23 C
Астана
24 июня, 2025
Image default

«Қанша Ленин, қанша Сталин келсе де бұл ғылымға әмірін жүргізе алмайды»

Мате­ма­ти­ка – күр­делі ғылым. Көбі­міз фор­му­ла мен есеп­ті, оның мәні мен қажет­тілі­гін түсіне бер­мей­міз. Бірақ ғылым­дар­дың пат­ша­сы атанған мате­ма­ти­ка расы­мен де өмірі­міздің әр сала­сын­да бір­ге жүреді екен. Сон­ды­қтан бұл ғылым­ды дамы­ту, сапа­лы кадр дай­ын­дау мем­ле­кет үшін де аса маңы­зды. Осы орай­да Лон­дон­да постд­ок­то­ран­ту­ра бой­ын­ша жұмыс істеп жүр­ген жас мате­ма­тик ғалым Болыс Сәбит­бек­пен бай­ла­ны­сып, мате­ма­ти­ка ғылы­мы­ның рөлі мен дина­ми­ка­сы тура­лы бір­не­ше сұрақ қойдық.

Ғарышты тастап, есепке келдім

Мен 2008 жылы әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің меха­ни­ка-мате­ма­ти­ка факуль­тетіне түстім. Сөй­тіп, меха­ни­ка бағы­тын­да, яғни мате­ма­ти­ка­ны физи­ка­мен бай­ла­ны­сты­ра­тын сала бой­ын­ша оқы­дым. Диплом алған соң «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен маги­стра­ту­ра оқу үшін АҚШ-қа жол тарт­тым. Ол кез­де Атлан­та­дағы Джор­джия тех­но­ло­ги­я­лық уни­вер­си­тетін­де ғарыш сала­сы бой­ын­ша білім алдым. Аталған бағы­тқа қызы­ққан себебім, Бай­қоңыр­да зымы­ран­дар ұшы­ра­тын. Ал оның қал­ды­қта­ры менің туып-өскен жері­ме, Арқа­лы­ққа түсетін. Сол көріністер мен ойлар менің ғары­шқа деген қызы­ғу­шы­лы­ғым­ды оят­ты. Осы­лай­ша 2 жыл оқып, Мар­сқа серік жібе­ру тақы­ры­бын­да ғылы­ми жұмыс жаздым.

Бұл былай, Мар­стың Фобос және Дей­мос атты екі табиғи сері­гі бар. Сол еке­уін фотоға түсіру­ге деген тал­пы­ны­стар сонау КСРО кезі­нен басталған. Ал менің тап­сыр­мам бір аппа­рат екі серік­ті де фотоға түсіретін­дей тра­ек­то­рия жасау бол­ды. Негізі­нен Мар­сқа ұшу үшін 7 ай керек. Баруың 7 ай, қай­туың 7 ай. Сон­дай қашы­қты­қты зерт­теп, нәти­же­сін­де қажет­ті кла­стер­лар тра­ек­то­ри­я­сын, екі серік­ті де фотоға түсірудің ама­лын тап­тық. Ол кез­дері 2021–2022 жылы Мар­сқа жол ашы­ла­ды, спут­ник­тер, серік­тер жібе­ре­міз деген жос­пар болға­ны бел­гілі. Алай­да пан­де­мия әсері­нен бұл ой іске аспай қалды.

Ғарыш сала­сын­да біраз зерт­те­улер жүр­гіз­сем де, кей­ін­нен мате­ма­ти­ка­лық модель­деу бой­ын­ша жұмыс істей баста­дым. Сол кез­де док­то­ран­ту­ра­ны мате­ма­ти­ка бой­ын­ша оқи­мын-ау деген ой пай­да бол­ды. Қаза­қстанға кел­ген­нен кей­ін әріп­тесім Дөр­бет­хан Сұраған мате­ма­ти­ка инсти­ту­ты­на жұмысқа шақыр­ды. Сон­да жүріп, док­то­ран­ту­раға оқуға түстім. Бұл жол­да маған ака­де­мик, мате­ма­ти­ка және мате­ма­ти­ка­лық модель­деу инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры Тыны­с­бек Шәрі­пұ­лы жетек­шілік етті. Екін­ші шетел­дік жетек­шім – Миха­ил Ружан­ский бол­са сол кез­де Imperial Colledge London-ның про­фес­со­ры еді. 3 жыл осы ғалым­дар­мен жұмыс істе­дім. 5 ғылы­ми мақа­ла­мыз жары­ққа шықты. Сөй­тіп жүр­ген­де 2019 жылы док­то­ран­ту­ра­ны аяқтап, бір­ден постд­ок­то­ран­ту­раға түстім. Дәл сол кез­де Лон­дон­нан да шақыр­ту кел­ді. Әлбет­те, өзім­нің оқу орным қар­сы болған жоқ. Сырт­та жұмыс істеп жүріп, мұн­дағы ғылы­ми жұмыста­рым­ды да атқа­ра беру­ге мүм­кін­дік туды. Осы­лай­ша, 2020 жылы интер­вью­дан өтіп, шақыр­ту алып, біраз қағаз­дар­ды рет­теп қой­дым да күт­тім. Өйт­кені құжат­тар­ды жинап, жолға дай­ын­да­ла бер­ген­де каран­тин баста­лып кет­ті. Артын­ша, шіл­де­де авиа­жол ашы­лып, Лон­донға ұшып бар­дым да, тамы­здан бастап жұмысқа кірістім. Екі жыл Миха­ил Ружан­ский­дің жоба­сын­да жүр­дім, одан соң ита­лян­дық Кла­удия Гарет­то­мен жұмыс істеп келе­мін. Ол мені өз жоба­сын­да жұмыс істе­у­ге арнайы шақы­рған. Қазір алды­мы­здағы бағыт пен тақы­рып­тар санқилы.

Маги­стра­ту­ра мен постд­ок­то­ран­ту­ра­ны сырт­та оқып жүріп бай­қаға­ным, Қаза­қстан­да әлі де толық ашыл­маған мате­ма­ти­ка сала­ла­ры бар­шы­лық. Мәсе­лен, диф­фе­рен­ци­ал­дық тең­де­удің эллип­ти­ка­лық, пара­бо­ли­ка­лық, гипер­бо­ли­ка­лық түр­лері. Бұл күр­делі бағыт­тар­мен айна­лы­са­тын­дар сирек. Бірақ мүл­де жоқ деп айтуға да бол­мас. Мыса­лы, Новье-Стокс деген тең­деу бар. Оны адам­дар 300 жыл­дан бері шыға­ра алмай келе жатыр. 2014 жылы мате­ма­тик Мұх­тар­бай Өтел­бай сол есеп­ті шығар­дым деп сүй­ін­ші сұрап, бәрі­міз қуан­дық. Бірақ арты­нан қатесі табыл­ды. Десек те, мұн­дай күр­делі есеп­тің шеші­мін ізде­удің өзі – үлкен дең­гей. Ол кісі 30 жыл өмірін сол есеп­ке арнаған. Тіп­ті беріл­гені сон­ша, басқа нәр­се­лер­ге мән бер­ме­стен, үстел алдын­да оты­ра береді. Бала­ла­ры ама­лы қал­маған­да есеп шығар­ма­сын деп қағаз, қалам­да­рын тығып тастай­ды екен. Және Мұх­тар­бай аға есеп­ті шығарған соң тек­сер­мей біраз жүретін көрі­неді. Себебі қатесін тап­сам, көңіл күй­ім түсіп кете­ді деп әзіл­деп оты­ра­ды. Бұдан бөлек, елі­міз­де­гі алгеб­ра­да да қозға­лыс, жетістік бар. Әсіре­се Асқар Жұма­діл­да­ев пен Уәлі­бай Өмір­ба­ев­ты атап айтқан жөн. Уәлі­бай аға қазірА­ме­ри­ка­да. Ол бір мате­ма­ти­ка­лық мәсе­лені тап­ты да, соның арқа­сын­да Шым­кент­те жүр­ген жері­нен Аме­ри­ка­дан бірақ шықты.

Математика мен формулалар және күнделікті өмір

«Мате­ма­ти­ка­ны дамы­ту, бұл ғылы­мға ақша бөлу, ғұмы­ры­ң­ды арнау мән­ді ме? Сол фор­му­ла­лар мен сан­дар күн­делік­ті өмір сапа­сы­на қан­ша­лы­қты әсер ете­ді? Біз­ге не пай­да­сы бар?» деген сұрақтар жиі қой­ы­лып жата­ды. Иә, көп­шілік біздің күн­делік­ті өмірі­міз бен өндірістің бәрі дер­лік мате­ма­ти­ка­дан құра­ла­ты­нын аңға­ра бер­мей­ді. Мәсе­лен, кәдуіл­гі бан­ко­мат­тар­ды алып қарай­ық. Бан­ко­мат­тар­дың ішін­де жүріп жатқан функ­ци­я­лар 19 ғасыр­дағы мате­ма­ти­ка­ның жемісі. Осы­дан-ақ түсіне беріңіз. Ондағы тран­зак­ци­я­лар­ды жасау үшін өте қара­пай­ым мате­ма­ти­ка қол­да­ны­ла­ды. Оған қоса, ұялы теле­фон­дағы жүй­е­лер де мате­ма­ти­ка­дағы қара­пай­ым қағи­да­лар­дың жемісі. Мыса­лы, әле­умет­тік желілер­де күн­делік­ті қол­да­нып жүр­ген бет-әлпет­ті әрлей­тін филь­тр­лер, инста­грам­дағы мас­ка­лар мате­ма­ти­ка­дағы кон­во­лю­ция деп ата­ла­тын функ­ци­о­нал­ды ана­л­из­дің опе­ра­ци­я­сы. Ол да баяғы фор­му­ла­лар, бұры­нғы математика.

Неге бұлай дей­сіз ғой? Себебі мате­ма­ти­ка табиға­ты­нан сон­дай ғылым, ол 100 жылға алға кетіп қалған. Ал өзге ғылым сала­ла­ры мен ғалым­дар оны кеш­теу түсініп, сәй­кесін­ше кеші­гіп қол­да­на­ды. Көбіне-көп біз қазір­гі есеп­тер­ді қазір қоры­тып, қол­да­нуға қауқар­сыз­быз. Ол бәл­кім 20–30 жыл­да ашы­ла­тын шығар, одан ұзақ болуы да ғажап емес. Демек, адам­зат мате­ма­ти­ка­мен салы­сты­рған­да қысқа, саяз ойла­на­ды. Ал мате­ма­ти­ка ұзақ пер­спек­ти­ва­ны бағам­дап, бәрін алы­стан болжай­ды. Сон­ды­қтан да «қазір ақша бөл­мей­міз, себебі қазір нәти­же көр­мей­міз, қажеті жоқ» деген ойлар болуы мүм­кін. Бірақ жыл­дар өткен­де дең­гей­і­міз бен мүм­кін­шілі­гі­міз көп нәр­се­ге жет­пей­ді де, содан келіп ғылы­мға кезін­де көңіл бөліп, дамы­тқан елдер­ден олар­дың жетісті­гін сатып ала­мыз. Мұн­дай мысал­дар өте көп. Бірақ ұмыт­пау керек, ғылым өзі­міздікі бол­ма­са, оны өзің құрып, ұзақ жыл­дар қалып­та­стыр­ма­саң, тау­ар секіл­ді сатып ала алмайсың.

Мате­ма­ти­ка­дағы тағы бір қызық нәр­се – үлкен сан­дар заңы. Сіз моне­та­ны лақты­рған­да бір­де оң беті, бір­де теріс жағы түседі. Қалай лақты­рған­да қай беті шыға­ты­нын біл­мей­сіз. Бірақ сіз 100 рет лақтыр­саңыз, ықти­мал­ды­лық бой­ын­ша жар­ты­сы оң, қалған жар­ты­сы теріс шыға­ды. Демек, көп лақты­рған сай­ын, сіз­ге қажет бет­тің шығу мүм­кін­ді­гі де көбей­еді. Яғни мате­ма­ти­ка заңы бой­ын­ша сан үлкен болған сай­ын шын­ды­ққа келе бастай­сың. Мыса­лы, қара­пай­ым өмір­де де көп пікір тың­даған сай­ын, саған керек пікір­ді есту­ге ықти­мал­ды­лық жоға­ры­лай­ды. Сол секіл­ді ақпа­рат көп, көзқа­рас­тар әртүр­лі болған сай­ын шын­ды­ққа жақын­дай­сың. Ал егер бір-екі ғана көзқа­рас бол­са, дұры­сы қай­сы, қатесі қай­сы – ажы­ра­та да алмай­сың. Бұл мате­ма­ти­ка­лық тұрғы­дан дәлел­ден­ген тео­ре­ма. Тағы Эйн­штейн есебін – қара құр­дым­ды алып қарай­ық. Оны физик­тер ғары­шқа ұшып, сон­да барып өлшей алмай­ды ғой. Ал мате­ма­ти­ка­лық есеп­те­улер арқы­лы осын­дай бел­гісіз нәр­се­лер­ді аны­қта­уға мүм­кін­дік бар. Әрі бұл арзан шыға­ды. Өйт­кені мате­ма­тиктер­ге көп ресурс, ақша қажет емес. Қағаз бен қалам бол­са болға­ны. Және қиял керек. Мәсе­лен, адам­зат XV ғасыр­да жер­дің ради­у­сын қалай­ша тура есеп­те­ген? Ешкім оны алып, жүріп өлше­ген жоқ қой. Бұл нәр­сені мате­ма­тиктер оты­рып, қағаз­бен-ақ шеш­кен. Дәл осы­лай сәу­ленің жыл­дам­ды­ғын да есеп­те­ген. Мұн­дай ауқым­ды нәр­се­лер­ді біз көр­мей­міз, бірақ фор­му­ла­лар көреді. Осы сияқты мате­ма­ти­ка көп сала­да көп­шілік ойла­маған жер­лер­де қол­да­ны­ла­ды. Мате­ма­ти­ка бар­лық сала­да ең фун­да­мен­тал­ды бөлік.

Фор­му­ла­лар­ды өмір­де, өндірі­сте қол­да­ну­дан бөлек тағы бір аспект бар. Мәсе­ле есеп­те, шешім­де ғана емес. Про­це­стің өзі адам­ның миын қозғап, ана­ли­ти­ка­лық қабілет­тер­ді дамы­та­ды. Яғни мате­ма­ти­ка интел­лек­ту­ал­ды потен­ци­ал­ды арт­ты­ра­ды. Мына есеп пен фор­му­ла маған не үшін керек деген сөз расы­мен жиі айты­ла­ды. Шыны­мен де сол есеп­тің өзі саған керек бол­мауы мүм­кін. Бірақ про­цесс кезін­де­гі ойла­ну, шың­да­лу арқы­лы қалып­тасқан дағ­ды­лар­ды әкеліп басқа сала­лар­да қол­да­нуға әбден бола­ды. Мыса­лы, шешім қабыл­да­уда, сыни ойла­уды қалып­та­сты­ру­да. Ең қызы­ғы сол, мате­ма­ти­ка­да өтірік айта алмай­сың. Екі-үш ғасыр бұрын, мей­лі, мың ғасыр бұрын дұрыс болған есеп қазір де дұрыс. Оны өзгер­ту қан­дай жағ­дай­да да мүм­кін емес. Басқа сала­лар­да бір жаңа­лық бол­са, ол бес жыл­дан кей­ін, он жыл­дан кей­ін тағы жаңа­рып, өзге­руі бек мүм­кін. Мате­ма­ти­ка­да ондай жоқ. Бір­нәр­сені есеп­те­дің бе, ол мәң­гілік. Себебі онда логи­ка­лық заң­ды­лық бар. Бұл қатқан қағи­да­ның өзі интел­лек­ту­ал­ды санаға оң әсер етпей қоймайды.

Интригаға толы 7 есеп – мыңжылдықтар құпиясы

Мате­ма­ти­ка нақты ғылым болған­ды­қтан нақты шеші­мі табыл­маған есеп­тер­дің, фор­му­ла­лар­дың, тең­де­улер­дің болуы заң­ды. 1900 жылы Пари­жде­гі мате­ма­тиктер­дің халы­қа­ра­лық кон­гресін­де Дэвид Гиль­берт есім­ді мате­ма­тик сон­дай шеші­мі табыл­маған 23 есеп­ті жинақтап, ғылы­ми қауы­мға таны­стыр­ды. XX ғасыр бойы мате­ма­тиктер сол есеп­тер­дің шеші­мін ізде­умен бол­ды. Оның ішін­де 16-сы шешіліп, ғылы­мға үлкен өзгерістер әкел­ді. Кей­ін­нен 2000 жылы Clay мате­ма­ти­ка инсти­ту­ты «Мың­жыл­ды­қтар тап­сыр­ма­сы» деген атпен 7 күр­делі есеп­ті тізіп, әрбіріне 1 мил­ли­он дол­лар­дан сый­ақы тағай­ын­да­ды. Соның біре­уін, Пуан­ка­ре гипо­те­за­сын Гри­го­рий Перель­ман есім­ді мате­ма­тик шешті. Бұл қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, шар­ды, кез кел­ген денені бір нүк­те­ге әке­лу, яғни big bang тео­ри­я­сы­ның ана­ло­гы. Ал жоға­ры­да сөз болған Навье-Стокс тең­де­уі, су мен газ­дың жүрісін сипаттай­тын гид­ро­ди­на­ми­каға бай­ла­ны­сты есеп. Ұшақта тур­бу­лент­тілік бола­ды емес пе? Ол шай­қа­лу­дың аны­қта­ма­сын әлі ешкім айта алған жоқ. Егер Новье-Сток­сты шығар­сақ, тур­бу­лент­тілік орын алмай­тын ұшақ жаса­уға жол ашы­ла­ды. Қалған­да­ры – Янг-Миллс тео­ри­я­сы, P және NP кла­ста­ры­ның тепе-теңді­гі, Ходж гипо­те­за­сы, Риман гипо­те­за­сы, Бёрч – Свин­нер­тон-Дай­ер гипо­те­за­сы. Яғни 6 мил­ли­он дол­лар әлі орнын­да тұр. Ал Пуан­ка­рені шығарған ғалым ол сый­ақы­дан бас тар­тып, есеп­ті ақша үшін шешпе­генін мәлім­де­ген бола­тын. Бұл есеп­тер жай ғана қиял неме­се қағаз­дағы сапы­ры­лыс емес. Олар күн­делік­ті өмір сапа­сы­на өзгеріс әке­ле ала­тын­ды­қтан ғана интри­гаға толы болып отыр.

Қазақстанда академиялық еркіндік жоққа тән

Негізі­нен ғылым­ның бәрі баты­ста шоғыр­ланған. Себебі қара­пай­ым, онда ғылы­мға жағ­дай жасалған. Оның ең айқын мыса­лы мұн­да «academic freedom» деген заң бар. Яғни ака­де­ми­я­лық тәу­ел­сіздік. Ал Қаза­қстан­да осы нәр­се ақсап тұр. Мыса­лы, мұн­да бір маман жұмысқа асси­стент про­фес­сор болып кір­се, ол про­фес­сорға дей­ін өсе ала­ды. Ешкім­нің де оны жұмыстан шыға­руға құзы­реті жоқ. Ғалым қан­дай баста­ма көтер­се де, нен­дей идея айт­са да, зерт­те­уді қалай жаса­са да, оны ака­де­ми­я­лық тәу­ел­сіздік тура­лы заң қорғай­ды. Ере­же­ден тыс, ауыр сал­дар­ларға әке­летін неме­се эти­ка­лық нор­маға жат әре­кет­тер жасал­ма­са болға­ны. Расы­мен кей дүни­е­лер бел­гілі бір идео­ло­ги­я­ларға қар­сы болуы мүм­кін ғой. Мыса­лы, адам­дар әлем­ге ғылым көзі­мен емес, дін көзі­мен қараған кез­де Копер­ник­тің күн жер­ді емес, жер күн­ді айна­ла­ды дегенін қабыл­дай алма­ды. Оған ешкім сен­ген жоқ. Себебі ғылы­ми ойда тәу­ел­сіздік бол­ма­ды. Ал шын мәнін­де әлем­ге жан-жақты, әртүр­лі пер­спек­ти­ва­дан, сан қыр­лы приз­ма­мен қарау керек. Сон­да ғана жаңа­лы­қтар ашы­лып, даму бола­ды. Осы себеп­тен де ғылым­да қор­ша­у­лар, шек­те­улер бол­мау керек. Ал ғалым­дарға ака­де­ми­я­лық еркін­дік­ке кепіл­дік берілуі қажет.

Осы ака­де­ми­я­лық еркін­дік­тің ғылым­ның дамуы­на тіке­лей әсер ететінін дәлел­деу үшін бір қызық мысал кел­тірей­ін. КСРО кезін­де неге мате­ма­ти­ка мен физи­ка дамып кет­ті, ал басқа ғылым сала­ла­ры кен­же қалып қой­ды? Өйт­кені нақты ғылым сала­ла­рын­да ака­де­ми­я­лық еркін­дік бол­ды. Себебі қан­дай билік, қан­дай басқа­ру­шы бол­са да, мате­ма­ти­каға идео­ло­гия енгізіп, физи­ка­да про­па­ган­да жасай алмай­ды. Ең ақыл­ды адам­дар соны түсін­ді. Осы­лай­ша, шығар­ма­шы­лық еркін­дік нақты ғылым­дар­да ғана бол­ды. Билік­тің қолы­нан тек еврей­лер­ді жұмысқа алмау ғана кел­ді. Яғни салы­стыр­ма­лы түр­де мате­ма­ти­ка­да мықты­лар топ­та­сып, жұмысын істеп, зерт­те­улер жүр­гі­зе алды. Ал әле­умет­тік сала­лар мен гума­ни­тар­лық ғылым­дар­да жоға­ры­дан қан­дай нұсқау кел­се, соны­мен жұмыс істеу белең алды. Сызы­лған шека­ра­лар, атта­мау керек көк­жи­ек­тер бол­ды. Демек, ғалым ретін­де, маман ретін­де ештеңе ойлай алмай­сың. Ал мате­ма­ти­каға бұлай тұсау салу мүм­кін емес. Физи­каға да солай, мына есеп­тер­ді шығар­ма, мына фор­му­лаға жола­ма деп ешкім айта алмай­ды. Өйт­кені есеп­ті өздері түсін­бей­ді. Осын­дай да қызық бар. Қан­ша Ленин, қан­ша Ста­лин кел­се де бұл ғылы­мға әмір беріп, әсер ету мүм­кін емес.

Бізде ғылыми атмосфера қалыптаса қойған жоқ

Мей­лі, Қаза­қстан­да соңғы уақыт­та ғылы­мға көп көңіл бөлініп жатыр. Қар­жы­лай қол­дау да өскен. Қан­дай шу бол­са да, салаға бөлі­нетін бюд­жет­тің артқа­ны факт. Бірақ біз­де осы күн­ге дей­ін қар­жы аз болға­нын естен шығар­маған абзал. Сон­ды­қтан да бұған дей­ін мате­ма­ти­каға маман аз кел­ді, ешкім қызы­қ­па­ды, ал бар кадр­лар­дың сапа­сы тағы кере­мет емес. Әлбет­те, сол бұры­нғы база қазір­гі ғылы­мға да әсер ете­ді. Ал бүгін жұм­са­лып жатқан күш ертең нәти­же­сін бере­рі сөз­сіз. Және бар­лық мәсе­ле қар­жы­ға келіп тірел­мей­ді. Қан­ша ақша бөлін­гені­мен де, біз­де әлі күн­ге ғылы­ми атмо­сфе­ра қалып­тас­паған. Бұл не үшін маңы­зды? Себебі адам ғылы­мға тек табыс үшін кел­мей­ді. Соны түсініп алған дұрыс. Ғылым­ды жақ­сы көру керек, істе­ген ісің саған ұна­уы қажет. Егер, жалақы орта­ша дең­гей­де болып, ғылы­ми атмо­сфе­ра мен шығар­ма­шы­лық еркін­дік жақ­сы дамы­са, ғалы­мға бұдан артық ештеңе керек емес. Біз­де осы нәр­се­лер жетіс­пей­ді. Шетел­де­гі ғылым да ақша­ның көп­ті­гі­нен дамып жатқан жоқ. Мұн­дағы ғалым­дар­дың да табысы күн­делік­ті қалып­ты өмір­ге ғана жете­ді. Асып-тасып жатқан ештеңе­лері көрін­бей­ді. Олар­дың мақ­са­ты ақша емес, ғылым. Лон­дон­да Imperial College London, Kings College, University College London, Queen Mary University of London атты төрт негіз­гі ошақ бар. Олар ғылы­ми семи­нар­лар­ды үне­мі бір­ге өткі­зеді. Бір каби­нет­ке жина­ла­ды да, жаңа­дан кел­ген­дер­дің баян­да­ма­сын тың­дай­ды. Семестр сай­ын кез­де­су ұйым­да­сты­рып, соның арқа­сын­да әр сала өз алды­на бір-бірін танып, жұмыста­рын бақы­лап оты­ра­ды. Ресми кез­де­су­ден соң, бір­ге тамақта­ну сын­ды бей­ре­сми кез­де­су­лер жалға­са­ды. Онда маман­дар идея алма­са­ды, сұрақтар талқы­ла­на­ды. Демек, бір­те-бір­те үлкен, берік әле­умет­тік орта пай­да бола­ды. Ол өз кезе­гін­де ғылы­ми атмо­сфе­ра мен ғылым­ның дамуы­на үлкен сеп­ті­гін тигі­зері анық. Біз­де мұн­дай дәстүр кеңе­стік кезең­де болған. Қазір үзіліп қалды.

Біз­де қазақ мате­ма­ти­ка­сын­да, ғылы­мын­да үлкен буын бол­ды. Одан кей­ін келіп жатқан­дар біздің буын десек қате емес. Ал осы екі буын­ның орта­сы бос кеңістік, ара­да ешкім жоқ. Бәрі­міз­ге бел­гілі, кеңе­стік кезең­нен кей­ін тәу­ел­сіздік алған алға­шқы жыл­да­ры күн­көріс қамы, аш қал­маудың әре­кеті ғана жасал­ды. Ғылы­мға көңіл бөлін­бей кет­ті. Оның үстіне ақша да бол­ма­ды. Ғылы­мға кадр кел­мей, үрдіс үзілу­ге айналған шақтар­да қазір­гі инсти­тут дирек­то­ры Мах­мұд Сады­бе­ков сын­ды аға­ла­ры­мыз жастар­ды сыр­тқа жіберіп, оқы­ту керек, ғылы­мға жан біті­ру қажет деп жиі айта­тын. Бір ұрпақ көр­се, басқа­ла­ры ізі­нен жүре береді екен. Бірақ алға­шқы қадам әрдай­ым қиын. Алай­да соның арқа­сын­да қазір біздің жастар, мате­ма­тиктер әлем­нің түк­пір-түк­пірін­де жұмыс істей­ді. Олар баста­рын тік көтеріп жүре ала­ды, өздерін дәлел­деп, таны­ту­да. Ағы­л­шын­ша ойла­у­ға, ғылым­ды іші­нен тануға әбден бей­ім­дел­ген. Яғни дең­гей басқа. Осы­лай­ша, қаза­қтар ара­сын­дағы мате­ма­тик ғалым­дар­дың жаңа толқы­ны қалып­та­сып келеді.

Магистратура мен докторантураны оқытатындардың өзі өсу керек

Шетел­дер­де­гі ғылы­ми атмо­сфе­ра мен өмір сапа­сы үшін біраз адам елге орал­май неме­се ұзақ мерзім­ге қалып қоюы мүм­кін. Бірақ солай екен деп шетел­ге оқуға шыға­тын адам­дар­ды шек­тей алмай­мыз. Біре­уі қал­са, әйте­уір біре­уі қай­та­ды. Про­це­стен қоры­қ­пау керек. Онда оқып неме­се жұмыс істеп жүр­ген­дер басқа маман­дар­ды тар­та­ды, жәр­дем­де­седі. Мұны жаһан­дық алма­су про­цесі десек те бола­ды. «Локаль­но» ойлан­сақ, солай қалып қоямыз.

Жал­пы алған­да, Қаза­қстан­да бака­лавр­дағы білім салы­стыр­ма­лы түр­де жаман емес. Бірақ маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­ра­да осал­дау. Өйт­кені біз­де бака­лавр­дың бағ­дар­ла­ма­сын үйре­те ала­тын маман­дар бар да, ал маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­ра­дағы білім­ді бере ала­тын­дар жоқ. Шын мәнін­де, өздерінің де білі­мі жетіс­пей­ді. База әлі де әлсіз­деу секіл­ді. Себебі біз­де­гі алға­шқы маги­стр­лар мен док­тор­лар­дың өзі енді ес жиып, оң-солын танып жатыр. Олар­ды да кінәлай алмай­мыз. Заман ағы­мы солай болған шығар. Ал ака­де­ми­я­лық негізі мен эти­ка­сы мықты база енді қалып­та­са­ды деп үміт­те­не­міз. Деген­мен елде мате­ма­ти­ка ғылы­мы үзіліп қалып қой­ған жоқ. Біздің сала­да жүріп жатқан про­цесс, сер­піліс, дина­ми­ка бар. Әртүр­лі тар­мақтар игері­ле баста­ды, әлем­ге ашы­ла баста­дық. Жаңа­лы­қтар келіп жатыр. Мыса­лы, Бель­ги­яда көп қазақ маман­дар жұмыс істей­ді. Бұрын қаза­қтар өзі ақша төлеп, өзі жүгір­се, қазір жұмыс орын­да­ры бізді іздеп, шақы­рып, шығын­дар­ды толық өтеп жүр. Өсудің айқын көрінісі – осы. Сол сияқты Австра­ли­яда да мате­ма­тиктері­міз бен физик­тері­міз көп. Яғни мықты ғалым­дар бар, бірақ аздау. Олар әлі де көбе­юі керек. Бұл мате­ма­ти­ка­ның жағ­дайы. Бірақ жал­пы ғылым­ды алып қара­сақ, арт­та қалып келе жатқан сала­лар жетер­лік. Оның ішін­де жоға­ры­да айты­лған әле­умет­тік ғылым­дар мен гума­ни­тар­лық сала баяу даму­да. Себебі олар 70 жыл құр­са­уда бол­ды, ой еркін­ді­гі­нен қағыл­ды. Соның кесірі­нен қазір бұл сала­ның маман­да­ры­на өте қиын. Өйт­кені ғылым­ның база­лық мек­тебі орыс­ша ғана оқы­тыл­ды. Идео­ло­гия тағы бар. Міне, осы­дан бүгін­гі таң­да ағы­л­шын­ша әлем­дік ғылым­да жүр­ген әле­умет­та­ну­шы, тарих­шы, жур­на­ли­стер мате­ма­тиктер­мен салы­сты­рған­да аз. Ғылым тек мате­ма­ти­ка мен физи­ка емес. Басқа сала­лар да бар. Әрі олар жана­ма түр­де бол­са да бір-біріне әсер ете­ді. Сон­ды­қтан бел­гілі бір сала­ларға ғана акцент қой­май, жал­пы ғылым­ды дамы­туға тыры­суы­мыз керек.

Истотч­ник: Жас Алаш

архивные статьи по теме

Такие властью быть недостойны

«Независимые наблюдатели» подали 18 заявлений в суд против избирательных комиссий

Editor

Для каждого арестанта нашелся Турсунов