-3 C
Астана
19 декабря, 2024
Image default

Астанада баспанаға қолжеткізу қиын

Сарап­тау нәтижелері

Анти­рей­тинг­тің абсо­лют­ті көш­бас­шы­сы Аста­на қала­сы болып таныл­ды. Бұны бір­не­ше фак­тор­лар­мен түсін­діру­ге бола­ды. Бірін­ші­ден, мем­ле­кет аста­на­сын­дағы халық саны­ның жыл­дам өсіп келеді. Екін­ші­ден, қала­да әле­умет­тік бас­па­наға ие болу құқы­ғы бар мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер көп. Үшін­ші­ден, халы­қтың (оның ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің) құқы­қтық сана-сезім­дері жоға­ры және жеңіл­дік­пен әле­умет­тік бас­па­на­ны алу мүм­кін­дік­тері тура­лы хабардар.

Ал Аста­на қала­сын­да тұрғын үй құры­лы­сы­ның шапқарқы­н­мен жүр­гізілуіне қара­ма­стан әле­умет­тік бас­па­на­ны алу кезе­гін­де тұрған аза­мат­тар­дың көп болуы үлкен күмән туды­рып отыр. Соңғы бес жыл бойы Аста­на қала­сы жаңа тұрғын үй кешен­дерін салу бой­ын­ша абсо­лют­ті көш­бас­шы саты­сын­да тұр. Деген­мен­де, бұл фак­тор мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық-тұрғын үй қорын­дағы әле­умет­тік бас­па­наға үміт­ті аза­мат­тар­дың санын азайт­пай отыр. Яғни, құры­лы­стың жоға­ры көр­сет­кі­ш­тері аста­на тұрғын­да­ры­ның бас­па­на жет­кіліксізді­гін шешпей жатыр. Оның үстіне жаңа үйлер босап тұр. Оған қоса, бұл үйлер қал­та­лы аза­мат­тар­дың өз қара­жат­та­ры­ның сақта­лу әдісі ретін­де қолданылуда.

Соны­мен қатар, Аста­на­дағы тұрғын үй баға­сы назар аудар­та­ды. Соңғы уақыт­та тек халық ғана емес, ҚР Пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та баға жөнін­де­гі негіз­сізді­гін алға тарт­ты. Оның айтуын­ша, шынайы бәсе­ке­ле­стік­тің жоқты­ғы мен жер телім­дер­дің қажет­ті ком­па­ни­я­ларға саты­луы­на бай­ла­ны­сты осын­дай мәсе­ле­ге тап бол­ды. Сөй­тіп, Елба­сы Аста­на әкім­шілі­гін кей­бір құры­лыс ком­па­ни­я­лар­дың мүд­де­лерін қорға­у­мен жүр­генін айыптады.

Атал­мыш мәсе­ле рес­пуб­ли­ка­ның батыс аймақта­рын­да да бай­қал­ды. Аты­рау, Батыс Қаза­қстан мен Ақтө­бе облы­ста­рын­да әрбір онын­шы отба­сы әле­умет­тік бас­па­на­ны алу кезе­гін­де тұр. Маңғы­стау облы­сы әкім­ді­гінің қыз­мет­кер­лері үй ай көле­мін­де мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық-тұрғын үй қорын­дағы әле­умет­тік бас­па­на кезе­гін­де тұрған аза­мат­тар тура­лы ақпа­рат­ты бер­меді. Сон­дай-ақ, осы ақпа­рат облыс әкім­ді­гінің ресми сай­тын­да да табыл­ма­ды. Мұн­дай фак­тілер сұра­с­ты­ры­лған ақпа­рат­ты әдейі жасы­ру­ды жана­ма түр­де айғақтай­ды. Осы­ған орай, бұл аймақтағы кезек­те тұрған аза­мат­тар­дың саны көп деп қоры­тын­ды­ла­у­ға болады.

Рей­тинг­тің келесі орын­да­ры­на сол­түстік және орта­лық аймақта­ры: Қоста­най,  Ақмо­ла, Сол­түстік Қаза­қстан және Қараған­ды облы­ста­ры орна­ла­сты. Бұл аймақтағы тұрақты жағ­дай­дың орын алуы демо­гра­фи­я­лық сипатта­ма­лар­дың бар болуы­мен түсін­діру­ге бола­ды. Аймақта бала туу көр­сет­кі­шінің төмен­ді­гі және халы­қтың жиі Ресей­ге көшу үрдісі бай­қа­лып отыр. Сон­ды­қтан да аталған аймақтар­да әле­умет­тік бас­па­на­ны алу кезе­гін­де тұрған аза­мат­тар саны төмен­деп келеді.

Рес­пуб­ли­ка­ның оңтүстік оңір­лері мен Алма­ты қала­сы анти­рей­тинг­те тұрақты жағ­дай­ла­рын көр­сет­ті. Осы аймақтар­дағы кезек­те тұрған аза­мат­тар саны Аста­на қала­сын­дағы сан­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да төмен. Мұны ауыл халқы­ның басым­ды­ғы­мен және әле­умет­тік бас­па­на­ны алу үшін әкім­шілік кедер­гілер­дің бары­мен байланысты.

Қаза­қстан аймақта­рын­дағы әле­умет­тік бас­па­на кезе­гін­де тұрған аза­мат­тар саны тура­лы ақпа­рат­ты алу ағым­дағы жыл­дың 30, 31 қаңта­рын­да облы­стық әкім­дік­тер­ге хат жол­дау арқы­лы жүр­гізіл­ді. Қазір­гі заң­на­ма  сәй­кес сұра­с­ты­ры­лған ақпа­рат­ты 15 күн ішін­де беру қажет. Ал қозғалған мәсе­ле қосым­ша тал­да­уды қажет етсе, онда жау­ап бір ай ішін­де жау­ап беру қажет. Деген­мен­де, Заң талап­та­ры­на сай 16 әкім­дік­тің тек 9‑ы ғана уақы­ты­лы жау­ап қай­тар­ды. Сөй­тіп, аза­мат­тық қоғам алдын­да әкім­дік­тер­дің ашы­қты­ғы бой­ын­ша «жасыл» тізім­ге мына­дай облы­стар кір­ді: Қоста­най, Аты­рау, Қараған­ды, Ақтө­бе, Сол­түстік Қаза­қстан, Ақмо­ла (атал­мыш аймақтар хатқа 15 күн ішін­де жау­ап қай­тар­ды), Алма­ты қала­сы мен Алма­ты, Оңтүстік Қаза­қстан (30 күн ішін­де).

Ақпа­рат­тың толы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету үшін «Рейтинг.kz» зерт­теу агент­ті­гінің қыз­мет­кер­лері тиісті ақпа­рат­ты басқа әкім­дік­тер­ден алу­мен бол­ды. Сөй­тіп, «сары» тізім­ге Шығыс Қаза­қстан, Батыс Қаза­қстан, Жам­был облы­ста­ры мен Аста­на қала­сы енді (сау­ал жау­а­бын кешік­тір­ген­дер тобы).

Үздіксіз қоңы­ра­у­ларға қара­ма­стан, тиісті сау­алға жау­ап­ты бер­ме­ген аймақтар «қызыл» тізім­ге енді. Олар: Маңғы­стау, Пав­ло­дар, Қызы­лор­да облы­ста­ры. Үш ай бойы Маңғы­стау мен Пав­ло­дар облы­ста­ры­ның жау­ап­ты қыз­мет­кер­лері уәде айту­мен бол­са, Қызы­лор­да облы­сы­ның жау­ап­ты қыз­мет­кер­лері сөй­ле­су­ден жал­та­рып отыр­ды. Бұл әкім­дік­тер­дің үкі­мет­тік емес ұйым­дар сау­ал­да­ры­на деген қаты­на­сы. Бұдан қара­пай­ым халы­қтың сау­ал­да­ры­на деген қарым-қаты­на­сы­ның қан­дай екенін бай­қа­уға болады.

Қоры­тын­ды­лар мен ұсыныстар

Мем­ле­кет­тік тұрғын үй қоры­нан кезек­те тұрған әле­умет­тік бас­па­наға үміт­ті халық саны мен тұрғын үй құры­лы­сы­ның салу қарқы­ны­на қара­ма­стан, орта мерзім­ді уақыт­та оң дина­ми­ка­ның орын алуы екіта­лай. Осы мәсе­лені түбе­гей­лі жақ­сар­ту үшін бағ­дар­ла­маға мына­дай өзгерістер­ді енгі­зу керек.

Бірін­ші сце­на­рий. Әле­умет­тік бас­па­на құры­лыс қарқы­нын арт­ты­руға бағыт­талған салаға инве­сти­ция көле­мін ұлғайту.

Екін­ші сце­на­рий. Әле­умет­тік бас­па­наға үміт­кер­лер кате­го­рия тізі­мін қысқар­ту неме­се бағ­дар­ла­ма­ны бір­тін­деп тоқта­ту. Соны­мен қатар: Мем­ле­кет­тік тұрғын үй қоры­нан бөлі­нетін бас­па­на­ны алу кезе­гін элек­трон­дық жүй­е­ге ауы­сты­ру (бала-бақ­шаға кезек­ке тұру үлгісі­мен).

Қала­лық және облы­стық әкім­дер­дің жұмыс сапа­сын айқын­дай­тын сипатта­ма­лар саны­на «әле­умет­тік бас­па­наға мұқтаж аза­мат­тар­дың қажет­тілік­терін қанағат­тан­ды­ру» өлше­мін енгізу.

 

Қызыл түспен боя­лған­дар ақпа­рат­ты бер­ме­ген әкім­дік­тер болып табы­ла­ды. Қызы­лор­да мен Пав­ло­дар облы­ста­рын­дағы ақпа­рат ресми сайт­тар­дан алын­ды. Маңғы­стау облы­сы бой­ын­ша ақпа­рат табылмады.

 

Источ­ник: Рейтинг.kz агент­ті­гі

Ори­ги­нал статьи — 

Аста­на­да бас­па­наға қол­жет­кі­зу қиын

архивные статьи по теме

Бывший помощник Трампа Феликс Сатер проиграл суд по делу об отмывании денег

Editor

Публичное обозначение нынешних и бывших должностных лиц иностранных правительств в связи с причастностью к грубым нарушениям прав человека в соответствии с разделом 7031 © Закона о Государственном департаменте, иностранных операциях и связанных с ними программах

Editor

Кремль одобрил Тимура в Акорду?

Editor