18 C
Астана
23 апреля, 2024
Image default

Бірінші орында Абай, қалғандары ары қарай

Сарап­шы­лар қаза­қтіл­ді Интер­нет қарқын­ды дамып келеді дей­ді, алай­да редак­ция жүр­гіз­ген рей­тинг бой­ын­ша, қазақ сайт­та­ры аз, оның ара­сын­да таны­мал, жан жақты ақпа­рат беретін­дері жоқтың қасы. Бір қызы­ғы, казақ оқыр­ма­ны БАҚ ‑ын тек ақпа­рат алу ғана үшін оқы­май­ды екен. Рей­тинг өткі­зу бары­сын­да тіл­ші­міз осын­дай және басқа да қызы­қты «жаңа­лы­қтар­ды» ашты.

Автор: Асыл РАХМЕТОВА

Оқыр­ман ретін­де біздің сау­ал­на­маға қаты­сқан қаза­қтіл­ді сая­сат­та­ну­шы, жур­на­лист, сая­сат­кер­лер­лер ара­сын­да біраз­дан бері қазақ сайт­та­рын оқы­май­тын­да­ры да бар болып шықты, кей­біре­улері тіп­ті, сұрақтарға жау­ап беру­ден бас тартты.

Сан­дарға сүйенсек…

Ресми деректер­ге сүй­ен­сек, Қаза­қстан­да орыс тілін­де­гі — 32 680, ағы­л­шын тілін­де 4500 сайт бар. Ал мем­ле­кет­тік тіл­де­гі сайт­тар саны тіп­ті 4 мың­ға да жет­пе­ген. Егер пай­ы­здық көр­сет­кі­ш­тер­ге шақ­сақ, оры­стіл­ді интер­нет ресурс — 79,6%, ағыл­­шынтілді — 11%, қазақтіл­ді — 9,3%. Кей­бір ресми деректер бой­ын­ша, елі­міз­де­гі жүй­елі түр­де жұмыс істей­тін қаза­қтіл­ді 100 сайт­тың ішін­де бедел­ді деген неба­ры 11 сайт бар екен, оның ішін­де ақпа­рат­тық сайт­тар 2—3‑пен шектеледі.

Ал, біздің саул­на­маға қаты­сқан сарап­шы­лар­дың сөз­деріне қараған­да, жағ­дай одан да мүш­кіл секілді.

Рей­тинг жасау үшін біз оларға мына­дай сұрақтар қойдық:

1.Сіз қазақ Интер­нет-сайт­та­ры­ның ішін­де қай­сысын күн­делік­ті оқисыз?

2. Онын ішін­де қай­сысы ұнай­ды және несі­мен ұнайды?
3. Егер өзініз­ше рей­тинг жасай­тын бол­саңыз, оқи­тын, білетін қазақ сай­та­рын қалай орна­лы­стар едіңіз, және қан­дай себеппен?
4. Қазақ сайт­та­ры аз деп ойлай­сыз ба, олай бол­са, оған не кедер­гі, бар сайт­тар­дың сапа­сын қалай багалайсыз?

Сау­ал­на­ма нәти­же­сі бой­ын­ша, біз алға­шқы бес­тік­ті шығардық.

Таны­мал, қызы­қты, күн­делік­ті оқи­тын ақпа­рат бар деген сайт­тар былай орналасты:

1.Бірін­ші орын­да — Абай.кз (www.abai.kz),

2.Екін­ші орын­ды Азаттық радио­сы­ның сай­ты (www.azattyq.org) және Сер­ке сай­ты (Serke.org) иеленді.

3.Үшін­ші «Жас Алаш» газетінің сай­ты (www.jasqazaq.kz) және Ұлт (www.ult.kz).

4. Төр­тін­ші орын­да Жанаө­зен сай­ты, сон­дай ақ, Dala.tv, Қам­шы, Майдан,Жақсы, Маса, деген сайт­тар орналасты.

5. Бесін­ші орын­ды ресми, тек ақпа­рат тара­та­тын ресур­стар иелен­ді: Қаза­қ­па­рат агент­ті­гі, www.baq.kz сайты.

«Көш жүре түзеледі»…

Сая­сат­та­ну­шы Расул ЖҰМАЛЫ, Абай.кз сай­ты­ның фено­менін былай түсіндіреді.

- Мен «Абай кз.» интер­нет-пор­та­лын ерекше атап өтер едім. Жиі бол­ма­са да, осы интер­нет басы­лым­ды қарап тұра­мын. Себебі, бұл пор­тал­да тек қана ағым­дағы оқиға­лар мен жаңа­лы­қтар қам­ты­лып қана қой­май, жақ­сы сұх­бат­тар мен басқа басы­лым­дар­дың да сарап­та­ма­лық мате­ри­ал­да­рын қам­ти­тын интер­нет басы­лым. Маған, бұл пор­тал көлем­ді дүни­е­лер мен көп­те­ген тақы­рып­тар­ды қам­ти­ты­ны, келелі мәсе­ле­лер­ді кеңі­нен тара­ту тәсілі ұнай­ды. Және бұл басы­лым тек қана өздерінің төл дүни­е­лерін ғана емес, басқа да басы­лым­дар­дың мате­ри­ал­да­рын тара­та­ды. Үшін­ші­ден «Абай кз.» пор­та­лы әрбір оқыр­ма­ны­ның өз пікірін қал­ды­руға және блок арқы­лы пікір алма­суға мол мүм­кін­дік жаса­уы­мен ерекше­ле­неді. Соны­мен қатар қаза­қ­ша интер­нет басы­лым­дар­дың ішін­де «Жас Алаш», «Азаттық» радио­сы­ның, «Жаңаө­зен» сайт­та­рын қараймын.

Ол алдағы уақыт­та қазақ интер­нет басы­лым­да­ры­ның сапа­сы көтерілетініне сенімді:

Соңғы жыл­да­ры қазақ интер­нет сайт­та­ры­ның саны арт­па­са, кеміді деп айта алмай­мын. Бірақ әлі де бол­са, бұл қарқын тиісті дәре­же­де емес, сан арт­са, сапа да артып, өза­ра бәсе­ке­ле­стік туар еді. Бұл жур­на­ли­стер мен оқыр­ман­дар үшін өте тиім­ді болар еді. Өзім оқи­тын сайт­тар­дың кон­тен­тінің сапа­сы­на көңілім тола­ды десем, өтірік бола­ды. «Көш жүре түзе­леді» дей­ді, алдағы уақыт­та қазақ интер­нет басы­лым­да­ры­ның сапа­сы көтерілетініне сенімдімін.

Қаза­қ­ша сайт­тар бір біріне ұқсайды

Өз кезе­гін­де «Ұлт тағ­ды­ры» қозға­лы­сы­ның төраға­сы Дос Көшім сұрақта­ры­мы­зға былай деп жау­ап берді.

- Мен «Жақ­сы», «Май­дан» сияқты сайт­тар­ды біле­мін. Бірақ тек қана «Абай. кз» ғана қарай­мын. Сон­ды­қтан маған олар­ды салы­сты­ру қиын. «Абай­да» өзім ізде­ген пікір­лер табы­ла­ды және «соқыр көр­гені­нен жаз­бас» деген сияқты ғой. Менің­ше, қаза­қ­ша кон­тен­ті бар сайт аз емес. Соңғы үш жыл­ды алып қара­сақ, үлкен секіріс болға­ны бай­қа­ла­ды. «Абай кз» сай­ты­ның іші­нен басқа да сайт­тарға сіл­те­ме табы­ла­ды және басқа басы­лым­дар­дың мате­ри­ал­да­ры­на орын беріледі. Біз­де­гі көп сайт­тар­дың біріне бірінің ұқса­сты­ғы басым. Яғни, ұлт­тық мәсе­лені көте­реді. Сон­ды­қтан басқа сайт­тар­ды қарау мен үшін уақыт­ты ала­ды деп біле­мін. Қажет­ті дүниені «Абай­дан» таба­тын­ды­қтан және ком­пью­тер­ді жете біл­мей­тін­дік­тен осы бір ғана пор­тал­ды қараймын.

Ол сайт­ты оқуға мәжбүрмін…

Б. Тай­жан атын­дағы кор­дың бас­шы­сы Мұх­тар Тай­жан кей­бір сайт­тар­ды мін­дет­ті түр­де оки­ты­нын жеткізді.

- «Қам­шы», «Жақ­сы» сайт­та­рын қарай­мын. Сонғы кез­де мәж­бүр­лі түр­де «Сер­кені» оқи­мын, өйт­кені ол жер­де өзің тура­лы біл­мей­тін ақпа­рат­ты көресің кей­де. «Май­дан», «Жас Алаш», «Жас қазақ үні» және Қаза­қ­парт агент­ті­гін қарай­мын, онда ақпа­рат­ты жыл­дам тара­ту тәсілі ұнай­ды. «Жас Алаш», «Абай.кз» пор­тал­да­ры­на жақ­сы баға берер едім. «Дала ТВ»-ны тама­ша­лау ұнай­ды. Егер олар­дың сапа­сы тура­лы айт­сақ, қазақ тіл­ді интер­нет- басы­лым­дар­дан ішкі мәсе­ле­ге құры­лған аса маңы­зы жоқ, жат­тан­ды мате­ри­ал­дар­ды ғана таба­сыз. Менің­ше, олар әлем­дік дең­гей­де­гі жаңа­лы­қтар­ды там-тұм­дап қана тара­та­ды. Бұл әрине, жақ­сы үрдіс емес.

Қоғам қан­дай — сайт­та­ры­мыз да сондай!

Сая­сат­кер Әмір­жан Қоса­но­втың сөзіне қараған­да, ол бар­лық басы­лым­дар­ды шолуға тыры­са­ды екен.

- Тілі­міздің ғалам­тор­да даму дең­гей­ін бақы­лап оты­ру мақ­са­тын­да, үлгер­ген­ше қазақ сайт­та­ры­ның бар­лы­ғын оқуға тыры­са­мын. Бірақ қол тие береді деп айта алмай­мын. Бір қуан­тар­лы­ғы: қазақ тілі әле­умет­тік желілер­де де жақ­сы дамып келеді, мықты блог­шы­лар бар, олар­дың ғалам­тор­лық шығар­ма­шы­лы­ғы­нан да хабар­дар болуға тыры­са­мын. Ұнай­ты­ны да бар, ұна­май­ты­ны да бар, жүрек­ке еш әсер етпей­тіні де бар. Өрке­ни­ет­тісі де бар, өсек-аяңға жақын­да­ры да бар. Қоғам қан­дай — сайт­та­ры­мыз да сондай!

Сая­сат­кер рей­тинг­ті былай жасап шықты.

- Пәлен­ше бірін­ші, түген­ше екін­ші деген прин­цип жоқ мен­де, кей­де күн­делік­ті шолып жүр­ген сайт­та­ры­ң­ның өзі­нен ізде­ген нәр­сеңді таба алмай қала­тын күн­дер де боп қала­ды ғой. Шар­тты түр­де былай орна­ла­сты­рар едім. Ком­пью­тері­ме қара­сам, ең жиі оқи­тын­да­рым мына­лар екен: Абай.кз, Жаңаөзен.нет, Дала ТВ, Маса.кз, Азаттық.орг, Ұлт.кз, Алтынорда.кз, Шын.кз, Серке.кз Осы­ларға қоса­рым. «Рес­пуб­ли­ка» сай­тын­да қаза­қ­ша мақа­ла­лар бері­ле баста­ды, сапа­сы, тақы­ры­бы бір­ша­ма тәуір, бірақ әлі де саны аз деп ойлай­мын. Менің­ше, бір-екі мате­ри­ал беру жет­кіліксіз, дер­бес қазақ сай­ты ашыл­май бол­май­ды. Қазақ тілі мен қазір­гі қазақ қоға­мы үшін қазақ сайт­та­ры­ның саны, әрине, аз. Көбе­юіне кедер­гі боп тұрға­ны — қар­жы мен тиісті маман­дар тап­шы­лы­ғы. Тақы­рып жағы­нан да дара­ла­на түсуі қажет деп ойлай­мын. Сапа­сы әрқи­лы: біз­дер­де ана­дай бар, мына­дай бар. Бірақ көш жүре түзе­леді деп ойлай­мын. Және қазақ сайт­та­ры Қаза­қстан ақпа­рат кеңісті­гін­де шешу­ші роль атқа­ра­ды деп сенемін!

Қазақ сайт­та­ры діни бағыт алған сияқты

Ал жур­на­лист Қасым АМАНЖОЛ сайт­тар­ды былай­ша тізіп шықты.

- «Азаттық» радио­сы­ның сай­тын қарай­мын. Бұл сайт­тың тақы­рып­та­ры­ның әра­лу­ан­ды­ғы, әр түр­лі аза­мат­тар­дың пікір­лері­мен мате­ри­ал беруі ұнай­ды. Мұнан бөлек «Абай кз.», «Cер­ке», «Маса» сияқты сайт­тар­ды қарай­мын. Менің­ше, қазақ кон­тент­ті сайт­тар өте аз. Бірін­ші­ден бұл жер­де әр сайт­тың құры­л­тай­шы­лар мен қар­жы­ның сапа мен санға әсер етері сөз­сіз. Десек те, соңғы кез­дері қазақ тілін­де­гі сайт­тар­дың қарқын­ды дамып келе жатқа­нын мой­ын­дай­мын. Билік тара­пы да бұл салаға мони­то­ринг жүр­гізіп, өза­ра салы­сты­рып оты­ра­ды. Ал сайт­тар­дың өза­ра ерекшелі­гі жөнін­де дөп басып ештеңе айта алмаймын.

Тағы бір әріп­тесі­міз «Жас Алаш» газетінінің бас редак­то­ры Рыспек Сәр­сен­бай бүгін­гі қазақ сайт­та­ры­на аса көңілі тол­май­ты­нын айтады.

- Қазақ сайт­та­рын­да күн­делiк­тi оқи­тын­дай тар­тым­ды, маз­мұн­ды дүни­е­лер бола бер­мей­дi. Сон­ды­қтан олар­ды қара­уым сирек. Олар­дың ара­сын­да аса ұнай­тын­дайы жоқ. Бәрi бiр­тек­тес. Қазақ сайт­та­ры­ның аз болу себебiн ана тiлi­мiздiң билiк­те, сая­сат­та, қоѕам­да, әле­умет­те, эко­но­ми­ка­да, ғылым­да т.б. жетек­шiлiк орнын тап­па­уы­нан, сайт­ты ашу­шы­лар­дың жур­на­ли­стiк қарым-қабiлетiнiң, iзденiсiнiң азды­ғы­нан, қара­жат­тың кем­дi­гi­нен, қол­да­у­шы­ның мар­дым­сызды­ғы­нан iздей­iк. Сапа­сы осы­ларға тәу­ел­дi,— дей­ді ол.

Жур­на­лист Ораз Әлім­бе­ков, қазақ сайт­та­ры­нан тек ақпа­рат ала­ты­нын жеткізеді.

Көбіне “ҚазА­қ­па­рат” сай­тын ғана оқи­мын. Мені тек ақпа­рат ғана қызы­қты­ра­ды. Әрине, ақпа­рат тара­ту­ды БАҚ.кз сай­ты алда келеді. Бірақ мен оны оқы­май­мын. Себебі ондағы ақпа­рат­тар оры­стіл­ді сайт­тар­дан ауда­ры­лып беріліп оты­ра­ды. Көбіне оры­стіл­ді ақпа­рат­тар­ды қарап оты­рған­ды­қтан, БАҚ.кз-ның маған кере­гі бол­май тұр. Қоғам­дық-сая­си тақы­рып бой­ын­ша жаза­тын қазақ сайт­та­рын екі­ге бөліп қарай­мын: ақпа­рат­тық және мақ­сат­ты идео­ло­ги­я­лық. Ақпа­рат­тық сайт­тар­дың алды­нғы қата­рын­да 1.БАҚ.кз, 2.bnews.kz/kk/ , 3. Ұлт.кз сайт­та­ры келе жатыр. Бірақ, бұл сайт­тар өзінің сипа­ты­на қарай қоғам­дық пікір­ге әсер етуі әлсіз. Қоғам­дық сая­си тақы­рып­тар­ды қоса көте­ретін мақ­сат­ты идео­ло­ги­я­лық сайт­тар­дың рей­тин­гі мынан­дай. 1.Абай.кз; 2.Намыс.кз; 3. Маса.кз 4. Серке.орг; 5.Шын.кз; 6.Жақсы.кз және ҚМДБ-ның қара­мағын­дағы мешіт сайт­та­ры. Қоғам­дық сая­си тақы­рып­ты қозғай­тын қазақ сайт­та­ры­ның бәрі діни (исла­ми) идео­ло­ги­я­лық мақ­сат бой­ын­ша бағыт алған сияқты.

Әріп­тесі­міздің пікірін­ше қазақ сайт­та­ры­на сұра­ныс аз.

- Қазақ сайт­та­ры әлі аз және олар­дың сапа­лық дең­гейі сын көтер­мей­ді. Бұған себеп қар­жы­ның жоқты­ғы. Өйт­кені қаза­қстан­дық қоғам­да оры­стілі үстем­дік құрып отыр: мем­ле­кет істері, сая­сат­тың тілі, нарық пен биз­не­стің тілі орыс­ша. Сон­ды­қтан, қазақ сайт­та­ры­на сұра­ныс аз. Қар­жы­ның да қазақ сайт­та­ры­на тар­тыл­май­ы­ның себебі осын­да жатыр. Бірақ, қоғам­ның қаза­қи­ла­нуы үрдісі шап­шаң­дап келеді. Сон­ды­қтан, қазақ тіл­ді БАҚ-тың, оның ішіне қаза­қтіл­ді сайт­тар да кіреді, бола­шағы бар, деген ойда журналист.

Тағы бір бұры­ңғы әріп­тесі­міз, Ержан Әбдра­ман қаза­қ­ша сайт­тар­ды аса оқы­май­тын болып шықты.

- Өзім күн­делік­ті жібер­мей оқи­тын қаза­қ­ша сайт жоқ. Бұған олар­дың дең­гей­інің төмен­ді­гі себеп бол­мауы мүм­кін. Өзім оқы­ғым, біл­гім келетін нәр­се­лер­ді қазақ сайт­та­ры­нан емес оры­стіл­ді сайт­тар­дан табам. Ол — ең алды­мен опе­ра­тив­ті, экс­клю­зив­ті, қысқа да нұсқа ақпа­рат және бей­та­рап тал­дау. Алды­на осын­дай мақ­сат қой­ып, соған жету үшін жұмыс істеп жатқан қазақ сайт­та­рын біл­мей­мін. Олар­дың әрқай­сысы­ның таң­дап алған құн­ды­лы­қта­ры мен көзқа­рас­та­ры бар, солар­ды таңуға бейім.

Сайт­тар сапа­сын тал­даған жур­на­лист кей­біре­улеріне былай деп баға береді.

- Алай­да, жоға­ры­дағы талап­тарға бір­ша­ма жау­ап беретін сайт­тар жоқ емес. Мыса­лы, Азаттық радио­сы. Онда ақпа­рат дай­ын­дау, беру, тал­дау басқа­ларға қараған­да ілгері. Бірақ тездік жетіс­пей­ді, сосын олар да мәсе­ленің өздерінің редак­ци­я­лық сая­са­ты­на сәй­кес келетін жағын көреді. Яғни, Азатты­қтың сай­тын ашар­дың алдын­да онда қай мәсе­ленің қалай жазы­ла­ты­нын шама­лап бол­са да біле ала­сыз. Тағы бір сайт “Сер­ке”. Оның өзге­лер­ден арты­қ­шы­лы­ғы — экс­клю­зив мате­ри­ал­да­ры мен сарап­та­ма­ла­ры, батыл­ды­ғы, тақы­рып­ты оқыр­манға қызық па деген прин­цип бой­ын­ша таң­дай­ты­ны, яғни жур­на­ли­сти­ка­ның басты прин­циптерін ұста­на­ты­ны. Маған ұна­май­тын жағы — көп мате­ри­ал­дар­ды псев­до­ним­мен жаза­ты­ны және біре­улер­дің соңы­на түсіп, ал біре­улер­ге пиар жасайтыны.

Cая­сат­кер Серік­жан Мәм­бе­та­лин да бұл пікір­ге қосы­лып отыр.

Өз басым Abai.kz, Serke.kz және Аzattyq.org сайт­та­рын. Себебі, Serke біраз уакыт­тан бері сая­си тақы­ры­пқа сарап­та­ма­лық мақа­ла­лар шыға­рып оты­ра­тын бол­ды, Abai­ды баяғы­дан оқи­мын, ал Азаттық шет елде­гі жаңа­лы­қтар­ды шыға­ра­ды. Өз рей­тин­гім­ді былай қояр едім: 1.Aзаттық, 2.Aбай.kz. 3. Serke.org. Қаза­қ­ша сайт­тар аз, әсіре­се шетел жаңа­лы­қта­рын беретің сайттар.

ОТ РЕДАКЦИИ: Редак­ция соста­ви­ла свой рей­тинг сай­тов с казах­ским кон­тен­том, по резуль­та­там кото­ро­го сайт Abai.kz вышел на пер­вое место, Serke.kz и сайт радио Азаттык — Аzattyq.org поде­ли­ли вто­рое, а тре­тье, сайт газе­ты «Жас Алаш» и сайт Улт.кз. По мне­нию мно­гих спи­ке­ров, коли­че­ство казах­ских сай­тов очень мало, их раз­ви­тию меша­ет недо­ста­точ­ность финан­си­ро­ва­ния. Одна­ко если учи­ты­вать, что мно­гие каза­хо­языч­ные экс­пер­ты, как выяс­ни­лось, не чита­ют казах­ских сай­тов, то дело может быть не день­гах, а в отсут­ствии спроса.

Ори­ги­нал статьи:

Бірін­ші орын­да Абай, қалған­да­ры ары қарай

архивные статьи по теме

12 пособников смертника-одиночки

КНБ готовит арест Болата Атабаева

Келимбетов готовит заговор против елбасы?