин?

Все лучшее — элите, а детям — что останется