1 C
Астана
29 марта, 2024
Image default

Біздің алдымызда қарапайым ғана сұрақ тұр: халық пен тәуелсіз Қазақстанды қалай құтқарамыз

Құр­мет­ті Тоқа­ев мырза!

Әлем­ге жай­ы­лған, елі­міз­ге тараған коро­но­ви­рус пен эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты жағ­дай елі­міз­де төтен­ше әрі батыл қадам жасау үшін атқа­ру­шы билік­ті өзгер­туді талап етеді.

Осы жағ­дай­дан кей­ін, Сіздің сая­си бола­шағы­ңыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа тәу­ел­ді бол­май­ды. Ол мәсе­ле пан­де­ми­я­ның тара­луы мен сал­да­ры­на бай­ла­ны­сты аны­қта­ла­тын болады.

Тамы­здың 1‑іне дей­ін Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі коро­на­ви­рус бой­ын­ша нақты ста­ти­сти­ка­ны жари­я­ла­мақ. Бұл мәлі­мет­тер­дің қорқы­ны­шты бола­ты­нын айту­дан қорқа­мын. Билік тағы да мың құбы­ла­ты­ны анық.

Елі­міз өте қиын жағ­дай­ға душар бол­ды, енді­гі кезек­те көп мәсе­ле сіздің іс-әре­кетіңіз­ге бай­ла­ны­сты. Науқастар­дың нақты саны 300 мың­нан кем емес екені анық. Індет­тің тара­луы­на қаты­сты, тіп­ті диа­гноз қоюға түсінік­те­ме бер­ме­у­ге кеңес бере­мін. Бұл мәсе­лені Ден­са­улық сақтау мини­стріне неме­се оның орын­ба­сар­ла­ры­на тапсырыңыз.

Бұл ‑COVID-19 бен пнев­мо­ни­я­ны бөліп қара­мау үшін де маңы­зды. Бұл сыл­та­уы көп, қате түсінік, сол үшін ақта­луға тура келеді.

Сізді Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен қосақтай­ты­ны шын­дық, сон­ды­қтан қиын­ды­ғы көп таң­да­уды ұсын­бай­мын: не ары, не бері. Бірақ таң­дау қажет­тілі­гі заман тала­бы. Мен Сіз­ге, еке­уіңіз­ге де әлі де мүм­кін­ді­гі бар жеңіл тәсіл­ді ұсынамын

Төтен­ше жағ­дай­дың өзі ұзақ мерзім­ді нәти­же бере алмай­ды. Мини­стр­лік­тер мен басқа да билік орган­да­ры төтен­ше өкілет­тік беріл­ген және тіке­лей пре­зи­дент­ке бағы­на­тын біры­ңғай органға бағы­нуға тиіс.

Сіз мұны да түсі­нетініңіз анық. Бірақ өзіңіз тағай­ын­даған дағ­да­ры­сқа қар­сы іс-қимыл­ды үйле­стіру­ші жаңа орган жұмыс істе­мей­ді. Өйт­кені басқа билік орган­да­ры­ны­ның бағы­ны­шты­лы­ғы ден­са­улық сақтау және эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қорғау мәсе­ле­лері­мен шек­тел­мей­ді, пан­де­мия мен каран­т­ин­дік іс-шара­лар елдің эко­но­ми­ка­сы мен әле­умет­тік сала­сы­на жой­қын зала­лын тигізеді.

Сон­ды­қтан осы төтен­ше орган­ның қара­уы­на эко­но­ми­ка­лық рет­теу, инве­сти­ци­я­лар тар­ту және іскер­лік аху­ал­ды қажет­ті өзгерістер­ге бей­ім­деу мәсе­ле­лерін беру қажет.Біз төтен­ше жағ­дай режи­мі шең­берін­де эпи­де­ми­яға және эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа қар­сы күрес жөнін­де­гі Уақыт­ша мем­ле­кет­тік төтен­ше комис­сия құру­ды ұсы­на­мыз. Комис­сия төраға­сы- ел Пре­зи­ден­ті. Төраға­ның орын­ба­са­ры болып қазір­гі билік­пен бай­ла­ны­сы жоқ адам тағайындалады.

Эпи­де­мия кезін­де елді басқа­ру­ды оңтай­лан­ды­ру және дағ­да­ры­сты еңсе­ру мақ­са­тын­да Пре­зи­дент Әкім­шілі­гі мен Пре­мьер-Министр Кең­сесін біры­ңғай органға бірік­ті­ру тиім­ді. Бірік­кен әкім­шілік­тің бас­шы­сы болып Орта­лық пен жер­гілік­ті жер­лер­де кадр жұмысын ұйым­да­сты­рып, әділ баға­лай­тын тәжіри­белі тех­но­крат тағайындалады.

Төтен­ше жағ­дай кезін­де өндіріс пен құры­лым­дық рефор­ма­лар­дың өсу әле­уетіне ие эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты жеңу­де алды­ңғы шеп­те шешу­де облыс бас­шы­ла­ры­ның рөлі арта­ды. Мұн­дай облы­стар қата­ры­на: БҚО, ШҚО, Аты­рау, Маңғы­стау, Ақтө­бе, Қараған­ды, Пав­ло­дар облы­ста­ры жатады.

Осы облы­стар­дың әкім­дері аумақтар­дың өндірістік әле­уетін жұмыл­ды­руға қабілет­ті және халы­қтың сені­мін пай­да­ла­на­тын шешу­ші бас­шы­лар­ды тағай­ын­да­уы тиіс. Атап айтқан­да, Маңғы­стау облы­сы­ның әкім­ді­гіне ВВ ұсы­ны­ла­ды. Біз жоға­ры­да аталған бар­лық облы­старға кан­ди­дат­тар­ды ұсынамыз.

Жаңа бас­шы­лар пат­ри­от екенін бел­сен­ді түр­де көр­се­те ала­ды, жер­гілік­ті жер­де­гі бей­ре­сми көш­бас­шы­лар­ды жұмыл­ды­рып, жағ­дай­ды бақы­ла­уда ұстай ала­ды. Көп­те­ген жыл­дар ішін­де кадр­лар­ды ірік­теу тетік­терінің іріп-шіріп өзгеріс­ке ұшы­раға­ны сон­ша­лық, бір­де-бір әкім неме­се пар­ла­мент депу­та­ты жер­ле­стерінің өмірі үшін жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на алған жоқ, еңбек ауырт­па­лы­ғын сіз­бен бөліс­пе­ді, қасы­ңы­зда тұрмады.

Сіздің баға­ла­у­ы­ңыз бой­ын­ша, баста­маға, жау­ап­кер­шілік­ке және батыл­ды­ққа қабілетін жоғал­тқан адам­дар­дың бар­лы­ғы қажет емес. Олар тек өзінің ман­са­бы мен қар­жы­сы­нан, арты­қ­шы­лы­қта­ры­нан айы­ры­лып қал­маудың қамы үшін отырғандар.

Бір орта­лы­қтағы төтен­ше орган мен өңір­лік әкім­шілік­тер­дің шоғыр­лан­ды­ры­лған күш-жігері — эпи­де­ми­я­ны тоқта­туға, аза­мат­тар­дың өмірі мен ден­са­улы­ғын сақта­уға, ден­са­улық сақта­удың тиім­ді жүй­есін құруға, сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және әле­умет­тік іс-шара­лар­ды жүр­гізу­ге бағыт­та­луы тиіс.

Соны­мен қатар комис­си­яға эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ділік­ті, жабы­лып қалған биз­не­сті қал­пы­на кел­ті­ру және әлем­дік эко­но­ми­ка талап­та­ры­на жау­ап беретін жаңа биз­не­сті құру­ды ынта­лан­ды­ру тап­сы­ры­ла­ды. Бұл жұмыстың негізіне эко­но­ми­ка­ны сауы­қты­ру­дың және инве­сти­ци­я­лар тар­ту­дың орта мерзім­ді бағ­дар­ла­ма­сы кіреді.

Дағ­да­ры­сқа дей­ін­гі дең­гей­де эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ділік­ті қал­пы­на кел­ті­ру сәтін­де Төтен­ше комис­сия эко­но­ми­ка­ның шикі­заттық сипа­тын еңсе­ру, оны даму­дың озық дең­гей­іне жет­кізіп, одан ары асып кетуді мақ­сат етіп оты­рған ел эко­но­ми­ка­сын жаңғыр­ту үшін 5 жылға арналған Бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­нуы тиіс.

Біздің алды­мы­зда қара­пай­ым ғана сұрақ тұр: халық пен тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ды қалай құтқа­ра­мыз неме­се біз­ге “мұра­сын” қал­ды­рған мәні мен маңы­зын жоғал­тқан ада­мға қарай­лап оты­ра бере­міз бе?

Келесі сай­лау да мерзі­мі­нен бұрын бола­ты­ны­на сенім­ді­міз, 2019 жылы Сіз­ге дауыс бер­ген ондаған мың сай­ла­у­шы енді Сіз­ге дауыс бере алмай­ды. Олар ден­са­улық сақтау мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан «мұраға» қалған бар­лық басқа­ру жүй­есінің тиім­сізді­гіне бай­ла­ны­сты өмір­ден кетті.

Бірақ бұл аза­мат­тар енді үнсіз қал­май­ды: олар­дың нара­зы­лық біл­дір­ген дауы­ста­ры марқұм­дар­дың аты­нан естелік­ке айта­тын доста­ры мен туы­ста­ры­на ауысады.

Егер халық жақын ара­да шешу­ші әре­кет­тер­ді көр­ме­се, өздері әділ­дік­ті қал­пы­на кел­тіру­ге кірісіп, тіп­ті кегін қай­та­ра­ды. Тек қана үкі­мет­ті ауы­сты­ру-тығы­ры­қтан шығар­май­ды. Билік­ке деген сенім­ді қал­пы­на кел­ті­ру керек.

Сіз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен сөй­ле­суіңіз керек. Халы­қты құтқарған кез­де оның рені­ш­тері мен эмо­ци­я­сы­на ешкім де алаң­да­май­ды. Назар­ба­ев­тың сана­лы мінез-құлқы оның қауіп­сізді­гінің кепілі болады.

Халық жадын­да ұлт­тың мей­ірім­ді және қамқор әкесі болып қалуы­ның ерекше мүм­кін­ді­гі бол­ды. Егер өзінің бауыр­ла­ры мен апа­ла­ры­ның басы­на күн туған­да, аяу­шы­лық біл­дір­се, сол мүм­кін­дік­ке ие болар еді. Бірақ оның бой­ын­да мұн­дай қаси­ет болған жоқ, бол­май­тын да шығар.

Көп жыл бұрын Назар­ба­ев менен «Билік­ті үне­мі сынап, ұсы­ныс айта бересіз бе? Неме­се өзіңіз келіп жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­ңы­зға ала­сыз ба?» ‚-деп сұраған еді. Сол кез­де бар­лы­ғы­мыз бір­ге еңбек етіп, елді тығы­ры­қтан шыға­рып, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның жаңа инсти­тут­та­рын құр­дық. Сол уақыт­та оның айна­ла­сын­да қызға­ныш пен пай­да­кү­нем­дік енді-енді бой көр­се­те бастаған еді. Егер ол біз­ге эко­но­ми­ка мен халы­қтың ден­са­улы­ғын құтқа­руға кедер­гі кел­тір­ме­се, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың кепіл­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­ді­гі­міз бар

Біздің ұсы­ны­сы­мыз – сауда­ла­су емес. 

Біз сіз­дер­ге бір­лес­кен іс-әре­кет­тер мен олар­дың нәти­же­лері үшін бір­лес­кен жау­ап­кер­шілік­ті ұсынамыз.

Біз Сіз­ге өз аза­мат­та­ры­мы­здың, сай­ла­у­шы­ла­ры­мы­здың жағы­на шығуға кеңес бере­міз. Назар­ба­ев билі­гінің 30 жылын­да сан­сыз бай­лы­қты ием­ден­ген 100 адам­ды құтқа­руға тыры­спай, ел аза­мат­та­ры­ның жағын­да болу сіздің міндетіңіз.

Сон­дай-ақ олар­ды дереу сот­та­уы­ңы­зды талап етпей­міз, егер олар заң­сыз сатып алған капи­тал­да­ры­ның айтар­лы­қтай үлесін елге, Қаза­қстан халқы­ның иелі­гіне қай­тар­са, олар­ды бола­шақта қуда­лан­бай­ты­ны­на құқы­қтық кепіл­дік алу үшін оларға рақым­шы­лық жаса­уды талап ете­міз. Халық бүгін осы қара­жатқа мұқтаж!

Тағы да ашық және тіке­лей мәлім­дей­мін: Мен және менің жас серік­те­стерім өмір­лік маңы­зды рефор­ма­лар­ды жүр­гізу­ге дай­ын және оны әле­умет­тік сала­да, эко­но­ми­ка­да, сая­си құры­лым­да қол жет­кізу­ге ниет­теніп отыр. Біз сіз­ден бұған рұқ­сат сұра­май­мыз, біз­бен бір­ге жаса­уды ұсынамыз

Біз­ге нақты жау­ап қажет. Тек екі нұсқа ғана бар: бола­шаққа бір­ге бара­мыз неме­се Сіз — Назар­ба­ев­пен оның “Нұр-Отан” тарихын­да қала­сыз. Уақыт пен әре­кет­тер­ге бай­ла­ны­сты мүм­кін­дік­тер­дің аясы өте шек­те­улі. Төрт айлық әре­кет­сіздік, бар­лық үміті­мізді қысқартты.

Осы мәселелер бойынша жеке ұстанымыма қатысты қортынды

1.Мен бүгін­гі ресми қыз­мет лау­а­зым­да­рын­дағы оры­нға ұмты­лып оты­рған жоқпын.

2. Назар­ба­евқа тәу­ел­сіз кез кел­ген сот­та, ондай сот болған кез­де, мен өзі­ме тағы­лған бар­лық жалған айып­та­у­лар­ды жоққа шыға­рып, дау­лай аламын.

3. Қаза­қстан маған қар­сы, 20 жыл бойы еуро­па­лық үкі­мет­тер­ге ЕО елдері, АҚШ және т.б. үшін іс мате­ри­ал­да­рын беру­ге шешім қабыл­дай алма­ды, мен тек кінәсіз ғана емес, сотқа да тар­тыл­ма­дым. Бұл тура­лы Ұлы­бри­та­ния Ішкі Істер мини­стр­лі­гінің ресми тір­ке­уі растады.

4. Сіз­ге Назар­ба­ев қал­ды­рған осы “заң­сыз мұра­ны” тек­сер­тіп және үкім­ді әділет­сіз деп жою тура­лы мәсе­ле қоюға тура келеді. Сіз әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тір­ген кез­де қанағат­та­нып, соны­мен қатар 20 жыл бойы мені сая­си қуда­ла­удың құр­ба­ны деп санай­тын Батыс сая­си қоғам­да­сты­ғы­ның қол­да­уын сезі­нетініңіз­ге сенім­ді­мін. Қазақ қоға­мы бұл қада­мы­ңы­зға лай­ы­қты баға­сын береді. Халқы­мыз әділет­тілік пен дана­лы­қтың қадірін түсінеді.

Әке­жан ҚАЖЫГЕЛДИН

ЗАГРАНБЮРО ОППОЗИЦИИ КАЗАХСТАНА·ЧЕТВЕРГ, 23 ИЮЛЯ 2020 Г.

архивные статьи по теме

За аресты в ответе Назарбаев

«Мы не знаем, чем кормить детей!»

Как Маке «отмазывал» друга Нуреке