fbpx

Нұр-Сұлтанатқа жол бермейміз !

Отбасылық билік құрғысы келген «елбасыға» арнау

Отыз жыл бойы Қазақ елін Н. Назар­ба­ев басқар­ды. Бұл уақыт мерзі­мін­де ҚР аза­мат­та­ры­ның құқы­қта­ры жер­ге тап­тал­ды. Қара халық тек қана сай­лау құқы­нан ғана емес, ата-баба­дан қалған мем­ле­кетi­мiздi қолы­мы­зға алып, Ұлы Дала дәстүрі­мен билік­ке сай­ла­ну және елді басқа­ру мүм­кін­ді­гі­нен де айы­рыл­ды.

Ұзақ тарихын­да көп қиын­дық көр­ген қазақ халқы «тәу­бе», «шүкір» деп, ұзақ жыл­дар бойы әле­умет­тік жағ­дайы жақ­са­ра­ты­ны­на сеніп, үмітін үзбеді. Керісін­ше, уақыт өте бере, Назар­ба­ев халы­қты бос уәде­мен алдап, қазақ жерінің бай­лы­ғы­на тек қана өзін және өзінің отба­сын кенел­тіп, өзінің жағ­дай­ын жасап алды. 

Назар­ба­ев бір­де-бір рет әділ сай­ла­у­ға түс­пе­геніне қоғам куә, халық шын ниеті­мен қол­даған бас­шы­мын деп ата­уға құқы жоқ. Оның басқа­руы­мен құры­лған мәжіліс пен билік те әділ сай­лан­баға­ны жұр­тқа аян. Дәл осы басты және маңы­зды себеп­пен Назар­ба­ев­тың Ата заңы­мыз бен басқа да мем­ле­кет­тік құқы­қтық-нор­ма­тив­тік құжат­тарға енгіз­ген өзгер­ту­лері мен бұй­ры­қта­рын да заң­сыз деп таба­мыз. 

Біре­улер дүние жүзіне аты шулы «Қазахгейт» дауын ұмы­тқан шығар. Алай­да халық қал­та­сы­нан ұрлап, Назар­ба­ев­тың Швей­ца­рия банк­теріне тыққан мил­ли­он­да­ры тура­лы ақпа­рат бәріне мәлім және бұл тақы­рып ҚР пре­зи­ден­тіне қаты­сты ең сорақы мәсе­ле емес. Жаңа Қаза­қстан тарихын­да тағы бір дау­лы оқиға орын алды. Кезін­де оның жеке кеңес­шісі ретін­де Джеймс Гиф­фен деген АҚШ аза­ма­ты қыз­мет атқарған. Сол кез­де жеті жылға созы­лған тер­геу ама­лы нәти­же­леріне сүй­ен­сек, Назар­ба­ев мил­ли­он­даған дол­лар­мен пара алға­ны және де оның жұбайы да қым­бат авто­көлік­тер­ге ие болға­ны нақты фак­тілер­мен дәлел­ден­ген.

АҚШ-та Гиф­фен­ге қар­сы іс қозғалған кезінде,оны қорғап алған адво­кат­тың еңбек ақы­сын Қаза­қстан үкі­метi төлеп, нәти­же­сін­де кеңес­ші жаза­дан құты­лып шықты. Ең қызы­ғы – ол адам Кас­пий теңізін­де­гі мұнай өнді­ру тура­лы құпия ақпа­рат­ты білу­ші ғана емес, «ЦРУ»-дың, яғни бөтен мем­ле­кет­тің арнайы қыз­метінің ақпа­рат тара­ту­шы­сы болға­ны аны­қтал­ды. 

Бұл жағ­дай­да басқа құқы­қты елде мұн­дай бас­шы­ны өмір бойы бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға әбден болар еді, бірақ Назар­ба­ев 30 жыл­дан бері заң­сыз жол­мен мем­ле­кет­ті басқа­рып қана қой­май, Нұр­сұл­тан-ханды­ғын заң­да­сты­руға бел бай­ла­ды. 

Екін­ші рет мұн­дай заң­сыз әре­кет Н.Назарбаев қолын­дағы шексіз билік арқа­сын­да баба­мы­здан ама­нат ретін­де қалған қаси­ет­ті қазақ жерін Қытай­ға бер­ген кез­де жаса­ды. Ақпа­рат көз­деріне сүй­е­нетін бол­сақ, 1000-нан 100 000 мың шар­шы шақы­ры­мға дей­ін көле­мі бар қазақ жерін Қытай­ға бер­ген. Әрине, тегін емес! Мем­ле­кет жер­ді айыр­ба­стау кезін­де Қаза­қстан халқы нара­зы­лық туды­рған жағ­дай­да, Қытай үкі­метi әске­ри көмек көр­се­тетіні тура­лы қосым­ша ақпа­рат та бар. 

Айты­лып кет­кен қазақ еліне қауіп­ті шара­лар­ды Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жалғыз өзі жаса­уға әлі жоқ. Әрине, оның көмек­шілері бар. Оның бірі – халы­қа­ра­лық құқы­қты ғана емес, соны­мен қатар Қытай мем­ле­кетін жақ­сы білетін, өзіне адал, әрі сау­ат­ты, бел­гілі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер. Ол тұлға сту­дент кезі­нен Қытай мем­ле­кетін­де арнайы диплом­дық және 10 айлық сынақ тәжіри­бесі­нен өтіп, содан кей­ін Пекин­нің КСРО елшілі­гін­де қыз­мет атқарған.

Атал­мыш мем­ле­кет қыз­мет­керi ҚР Сыр­тқы істер мини­стрі қыз­меті­нен Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрі лау­а­зы­мы­на ауы­сып, кей­ін қай­та­дан Сыр­тқы істер мини­стрі болған кез­де орын алы­нған. Әрі қарай, өзінің адал көмек­шісін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 2019 жылғы 19 науры­зда Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші пре­зи­ден­ті болуға лай­ы­қты санап, ең маңы­зды өкілет­тілік­терiн сол ада­мға тап­сы­рып, билік­ті одан әрі өз қолын­да сақтау ұста­ны­мын осы­лай іске асыр­ды.

Соны­мен, жиыр­ма жыл­дан астам уақыт ішін­де еліне екі мәр­те қауіп әкел­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Қытай­ға жер беру кезін­де мем­ле­кет­ке залал кел­тір­ген, енді, міне, екін­ші пре­зи­дент болған жеке бір тұлға, яғни Н. Назар­ба­ев тағай­ын­даған аза­мат Қ. Тоқа­ев билік басы­на келе қал­ды. 

Бұл жағ­дай ақы­лға сый­май­тын пара­докс. Аяқ асты­нан өз-өзін «елба­сы» деп атаған, шексіз билік­ке ие болып, ақы­рын­да ел-жұрт­тың алдын­да ешқан­дай жау­ап бер­мей­тін тұлға болып шықты! Тіп­ті, заң бой­ын­ша, пре­зи­дент өкілет­тілі­гін пай­да­ланған кезін­де және өкілет­тілі­гін тоқтатқан­нан кей­ін де ешқан­дай жау­а­пқа тар­тыл­май­тын әули­е­ге айнал­ды! Бұл сұм­дық Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сын­да және «Тұңғыш Пре­зи­дент тура­лы заң­да» бекітіл­ген. Оны­мен шек­тел­мей, атал­мыш заң бой­ын­ша, «елбасы»министрлерді, судья­лар­ды, про­ку­рор­лар­ды тағай­ын­да­уға жеке әмірі бар болып шықты. Және «елба­сы» мем­ле­кет­тік қару­лы күш­тер­дің, яғни ҚР әске­ри қол­бас­шы­сы болып таныл­ды. Ол аз болған­дай, сот­тар, про­ку­ра­ту­ра және поли­ция оған тіке­лей бағы­нуға мәж­бүр. Нақты айтқан­да, Н. Назар­ба­ев тек өзіне, өзінің билі­гін сақтал алу үшін лай­ы­қты заң­дар мен жар­лы­қтар­ды заң­да­сты­ру бағы­тын­да ойы­на кел­генін істеп, қалаған нәр­сесін жасай­ды, алай­да ешқа­шан жау­а­пқа тар­тыл­май­тын болып тұр.

Қаза­қстан­да бұл жағ­дай Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес еме­сті­гін көп­те­ген сау­ат­ты заң­гер­лер біліп отыр және «елба­сы­ның» мем­ле­кет­ке, яғни Ел мен Халы­ққа қар­сы жасаған қауіп­ті әре­кеті үшін ешқа­шан ешқан­дай жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­май­ты­нын түсі­неді! Алай­да «елба­сы» мен оның отба­сы мүше­лері және жемқор сыбай­ла­ста­ры атал­мыш іс-әре­кетінің заң­сыз, еліне, қоға­мға қар­сы шара­лар екен­ді­гін біле тұра, заң­сыз жол­мен кел­ген мил­ли­ард­та­рын жоғал­тып алу­дан қорқа­ды.

Өкініш­ке орай, қазір­гі сая­си аху­алға қар­сы шыққан­ның орны­на қаза­қстан­ды­қтар­дың өздері оның айда­уы­на көніп, айтқа­ны­на төзіп отыр. Рух­тың әлсізді­гі­нен бе, әлде біл­ме­стік­тен бе, үне­мі «елба­сы­ның» аты­на хат жол­дап, тіп­ті қазір оның ізба­са­ры­ның аты­на құжат­тар рәсім­дей­ді. Билік­тің ойлап тапқан заң­сыз ере­же­леріне көніп, сай­ла­у­ға қаты­са­мыз деп, әмең­гер­лік­пен «елба­сы» тағай­ын­даған тұлғаға қар­сы­лық біл­дір­мей, әлжу­аз сес көр­сет­кен­дей болып жүр. Қалың халық сон­да да ара-тұра: «Не істей­міз?» деген­дей, «елба­сы­ның» аузы­на қарап, ханы­мыз жұм­са­рып, халы­ққа бет бұрар деген­дей сыңай таны­та­ды. 

Ел аман, жұрт тыныш бол­са да, халы­қтың жағ­дайы мәз емес. Сол кез­де ойы­мы­зда заң­ды сұрақ туа­ды: өзгеріс бола ма? Таң­да­уы­мыз бар ма? Бүгін­гі күні қалып­тасқан сая­си аху­ал­ды, жетім­сiреп қалған қара халы­қтың жағ­дай­ын, яғни өз бола­шағы­мы­зды өз қолы­мы­зға ала­а­ла­мыз ба неме­се әмең­гер­лік билік­ті қал­ды­рып, ұры, жемқор билік­ке жем болып жүре бере­міз бе? Кеуде­міз­де жаны­мыз бол­са, осы маңы­зды сұрақтар­дың басын аша­тын уақыт кел­ді. 

Тарих­ты білетін аза­мат­тар әрбір режим­нің бір-ақ заң­ды ақы­ры бар екеніне күмән­сiз. Назар­ба­ев­тың өз қолы­мен құрған режи­мі де ерекше емес, оның бүкіл мем­ле­кет­тік орган­дар­да қыз­мет ететін­дері де, олар­дың туы­ста­ры­нан тұра­тын жүйе де өте әлжу­аз. Сон­ды­қтан ел болып қала­мыз, қазақ деген Ұлы Дала­ның батыр ұрпақта­ры атағын жалға­сты­ра­мыз десек, оның отба­сы мүше­леріне жол бер­ме­уі­міз керек! Осы мақ­сат­та біз жап­пай қар­сы­лық көр­се­туі­міз қажет. Фео­дал­дық режим­ге тұн­шы­ғып бара жатқан елі­мізді бір­де-бір рет әділ өтпе­ген сай­ла­удан, халық ниеті­мен шық­паған адам­ның басқа­руы­нан құтқа­руы­мыз керек.

Міне, өз бола­шағы­мы­здың тағ­ды­ры үшін алаң­даған қазақ бауыр­лар, бір күн­де бар­лық үлкен қала­лар мен шет­кері аймақтар­дағы алаңға шығып, әділет­сіздік­ке қар­сы ішіңіз­ге сый­май жүр­ген өз ойла­ры­ңы­зды төмен­де ұсы­ны­лған ұран­дар­мен неге біл­дір­мес­ке?!

  • «Нұр-Сұл­та­натқа жол жоқ!» 
  • «Ел бола­шағы сенің қолы­ң­да!» 
  • «Ел үшін, жер үшін БІРІГЕЙIК!» 
  • «Ел тағ­ды­ры – менің тағ­ды­рым!»
  • «Елдің бола­шағы – балам­ның бола­шағы!»
  • «Әділ сай­ла­уды талап ете­мін!»
  • «Қазақ елін Назар­ба­ев әулеті биле­мей­дi!»
  • «Пре­зи­дент билі­гіне жол жоқ!» 
  • «Билік­тің мәжіліс­ке, елдің заң­ды өкіл­деріне ауы­суын талап ете­міз!»
  • «Әулет­тік билік­ке жол бер­мей­міз!» 

Жүз­де­ген, мың­даған қаза­қстан­ды­қтар нара­зы­лық акци­я­сын өткіз­ген­де ғана біздің жоға­ры­дағы қорқақта­ры­мыз өздерінің жеке ұшақта­ры­на мініп, қашып кету­ге тыры­са­ды, бірақ біз ондай мүм­кін­дік­ті бол­дыр­мауы­мыз керек! Қаза­қстанға зиян кел­тір­ген­дері үшін жау­а­пқа тар­ту керек! 

Уақыт­ша үкі­мет­ті бір жылға дей­ін­гі мерзім ара­лы­ғын­да жұр­тқа таны­мал қоғам қай­рат­кер­лерi: Серiк­бол­сын Әбділ­дин, Ғазиз Алдам­жа­ров, Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Әмір­жан Қоса­нов, Евге­ний Жовтис және басқа да көп­те­ген адам­дар басқарып,елге жетек­шілік етіп, жау­ап­ты болуға дай­ын.

Олар халық ұсы­нған және өзін-өзі ұсы­нған аза­мат­тарға пар­ла­мент­тік сай­лау жари­я­лап, дай­ын­ды­ққа уақыт беру­ге әзір отыр. Қалың халық ара­сын­да сау­ат­ты заң­гер­лер мен эко­но­ми­стер, елі мен жеріне адал қыз­мет еткісі келетін аза­мат­тар бар екеніне сене­міз. 
Отыз жыл бойы өз халқын қор­лап-зор­лап келе жатқан бір адам, оның отба­сы төбе­міз­ге шыққан кез­де көзді жұмып, сабыр сақта­уға­бол­май­ды. Көкіре­гі ояу әр адам­ның түсі­нетін уақы­ты жет­ті. Шірік билік­ке «Доғар!» деп айта­тын уақыт кел­ді!

Халық өз тағ­ды­рын өзі шешу­ге, өз билі­гiн тек адал жол­мен сай­ла­у­ға, мем­ле­кет­тікор­ган­дар­дағы пара алушы­лар мен жемқор шене­унік­тер­ден құты­луға дай­ын, әділ­дік жүйе орна­туға толық құқы­лы.

Лира БАЙСЕЙІТОВА

Бота­гөз ИСА, 

Серік МЕДЕТБЕКОВ, 

Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­дік бюро­сы, 

Жене­ва, сәуір, 2019 жыл