13 C
Астана
25 мая, 2022
Image default

Тоқаевтың қателесуге қақы бар. Бірақ халық тағы 30 жыл күтпейді!

Қазақ қоға­мын дүр сіл­кін­дір­ген «Қаңтар қасы­реті» ешкім­ді бей-жай қал­дыр­ма­са керек. Соның ішін­де бұл оқиғаға ере­ке­ше мән беріп, пікір біл­діріп жатқан сая­сат­кер­лер бір төбе. Осы күн­ге дей­ін орыс тіл­ді бас­пасөз­де бол­ма­са, қаза­қ­ша басы­лым­дар­да көріне бер­мей­тін сая­си дис­си­дент, Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі Әке­жан Мағ­жанұ­лы Қажы­гел­дин біз­бен сұх­бат­та­суға  ықы­лас таны­тып, сұрақта­ры­мы­зға барын­ша шынайы жау­ап қай­ыр­ды. Ескер­ту: сұх­бат онлайн фор­мат­та жасал­ды. Мар­ха­бат, мәр­те­белі оқырман…

Тоқаев ешбір партияға мүше болмауы керек

– Әке­жан Мағ­жанұ­лы, «қаңтар оқиға­сы­нан» кей­ін Қаза­қстан билі­гін­де бір­ша­ма ауыс-түй­істер орын алды. Бір­лі-жарым лау­а­зым­ды шене­унік тұтқын­дал­ды. Бір­ша­ма­сы қыз­меті­нен кет­ті. Тағы біра­зы «өз еркі­мен» ман­сап­та­рын тап­сы­рып жатыр. Олар­дың ара­сын­да экс-пре­зи­дент­ке ең жақын адам­дар да жоқ емес. Сіз бұл жағ­дай­лар­ды қазір сырт­тан көріп-біліп отыр­сыз. Айты­ңыз­шы, қазір­гі елде­гі сая­си аху­ал­ды қалай бағалайсыз?

–  Елдің басын­дағы қазір­гі хал­ды халық үшін өте қиын әрі қауіп­ті деп есеп­тей­мін. Бұл дағ­да­ры­стың тереңді­гі сон­ша­лық, оны жалғыз төтен­ше шара­лар қабыл­дау арқы­лы шешу мүм­кін емес.

Бірін­ші­ден, Қасым-Жомарт Тоқа­ев бұл дағ­да­ры­стың себебі – сыбай­лас жемқор­лық пен клеп­то­крат­тар­дың билі­гі екенін әуелі өзі мой­ын­да­уы керек. Ол үшін сай­ланған пре­зи­дент ретін­де орын алған оқиға­ларға атқа­ру­шы билік­ті ашық айып­тап, баға беруі керек. Сол дұрыс болады.

Жыл сай­ын күш алып келе жатқан халы­қтың билік­ке деген сенім­сізді­гі, бар­лық дең­гей­де­гі атқа­ру­шы билік өкіл­дерінің аза­мат­тар­дың үніне, мұң-мұқтаж­ды­қта­ры­на құлақ аспа­уы, ел ішін­де болып не болып жатқа­ны­на назар аудар­май кел­гені осы нара­зы­лы­қтар­ды туды­рған басты себеп­тер­дің бірі. Аталған мәсе­ле­лер шешіл­мей аза­мат­тар­дың билік­ке деген сені­мін қай­та­ру про­цес­сі басталмайды!

Екін­ші­ден, «билік пар­ти­я­сы» деп ата­ла­тын пар­тия мен оның бас­шы­лы­ғы­ның өздерін қалай ұстай­ты­нын, Мәжіліс пен бар­лық билік орган­да­рын­дағы «халық өкіл­дері» дей­тін адам­дар­дың шын кел­бетін бәрі­міз жақ­сы білеміз.

Мәжілі­сте халық аты­нан өкіл­дік етті деген­дер осы жыл­дар бойы қара халы­қтың мұң-мұқта­жы­на, түйт­кіл­ді мәсе­ле­леріне, талап-тілек­теріне соқыр, саңы­рау бол­ды. Демек, олар да атқа­ру­шы билік­пен тең орын алған оқиға­ларға жауапты!

Мәжілісті тара­ту керек. Бірақ, оған дей­ін «Сай­лау тура­лы заңға» өзгерістер енгізіп, мажо­ри­тар­лы жүй­ені қай­та қабыл­даған жөн.

Пре­зи­дент Тоқа­ев жаңа сай­ла­уды жари­я­лап, халы­қтың үміт­кер­лер­ді ұсы­нуға, үгіт-наси­хат жүр­гізу­ге, дауыс беру про­цесін бақы­лап, дауыс санау мәсе­ле­лерін шешу­ге және өз аза­мат­та­рын таң­да­уға келісіп, мүм­кін­дік беруі керек.

Сон­дай-ақ, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың осы жемқор ұйым­нан шығып, енді ешбір сая­си пар­ти­яға қосыл­мауы, тіп­ті олар­ды құр­мауы да дұрыс болар еді. Қазір­гі жағ­дай­да ол пар­ти­ядан тыс болуы керек! Бар­лық атқа­ру­шы билік бас­шы­ла­ры 1990 жыл­дар­дағы­дай бей­та­рап­тық таны­тып, тек халы­ққа қыз­мет ету­ге мін­дет­ті болуы керек.

«Жаңаға барар жолда ескі тырмалар жатуы мүмкін»

–  Дағ­да­ры­стың тамы­ры біздің өмірі­міз­ге терең­деп еніп, халы­қтың бола­шағы­на бал­та шауып, кедер­гі болып кел­ді. Жүй­ені толық өзгерт­пей біз ешқа­шан билік өкіл­дері түбе­гей­лі ұлт мүд­десіне адал қыз­мет ететініне сене алмаймыз.

Кет­кен режим қал­ды­рған басты зұлым­дық, қоғам­ның қатер­лі ісі­гі – ол жемқор­лық! Тек сая­сат­та ғана емес, эко­но­ми­ка­да да осы терең дағ­да­ры­сты еңсе­ру үшін билік ең алды­мен  жемқор­лы­қтың бар екенін көп­шілік алдын­да мой­ын­да­уы, негіз­гі себеп­терін ата­уы, қоғам­ды «емдеу бағ­дар­ла­ма­сын» жари­я­ла­уы тиіс. Ол үшін аза­мат­тық қоғам­ды, бар­лық сая­си бел­сен­ділер­ді осы іске жұмыл­ды­ру керек.

Билік жұмыс­шы халы­қ­пен өзін­дік ықпа­лы бар кәсі­по­дақтар, аза­мат­тық бел­сен­ділер арқы­лы диа­лог­ты баста­уы керек. БАҚ өкіл­дерін қуда­ла­уды тоқта­тып, бұрын Назар­ба­ев әулеті ием­ден­ген бар­лық БАҚ-ты жабуы неме­се халы­ққа жария түр­де қай­та­руы қажет.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың дағ­да­ры­сқа қар­сы күре­сте­гі басты серік­те­стері әкім­шілік ғима­рат­тар­да оты­рған жоқ! Рас, шене­унік­тер керек. Бірақ, жемқор­ларға қар­сы күрес батыл жаса­луы тиіс. Себебі, олар халық толқуы кезін­де хан сарай­ын­дай үйлерін­де бұғып жатып-ақ, бола­шақ қастан­ды­қтарға қаты­сты, отқа май құйды.

Тоқа­ев­тың қазір­гі ең күшті және мүд­делі жақ­та­ста­ры – қала­лар мен ауыл­дар­да. Қалың бұқа­ра Тоқа­ев­тың енді не істей­тінін мұқи­ят бақы­лап отыр. Халық дана­лы­ғы «жаңаға барар жол­да ескі тыр­ма­лар жатуы мүм­кін» деп, үйре­те­ді. Кедер­гілер жоқ емес. Өкініш­ке орай, мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қазір­дің өзін­де сол кедер­гілер­ге қарай басып келе жатқа­нын көріп отырмын.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «мұра­сы» сабақ ретін­де есте қалуы керек. Бірақ, ескерт­кі­ш­тер мен қала, көше ата­у­ла­рын­да емес! Сая­сат­кер­лер мен халы­қтың есін­де қалуы керек. Ол ұмы­тыл­мас із қал­дыр­ды.  Басты­сы – «Елба­сы» деп ұлт­ты қор­ла­уды тоқта­ту керек. Әрқай­сы­мы­здың өз  басы­мыз бар.

Біз Тоқа­ев­тан тер­ге­улер­дің әділ жүр­гізілуін, жау­ап алу кезін­де кінәсіз ешкім­нің жаза­лан­ба­уын неме­се ден­са­улы­ғы­нан айы­рыл­мауын және кінәсі дәлел­ден­се, жау­ап­кер­шілік­тен алын­ба­уын күтеміз.

Сон­дай-ақ, болған оқиға­ның толық көрінісі айқын­да­ла салы­сы­мен, пре­зи­дент қан­ды күн­дер­де жақын­да­ры­нан айы­ры­лған, қаза тапқан бей­біт тұрғын­дар­дың жақын туы­ста­ры­мен, митин­гілер­ге қаты­сы жоқ аза­мат­тар­мен кез­де­седі деп күте­міз. Ал төң­керістің негіз­гі аран­да­ту­шы­ла­ры­на алданған­дар­дың ара­сы­нан қаза тапқан­дар­ды да атап өту керек деп ойлаймын.

Тоқа­ев тез ара­да қоғам­дық тәр­тіп бұзыл­маған қала­лар­дағы бел­сен­ділер­ді уақыт­ша ұстау изо­ля­тор­ла­ры мен поли­ция бөлім­ше­лері­нен боса­тып, ешқай­сысын қуда­ла­мау тура­лы бұй­рық беруі керек. Соны­мен қатар, күштік құры­лым­дар­дың аза­мат­тарға негіз­сіз зор­лық-зомбы­лық көр­се­туі фак­тілері де жоқ емес. Бұған кінәлілер де аны­қта­лып, жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс. Бұл үшін Тоқа­ев жеке басы­мен жау­ап­ты. Тоқа­ев аза­мат­тар­ды қорқы­ту­ды ойла­мауы керек. Өйт­пе­се, оның сал­да­ры өзіне де, ондай бұй­ры­қты орын­да­у­шы­ларға да оңай тимей­тіні анық.

Біз қазір­дің өзін­де көп жыл­дар бойы заң алдын­да емес, Назар­ба­ев отба­сы­на, оның жеке басы­на, оның бала­ла­ры­на және жақын­да­ры­на, неме­ре­леріне қыз­мет еткен­дер­дің тізі­мін жинап жатырмыз.

Билік транзиті аяқталды. Халық тағы 30 жыл күтпейді!

–  «Қаңтар оқиға­сы» Қаза­қстан­дағы билік тран­зи­тіне нүк­те қоя алды ма?

–  Бұл – билік тран­зи­тінің аяқта­луы. Қазір халық бұры­нғы­дан мүл­де басқа Қаза­қстан­да. Тоқа­ев мыр­за да жаңа Қаза­қстанға аяқ басты. Ол (Тоқа­ев) қоғам бұры­нғы­дай әре­кет­сіздік­ке, зор­лық-зомбы­лы­ққа енді шыдап төзіп оты­ра бер­мей­тінін жақ­сы біледі деп ойлаймын.

Тоқа­ев­тың қазір­гі жағ­дайы бұры­нғы ескі режим құлаған кез­де­гі Назар­ба­ев­тың жағ­дай­ы­на ұқсас. Біздің алды­мы­зда Рес­пуб­ли­ка­мы­зды қалай сақтап қала­мыз және оны қалай жаңғыр­туға бола­ды деген мәсе­ле­лер тұр. Біз бәрі­міз, соның ішін­де сіз­дер, жур­на­ли­стер, Назар­ба­ев­тың қан­ды мұра­сы­нан (енді обьек­тив­ті түр­де айта ала­мыз) аулақ болуы­мыз керек. Ел бола­шағы­ның қалай дами­ты­ны өзі­міз­ге байланысты.

Әрине, сая­си бола­шақ халы­қтың, іші­на­ра пре­зи­дент Тоқа­ев­тың қолын­да. Біз сая­си дағ­да­ры­сты бастан өткеріп жатыр­мыз. Және оны әкім­шілік емес, сая­си жол­мен еңре­суі­міз керек. Тоқа­ев бұры­нғы қателік­тер­ді қай­та­лай ала­ды. Бірақ, халық оны тағы да 30 жыл күтпейді!

–  Қазір ел ішін­де, сая­сат­шы­лар­дың аузын­да Назар­ба­ев дәуірі аяқтал­ды деген пікір­лер айты­лу­да. Бұл жай­лы не дейсіз?

–  Н.Назарбаев дәуірінің аяқта­луы, міне, басталды.

ҰҚШҰ-ның көмегі –  бұрынғы режим дағдарысының дәлелі!

–  «Қаңтар оқиға­сы» кезін­де пре­зи­дент Тоқа­ев­тың пәр­мені­мен ҰҚШҰ (ОДКБ) әскері әкелін­ді. ҰҚШҰ-ның көме­гі Қаза­қстан­ның әлем­дік, оның ішін­де­гі Батыс әле­мінің алдын­дағы беделіне қалай әсер етеді?

–  Тоқа­ев­тың осы ұйым­нан көмек сұра­уға мәж­бүр болуы – бұры­нғы сая­си режим дағ­да­ры­сы­ның тағы бір нақты дәлелі.

Үкі­мет пен оның наси­хат­та­у­шы­ла­ры: «Н.Назарбаев эко­но­ми­ка­сы дамы­ған мем­ле­кет құр­ды», – деп қан­ша сай­ра­са да, қоғам­дағы сер­гек сана­лы, көзі ашық аза­мат­тар бұл сөздің аста­рын­да еш мән жоқ екенін бұрын­нан айтып жүр­ді. Ақы­ры олар­дың айтқа­ны дұрыс болып шықты. H.Hазарбаев құрған мем­ле­кет­тің сапа­сы қағаз қорап­тан күшті емес болып шықты.

Жаңа мемлекет үшін құрылған ресми комиссияның құрамында болуға дайынмын!

–  Сіз­ге қазір­гі билік тара­пы­нан елге қай­ту тура­лы ұсы­ныс неме­се шақыр­ту кел­ді ме? Егер билік тара­пы­нан сая­си қыз­мет неме­се кеңес­шілік қыз­мет ұсы­ныл­са, Қаза­қстанға қай­тып келу ойы­ңы­зда бар ма?

–  Мен өтірік пен сатқын­ды­қтың әлі жой­ыл­маған жүй­есінің бір бөлі­гі болғым кел­мей­ді. Деген­мен, өз халқым­мен бір­ге өткен қан­ды оқиға­ны еңсе­ру­ге әрқа­шан дай­ы­н­мын. Және  халық сені­мін­де­гі Үкі­мет­те неме­се Назар­ба­ев режи­мінің зардап­та­рын еңсе­ру және жаңа мем­ле­кет құру үшін арнайы құры­лған ресми комис­си­яда болуға дайынмын.

Қазір өз бастап бір топ маман­дар­мен бір­ге Қазақ елінің бүкіл эко­но­ми­ка­сын сауы­қты­ру және жаңғыр­ту бағ­дар­ла­ма­сын дайындадық.

Онда ең алды­мен, ел бай­лы­ғын көп­шілік­тің мүд­десі үшін әділ бөлудің бүкіл меха­низ­мін қай­та қарау жол­да­ры көр­сетіл­ді. Сон­дай-ақ, елге ауқым­ды инве­сти­ци­я­лар тар­ту­дың тетік­тері де қарас­ты­ры­лған. Бұл үшін аза­мат­тар­дың билік­ке деген сені­мін қай­та­рып қана қой­май, инве­стор­лар­дың елге деген сені­мін де қал­пы­на кел­ті­ру маңызды.

Шетел­де жасы­ры­лған Назар­ба­ев әулеті мен оның сыбай­ла­ста­ры­ның бай­лы­ғын сол шетел­дік­тер біздің жер­ле­стері­міз­ден де артық біледі. Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы нақты күре­сті қолға, ұрланған капи­тал­ды елге қай­та­ру­ды өз мой­ны­мы­зға алма­сақ, рефор­ма­лар­ды шыны­мен бастал­ды деген­ге ешкім сен­бей­ді. Мұның бәрі әлі де қабыл­да­уға бола­тын заң бой­ын­ша ашық түр­де жаса­луы керек. Бұл жаңа билік бұры­нғы билік­тің бай­лы­ғын өза­ра бөлісіп жатыр деген ой бол­мауы үшін де керек. Сон­да ғана халық бұл жұмыстар­дың тек ұлт мүд­десі үшін жаса­лып жатқа­нын біледі.

–  Әңгі­меңіз­ге көп рахмет.

Сұх­бат­тасқан Нұр­гел­ді Әбдіғаниұлы

Редак­ция: Аталған сұх­бат­ты ұйым­да­сты­руға атса­лы­сқан Әмір­жан Қосан мыр­за мен Бота­гөз Иса ханы­мға алғыс айтамыз…

Источ­ник: https://abai.kz/

архивные статьи по теме

Бизнесмены Беларуси против интеграции

Обедали без Олланда

Дастан КАДЫРЖАНОВ: «Акорда не вышла победителем»

Editor