14 C
Астана
5 октября, 2024
Image default

Сыртқы саясаттың ішкі себептері

Қоғам­дық сана мен аза­мат­тық бел­сен­ділік қан­ша дамы­ды десек те, көп­шілік аса көп мән бере бер­мей­тін әрі өзінің қаты­сы шама­лы деп санай­тын бір сала бар. Ол – сыр­тқы сая­сат. 20 жыл ішін­де мем­ле­кет сая­са­ты­ның аса маңы­зды осы бағы­тын қоғам­ның қаты­сын­сыз, бас билік­ке бір табан жақын ат төбелін­дей топ қана қалып­та­сты­рып келді.

 

Автор: Әмір­жан ҚОСАНОВ

Келісіл­мей піш­кен тон қан­дай бола­ты­ны о бастан бел­гілі. Сон­ды­қтан да сыр­тқы сая­сатқа деген ішкі нара­зы­лық күн сай­ын артып барады.

О бастан Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­ты “көп­век­тор­лы” боп аны­қтал­ды. “Жал­пақ­ше­шей­лік жақ­сы­лы­ққа жет­кіз­бей­ді”, “Екі қай­ы­қтың басын ұстаған суға кете­ді” деген сыңай­да уәж айтқан бұл док­три­на­ның сын­шы­ла­ры да аз болмады.

Бірақ, шын­ды­ғын айту керек, кеше­гі Кеңес Одағы­ның шинелі­нен енді шыққан, аяққа тұра қой­маған, шека­ра­сы жөн­ді қорғал­маған, пай­да­лы қаз­ба­ла­ры­на алпа­уыт­тар сіле­кейі шұбы­рып, көз тік­кен біздің елге алға­шқы кезең­де осы ұста­ным алға­шқы кез­де орын­ды бол­ды деп айтуға болады.

Бірақ 20 жыл ішін­де тым жал­пы­ла­ма осы ұста­ным­ды дамы­тып, сыр­тқы аре­на­дағы басты басым­ды­қтар­ды аны­қтап алу керек еді.

Жоқ, олай болмады!

Әртүр­лі себеп­тер­мен біз “бір­жа­рым век­тор­лық” жолға түсіп барамыз.

Бірі — Қаза­қстан­ның Ресей және Бело­рус­си­я­мен құрып жатқан Еура­зи­я­лық Одағы. Әрине, кеше ғана пре­зи­дент “Ол таза эко­но­ми­ка­лық Одақ, оның ешқан­дай сая­си сипа­ты жоқ!” деген сөз айт­ты. Бірақ ол түй­ін­ді сөз Аста­на­да, шетел елшілерінің жиы­нын­да айтыл­ды. Нелік­тен осы­лай­ша, нық түр­де Мәс­ке­уде неме­се Мин­скі­де айтылмайды?

Оның үстіне ресей­лік шене­унік­тер елді дүр­лік­тіру­ден шар­ша­май­ды: не ЕвразО­дағы­ның ортақ валю­та­сы тура­лы әңгі­мені қоз­ды­рып жібе­реді, не бұл Одақтың ортақ пар­ла­мен­ті жай­лы жаханға жар салады.

“Аузы күй­ген үріп ішеді” дей­ді атам қазақ. Кеше­гі Кеңес Одағы тота­ли­тар­лық жүй­есінің тепе­рі­шін көр­ген ел енді ондай теңсіз одаққа кір­гісі жоқ!

Эко­но­ми­ка мен сая­сат бөлек дүние емес, еке­уі бір-бірі­мен аста­сып жатыр. Сон­ды­қтан осы екі елмен эко­но­ми­ка­лық одаққа кіріп, олар­дың сыр­тқы сая­си ұста­ным­да­ры­ның жете­гін­де кетіп қалу қау­пі бар екенін бар­ша­мыз да түсінеміз.

Екін­шісі, Қытай секіл­ді алпа­уыт­тың Қаза­қстан өмірінің біраз сала­сы­на экс­пан­си­я­сы. Шека­ра мен көші-қон про­бле­ма­ла­ры, аузы­нан от шашқан айда­хар­дың мұнай сала­сын бір­тін­деп өз қолы­на ала баста­уы — қазір­гі өмір шын­ды­ғы. Әрине, билік шама-шарқын­ша осы­ның бәрін жоққа шыға­ру­да. Бірақ ол бұл­дыр да был­дыр сөз­ге сеніп жатқан ешкім жоқ!

Сон­ды­қтан да біз, Қаза­қстан­ның бір топ аза­ма­ты, осы және басқа да маңы­зды мәсе­ле бой­ын­ша халық өзі таң­дау жаса­сын, рефе­рен­дум өткі­зей­ік деген баста­ма көте­ру­ге мәж­бүр бол­дық. Елдің ішкі де, сыр­тқы да сая­са­ты­ның ең басты мәсе­ле­лерін бір топ шене­унік емес, бүкіл қаза­қстан­ды­қтар шешуі тиіс!

Соны­мен бір­ге біз “ұлт­тық” мүд­де деген не екенін айқын­дап алуы­мыз қажет. Өкініш­ке орай, біз­де ол мүд­де ұжым­дық түр­де Пар­ла­мент­тің талқы­ла­уы не сая­си күш­тер­дің мәміле­ге келуі арқы­лы аны­қтал­май­ды. Халы­қ­пен сана­спай, осы мүд­деніі не екенін Ақор­да­ның маңай­ын­дағы сол баяғы топ аны­қтап жатыр. Шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, олар өз басы­ның не ықпал­ды топ­та­ры­ның мүд­десін көз­деп отыр ма? Және де сол мүд­денің шын мәнін­де­гі ұлт­тық мүд­де­ге қан­ша­лы­қты қаты­сы бар? Осы­ның бәрі түп­теп кел­ген­де, мем­ле­кеті­міздің бүгіні мен бола­шағы­на қан­дай әсер ете­ді? Теңсіздік­ке негіз­дел­ген “бір­жа­рым” басым­ды­лы­ққа салы­нып, не ұта­мыз, неден ұты­ла­мыз? Міне, осы және басқа сау­ал­дарға қоғам әлі де жау­ап алған жоқ.

Әзір­ше билік, мәсе­лен, ЕуразО­дақтың біз­ге тиім­ділі­гі мен қарым-қаты­на­стың тең дәре­же­де бола­ты­нын айта­ды. Менің мына­дай сұрағым бар: егер де Путин мыр­за­ға: “Ресей­ден халқы­ның саны мен эко­но­ми­ка­лық әле­уеті жағы­нан шама­мен он есе үлкен көр­ші мем­ле­кет­пен Одаққа кіріңіз, тере­зе­леріңіз тең жағ­дай­да бола­ды”, — десе, біздің билік секіл­ді алақай­лап келі­се салар ма еді?! Қайдам!

Мой­ын­дау керек, “көп­век­тор­лы” сыр­тқы сая­сат­тың оң жағы да бол­ды. Бірақ осы док­три­на­ны қабыл­даға­лы 20 жыл өтті. Әлем өзгер­ді, жаһан­да­ну про­цесі дүни­е­жүзілік тен­ден­ци­я­ларға өз түзе­ту­лерін енгізіп жатыр, жаңа талап­тар пай­да болу­да, елі­міз де, Құдай­ға шүкір, аяққа тұрды.

Сон­ды­қтан да осы док­три­на­ны жаңа­ша, заманға сай маз­мұнға тол­ты­ру қажет!

Және де оның ең басты прин­циптері — Қаза­қстан­ның түп­кілік­ті ұлт­тық мүд­десін қорғау мен дамы­ған демо­кра­ти­я­лық елдер­мен мей­лін­ше тығыз қарым-қаты­нас басым­ды­лы­ғы болуы тиіс!

архивные статьи по теме

За спиной Перуашева виден лик Кулибаева?

Акежан Кажегельдин: О необходимости люстрации

Editor

Про сокровищницу Назарбаева и сакскую статую