12 октября, 2024
Image default

Қос биліктен туындаған саяси шиеленіс қайда алып барады?

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз еркі­мен пре­зи­дент­тік­тен бас тар­тқа­ны­мен билік­тен бас тарт­паға­ны бар­шаға аян. Ол ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын өрес­кел бұза оты­рып өз Пар­ла­мен­тіне   Қаза­қстан билі­гін өмір бойы уысы­нан шығар­мауға мүм­кін­дік беретін бір­не­ше заң­дар шығар­тып алды. 

Оның билі­гін ұстап тұрған негіз­гі күш­тер­дің бірі — ҚР Қауіп­сіздік кеңесі, екін­шісі- “Нұр Отан” пар­ти­я­сы. Ал Елба­сы өмір бойы басқа­ра­тын Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның сая­си сал­мағы айтар­лы­қтай емес. 

Кон­сти­ту­ци­я­ны бұзу  мәсе­лесіне келетін бол­сақ, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 40-бабы­ның 1- тар­мағы бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті — мем­ле­кет­тің бас­шы­сы және Қаза­қстан­ның аты­нан өкіл­дік ететін ең жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға.

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 44-бабы­ның 1‑абзацының 20- тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес ҚР Пре­зи­ден­ті Қауіп­сіздік Кеңесін және өзге де кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган­дар­ды, сон­дай-ақ Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы мен Жоға­ры Сот Кеңесін құра­ды. Демек, ҚР Қауіп­сіздік кеңесі Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган.

Соған қара­ма­стан ҚР “Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы” заңы бой­ын­ша Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Кеңе­сті өмір бойы басқа­ра­ды. Ең сорақы­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өмір бойы басқа­ра­тын ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің құра­мы­на ҚР Пре­зи­ден­ті, ҚР Пар­ла­мент Сена­ты­ның және Мәжілісінің төраға­ла­ры,  ҚР Пре­мьер-мини­стрі, ҚР Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің бас­шы­сы, ҚР Бас про­ку­ро­ры, ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төраға­сы, ҚР Сыр­тқы істер мини­стрі, ҚР Қорға­ныс мини­стрі, ҚР Ішкі істер мини­стрі, ҚР “Сыр­бар” сыр­тқы бар­лау қыз­меті және басқа­лар кіреді. Былай­ша айтқан­да аталған заң бой­ын­ша Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тан бастап бар­лық билік тар­мақта­ры мен күштік құры­лым­дар бас­шы­ла­ры­на өз бұй­ры­ғын орын­да­та алады.

ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы бой­ын­ша мем­ле­кет­те­гі ең жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға — ҚР Пре­зи­ден­ті, яғни Қасым-Жомарт Тоқа­ев бол­са, ҚР “Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы” заңы бой­ын­ша Қаза­қстан­дағы ең жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға — ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы, яғни Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев болып шығады. 

Ал Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өмір бойы басқа­ра­тын “Нұр Отан” пар­ти­я­сы тек ҚР Пар­ла­мен­тін­де зор басым­ды­лы­ққа ие ғана емес, бар­лық дең­гей­де­гі мәс­ли­хат депу­тат­та­рын сай­лап, ашса алақа­нын­да, жұм­са жұды­ры­ғын­да ұстап отыр.

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды, Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік­тен бас тар­ту алдын­да заң­сыз заң­дар шыға­ру арқы­лы ҚР Пре­зи­ден­тінің кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­ры мен мәр­те­бе­леріне қол сұқты. Ол осы әре­кеті­мен пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қол-аяғын толы­қтай бай­лап-матап, қан­дай да бір әре­кет­ке бара алмай­тын­дай етті. Осы­лай­ша Қаза­қстан­да кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лым бұзы­лып, қос билік орын алып отыр.

Қазір­гі қалып­тасқан қос билік­тің орна­уы елі­міздің бола­шағы­на үлкен қауіп төн­діруі мүм­кін. Тарихқа көз жібер­сек қос үкі­мет, қос билік­тің ғұмы­ры ұза­ққа созы­лған емес және халы­ққа бер­ген пай­да­сы да шама­лы. Қаза­қстан­дағы қос билік неғұр­лым ұзақ тұрған сай­ын елдің, мем­ле­кет­тің, ұлт­тың бола­шағы­на соғұр­лым қауіп төнуі мүмкін.

Ішкі сая­сат жағ­дай­ы­на келер бол­сақ, халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы құл­ды­рап, билік­ке деген нара­зы­лы­ғы күшейе түсу­де. Ал қос билік ара­сын­дағы шие­леніс дәл бүгін айқын көрініс тап­паға­ны­мен алдағы уақыт­та, мүм­кін, бір­не­ше айлар­дың ішін­де кла­на­ра­лық, ірі лау­а­зым­ды тұлға­лар ара­лық тай­та­ласқа, бақта­ласқа алып баруы ғажап емес. Ол кез­де билік басын­дағы клан­дар мен билік өкіл­дерінің халы­қтың жағ­дай­ын ойлап, қан­дай да бір сая­си, эко­но­ми­ка­лық, яки әле­умет­тік рефор­ма жүр­гізу­ге мүм­кін­ді­гі не құлқы бол­май­ды. Бұл жағ­дай­да елдің ішкі тыны­шты­ғын сақтап тұру да мүм­кін емес деген ойдамын.

Сыр­тқы сая­сат­та, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ең алды­мен Қытай елі­мен жақын қарым-қаты­на­ста болу­ды көз­дей­ді, осы уақы­тқа дей­ін ол қытай мүд­десіне жұмыс жасап келе жатқан­дай әсер қал­ды­ра­ды. Ресей­дің ықпа­лы­нан да шыға алмай­ды. Ол билік құрған уақыт­та Қытай елінің Қаза­қстанға деген ықпа­лы, экс­пан­си­я­сы бәсеңдемейді.

Ал пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қытай еліне емес, АҚШ-қа арқа сүй­е­гісі келетінін бір­не­ше рет бай­қат­ты. Қаза­қстан АҚШ-қа жақын­даған сай­ын Ресей­ден алы­стай­ты­ны да бар. Пре­зи­дент­тің Ресей атом электр стан­ци­я­сын салу мәсе­лесін халы­қ­пен ақыл­да­су сыл­та­уы­мен кей­ін­ге қал­ды­рғы­сы кел­гені де содан бол­са керек.

Бұл бір-біріне қара­ма қай­шы екі ұста­ным, екі мақ­сат алдағы уақыт­та Елба­сы мен Пре­зи­дент ара­сын­дағы салқын­ды­ққа алып баруы мүм­кін. Оның қан­ша­лы­қты терең­дей­тіні Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си ерік-жігері мен тәу­е­келіне бай­ла­ны­сты. Егер ол “қуыр­шақ” пре­зи­дент қал­пын­да қала бер­гісі кел­се, әрине қат­ты қай­ы­ры­мға, сая­си рефор­ма­ларға бар­май­ды. Онда Назар­ба­ев-Мәсі­мов билі­гі үстем­дік құрып, Қытай­дың Қаза­қстанға ықпа­лы одан әрі күшейе береді, халық тұр­мысы нашар­лай береді. 

Ал егер Қасым-Жомарт Тоқа­ев әділет­сіз сай­ла­удың нәти­же­сін­де қол жет­кіз­се де пре­зи­дент ретін­де өзінің кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы мен құзіретін пай­да­ла­нып, пре­зи­дент­тік крес­ло­да ұза­ғы­рақ оты­рғы­сы кел­се, нақты әрі батыл қадам­дарға баруы керек. 

Президент Тоқаев халыққа бет бұра ма?

Иә, Қасым-Жомарт Тоқа­ев “қуыр­шақ” пре­зи­дент­тік­ті қанағат тұтып, батыл қада­мға барғы­сы кел­ме­се әңгі­ме қысқа. Ал егер ол өз қолы­на тиген билік­ті ұстап қалғы­сы кел­се, ең алды­мен халы­қтың сені­мі мен қол­да­уы­на ие болуы тиіс-ақ. Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың билі­гін ұстап тұру­шы негіз­гі тұлға­лар Кәрім Мәсі­мов пен Қал­мұ­хам­бет Қасы­мов бол­са керек. Ал ҚР Қорға­ныс мини­стрі  Нұр­лан Ермек­ба­ев­тың Кәрім Мәсі­мо­втың ең сенім­ді ада­мы екені тура­лы осы­ған дей­ін де айтқанмын.

Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның басым бөлі­гі мен қос пала­та­ның бас­шы­ла­рын да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев басқа­ра­тын “Нұр Отан” пар­ти­я­сы­ның құра­мын­да екенін ескер­сек, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың жағ­дай­ы­ның қан­ша­лы­қты күр­делі екені айт­па­са да түсінікті.

Десек те, Қасым-Жомарт Тоқа­ев пре­зи­дент­тік крес­ло­да ұза­ғы­нақ оты­руға дәмелі бол­са қан­дай нақты қада­мға баруы тиіс?

Мәсе­лен, ол Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, Кәрім Мәсі­мов, Қал­мұ­хан­бет Қасы­мо­втарға төтеп беру үшін тек Қырым­бек Көшер­ба­ев­пен шек­тел­мей, ең алды­мен ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға бей-жәй қара­май­тын, баты­стық Иманға­ли Тасмағам­бе­тов­пен, Арыс оқиға­сын­да едәуір елдің ішін жылы­тқан оңтүстік­тік Өмір­зақ Шүке­ев­пен бірі­гу­ге әре­кет етуі тиіс-ау дей­мін. Тара­зы басы пре­зи­дент­ке ауа бас­та­са билік­тен зор дәмесі бар орта­лы­қтық Нұр­лан Нығ­ма­тул­лин де оның коман­да­сы­на кіруі бек мүмкін.

Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша ҚР Пре­зи­ден­ті өз жар­лы­ғы­мен кез-кел­ген дең­гей­де­гі кадр мәсе­лесін шешу­ге құқы­лы. Қасым-Жомарт Тоқа­ев өз жар­лы­ғы­мен Кәрім Мәсі­мо­вты Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің бас­шы­лы­ғы­нан алып тастай ала­ды, тіп­ті Қауіп­сіздік кеңе­сті де тара­та ала­ды. Ол үшін тек сая­си ерік-жігер, тәу­е­кел­дік және қоғам­ның қол­да­уы керек. 

Иә, шыны­мен, халық сені­міне кіріп, қоғам­ның қол­да­уы­на ие болғы­сы кел­се Қасым-Жомарт Тоқа­ев  халы­ққа қарай бет бұрып, әде­мі сөз­бен халы­қты алда­уға емес,  “мен рефор­ма­тор­мын”,- деп өзі айтқан­дай шынайы сая­си рефор­ма жаса­уы тиіс.

Саяси реформа неден басталуы керек?

Пар­ла­мент депу­тат­та­ры билік­тің өзі құрып, өзі қол­дап оты­ра­тын үш-төрт пар­ти­я­ның өкіл­дері­нен ғана құра­ла­тын бол­са, онда ешқан­дай өзгеріс те, рефор­ма да бол­май­ды. Пар­ла­мент­ті тек қағаз­да ғана емес, өмір­де де өкіл­ді орган ретін­де қалып­та­сты­рып, Пре­зи­дент­тің хат­шы­лы­ғы дең­гей­і­нен халы­қтың үні дәре­же­сіне көте­ру керек. Бұл үшін әрине ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на өзгерістер енгізілуі керек. 

Сая­си рефор­ма­ның басы ҚР “Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы”, ҚР “Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пар­ла­мен­ті және оның депу­тат­та­ры­ның мәр­те­бесі тура­лы” заң­да­рын өзгер­тіп, халық қол­дай­тын жаңа пар­ти­я­лар­дың өмір­ге келуіне және ел қол­дай­тын,  халы­қтың үнін биік тұғыр­дан естір­тетін, бұқа­ра іші­нен шыққан, оның сені­міне ие болған қоғам бел­сен­ділері мен қоғам­дық көш­бас­шы­лар­дың бір ман­дат­тық сай­лау нәти­же­сін­де Пар­ла­мент төрі­нен орын алуы­на   жол ашуы тиіс.

ҚР “Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы” заңы өзгеріп, жер­гілік­ті әкім­дер­ді, әсіре­се ауыл мен аудан әкім­дерін халық сай­лай­тын ету керек.

Халық өз нара­зы­лы­ғын қуғын-сүр­гін­сіз, қуда­лау­сыз көше­лер­де, алаң­дар­да біл­діру­ге мүм­кін­дік алға­ны дұрыс. Былай­ша айтқан­да сая­си рефор­ма сан сала­лы және көп саты­лы болуы мүм­кін. Ең басты­сы  халық пен билік ара­сын­да шынайы диа­лог орнап, халық пікірі­мен, тала­бы­мен сана­са­тын дәре­же­ге жетуі тиіс. Бұл тұста пре­зи­дент құрғы­сы келіп оты­рған Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесі халы­ққа қарай бет­бұры­стың алға­шқы қада­мы болуы мүм­кін. Тек оның жұмысы халы­қтың көңілі­нен шығуы шарт. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамның сеніміне кіре ала ма?

Кеңе­стер одағы­ның құр­са­уы­нан шығып, дер­бес ел болға­лы бері де 6–7 кеңес құры­лып, демо­кра­ти­я­лық жолға бастай­ды деген кеңе­стің де түк бітір­ме­генін ел ұмы­тқан жоқ. Егер бұл кеңес те Жер комис­си­я­сы­ның аяғын құшып, көз алдау бол­са бұқа­ра­ның билік­ке деген сені­мі емес, ыза­сы­ның арта түсері анық. Онсыз да оты ойнап, қаза­ны қай­нап, ашуын кім­нен ала­рын біл­мей оты­рған халы­қты одан әрі ашын­ды­ра беру пре­зи­дент­ке керек емес, әрине.

Бұл тұста аты айтып тұрған­дай аталған жиын шыны­мен қоғам­ның сені­міне ие болу үшін құры­лған бол­са ең алды­мен оның құра­мы­на халы­қтың өзі ұсы­нған аза­мат­та­ры кіруі тиіс. Екін­ші­ден, ол халы­қтың талап-тіле­гін орын­да­уға күш салға­ны ләзім. Атап айтқан­да сая­си қуғын көріп, түр­ме­ге жабы­лған аза­мат­тарға бостан­дық беру кеңе­стің алға­шқы жетісті­гі болар еді.

Жеке пікірім, ұста­ны­мым бой­ын­ша билік басын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Кәрім Мәсі­мов оты­рған­да ешқан­дай сая­си рефор­ма да, өзгеріс те бол­мақ емес. Ең басты­сы ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жер­лерін шетел­дік­тер­ге, оның ішін­де қытай ком­па­ни­я­ла­ры­на, жеке тұлға­ла­ры­на сату, жалға беру тоқтал­мақ емес. Қытай елінің эко­ло­ги­я­ны бұза­тын түр­лі зауыт­та­ры­ның елі­міз­ге орын тебуі, кең етек жай­ған жемқор­лық тоқтал­мақ емес. Бұл мем­ле­кет үшін де, ұлт үшін де зор қауіп, орас­ан зауал.

Сон­ды­қтан, сол еке­уін бар­лық бас­шы­лық лау­а­зым­нан алып, билік­ке, ел басқа­руға ықпал ете алмай­тын­дай ету үшін бар­лық әре­кет­тер­ге бару керек деп ойлай­мын. Осы тұста егер пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев шыны­мен халы­ққа бет бұрып, шынайы сая­си рефор­ма бастағы­сы кел­се, оны істеу үшін  халы­ққа арқа сүй­е­уді мақ­сат етсе, халық оған қол­да­у­шы, қорға­у­шы болуы тиіс деп есеп­тей­мін. Бірақ, оған пре­зи­дент­тің тәу­е­келі жете ме, жоқ па белгісіз. 

“Алаш жолы” жалпыхалықтық қозғалысы қайда қозғалуы керек?

Шыны­мен де Қасым-Жомарт  Тоқа­ев халық сені­мі үшін күресіп, шынайы сая­си рефор­ма жаса­уға бет бұр­са, жоға­ры­да айты­лған­дай жаңа, ел сені­міне ие бола­тын сая­си ұйым­дар мен пар­ти­я­лар құры­луы тиіс.

Ел басы­на күн туып,  ұлт ретін­де жой­ы­лу қау­пі туған кез­де ұлт­шыл­ды­қтың кең өріс алып, ұлт­ты сақтап қалу үшін күре­стің күшейе түсетіні, ұлт­шыл­ды­қтың өркен­деп, дамуы табиғи құбылыс.

Қазір­гі уақыт­та қазақ ұлты­ның басы­на қара бұлт үйіріліп, қазақ тілі өгей тіл­ге айна­лып, үш тіл­ділік ұран болып жатқан кез­де, жері­міз жат­тың қолы­на кетіп, тұта­сты­ғы­на қауіп төн­ген кез­де, ұлт­тық өнер, тәлім-тәр­бие, мәде­ни­ет жой­қын соққы­ға ұшы­рап, есін жима­стай есең­гіре­ген кез­де қазақ елін­де ұлт­шыл­дық дамуы тиіс.

Әрине, ол ұлт­шыл­дық озбыр­лық, басқа ұлт­тар­ды кем­сіту, төмен­де­ту үшін емес, өзінің табиғи бол­мысын, ұлт­тық мүд­десі мен құн­ды­лы­ғын сақтап қалу үшін жан­та­ласқан, қорға­ну­шы ұлт­шыл­ды­қтың бола­ты­ны сөзсіз.

Осы тұста бар­лық ұлт­шыл күш­тер­дің басын қосып, жалған, жағым­паз ұлт­шыл­дар­дың емес, шынайы ұлт үшін, ұлт мүд­десі үшін күре­сетін нағыз ұлт­шыл күш­тер­дің басын бірік­ті­ру, бір ұйы­мға топ­та­сты­ру­дың қажет­тілі­гі туын­дап отыр.

Сонау 2013 жылы құры­лған Қазақ ұлт­тық кеңесінің, 2016 жылы құры­лған “Алаш жолы” жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лы­сы­ның жалға­сы ретін­де “Алаш жолы” сая­си пар­ти­я­сын құру мақ­са­ты көп­тен көкей­де жүр. 

“Алаш жолы” пар­ти­я­сы “Жері­мізді сат­пай­мыз, тілі­мізді сақтай­мыз!”, “Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жер­лер қаза­қстан­ды­қтарға да, шетел­дік­тер­ге де сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­месін!”,- ұра­ны­мен Пар­ла­мент төрі­нен орын алса қазір­гі қалып­тасқан жер мәсе­лесін шешу­ге едәуір үлес қосар еді. 

Түйін

Қоры­та кел­ген­де, осы күн­ге дей­ін жер мәсе­лесі шешіл­ген жоқ. Қытай экс­пан­си­я­сы жалға­су­да, зауыт­та­ры жері­міз­ге келіп жатыр. Халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы күн­нен күн­ге нашар­лап бара­ды. Жемқор­лық күн санап өршіп бара­ды. Билік мем­ле­кет­ті басқа­руға дәр­мен­сіз екенін көр­сет­ті. Билік үшін таласқан шене­унік­тер халық жай­лы ойлай­тын емес.

Халы­қтың шыда­мы шегіне жет­ті.  Мақ­сат­сыз, ұйым­да­сты­ру­шы­сыз, сти­хи­я­лы көше­ге шығып, митинг өткі­зудің нәти­же бер­мей­тінін де біл­дік. Бұдан былай бұлай­ша өмір сүру­ге бол­май­ты­нын халық түсінді.

Тобы­қтай түй­ін, бүгін­гі күні халы­қтың алдын­да да, билік­тің алдын­да да екі жол, екі таң­дау тұр.

Бірін­ші жол, билік, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев сөзін­де тұрып, рефор­ма­тор екенін көр­сетіп, халы­ққа бет бұрып, шынайы рефор­ма­лар жасай­ды. Оның алға­шқы қада­мы ретін­де Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесі халық бел­сен­ділері­нен құра­лып, халық үшін нақты жұмыс жасай­ды. Одан әрі сол кеңес ұсы­нған рефор­ма­лар­ды, ұсы­ны­стар­ды жүзе­ге асырады.

Ал халық өзі сен­ген өкіл­дерін аталған кеңес­ке ұсы­нып, оларға қол­дау көр­се­те­ді, нақты ұсы­ны­сын айтып, олар­дың ұлт мүд­десі үшін жұмыс жаса­уын талап ете­ді. Бұл билік үшін де, халық үшін де шие­леніс, қақты­ғыс­сыз мәсе­лені өрке­ни­ет­ті шешудің жолы.

Екін­ші жол, Қасым-Жомарт Тоқа­ев “қуыр­шақ” пре­зи­дент болып қала береді. Халы­қтың мұң-зарын, тала­бын билік ескер­мей­ді, ешнәр­се өзгер­мей­ді. Ол кез­де халық өз нара­зы­лы­ғын, тала­бын алаң­да көр­се­те­ді. Ол кез­де “қақты­ғыс бола­ды, қан төгіледі”,-деген уәж, сыл­та­у­лар жүр­мей­ді. Ғасыр­лар бойы еркін­дік пен жері үшін күресіп, қанын төгіп келе жатқан қазақ бала­сы аттан­дап алаңға шыға­ды, өз тала­бын билік­ке орындатады.

Менің ойым­ша бұдан басқа жол жоқ. Ұлт мүд­десі, ел бола­шағы үшін нақты қадам, нағыз әре­кет­ке бара­тын кез кел­ді деп есептеймін.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қай жол­ды таң­дай­ты­ны тамыз айын­да  Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің алға­шқы оты­ры­сын­да бел­гілі болып қала­ды деп ойлай­мын. Егер, ол “қуыр­шақ” пре­зи­дент болып қала беру жолын таң­да­са, халық билік жүй­есін күшпен өзгер­ту шара­ла­рын баста­уға құқылы.

Мақ­сат Іли­ясұ­лы, “Алаш жолы” жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лы­сы­ның жетекшісі

архивные статьи по теме

Финансовый рейтинг футбольных клубов Казахстана

Editor

Господин президент, мы ждем ответа!

Уральск передал эстафету Таразу