18 C
Астана
27 сентября, 2022
Image default

Шенгелдіде не болды, немесе кім кінәлі?

Соны­мен Шең­гел­ді­де нен­дей қан­ды оқиға бол­ды? Оның жай-жап­са­рын мем­ле­кет­тік БАҚ неге жария етпе­ді? Мұн­дай ұлта­ра­лық кикіл­жің­дер­ге неге қаза­қтар ғана кінәлі болып шыға­ды? Мұн­дай жағ­дай біздің елде неге жиі орын алып кет­ті? Газеті­міздің тіл­шісі қой­ған осы және өзге де сұрақтарға оқиға орнын­да болып қай­тқан ұлт­жан­ды аза­мат­та­ры­ның бірі, бел­гілі жур­на­лист Қасым Аман­жолұ­лы жау­ап бер­ген еді. 

- Қасым мыр­за, Шең­гел­ді­де­гі шие­леніс­ке бай­ла­ны­сты біздің оқыр­ман­дарға мән-жай­ды айтып берсеңіз?

- Шешен ұлты­ның өкілі атқан оқтан бір отба­сы асы­ра­у­шы­сыз қал­ды. Оқ тиіп жара­ланған екін­ші жігіт ауру­ха­на­да жатыр. Құзыр­лы орын­дар одан болған оқиғаға қаты­сты тек қана түсінік алған. Ол өз аты­нан әлі шағым жаз­баған. Жақын­да­ры­ның алдағы уақыт­та оны жәбір­ле­ну­ші ретін­де қарас­тыр­май тастай ма деген қау­пі бар. Ал ашы­қтан-ашық ада­мға қар­сы оқ атып, кісі өлтір­ген екі шешен­нің бірі алдын-ала қамаудан боса­ты­лып, тер­ге­у­ге үйі­нен келіп-кетіп жүр. Қаза болған жас жігіт Мади­яр­дың жана­за­сы­нан соң, ашы­нған ауыл­дас қаза­қта­ры шешен­дер тұра­тын үйлер­дің шар­бақта­рын қира­тып, тере­зесін сын­ды­рға­ны­на бай­ла­ны­сты да тер­геу жүр­гізілу­де екен.

Менің ойым­ша, елде­гі өзге этни­ка­лық топ өкіл­дері: «Егер мен бір қаза­ққа қия­нат жаса­сам, бұл елде маған, бүкіл әулеті­ме орын бол­май­ды!» деген оймен өмір сүру­ге тиіс. Осын­дай ойдың орны­ғуы­на қаза­қтың билі­гі де, қаза­қтың поли­ци­я­сы да, қаза­қтың қара­пай­ым аза­мат­та­ры да мүд­делі болға­ны жөн сияқты. Сырт­тан кел­ген ұлт өкіл­дері қаза­қ­пен сана­сып өмір сүр­ме­се, тір­шілі­гі түзел­мей­тінін түсін­гені жөн болар ма еді. Сол кез­де ғана біз ұлт­ты­ғы­мыз бен мем­ле­кет­ті­гі­мізді сақтап қала­мыз. Егер өз намысы­мы­зды қорғай алма­сақ, жаман айт­ты демеңіз, қан тағы да төгілуі әбден мүмкін…

- Жал­пы мұн­дай ұлта­ра­лық қақты­ғы­стар соңғы жыл­да­ры неге жиі орын алу­да деп ойлайсыз?

- Бірін­ші­ден, біздің қазір­гі билік елде­гі ұлта­ра­лық сая­сат­та анық, ашық көзқа­рас ұстанған емес. «Татулық», «бір­лік» деген сияқты жал­пы­ла­ма ұран­дар­мен ғана шек­те­леді. Терең­де­мей­ді. Аз ұлт өкіл­дерін қаза­қтың төңіре­гіне топ­та­сты­ру сая­са­тын жүр­гіз­бей келе жатыр. «Ала қой­ды бөле қырқу­ды» ғана біледі.

Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік тіл іс жүзін­де жұмыс істе­мей отыр. Ақор­да мем­тіл­ді тек қаза­ққа ғана керек сияқты әсер қалып­та­сты­ру­да. Билік өзге ұлт­тар­дың орыс мек­теп­терін­де оқуы­на мей­лін­ше жол ашты. Екі тіл­де сөй­лей­тін бір-бірін ұғы­ны­спаған бір ауыл­дың адам­да­ры суы­ққа­бақ бол­май қайтеді?!

Үшін­ші­ден, поли­ция жемқор­лы­ққа батқан. Жер­гілік­ті поли­ци­я­ның халық алдын­да еш беделі жоқ. Айбар­сыз, қауқар­сыз учас­келік поли­ци­я­ның өз аймағын­дағы суық қару­ды, қыл­мыстық эле­мент­тер­ді уысын­да ұстай алмауы үлкен кемістік.

Төр­тін­ші­ден, ауыл­дың аза­мат­та­ры намыс­сыз, жігіт­тер жігер­сіз боп отыр. Өздерін сый­ла­та алмай­ды (сый­лат­пақ түгілі, осы Шең­гел­ді­де қазақ жігіт­тері бірі-бірі­мен шешен­ше аман­да­са­тын көрі­неді). Қаруға жүгін­бей-ақ, қыл­мысқа жет­кіз­бей-ақ, олар­ды жөн­ге салып оты­руға болар еді ғой. Қазақ ол жер­де­гі көп­шілік бол­са, көп­шілік ұлт басқа­лар­ды басқа­ра білуі керек қой! Мұны да мой­ын­да­уы­мыз керек.

- Қаза­қстан Тәу­ел­сіздік алған­нан біз ешбір диас­по­ра өкілінің аза­мат­тық құқын заң шең­берін­де шек­теп оты­рған жоқ­пыз. Енде­ше бұны басқа­лар­дың басы­нуы деп бағам­да­уға бола ма?

- Қаза­қстан­ның бар­лық аза­мат­та­ры ұлты мен жыны­сы­на қара­май, заң алдын­да бар­лы­ғы тең. Өзін өрке­ни­ет­ті санай­тын кез кел­ген елде солай болуға тиісті. Тәу­ел­сіздік орнаған­нан бер­гі үшін­ші онжыл­ды­ққа аяқ баса оты­рып, дәл осын­дай про­бле­маға кезі­гуі­міз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «тұрақты­лы­ғы қалып­тасқан мем­ле­кет құр­дық» деген тұжы­ры­мы­на күдік туды­ра­ды. Яғни, тұрақты­лы­ғы берік, кере­мет тату мем­ле­кет құр­дық деп айту — көл­гір­лік сөз. Сыр­тқа қарап ұли­тын диас­по­ра­лар­дың кей­бір лаң салу әре­кет­теріне қарап, осы­лай айт­пасқа шара жоқ. Билік өзге ұлт­тарға қаза­қты мой­ын­дат­пай отыр. Керісін­ше, «олар — біздің қонақ, олар­ды сый­лау керек» деген бей­ша­ра, қате түсінік енгі­зу­де. Олар қашанғы қонақ бола­ды? Осы елдің аза­ма­ты, жау­ап­кер­шілік бір­дей екенін, елді, жер­ді, тіл мен мәде­ни­ет­ті сый­ла­у­ға мін­дет­ті екенін неге сездір­мей­ді? «Иттің иесі бол­са, бөрінің тәңірісі бар» екенін ескерт­пе­удің арты осы­ған ұла­сып жатыр.

- Соңғы жеті жыл­дан бері орын алып келе жатқан қақты­ғы­стар бір-біріне өте ұқсас. Соған қара­ма­стан, мұның себебін заң тұрғы­сы­нан халы­ққа жілік­теп түсін­дір­ген ешкім жоқ. Ал БАҚ ата­у­лы, оның ішін­де қазақ басы­лым­да­ры дәл осы тақы­рып­тан неге қашқақтайды?

- 2007 жылы Мало­вод­ное елді мекенін­де, онан кей­ін де ұлта­ра­лық қақты­ғы­стар болып, адам өлі­мі орын алған­да да, елде­гі жетек­ші басы­лым­дар үнсіз қалған бола­тын. Осы жолы да қазақ газет­тері ара­сы­нан Шең­гел­ді­ге ат сабы­л­тып барып, жер­гілік­ті жер­де­гі жан­жал­дың анық-қаны­ғын біл­гісі кел­ген «Жас Ала­штан» өзге ешқай­сысын бай­қа­ма­дым. Әншей­ін­де «Қаза­ғым, елім» деп кеуде соғып, ұлт­шыл, отан­шыл бола­тын өзге қазақ басы­лым­да­ры неге үнсіз қал­ды? «Еге­мен Қаза­қстан», «Айқын», «Алаш айна­сы», «Жас қазақ», «Түр­кістан», т.б. қайда?

Олар Ішкі істер мини­стр­лі­гінің «бұл ұлта­ра­лық қақты­ғыс емес, тұр­мыстық жан­жал­дан болған» деген түсініксіз уәжін ғана жария етіп, оқиға­ның мән-жай­ы­нег­жей-тег­жей­лі айта алма­ды. «Түсініксіз» дей­тінім, «ұлта­ра­лық» пен «тұр­мыстық» төбе­ле­стің ара-жігі қай жер­де екен? Ере­гіс­кен жігіт­тер жан­жал­да­сар неме­се аты­сар алдын­да: «Бұл — «тұр­мыстық төбе­лес» деп, қақты­ғы­стың тақы­ры­бын аны­қтап алуы керек пе еді? Шын­дап кел­ген­де, бар­лы­ғы «тұр­мыстық негіз­де» баста­ла­ды: яғни, не ақша сұрай­ды, не суға тала­са­ды, қызға тала­са­ды, жер бөліс­пей­ді, иығы­мен қағып кете­ді, т.б. Алай­да сол дүр­да­раз­ды­қтың негізі — олар­дың бөлек ұлт­тың өкілі болға­ны­нан туып тұрға­нын кім жоққа шыға­рар екен? Мыл­тық атқан — шешен­дер, өлген мен жара­ланған — қаза­қтар. Бұл қыл­мыстың ұлта­ра­лық сипа­ты­на бұдан артық қан­дай дәлел керек?

- Егер қате­ле­с­пе­сек, 2007 жылы ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы «ұлт араз­ды­ғын қоз­ды­ра­тын­дар жаза­ла­на­ды» деген заң шыға­рып, БАҚ үшін мәлім­де­ме жасаған бола­тын. Қазақ басы­лым­да­ры ғана емес, өзге де басы­лым­дар­дың үнсіз қалуы­на бұл да себеп болып оты­рған шығар?

- Иә, ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның БАҚ біт­кен­ге тый­ым салған ол мәлім­де­месі өзінің үркіту мін­детін атқа­рып отыр. Кезін­де сарап­шы­лар, түр­лі қоғам­дық ұйым­дар, бас­пасөз­ге қаты­сты халы­қа­ра­лық ұйым­дар да Бас про­ку­ра­ту­ра­ның бұл мәлім­де­месін жари­я­лы­лы­ққа тый­ым салу деп баға­лаған бола­тын. Бірақ тағы да сол өз әріп­те­стері­міз ‑жур­на­ли­стер­дің осы қақты­ғы­стар­ды жазуға эти­ка­лық, заң­дық шека­ра­ның қай жер­ден баста­лып, қай жер­ден аяқта­ла­ты­ны тура­лы біл­мей­тін­ді­гі де себеп. Басы­лым бас­шы­ла­ры­ның намыс­сызды­ғы да аз рөл ойнамайды.

Кеше Малы­бай­да, бүгін Шең­гел­ді­де орын алған оқиға­лар­да өзге этни­ка­лық топ өкіліне қазақ бірін­ші болып соқты­ққа­ны тура­лы айғақ жоқ. Және бар­лық кез­де қазақ — қару­сыз. Қазақ — нысана.

Осы жер­де менің көп­тен айтқым кеп жүр­ген бір ойым — халы­ққа қару ұста­уға рұқ­сат етуді заң­мен рет­теу керек.

Соғыс жоқ бей­біт заман­да қазақ неге оққа ұша­ды? Өйт­кені атыс қаруын ұста­уды дәстүр­ге айнал­ды­рған таулы­қтар қаза­қтар­да қару жоқ екенін, «қанға — қан» деп «өз тіл­дерін­де» жау­ап қай­ы­ра алмай­ты­нын, жер­гілік­ті құқық қорғау орган­да­ры мен жер­гілік­ті билік өкіл­дерінің оп-оңай саты­ла­ты­нын біледі!

Қазір халы­қтың ара­сын­да халы­қтың кегін қай­та­ра­тын «қаза­қтың Робин Гуд­та­рын», рэкет­тер мен бан­дит­тер зама­нын аңсай­тын көңіл-күй пай­да бол­ды! Бұл — өте қауіп­ті белгі.

- Тарих­та орын алған түр­лі ұлт­тық шие­леністер­дің, этни­ка­лық топ­тар ара­сын­дағы қақты­ғы­стар­дың мем­ле­кет­тің ыды­ра­уы­на әкеліп соққа­нын білеміз…

- Қаза­қстанға ыды­рау қау­пі төніп тұрған жоқ. Себебі қазір қаза­қтың саны күн­нен-күн­ге өсіп жатыр. Қазір, ресми дерек бой­ын­ша, елде­гі қазақ саны 70 пай­ы­зға жақын­дап қал­ды, яғни 75—80 пай­ы­здың ауы­лы алыс емес. Ондай ел моноұлт­ты мем­ле­кет бола­ды. Қазақ өза­ра дау­ласқа­ны­мен, руға бөлін­гені­мен, ыды­ра­уға, бөлініп кету­ге бармайды.

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДЫ,

 

«D»

Источ­ник: «Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 28 (204) от 29 авгу­ста 2013 г.

Читать ори­ги­нал статьи:

Шен­гел­ді­де не бол­ды, неме­се кім кінәлі?

архивные статьи по теме

Пожар по традиции тушат деньгами

Editor

Российские войска уйдут из Казахстана, заявил президент, нацелившись на элиту

Editor

Встреча в Нью-Йорке с Петром Афанасенко.Приглашаются все заинтересованные лица.