11 C
Астана
19 апреля, 2024
Image default

“Біз Ресейге неге жабысып қалдық?”

“Бай­қо­ныр дауы” неше түр­лі пікір­лер туғы­зды, осы­ған орай, біз эко­но­мист Мұх­тар Тай­жан­ның ойын сұраған едік. Оның ойын­ша, Бай­қо­ныр айлағын Ресей­ге жалға беру шар­тта­рын қай­та қарас­ты­ру кере және батыс елдері­мен ынты­мақ­та­стық орна­ту жол­да­рын ізде­ген жөн, олар отар­шыл сая­сат жүр­гі­зуді мақ­сат етпейді.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

Өзін ұлт­шыл сая­сат­кер ретін­де таны­тып жүр­ген Б.Тайжан атын­дағы қор­дың пре­зи­ден­ті Мұх­тар Тай­жан Бай­қо­ныр ғарыш айлағын жалға беру шар­тта­рын Ресей­мен қай­та қарас­ты­ру керек Қаза­қстанға тиім­ді етіп, неме­се мүл­дем ынты­мақ­та­сты­қтан бас тар­ту қажет деп есеп­тей­ді. Бұл пікірін ол Ресей сарап­шы­ла­ры­ның 25 қан­тар­да “Рипа­б­лик” газетін­де “Про­цент от запус­ка ракет решат кон­фликт” атты мақа­ла­да айты­лған ойла­ры­на орай білдірді.

Олар (Ресей-авт.) жылы­на 115 мил­ли­он дол­лар төлеп отыр­мыз дей­ді, іс жүзін­де 20 жыл­дың ішін­де біз бұл ақша­ны көр­ген жоқ­пыз. Өйт­кені, қол­ма қол ақша түсіп жатқан жоқ, ол тау­ар­ларға алма­сты­ры­лып отыр: әске­ри көмек ретін­де, темір жол бөл­шек­тері тағы басқа. Ол бір, сосын менің ойым­ша Бай­қо­ныр­ды біз өте арза­нға беріп отыр­мыз, дей­ді ол.

Ресей­ді Бай­қо­ныр­дан кетіріп батыс елдері­мен жұмыс жасау керекті­гін ол былай деп негіздейді.

Оры­стар­дың тех­но­ло­ги­я­сы ескі, сон­ды­қтан ұшы­ры­лған раке­та­лар біздің табиға­ты­мы­зға өте үлкен зиян кел­тіріп отыр. Неге біз дамы­ған, демо­кра­ти­я­лық елдер­мен қарым қаты­нас жаса­май­мыз? Мыса­лы, Түр­кия дай­ын, Фран­ци­я­мен бір­лес­кен жоба­лар бар, басқа­ла­ры­мен келіс­сөз жүр­гіз­се де бола­ды. Неге біз осы Ресей­ге жабысып қал­дық, олар­дың отар­шыл сая­са­тын біле тура? Ал батыс елдерін­де ондай мақ­сат жоқ!, — деген сенім­де Мұх­тар Тайжан.

Ұлт­тық ғарыш агент­ті­гінің төраға­сы Талғат Мұса­ба­ев­тың Бай­қо­ны­рға қатысты:

“Сон­ды­қтан да, бүгін­гі таң­да Бай­қоңыр қала­сын Қаза­қстан­ның юрис­дик­ци­я­сы­на беру , сон­дай-ақ ғарыш айлағы­нан жалға беру­ден шыға­ру тура­лы мәсе­ле қарас­ты­ры­лып жатыр”, — дегенін бір­ден қол­даған ұлт­шыл сая­сат­кер, оның өзгер­ген ұста­ны­мы­на бүгін­де аң-таң болып отыр.

“Сасқан үйрек арты­мен жүзеді” демек­ші, мен біздің билік өкіл­дерін түсін­бей­мін, осы. Мұса­ба­ев айтқа­ны­нан бас тар­тқан­дай бол­ды, содан кей­ін Ыды­ры­сов Ресей­ге дереу жетіп “бәрі жақ­сы, біз жұмысы­мы­зды жалға­сты­ра­мыз” деп шықты, енді Келім­бе­тов бар­мақ­шы, мүм­кін бір құжат­тарға қол қой­ы­ла­тын шығар. Ол барып тұрған қор­лық қой!,— деп эмо­ци­я­сын жасыр­ма­ды Мұх­тар Тайжан.

Сон­дай ақ ол, ресей сарап­шы­ла­ры­ның, “Аме­ри­ка неме­се Қытай Бай­қо­ны­рға кел­мей­ді, өйт­кені бұл жер оларға қолай­сыз, көп қар­жы­ны талап ете­ді” деген пікірін жоққа шыға­рып отыр.

Мұның бәрі жағ­дай­ды өз мақ­сат­та­ры­на пай­да­ла­ну, олар­мен келіс­сөз жүр­гі­зу керек, алды­на ала қалай біле­міз, егер ешқан­дай жұмыс жасал­ма­са бұл тұрғы­да? Ресей бұры­ңғы Совет одағын кұрғы­сы келеді, оны сая­сат­кер­лері де жасыр­май­ды, сон­ды­қтан олар ешкім­ді жолатқы­сы кел­мей­ді, дей­ді Мұх­тар Тайжан.

Эко­но­ми­ст­тің ойын­ша, Бай­қо­ныр айлағын Ресей­ге жалға беру шар­тта­рын қай­та қарас­ты­ру керек, соны­мен қатар басқа елдер­мен ынты­мақ­та­стық орна­ту жол­да­рын ізде­ген жөн, өйт­кені батыс мем­ле­кет­тер Қаза­қстан­да отар­шыл сая­сат­ты жүр­гізу­ге мүд­делі емес, дей­ді ол, ал шар­ттар­дың бәрі ашық түр­де жаса­луы қажет. Алай­да, олай бола­ты­ны­на кім кепіл?

От редак­ции: Пре­зи­дент фон­да им. Б. Тай­жа­на Мух­тар Тай­жан при­дер­жи­ва­ет­ся мне­ния, что по кос­мо­дро­му Бай­ко­нур Казах­ста­ну луч­ше сотруд­ни­чать с Запа­дом неже­ли с Рос­си­ей. По его мне­нию, запад­ные стра­ны обла­да­ют более про­грес­сив­ны­ми тех­но­ло­ги­я­ми и не име­ют импер­ских амбиций.

архивные статьи по теме

Как Тимур Кулибаев давил на AES. Вспомним WikiLeaks

Editor

Поминальный ас прошел в Тенге Аулие

В «Бесобе» осталась только одна семья