9 C
Астана
25 апреля, 2024
Image default

Бұл саяси қулық болуы мүмкін!

«Латын әлі­п­биін ендірудің онтай­лы жол­да­ры» атты дөн­ге­лек үстел­ге қаты­су­шы­лар ара­сын­да қызу пікір­та­лас туды. Олар­дың кей­біре­улері латын қар­піне көшу­мен келіс­се, кей­біре­улері қара­ма-қай­шы ұста­ным­да, ал басқа­сы тіп­ті көне қазақ неме­се төте жазуы­на көшуді ұсы­нып отыр.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

«Бола­шақ» рес­пуб­ли­ка­лық жастар қозға­лы­сы­ның ұйым­да­сты­руы­мен өткен шара­ның мақ­са­ты, негізі елба­сы­ның латын әлі­п­биіне көшу тура­лы баста­ма­сы­на қол­дау көр­се­ту еді.

Жиын­ның жүр­гі­зу­шісі және қозға­лыс лидері Дау­рен Баба­мұра­тов өз сөзін былай деп бастады:

Пре­зи­дент 2025 жылы латын әлі­п­биіне көшу тура­лы жари­я­ла­ды, қоғам­да бұл баста­ма әртүр­лі көзқа­рас тудыр­ды. Осы орай­да мен өз пікірім­ді біл­дір­гем келеді.

Бұл қазақ тілінің бола­шағын­да үлкен және мін­дет­ті қадам деп ойлай­мын. Тари­хи мис­сия орын­дал­ды бірін­ші­ден, елба­сы­ның бұл сөзі қазақ ұлт­шы­лар­дың жүре­гіне үлкен сер­піліс бер­ді. Себебі, пре­зи­ден­ті­міз кемі 20 жыл, әрісі 120 жыл­дан астам болып жатқан дис­кус­си­яға нүк­те қой­ды. Бұл жер­де қазақ ұлты­ның бір­тұ­та­сты­ғы және бір­лі­гі қажет, әсіре­се қазақ ұлт­шыл­да­ры­ның ой-пікір­лері бір жер­ден шығу керек деген ойдамын.

Алай­да дөн­ге­лек үстел бары­сын­да әрқи­лы пікір­лер айты­лып, «ұлт­шыл­дар ойла­ры бір жер­ден шықпады».

Бір ойын­ды бастаған сияқты билік

«Жел­тоқ­сан көтерілісі» қозға­лы­сы­ның тең төраға­сы Кене­са­ры Қап­тағай елба­сы­на деген риза­шы­лы­ғын жасырмады.

Біз кирил­ли­ца­ны қол­да­на бер­сек, әру­ақыт­та 2‑орында болып қала бере­міз. Бүгін Құдай қаза­қтың тіле­уін бер­ді, сая­си шешім қабыл­да­нып, латын әлі­п­биіне көшу ұйға­рыл­ды. Енді­гі мәсе­ле, латын әлі­п­биіне көшу­ге бел­ше­ше кірі­суі­міз қажет. Егер Ресей­дің бұға­уы­нан шыққы­мыз кел­се, өз төл әлі­п­биі­мізді қол­да­уы­мыз керек. Мен алғаш рет Пре­зи­дент сая­са­тын қол­дап отыр­мын. Латы­нға көшу — мәң­гілік ел болу мәсе­лесі деген сенім­де ол.

«Ұлт тағ­ды­ры» қозға­лы­сы­ның төраға­сы Дос Көшім­нің пікірін­ше, билік үлкен қателік жіберіп отыр.

Билік латын әрпіне өту мәсе­лесін көтер­мес бұрын, қоғам­дағы таны­мал бел­сен­ді аза­мат­тар­мен бір-екі рет кез­десіп, алды­мен халы­қтың тамы­рын басып бай­қа­уы керек еді. Олар жұрт­тың бар­лы­ғы бір­дей бұл мәсе­лені қол­дай сала­ды деп санаған шығар. Не бол­ма­са, әдейі жаса­ды ма, бел­гісіз. Бұл әрине, билік­тің үлкен қателі­гі, дей­ді қоғам қайраткері.

Оның пікірін­ше, бұл жер­де үлкен сая­си ойын болуы мүмкін.

Пре­зи­дент кирил­ли­ца­дан латы­нға көшу тура­лы үш рет айт­ты. Естеріңіз­де бол­са, 1990 жылы алғаш рет көтеріп, 1996 жылы дай­ын­да­лу­ды тап­сы­рған-ды. Ал жақын­да латын әлі­п­биіне көшуді түбе­гей­лі шешім ретін­де мәлім­деді. Бұл жер­де пре­зи­дент­тің сая­си қулы­ғы жатыр. Әлдебір сая­си ойын басталған­дай көрі­неді маған. Еуро­Одаққа, Кеден­дік одаққа қар­сы шығып жатқан қаза­қтар мен ұлт­тық бағыт­тағы аза­мат­тар негізін­де бір ойын­ды бастаған сияқты билік. Екін­ші­ден, латын әлі­п­биіне көшу — Ресей­ге көр­сетіл­ген сая­си қыры да болуы мүм­кін. «Сен­дер біз­ге мына­дай етпе­сең­дер, біз­дер түр­кі әле­міне жақын­дай­мыз. Кирил­ли­ца­ны сыр­тқа лақты­рып тастай­мыз» деген сес жатқан­дай. Бұл жер­де осын­дай былы­ққа ұйы­ққан ойын жатыр деп санай­мын. Күні ертең пре­зи­дент: «халық және М.Шаханов бастаған 66 аза­мат латын гра­фи­ка­сы­на көшу­ге қар­сы екен»,— деп жат­са, мен таңғал­май­мын, дей­ді Дос Көшім.

Пре­зи­дент­тің жол­да­уы «Құран­ның сөзі» емес

Ал, «66 хаты­на» қол қой­ған­дар­дың бірі, бел­гілі ком­по­зи­тор Қал­ды­бек Құр­манәлі латын қар­піне көшу­ге қазір­гі жағ­дай­да қар­сы екенін айтады.

Кеше­гі Пре­зи­дент­тің жол­да­уы «Құран­ның сөзі» емес. Оның жол­да­уы­ның сая­си сал­мағы да жоқ, заң­ды мағы­на­сы мен құн­ды­лы­ғы да шама­лы. Біз қазір­гі пре­зи­дент­ке емес, 2025 жылы Алла қала­са латы­нға көше алған өзге пре­зи­дент­ке рақ­мет айтуы­мыз тиіс. Біз алды­мен қазақ ұлты­ның қамын ойлап, тілі­міздің дең­гей­ін көтеріп алай­ық. Бірін­ші билік өкіл­дері тұта­стай қазақ тіліне көшіп алсын.Қазірдің өзін­де билік­те оты­рған­дар­мен қырғи қабақ болып жүр­ген­де, енді жас буы­н­мен ара­мыз алшақтап кет­пей ме? Ұлты­мы­зға жаны­мыз ашы­са, мем­ле­кеті­міздің тұта­сты­ғын ойла­сақ, шын­ды­қты тура айтуы­мыз қажет. Біз латын қар­піне көшу­ге қар­сы болып оты­рған жоқ­пыз. Егер мем­ле­кет қазақ тіл­ге тұта­стай көшіп, пре­зи­дент екі жыл бойы жина­лы­сты тек қазақ тілін­де өткіз­се, осы тұрақты­лы­ққа, ұтым­ды рефор­ма­ның сая­са­ты­на біздің көзі­міз анық жет­се, қол­дай­мыз, әрине. Осы күн­ге дей­ін талай ойын­ды көр­дік, ұты­лып, алда­нып күй­іп қалған адам­быз,— деп эмо­ци­я­сын жасыр­ма­ды композитор.

Соны­мен қатар ғалым Төле­убек Қара­мен­дин, көне руна әлі­п­биіне көшуі­міз керек деп есептейді.

Біз руна әлі­п­биін пай­да­ла­на­тын бол­сақ, төл тарихы­мы­зды мең­ге­ру­ге бет­бұрыс жасай­мыз. Руна­ны жой­ған соң, мың жыл­дан бері қазақ мәде­ни­еті жой­ыл­ды. Әр халы­қтың мәде­ни­еті мен жетісті­гін жою үшін түр­лі әлі­п­би­лер ауы­сты­рыл­ды. Ал латы­нға көше қой­ған жағ­дай­да, елі­міз­де­гі шалақа­за­қтар, оры­стар кирил­ли­ца­мен жүре береді, себебі Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда ресми тілі «орыс тілі» деген сыл­та­уды айта­ды. Екін­ші­ден, Кон­сти­ту­ци­яда орыс тілін алып тас­та­сақ қана, басқа елдер қазақ тілін иге­ру­ге тыры­са бастай­ды. Сол үшін де латын­ды қой­ып, рунаға көшуі­міз керек, дей­ді сенім­мен профессор.

Қоғам бел­сен­дісі Герой­хан Қыстау­ба­ев бұл ұсы­ны­сты қол­дай­ты­нын білдірді:

Біз латы­нға өтсек те, тәу­ел­ділі­гі­міз­ден айы­ры­ла алмай­мыз. Ол да басқа бір әлем халы­қта­ры­на тәу­ел­ді болуға алып келеді. Егер көшу тиіс бол­са, өзі­міздің төл руна жазуы­мы­зға бет бұрайық.

Фило­ло­гия ғылы­мы­ның док­то­ры, А.Байтұрсынов атын­дағы тіл инсти­ту­ты­ның ғылы­ми қыз­мет­кері Әлім­хан Жүні­с­бе­ков түбі латы­нға өте­міз деген ойда.

Кез кел­ген ел әр мау­сым сай­ын өз әлі­п­биін пысы­қтап оты­ра­ды. Әлі­п­би ауы­сты­ру деген қазақ жазуы­на рефор­ма жасау деген сөз. Әлі­п­би өзгер­ту ғылы­ми тұрғы­дан бүкіл қазақ тілінің емлесін, мән-мағы­на­сын қарас­ты­рып, жаңа­ла­у­ға алып келеді, — дей­ді тіл мама­ны. — Түр­кі мем­ле­кет­тері осы­дан екі ай бұрын Стам­бул­да жина­лып, ортақ 34 әрпі бар әлі­п­биді қарас­тыр­ды. Түр­кі халы­қта­ры латы­нға көшетін бол­са, осы таң­ба­лар­ды пай­да­лан­сын, басқа жаңа таң­ба ойлап тап­па­сын деген ұсы­ныс жасал­ды. Біз латын әлі­п­биіне өтпе­ген­мен, ертең жаста­ры­мыз бәрібір өте­ді. Сон­ды­қтан бұған күмән­да­нуға болмайды.

Жазу­шы Бей­біт Қой­шы­бай латын әріп­терін қалай пай­да­ла­ну тура­лы ұсы­ныз жасады:

Егер басқа ел біздің әлі­п­биді оқи алға­нын қала­сақ, ағы­л­шын тілін­де­гі жиыр­ма алты таң­баға жаңа таң­ба енгізіп, рефор­ма жаса­мау керек. Бүкіл түр­кілер ортақ әлі­п­би­ге келіс­се, ара­мы­зда жақын­дық пай­да бола­ды. Елдің құлағын, көзін үйре­ту керек. Қазір­де элек­трон­дық желі­де латын әлі­п­биін­де­гі газет­тер­де көрініс табуда.

Өз кезе­гін­де ұлт­шыл­дар­дың бірі, тарих­шы Наға­шы­бай Есмұр­за­ев тарих­тан сабақ алуы­мыз керек дейді.

Кезін­де ұлт­шыл­да­ры­мыз латын әлі­п­биін тарих­та енгі­зе біл­ді. Бірақ кирил­ли­ца бәрібір үстем­дік орнат­ты. Кей­ін­гі халық латын­ды тез ұмыт­ты. Біз бір­тұ­тас ұлт болып, бір тіл­де емін-еркін сөй­леп жүр­ген жоқ­пыз, қазақ ұлты­ның құқы­ғы тап­та­лу­да. Латын әлі­п­биіне қазір көше­міз деп айту­дың өзі ұят. Қырық жамау елді латын әлі­п­биіне көшіре­міз деп, лақты­рған сүй­ек­ке талас­пай-ақ қояй­ық,— деп қысқа кай­ыр­ды тарихшы.

Ал эко­но­мист және сая­сат­кер Мұх­тар Тай­жан бүгін­гі билік­тің сөзіне сене бер­меу керек дейді:

Билік­тің латын әрпіне көше­міз деп оты­рған­ды­ғы­на өз басым сен­бей­мін. Пре­зи­дент оны кез­дей­соқ айт­ты. 2025 жыл деген өте ұзақ мерзім. Қаза­қстан Еуро­одаққа кіретін бол­са, келе­шек­те елі­міз тәу­ел­сіз бола ма, жоқ па деген күмән­ді сұрақ ойға келеді.

Бло­гер Айгүл Коха­е­ва латы­нға көшудің тех­ни­ка­лық қиын­ды­ғы жоқ деп есептейді.

Интер­нет­те­гі про­грам­ма­лар­ды латы­нға көші­ру оп-оңай.Осыған дей­ін­гі кітап­та­ры­мыз да ком­пью­тер­де басыл­ды. Қан­дай кітап шық­па­сын, мін­дет­ті түр­де оның элек­трон­дық нұсқа­сын жинай­тын арнайы қор болуы тиіс. Сол қор­дан алып, авто­мат­ты түр­де кітап­тар­ды латы­нға ауда­ра салу оп-оңай. Пре­зи­ден­ті­міз айтқан соң, біз бар­лық элек­трон­дық құрал­дар­дың латын әлі­п­биіне ауда­ры­луын талап етей­ік. Біз латын қар­пін­де элек­трон­ды құрал жаса­дық. Про­грам­ми­ст­тер мен тіл маман­да­ры бірі­ге жұмыс жаса­уы қажет,— дей­ді Айгүл Кохаева.

ОТ РЕДАКЦИИ: Орга­ни­за­то­ры круг­ло­го сто­ла — «Эффек­тив­ные пути пере­хо­да на лати­ни­цу» хоте­ли убе­дить всех собрав­ших­ся на меро­при­тие в право­те пре­зи­ден­та. Одна­ко ребя­та из моло­деж­но­го дви­же­ния «Бола­шак» не смог­ли добить­ся сво­ей цели, на дис­кус­сии про­зву­ча­ли мне­ния, что нуж­но пере­хо­дить не на лати­ни­цу, а на руни­че­скую пись­мен­ность, гово­ри­лось так­же о том, что ини­ци­а­ти­ва с лати­ни­цей может быть лишь поли­ти­че­ской игрой нынеш­ней вла­сти про­тив России.

Ори­ги­нал статьи:

“Бұл сая­си қулық болуы мүмкін!”

архивные статьи по теме

Боратоубийственная война

Editor

Google «ушел» из-за недоразумения?

В Караганде 30 тысяч против реформы