-3 C
Астана
19 декабря, 2024
Image default

“Билік елді бұл қиындықтан алып шығуға дәрменсіз”

Қаза­қстан­да коро­на­ви­рус тарап, елде төтен­ше жағ­дай жари­я­ланға­лы билік­тің жәр­де­міне көңілі тол­май­тын не жәр­дем­сіз қалған адам­дар­дың нара­зы­лы­ғы әр жер­ден жиі естіледі. Індет­пен бет­пе-бет күресіп жатқан дәрі­гер­лер­дің мәсе­лесі де ушы­ғып тұр. 

Оппо­зи­ция өкіл­дері каран­т­ин­де­гі билік­тің атқа­рып жатқан ісін “шала, жет­кіліксіз, дағ­да­ры­сқа дай­ын бол­ма­ды” деп сынай­ды. Кей­бірі өз жос­па­рын, бағ­дар­ла­ма­сын да ұсы­нып жатыр. Олар­дың ара­сын­да Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі, 1998 жылы шетел­ге кетіп қалған Әке­жан Қажы­гел­дин де бар. Оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Азатты­ққа бер­ген сұх­ба­тын­да Қаза­қстан­дағы эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс, бұры­нғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, қазір­гі пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев, үкі­мет­тің дағ­да­ры­сқа қар­сы сая­са­ты тура­лы ойын бөлісті.

Азаттық: Коро­на­ви­рус каран­тині кезін­де қазір­гі билік­тің, яғни пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев пен Асқар Мамин бастаған үкі­мет­тің халы­ққа жәр­дем көр­се­ту, дағ­да­ры­стан шығу жос­па­ры­на қан­дай баға бересіз?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Жос­пар деген оңай нәр­се. Бір жапы­рақ қағазға былай істей­міз, олай істей­міз, ақша да бөле­міз деп жазып, он шақты істі айт­ты. Ең бірін­ші мәсе­ле – халы­қты сақтау. Ол үшін дәрі­гер­ді сақтау керек. Бүгін­гі ста­ти­сти­ка­ны (сұх­бат 1 мамыр­да алын­ды — ред.) қарай­тын бол­сақ, ауы­рып қалған үш мың­нан астам адам­ның 820-сы дәрі­гер. Осы түр­мен қай­да бара­мыз? Бар­лық ауырт­па­шы­лы­ққа дай­ын емес­піз. Комис­сия даяр емес. Қар­жы бөл­ген-бөл­ме­генін біл­мей­міз. Не тест өткі­зе алмай­ды, не ауру­ха­на­ла­ры дай­ын емес. Мына жағ­дай­дан аман шық­сақ ол үкі­мет­тің әре­кеті емес, құдай­дың сақтаға­ны болар еді. [Пре­зи­дент] Қасым-Жомар­тқа Тоқа­евқа басқа­ша қарап жүр­ген адам­мын. Үш жарым жыл­дай қыз­мет­тес бол­дық. Талай елді ара­ла­дық. Мына түрі­мен, бүгін­гі көзқа­ра­сы­мен ол жігіт­тің (Тоқа­ев­ты айта­ды — ред.) келе­ше­гі жоқ. Бұл — жалғыз Тоқа­евқа ғана емес, халы­ққа да, мем­ле­кет­тік орган­дарға да, бәрі­міз­ге де үлкен сынақ. Одан қалай шыға­мыз? [Билік­тің] тір­лі­гі жарамайды.

Азаттық: Қаза­қстан билі­гі төтен­ше жағ­дай кезін­де Алма­ты мен Нұр-Сұл­тан­ды каран­тин­ге ерте­рек жап­ты. Кей­ін өзге ірі қала­лар­ды да жауып таста­ды. Бұл індет­тің алдын алуға жасалған құп­тар­лық әре­кет деп есеп­те­мей­сіз бе?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Бұрын да айт­тым, бүгін де айта алам. Каран­тин ретін­де қабыл­даған шешім­дері өте дұрыс. Халық үйде оты­руы керек. Ауру­ха­на­лар, үкі­мет, құзыр­лы орган­дар дай­ын болуы үшін халық сабыр сақтап үйде оты­руы керек. Бірақ қан­ша оты­ра­ды? Төрт апта­дан асып кет­ті. Ешқан­дай қимыл жоқ. Мәсе­ле сон­да ғой. Халық өмір сүруі керек. Күн­делік­ті азы­ғы бар, бала­ла­ры, дәрі-дәр­ме­гі бар. Жары­ққа, жылу мен суға, теле­фонға төлеу керек. Қар­жы керек. Қар­жы бер­мей жатыр. Көбі қыз­мет­сіз, жұмыс­сыз қалып қой­ды. Бюд­жет қыз­мет­кер­лері де үйде отыр. Иә, оларға төлеп жатыр. Бірақ кәсіп істеп жүр­ген­дер­дің жайы не бола­ды? Жалғыз ғана каран­тин­мен ештеңе шеше алмаймыз.

Коронавирусқа қарсы дезинфекция жасап жүрген адамдар. Орал, 18 сәуір 2020 жыл.
Коро­на­ви­русқа қар­сы дез­ин­фек­ция жасап жүр­ген адам­дар. Орал, 18 сәуір 2020 жыл.

Азаттық: Билік­тің коро­на­ви­руспен күресіп жатқан дәрі­гер­лер­ге тағай­ын­даған қосым­ша үсте­мақы­сы­на не айтасыз?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Біз де бүгін дәрі­гер­лер­ге кепіл­дік беруі­міз керек. Ертең біре­у­ге көмек­тесіп жүріп, өзі осы ауру­дан қай­тыс бол­са бала­ла­ры, отба­сы, қар­тай­ған ата-ана­сы – бәрі көмексіз қала­ды ғой. Соның бәрін бүгін­нен бастап заң қабыл­дап, айтып тастау керек. Ақша бар. Қар­жы жете­ді. Бірақ қай­да жатқа­ны бел­гісіз, халық біл­мей­ді. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев (Қаза­қстан­ды отыз жыл­дай басқа­рып, был­тыр науры­зда пре­зи­дент­тік­тен кет­кен, бірақ Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы ретін­де билік­ке әлі ықпал етіп отыр – ред.) әртүр­лі қор­да 90 мил­ли­ард дол­лар бар деді. Дәл қазір қол­да­ну керек. Бұл – халы­қтың қар­жы­сы. Халық 30 жыл шыдап, жыл сай­ын жұмыс істеп, қыз­мет атқа­рып, салық төлеп жинады.

Азаттық: Әле­умет­тік желі­ге сіздің аты­ңы­здан “Оппо­зи­ци­я­ның шетел­де­гі бюро­сы” деп ата­ла­тын сайт­та жари­я­ланған 24 тар­мақтан тұра­тын дағ­да­ры­стан шығу жос­па­ры сіздікі екені рас па?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Ол 24 тар­мақта жазы­лған қағаз синоп­сис деп ата­ла­ды. Бағ­дар­ла­ма­ның өзі өте үлкен. Оның бір­не­ше бөлі­мі бар. Бір топ адам­ның жұмысы. Топ­ты мен басқар­дым. Оны қосым­ша хат­пен жуы­қта Қасым-Жомар­тқа [Тоқа­евқа] қай­та жолдадым.

Азаттық: Бағ­дар­ла­ма­ны ма?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Иә, бағ­да­ра­ма­ны жібер­дім. Оның иде­я­сын жібер­дім. Бағ­дар­ла­ма­ның өзін олар­дың қолы­на беру­ге бол­май­ды. Қабыл­дай ма, жоқ па — ол әлі бел­гісіз. Қабыл­да­са қай жол­мен жүреді, оны да біл­мей­мін. Әрбір жақ­сы нәр­сені быт-шытын шыға­рып, жаман жаққа да қол­да­нуға бола­ды. Екінің бірін­де көлік айдай­тын құқық бар. Бірақ бірі жақ­сы жүр­гі­зу­ші, екін­шісі нашар. Өмір­де де сол сияқты. Мына жүй­е­де ол бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­ра­тын үкі­мет­ті көр­мей тұр­мын. Бұл — бір. Екін­ші, үкі­мет­тен бөлек, бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­ра­тын комис­си­я­ны бөлек ұстау керек.

Азаттық: Мына каран­тин кезін­де, дағ­да­рыс уақы­тын­да халы­ққа нақты қан­дай бағ­дар­ла­ма ұсы­нар едіңіз? Үкі­мет жұр­тқа көмек ретін­де 42 500 тең­ге (95$) төлеп, “Нұр Отан” пар­ти­я­сы 50 мың тең­ге­ден (117$) беріп жатыр. Осы көмек­тің орнын алма­сты­ра­тын­дай, бұдан да тиім­ді, пай­да­лы жос­па­ры­ңыз, осын­ша ақша жұм­са­ла­ды дей­тін­дей бағ­дар­ла­маңыз бар ма?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Ең алды­мен мына ауру­дың бірін­ші толқы­ны­нан қалай шыға­мыз және екін­ші толқы­ны бола ма, одан қалай қорға­на­мыз, соны ойла­у­ы­мыз керек. Соған қараған­да біздің жос­па­ры­мыз 12 айдан 24 айға дей­ін ұза­руы мүм­кін. Қан­ша мил­ли­он аза­мат жұыс­сыз, айлы­қ­сыз қал­ды? Соны санау керек. Олар­дың айлық, жыл­дық кере­гін санау қажет. Қосым­ша құн салы­ғын, басқа салы­қтың бәрін тоқта­ту керек. Одан басқа ешқан­дай салық үкі­мет­ке түс­пей­ді. Оны білу керек. Қор­дағы қар­жы­ны бөліп, халы­қты сақта­уға даяр болу керек. Басқа шетел­де тығы­лып жатқан қар­жы­ны қай­та­рып, санап, оны жинаған соң келесі бағ­дар­ла­ма­ны ойла­сты­ру керек. Біз ұсы­нып оты­рған бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­рып, қабыл­да­са, келесі жыл­дан бастап мың­даған жаңа жұмыс орны ашы­ла­ды.ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ“Вирус пен деваль­ва­ция соққы­сы”. Қаза­қстан төтен­ше жағ­дай­ға дай­ын бол­ды ма?

Азаттық: Мыса­лы, сіз­ге жұмыс істе­у­ге рұқ­сат беріл­се осы бағ­дар­ла­маңы­зды іске асы­ра ала­тын сенім­ді адам­да­ры­ңыз бар ма?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Бұл бағ­дар­ла­ма­ны пре­зи­дент басқа­ру керек. Себебі, халық алдын­да жау­ап­кер­шілі­гі мол бағ­дар­ла­ма. Шақы­ра­тын бол­са, біз коман­да жинай­мыз. 1992 жылы ешкім біл­мей­тін жас адам­дар кел­ді де үкі­мет­те бұрын­нан жүр­ген, Совет одағы­нан қалған шене­унік­тер­мен бір­ге рефор­ма­дан өткен­біз. Қаза­қстан­да жоқ емес, маман көп. Олар үкі­мет­ке, Тоқа­евқа хат жаза­ды. Бірақ хат­та­ры жет­пей жата­ды. Маман жет­кілік­ті. Біз­ге кере­гі бағ­дар­ла­ма және “ал баста­дық” деген шешім.

Азаттық: Қасым-Жомарт Тоқа­ев пре­зи­дент болға­лы ол кісі­мен сөй­ле­стіңіз бе?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Жоқ.

Азаттық: Қан­ша рет хат жаздыңыз?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Мынау екін­ші хат.

Азаттық: Демек, екі рет хат жаз­ды­ңыз. Жау­ап бер­ді ме?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Жоқ. Бүгін­ге дей­ін кел­ген жоқ жау­ап. Мүм­кін бол­май­тын да шығар, мүм­кін ерекше хабар­ла­са­тын шығар. Оны біл­мей­мін. Бұл — жалғыз Тоқа­евқа емес, халы­ққа арналған хат.

Мен көп жыл бұрын Нұре­кең­мен (бұры­нғы пре­зи­ент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты айта­ды – ред.) бір­ге қыз­мет бастаған­да жақ­сы­лық бол­сын, жаман­дық бол­сын, қан­дай жағ­дай бол­са да өзіне айтып тұрам деп келіс­кен­біз. Оппо­зи­ци­яға кет­кен­де де ол кісі­мен хабар­ла­сып тұр­дым. Бір­не­ше рет кез­де­стік те. Ол кісі­ге соңғы рет 2016 жылы күз­де жазып жібер­дім. Еуро­па­да елшілік­те жүр­ген аза­мат арқы­лы. Үш жыл бұрын Дариға Назар­ба­е­ва­ның (бұры­нғы пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың қызы. Сая­сат­кер әңгі­менің бұл тұсын­да Назар­ба­е­ва мен оның ұлы Нұрә­ли Әли­ев­тің Лон­дон­дағы жыл­жы­май­тын мүл­кіне бай­ла­ны­сты сот­ты мең­зеп отыр — ред.) осын­дай жағ­дай­ға душар бола­ты­нын айт­тым. Сырт­та жатқан ақша­ны қай­та­ры­ң­дар, айы­ры­ла­сы­ң­дар деп жаздым.

Назар­ба­е­ва мен Әли­ев­тің қым­бат үйлері жай­лы сот­та не айтылды?

Азаттық: Демек, Назар­ба­ев­тың айна­ла­сы­на, туы­ста­ры­на бай­ла­ны­сты мүлік­ті сіз өзге ел тар­тып алуы мүм­кін екенін алдын ала айт­ты­ңыз ғой?

Әке­жан Қажы­шел­дин: 2016 жыл­дың қара­ша айын­да жазып жібер­дім. Ол қағаз Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев­тың қолы­на жет­ті. Оны білем.

Азаттық: Бұл Назар­ба­ев­тың айна­ла­сын­дағы туыс-жақын­да­ры­на көмек­те­су емес пе?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Жоқ, мен оған жасыр деген жоқ­пын ғой. Мен оған ақыл бер­ген кез­де былай жасыр, былай ақта деген жоқ­пын. Оған қар­жы­ны сақтай ала­тын жалғыз ел – Қаза­қстан екенін айт­тым. Бірік­кен Араб әмір­лі­гі, не Еуро­па, Швей­ца­рия неме­се АҚШ емес. “Амни­стия жасаң­дар, ақша­ны қай­та­ры­ң­дар, билік­те қала­тын бол­саң­дар халы­ққа, елдің келе­ше­гіне жұм­саң­дар, шет­те жасы­ра­тын бол­саң­дар айы­ры­ла­сы­ң­дар” дедім.

Азаттық: Назар­ба­ев сізді тың­да­ды ма? Жазған хат­та­ры­ңы­зға жау­ап беру­ші ме еді?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Ол кісі маған “жазға­ның дұрыс емес” деп бір рет айтпаған.

Азаттық: Демек, жау­ап келеді ғой?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Кей­де ауыз­ша келеді. Мен қол­даған жігіт­тер­ге рені­шін біл­діреді. Ұрса­ды. Бірақ біре­уін де қыз­мет­тен қуған жоқ. Себебі менің айтып оты­рға­ным­ның дұрыс екенін біледі.

Азаттық: Сіз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен бір­не­ше рет кез­де­стім дедіңіз. Бұған дей­ін де осы­ны айтып жүр­сіз. Кез­де­су­лер қай жер­де бол­ды? Нақты не айтылды?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Ең еле­улі кез­де­су былай бол­ды: Нұре­кең маған аман­дасқан соң ең бірін­ші айтқа­ны “біздің саған қар­сы жасап жүр­гені­міз қателік, кешір” деді. Мен оған “өткен­ді айта бер­мей­ік, келе­шек­ті ойлай­ық” дедім. Ол кісі сол кез­де алды-арты­на біраз жал­тақтап жүр­ген. Бірақ кей­ін біре­улер бәрін сатып ала­мыз айтқан болу керек. Кей­ін шу бол­ды, іс қозғал­ды (“Қаза­қ­гейт” ісін мең­зеп отыр — ред). “Билік­тен кет­сең жөнің­мен кет” деп бір сағат бес минут­тық аудио жазып жібер­дім. “Рефор­ма жасау керек” дедім. Бір кез­де ол кісінің өзі де “пар­ла­мент­ті күшей­ту керек” деп айта бастады

Азаттық: Әке­жан мыр­за, сұрағы­ма нақты жау­ап бер­медіңіз. Назар­ба­ев­пен қан­ша рет және қай жер­де кездестіңіз?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Сіз билік­те жүр­ген үлкен адам­мен кез­десіп, оны келесі күні жари­я­лай­тын бол­саңыз, ол – дұрыс емес. Ешкім сіз­бен кез­дес­пей­ді. Өтірік бол­са Нұре­кең шығып айт­сын. Оған көп адам куә.

Азаттық: Бұл сауда емес пе? Сіз өзіңіз айтып оты­рған­дай, Назар­ба­ев­пен емін-еркін бір­не­ше рет кез­де­сесіз. Тоқа­евқа қай­та-қай­та хат жаза­сыз. Мұның аста­рын­да сая­си ойын, сая­си сауда жатқан жоқ па? Көп­тің ойын­да мін­дет­ті түр­де осы сұрақ туа­ды ғой.

Әке­жан Қажы­гел­дин: Жұрт менен “сен жаман деп айта бер­ме, өз қолы­ң­нан не келеді, не ұсы­нып отыр­сың?” деп сұрай­ды. Сол себеп­ті мен қолым­нан кел­ген құжат­ты жіберіп отыр­мын. Шір­кін, Қаза­қстан­да еркін теле­ви­де­ние бол­са, сол арқы­лы айта­тын едім. Ондай жоқ, сон­ды­қтан хат жазам. Мен ол жер­ден қыз­мет сұрап оты­рған жоқ­пын. Назар­ба­ев­пен солай бол­ды, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­пен де солай болып жатыр.

Азаттық: Сізді 2001 жылы қыр­күй­ек­те сырт­тай сот­таған. Сот кес­кен мерзім өтіп кет­ті. Қазір Қаза­қстанға келу­ге қан­дай кедер­гі бар?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Мен сіз­ге айтай­ын, осы жыл­да­ры Қаза­қстанға екі рет келіп кет­тім. Әрине, ресми емес, жасы­рын бар­дым. Қаза­қстан­да нағыз армия да жоқ, шека­ра­ны бекітіп ұстай­тын күш­тер де жоқ. Кез кел­ген адам ертең-ақ Қаза­қстанға шека­ра арқы­лы бара­тын жағ­дайы бар. Бұл – мен үшін сая­си мәселе.

Азаттық: Кел­сем тағы қуғын­да­лам, қама­лам, сот­та­лам деп ойлай­сыз ғой?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Жоқ, мәсе­ле онда да емес. Бір­не­ше мем­ле­кет, оның ішін­де Ұлы­бри­та­ния маған виза беру үшін, 2010 жылы пас­порт беру үшін құзыр­лы орган­дар Қаза­қстан­нан менің ісім­ді сұра­ды. Бар­лы­ғын, куәлер­дің не дегенін, қан­дай дәлел­дер бар, бүкіл құжат­ты бір­не­ше рет сұра­ды. Соңғы рет Ита­лия жоғарғы про­ку­ро­ры 2016 жылы сұра­ды. Қаза­қстан бір де бір рет істі сол сұратқан үкі­мет­тер­ге бер­ген жоқ. Неге? Оның себебі – шикі, сая­си іс. Ал қай күні Нұре­кең не өзі шешіп кете­ді, не билік­тен толық кет­кен күні мен елге барам.

Азаттық: Сіз сияқты Қаза­қстан билі­гін сынай­тын, тіп­ті ымы­раға кел­мей­тін десе де бола­ды, шетел­де тұрып жатқан оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбля­зов бар. Қаза­қстан­да жүр­ген жас сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай бар. Ол екі аза­мат­тың осы дағ­да­ры­сқа арналған жос­па­рын көр­дім. Мұх­тар Әбля­зов 42 500 тең­генің орны­на ай сай­ын елде­гі әр ада­мға 50 мың тең­ге бер­сін дей­ді. Мыса­лы, бір шаңы­рақта бес адам бол­са, олар 250 мың тең­ге, алты адам бол­са 300 мың тең­ге ала­ды деген сияқты. Ал Жан­бо­лат Мамай әр шаңы­раққа 200 мың тең­ге беріл­сін дей­ді. Осы­дан өзге де ұсы­ны­ста­ры бар. Билік­ті сынап жүр­ген осы адам­дар­дың жос­па­ры­на қалай қарай­сыз? Қай­сы ұтым­ды деп ойлайсыз?

Әке­жан Қажы­гел­дин: [Жан­бо­лат Мамай] демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны тір­ке­тетін бол­са, мына жаңа толқын, Жан­бо­лат­тың өзі неме­се пар­ти­яда бол­ма­са да оны­мен қатар­лас, жеке келе жатқан үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың лидер­лері, солар­дың қолы­нан келуі мүм­кін. Дем­пар­тия бағ­дар­ла­ма­сы­ның жаны бар. Оны орын­да­уға бола­ды. Мұх­тар Әбля­зо­втың ұсы­нып оты­рға­ны да дұрыс. Үкі­мет­тің қолын­да қан­ша қар­жы­сы барын Мұх­тар біліп отыр. 50 мың тең­ге деген бүгін түк емес. Ақша жоқ емес, бар. Бірақ ол қай­да жатыр? Қалай қол­да­нып жатқа­нын халық біл­мей­ді. Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың өзі де біл­мей­ді-ау деп қорқам. Ол кісі билік­ке әлі кір­ген жоқ.

42 500 тең­ге көмек­тің артын­да жұмыс­сыздар­ды азай­тып көр­се­ту сая­са­ты тұр ма?


Азаттық: Жан­бо­лат Мамай­дың айтып жүр­ген мем­ле­кет­тік құн­ды қағаз­дар­ды шыға­рып, сату тура­лы ұсы­ныс сіздің де жос­па­ры­ңы­зда бар екен. Еке­уі қат­ты ұқсас. Бұл келісіп, ақыл­да­сып алып, айтып оты­рған ұсы­ныс емес пе?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Менің оны­мен келісіп, ақыл­да­сып оты­ра­тын жағ­дай­ым жоқ. Хабар­ла­сып жүр­ген адам емес­піз. Оны­мен жуыр­да эфир арқы­лы жүз­дескен­мін. Мен жалған­да Жан­бо­лат­пен кез­дескен жоқ­пын. Бірақ сырт­тай бақы­лап жүр­мін. Ол – Қаза­қстанға керек лидер­лер­дің бірі. Бұлар­дың қата­рын­да айтыс­кер ақын Ринат Зай­ы­тов бар. Бірақ оның қазір не істеп жүр­генін біл­мей­мін. Ол да халы­қты ерте ала­ды. Макс Боқа­ев шыға­тын бол­са, ол да қан­ша­ма адам­ды жина­уы мүм­кін. Халы­қты жинай ала­тын аза­мат­тар бар.

Азаттық: Мұх­тар Әбля­зов кей­ін­гі бір­не­ше жыл­да Қаза­қстан­да қар­сы­лық жиын­да­рын көп өткізді. Жақта­у­шы­ла­ры Әбля­зов шақы­рған жер­ге жина­лып, оны қол­дай­тын­да­рын ашық айтып жүр. Бірақ оппо­зи­ция өкілі бола тұра сіздің аты­ңы­здан, сіз көтеріп жүр­ген лозунг­тар­ды айтып, сізді қай­та­ру­ды, ақта­уды талап етіп алаңға шығып жүр­ген адам көр­мей­міз. Бұл нені білдіреді?

Әке­жан Қажы­гел­дин: Ол менің біре­у­ге сөзім­ді сөй­летіп отыр­маға­ным­ды біл­діреді. Ал өзім жұрт­ты митин­гі­ге шақыр­сам, оған өзім де қаты­суым керек. Шет­те оты­рып “анда бары­ң­дар, сен­дер­ді сабай­ды, үйтің­дер-бүй­тің­дер” деп айта алмай­мын. Оған тілім бармайды.

Азаттық: Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет.

  • Нұр­бек ТҮСІПХАН AzatNEWS жаңа­лы­қта­ры­ның про­дю­сері әрі жүргізушісі.

Источ­ник: https://www.azattyq.org/a

архивные статьи по теме

Акиму – новое имя, проституткам – закон

Правозащитные организации осуждают судебные иски, поданные ENRC против общественных наблюдателей

Editor

Сможет ли Казахстан избавиться от своего клептократического прошлого?

Editor