21 C
Астана
23 апреля, 2024
Image default

Биыл Назарбаев орнында қала ма?

Сарап­шы­лар­дың болжа­уы бой­ын­ша, жаңа 2013 жылы оңай бол­май­тын көрі­неді. Халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы нашар­лай­ды, лан­кест­ік әре­кет­тер жалға­сын табуы мүм­кін, ал сая­си өзгерістер болуы екіта­лай, дей­ді олар.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

 

Лан­кест­ік әре­кет­тер орын алуы мүмкін

Сая­сат­та­ну­шы Расул Жұма­лы­ның пай­ым­да­уын­ша, биыл өмірі­міздің бар­лық сала­сы қиын­дақтарға толы болады.

Жыл­дан жылға жағ­дай жақ­са­ру керек сияқты: жаңа жұмыс орын­да­ры ашы­лу­да, мұнай баға­сы өсіп жатыр деген­дей. Бірақ керісін­ше, баға­лар­дың шары­қта­уы, жұмыс­сызды­қтың өсуі, қауіп­сіздік және қыл­мыс мәсе­лері, елі­міздің көр­шілес мем­ле­кет­тер­мен қарым қаты­на­сы­ның қиын­да­уы, мұның бәрі эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, сая­си жағ­дай­ы­мы­здың күн­нен күн­ге нашар­лап жатқа­нын көр­се­те­ді, деп баста­ды болжа­мын сарап­шы. — “Жаман айт­пай жақ­сы жоқ” дей­ді, бірақ 2013 жыл оңай жыл бол­май­тын түрі бар, бәл­кім өткен жыл­дан да күр­делі, қиын­дау бола­тын шығар. Мұның басты себебі, қор­да­ла­нып қалған мәсе­ле­лер­дің  шешіл­ме­уі, тіп­ті жау­ап­ты орган­дар­дың олар­ды шешу­ге сынай танытпауы.

Соны­мен қатар, Қаза­қстан­да қоғам­ның билік­ке деген сені­мі одан сай­ын төмен­дей­ді деп есеп­тей­ді Расул Жұмалы.

Бола­тын кезек­ті ауыс түй­істер сая­си жүй­е­ге ешбір әсерін тигіз­бей­ді. Ал, нақты Әбы­қа­ев сенат спи­кері бола­ды деген әнгі­ме­ге кел­сек, ол кезін­де болған сенат бас­шы­сы, сон­да ешнәр­се өзгер­ген жоқ. Ол кез­де де сөз  шыққан, Назар­ба­ев кете­ді екен деген. Әбы­қа­ев бол­сын сенат төраға­сы, басқа бол­сын мәсе­ле жеке тұлға­да емес. Біз­де сенат­тың төраға­сы болған адам мін­дет­ті түр­де елба­сы­ның орын­ба­са­ры бол­май­ды, жәй сөз жүзін­де, Кон­сти­ту­ци­яда солай жазы­лған. Шын мәнісін­де олай емес. Сон­ды­қтан, маңы­зды өзгерістер болып, Назар­ба­ев орны­нан кете­ді екен деген­ге мен сен­бей­мін, деп жоққа шығар­ды кей­ін­гі кез­де тараған әнгі­ме­лер­ді саясаттанушы.

Расул Жұма­лы­ның ойын­ша, 2013 жылы Жанаө­зен мен Арқан­кер­ген ден­гей­ін­де­гі жағ­дай орын алма­са да, лан­кест­ік әре­кет­тер қай­та­лан­ба­уы­на ешкім кепіл­дік бере алмай­ды, өйт­кені “бұған себеп болып оты­рған мәсе­ле­лер шешіл­мей келеді”.

Кит етсе түр­ме­ге жабу, қысым жасау, қатал заң­дар қабыл­дау, жап­пай жұмыс­сыздық, шалғай­дағы ауыл­дар­дың жағ­дай­ы­ның қиын­да­уы — осы мәсе­ле­лер­дің бәрін шешу­де билік тара­пы­нан жүй­елік бай­қал­май­ды. Сон­ды­қтан, лан­кест­ік әре­кет­тер орын алуы мүм­кін, дей­ді ол.

Сая­сат­та­ну­шы­ның сөзіне қараған­да, биы­лғы жыл оңай бол­май­тын көрінеді.

Ел ішін­де­гі тіл­ге, ұлта­ра­лық қаты­на­старға, жемқор­лы­ққа бай­ла­ны­сты мәсе­ле­лер ұшы­ғып, одан сай­ын елі­міздің әлсіз­де­нуіне әке­леді. Мем­ле­кет неғұр­лым әлсіз бол­са, қоғам неғұр­лым бір­тұ­тас емес бол­са, сыр­тқы елдер­дің қысы­мы соғур­лым күшті бола­ды. Ол дегені­міз сыр­тқы сая­сат­та да қиын­ды­қтар туын­дай­ды деген сөз, — деп жағым­сыз түй­ін жасап отыр Расул Жұмалы.

Тоқы­рау жылы болады 

“Ұлт тағ­ды­ры” қозға­лы­сы­ның төраға­сы Дос Көшім үсті­міз­де­гі жыл­дан жаңа­лық күт­пеу керек дейді.

Менің ойым­ша, биы­лғы жыл ешқан­дай  өзгерістер әкел­мей­ді, сая­си күш­тер үшін және билік үшін бұл тоқы­рау жылы бола­ды. Өйт­кені, билік қазір­гі қалып­ты сақтап қалуға тыры­са­ды, ал бел­гілі сая­си күш­тер­дің бел­сен­діл­гі бәсен­дей­ді. Бұл оппо­зи­ци­яға да ұлт­тық бағыт­тағы күш­тер­ге де бай­ла­ны­сты,— деп баста­ды тал­да­уын ұлт­шыл саясаткер.

Оның сөзіне қараған­да ұлт­шыл­дар нара­зы­лы­ғы­на қара­ма­стан, биыл Ресей­мен жақын­да­су күшейеді.

Билік­тің ұлт­тық мәсе­лер­ді көте­руі бел­гілі сая­си ойы­ны болуы мүм­кін, Мұса­ба­ев­тың мыса­лы айтқа­ны, неме­се Карин­нің мем­ле­ке­та­ра­лық пар­ла­мент бол­май­ды дегені сияқты. Ал, іс жүзін­де Ресей­мен жақын­да­су сол күй­ін­де жалға­са береді, — деген пікір­де Дос Көшім.

Ол жақын ара­да бола­ды деп күтіліп оты­рған билік­те­гі ауыс түй­іс маңы­зды өзгеріс әкел­мей­ді деген сенімде.

Мен кезек­ті ауыс түй­істер­ге күле қарай­тын адам­мын, орын ауы­сты­рға­ны­мен бәрі сол адам­дар ғой. Олар­ды ары бері  ауы­сты­ру еш өзгерістер­ге алып кел­мей­ді. Биыл жал­пы тоқы­рау жылы бола­ды. Оли­гарх­тық топ­тар ара­сын­дағы өза­ра­лық күрес бәсен­дей­ді. Абы­қа­ев пен Мусин ара­сын­дағы текетіре­стен кей­ін олар да біраз әліп­тің артын бағып оты­ра­ды. Назар­ба­ев биыл орны­нан кет­пей­ді деп ойлай­мын, ден­са­улы­ғы бар, және әзір­ше билік­те оған қар­сы шыға­тын күш жоқ қой. Жақын ара­да әділет­ті сай­лау өте­ді неме­се басқа да бәсе­ке­ле­стік­ті бай­қап оты­рғам жоқ, қазір­гі біздің қоға­мы­м­ы­здың жағ­дай­ын­да,— деген ойға келіп отыр Дос Көшім.

Сая­сат­кер­дің ойын­ша, биыл Жанаө­зен мен Арқан­кер­дей қасы­рет қай­та­лан­ба­са да, алай­да  лан­кест­ік әре­кет­тер әбден жалға­суы мүмкін.

Біз 1992 жылғы жасалған дін тура­лы заң­ның нәти­же­сін көріп отыр­мыз бүгін­де, тым көп уақыт жіберіп алдық. Был­тыр өзі­міз­ше заң қабыл­дап жағ­дай­ды түзе­мек бол­дық, бірақ ол заң да өте әлсіз шықты. Әртүр­лі діни бағыт­тар­дағы ұйым­дар өз құры­лым­да­рын құрып үлгер­ді, сон­ды­қтан олар өз жұмыста­рын жалға­сты­ра­ды, ал лан­кест­ік әре­кет­тер әбден орын  мүм­кін, деп қауіп­те­неді Дос Көшім.

Оны­ің болжа­уын­ша, оппо­зи­ция да тоқы­рау кезеніне тап бола­ды, “қуа­ны­штан гөрі қай­ғы­сы көп жыл­дан кей­ін, ес жию үшін уақыт керек, сон­ды­қтан биыл тоқы­рау жылы бола­ды деп ойлай­мын, өйт­кені был­тыр күт­пе­ген нәр­се­лер көп бол­ды. Сон­ды­қтан қоғам адам секіл­ді бастан өткен жағ­дай­ды ой-еле­гі­нен өткізіп есін жию керек”.

Эко­но­ми­ка­лық жағ­дай да мәз емес

Эко­но­мист Болат Дүй­сем­бінің пікірін­ше жаңа жыл­да Қаза­қстан­да халқы­ның әле­умет­тік жағ­дайы төмен­деп, баға­лар шары­қтай түседі.

Жыл баста­лы­сы­мен жылу, тағы басқа ком­му­нал­дық қыз­мет­тер баға­сы көтеріл­ді, соны­мен қатар, зей­не­тақы мен мем­ле­кет жәр­де­мақы­лар көле­мі өсті, алай­да бұл өсім баға­лар өсуіне сәй­кес жасалған жоқ. Қосы­лған ақша­ны көтеріл­ген баға­лар жеп қой­ды. Жыл орта­сын­да баға­лар мін­дет­ті түр­де тағы өседі, қан­ша пай­ы­зға нақты айту қиын, бірақ баға­лар көтерілетіні анық, — деп көңіл­сіз болжам жасап отыр экономист.

Оның айтуын­ша, елі­міздің алдын­да әртүр­лі эко­но­ми­ка­лық қиын­ды­қтар туын­да­уы мүмкін.

Әлем­дік дағ­да­рыс бізді айна­лып өте­ді деген­дері дал­ба­са, ал Ұлт­тық Банк жария етіп оты­ра­тын инфля­ция барып тұрған өтірік. Мұнай баға­сы өссе де, айлық көле­мі көтері­ле қой­май­ды, сон­ды­қтан халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы төмен­дей­ді. Қаза­қстан был­ты­рғы қосы­лған Кеден­дік одақ бұған өз үлесін қосып оты­ра­ды, мыса­лы Ресей­де  осы­ған бай­ла­ны­сты заң қабыл­дап қой­ған, ал біз­де оны ойла­стыр­маған. Неге? ‑деп сау­ал қояды Болат Дүйсембі.

Эко­но­ми­ст­тің пікірін­ше, Қаза­қстан­да эко­но­ми­ка­лық болжам жасау қиын, деген­мен, ол 2013 жыл­ды өте ауыр жыл деп баға­лап отыр.

Сырт көз­бен қараған­да, бәрі жақ­сы  сияқты, бірақ шын мәнін­де олай емес. Мем­ле­кет­тің дәу­лет­ті, мықты болуы тек оның сыр­тқы фаса­ды — мак­ро­эко­но­ми­ка­лық шымыл­дық жамы­лып, әлем­ге дамы­ған ел болып көрі­ну емес, ол тек қана ішкі эко­но­ми­ка­ның дамуын өз халқы­ның кедей­шілік­тен, әле­умет­тік теңсіздік­тен, әділет­сіздік­тен құты­луы­на, жерінің, елінің бай­лы­ғын әр аза­мат­тың ауқат­ты өмір сүруіне бағыт­таған­да ғана іске аса­ды. Қара­пай­ым халық бай­ы­май мем­ле­кет дәу­лет­ті бол­май­ды, бұл қоғам­ның табиғи даму заң­ды­лы­ғы, — дей­ді Болат Дүйсембі.

архивные статьи по теме

Перед нами стоит простой вопрос: будем спасать народ и независимый Казахстан?

Editor

Мышьяк для сельских жителей

Предлагаемая директива ЕС нацелена на фиктивные компании после того, как Pandora Papers раскрыла злоупотребления оффшорной системой

Editor