14 C
Астана
5 октября, 2024
Image default

Назарбаевтардың озбырлығына«СРОК ДАВНОСТИ» БОЛМАУЫ КЕРЕК

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловқа!

Ел қазы­на­сы­нан ұрла­нып-жыр­ланған актив­тер­ді қай­та­ру жұмысы қалай жүріп жатқа­ны Қаза­қстан халқы түгілі, біз­ге – депу­тат­тарға да бей­мағлұм. Біз қазір Үкі­мет­тің анда-сан­да жария ететін хабар-оша­рын ел қатар­лы ашық ақпа­рат­тан ғана біле­міз. Біз­де басқа­дай мәлі­мет жоқ. Отстав­каға кетер алдын­да бұған дей­ін­гі Үкі­мет бас­шы­сы 1 трлн тең­генің активі Қаза­қстанға қайт­ты деген еді. Қазір біз «мұзға жазы­лып, күн­ге қой­ы­лған» сол трил­ли­он­ды мал­да­нып отыр­мыз. Актив­тер­ді қай­та­ру заңын шығарған Пар­ла­мент­те нақты мән-жай­ды білетін­дей басқа дәр­мен жоқ. Деген­мен, тағы да сол экс-пре­мьер­дің айтуы бой­ын­ша, 220 трлн тең­генің активіне бай­ла­ны­сты тек­се­ру қолға алы­нған сияқты. Бұл – Қаза­қстан­ның 15 жылғы бюд­жетіне пара-пар актив. Бірақ осы­лай­ша, жылы­на бір трил­ли­он­нан қай­та­ра­тын бол­сақ, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Әділет­ті Қаза­қстан» баста­ма­сын жүзе­ге асы­ру үшін, 220 жыл керек екен. Әйт­се де, мем­ле­кет­тің активін қай­та­ру төңіре­гін­де түсініксіз құпи­я­лық қою­ла­нып тұр­са да, біз­ге басқа актив­тер­дің мән-жайы бел­гілі болып жатыр.

Бұл – жеке мен­шік иелері­нен әртүр­лі айла-амал­мен, тіп­ті рэкет­тік жол­мен тар­ты­лып алы­нған актив­тер. Жеке мен­ші­гі­нен айы­ры­лған­дар – қара­пай­ым биз­не­смен­дер, тар­тып алған­дар – экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев әулетінің өкіл­дері. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың әділет­тілік қағи­да­сын қалып­та­сты­ру үшін, жеке
кәсіп­кер­лер­дің заң­сыз жол­мен тар­ты­лып алы­нған актив­тері де кері қай­та­ры­луы керек. Әділет ешқа­шан жар­ты­кеш бол­май­ды, ол толық мән­де орна­уы тиіс. Мәсе­лен, тар­ты­лып алы­нған актив­терін қай­та­рып алуға жәр­дем жасау жөнін­де менің аты­ма бір­не­ше кәсіп­кер­ден өтіні­ш­тер келіп түсті. Осы өтіні­ш­тер­де баян­да­ла­тын жағ­да­ят­тар­дың жай-жап­са­рын аны­қтап, тиісті про­ку­рор­лық пәр­мен беру үшін, мен бұған дей­ін Сіздің жеке өзіңіз­ге сол үш өтіні­шті табыс еткен едім. Соның Назар­ба­ев­тарға қаты­сты еке­уін сөз етейін.

Үшін­шісі – депу­тат­тың аты­на жазы­лған өтіні­ш­те көр­сетіл­ген­дей, алма­ты­лық жеке кәсіп­кер, қорған­сыз жас қыз Әсем­гүл Хасанға­ли­е­ва­ның биз­несін тар­тып алуға мұрын­дық болған «ескі Қаза­қстан­ның» бір өкілі – отстав­ка­дағы МВД гене­ра­лы Маратқа­ли Нүке­но­втің қыса­сты­ғы­мен қозғалған іс бүгін­де аза­мат­тық-құқы­қтық негіз­де қара­лып жатқан­ды­қтан, әзір­ге сот ісіне ара­лас­пай, тұра тұра­лық. Бірін­ші кезек­те сол үш өтіні­штің бірі «Азия» сауда-өндірістік ком­па­ни­я­сын Әлия Нұр­сұл­танқы­зы Назар­ба­е­ва­ның тар­тып алуы­на бай­ла­ны­сты. 2003 жылғы активі 160 млн дол­ларға (неме­се 72 млрд тең­ге­ге) баға­ланған, құра­мын­да Қаза­қстан бой­ын­ша 68 жанар-жағар­май стан­са­сы, 6 мұнай база­сы бар ком­па­ни­я­ны Әлия Назар­ба­е­ва Вален­ти­на Рого­ва­ның заң­гер­лік көме­гі­мен өз аты­на жаз­ды­рып алға­ны жөнін­де­гі куәлікт­тің көшір­месі мен басқа да құжат­тар­ды мен Сіздің қолы­ңы­зға тап­сы­рған едім, Бас про­ку­рор мыр­за. (Әлия Назар­ба­е­ва қол қой­ған нота­ри­ал­дық куәлік­тің және басқа да келісім­шарт құжат­та­ры­ның көшір­месі Бас про­ку­рорға тапсырылды).

Құр­мет­ті депу­тат­тар, сіз­дер­дің қапер­леріңіз­ге салай­ын: Вален­ти­на Рого­ва – 2000–2002 жыл­дарғы әділет мини­стрі, 2004 жыл­дан 2017 жылға дей­ін Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің төраға­сы болған Игорь Рого­втың зай­ы­бы. Көңіл ауда­ры­ңы­здар: Бұл – Әділет­тің және Кон­сти­ту­ци­я­ның бірін­ші жақта­у­шы­сы болған, ал 2017 жыл­дан бері Бірін­ші пре­зи­дент қоры­ның атқа­ру­шы дирек­то­ры­ның орын­ба­сар­лық қыз­метіне тағай­ын­далған Рогов еді! Экс-пре­зи­дент­тің қызы жасаған қысым­ның сал­да­ры­нан заң­ды биз­несі­нен айы­ры­лған аза­мат­тар бұл қыл­мыстық іс-әре­кет тура­лы Сіздің аты­ңы­зға да өтініш жол­да­ды, Бас про­ку­рор мыр­за. Сон­ды­қтан Сіз бұл өтіні­ш­те көр­сетіл­ген деректер­ді тегіс тек­се­ру­ге про­ку­рор­лық пәр­мен беру­ге тиістісіз деп есеп­тей­мін! Ал Сіздің аты­ңы­зға жол­да­на­тын депу­тат­тық сау­ал мен қосым­ша құжат­тар­да «Азия» ком­па­ни­я­сы­ның алға­шқы құры­л­тай­шы­сы Серік Бимур­зин­нің бел­гісіз жағ­дай­да қалай қаза болға­ны; кей­ін­гі құры­л­тай­шы­сы Медғат Қали­ев­тың құны 160 млн дол­лар тұра­тын ком­па­ни­я­ны қан­дай жағ­дай­да Әлия Назар­ба­е­ва­ның аты­на су тегін жазып беру­ге; Серік Бимур­зин­нің мұра­гері Нұр­лан Бимур­зин небәрі 18 мың тең­ге­ге «сатуға» мәж­бүр болға­ны жөнін­де­гі дерек-дәй­ек­тер егжей-тег­жей­лі жазылған.

Бұны менің шұғыл түр­де жария етуі­ме себеп болып оты­рған жағ­дай: істі қай­та­дан қарау мерзі­мі – «срок дав­но­сти» өтіп кет­кен деген желе­умен бұл өтіні­ш­тер­ді жылы жауып қоюға про­ку­рор­лық орган­дар тара­пы­нан әре­кет жаса­лып жатқан сияқты! Бір кез­дер­гі «бірін­ші семья­ның» озбыр­лы­ғы мен қыл­мысты қия­нат­та­ры­на қаты­сты істер «срок дав­но­сти» деген желе­у­ге жат­пай­ды, Берік Ноғай­ұ­лы мырза! 

Депу­татқа және Бас про­ку­рор­дың аты­на өтініш беру­ші аза­мат­тар Медғат Қали­ев пен Нұр­лан Бимур­зин Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «әділет­ті Қаза­қстан» баста­ма­сы­нан үміт күтіп отыр. Сіз бен біз жазы­қ­сыз жапа шек­кен, қыл­мыстық қыса­сты­ққа тап болған аза­мат­тар­дың үмітін алда­мауы­мыз керек! Өтініш иелері Бас про­ку­ра­ту­ра­дан Әлия Назар­ба­е­ва мен Вален­ти­на Рого­ваға қаты­сты қыл­мыстық іс ашу­ды талап етіп отыр. Бұл талап­ты мен де депу­тат ретін­де қол­дай­мын! Маған кел­ген екін­ші өтініш Қай­рат Саты­бал­ды­ға қаты­сты. Айт­пақ­шы, өткен жел­тоқ­сан-қаңтар айла­рын­да Қай­рат Саты­бал­ды тағы да 150 млрд тең­генің активін мем­ле­кет­ке қай­тар­ды деген ашық ақпа­рат болған еді. Міне, осы сома­ның 4 мил­ли­ард­тан астам тең­гесі – Қай­рат Саты­бал­ды­ның жеке кәсіп­кер­ден тар­тып алған активі. Бұл сома экс-пре­мьер «мем­ле­кет­ке 1 трлн тең­ге актив қай­та­рыл­ды» деген есеп­тің ішіне де кіріп кет­кен. Аны­ғын­да, Қай­рат Саты­бал­ды «мем­ле­кет­ке қай­тар­дым» деген актив­тің бір бөлі­гі – «Хил­тон-Алма­ты» қонақ үйін қитұрқы қыса­стық жасау жолы­мен «Абли-Құры­лыс» Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің мен­шік иесі Шол­пан Қара­не­е­ва­дан тар­тып алған. Экс-пре­зи­дент­тің неме­ре інісі 50-ге жуық сақал­ды нөкер­лері­мен келіп «Хил­тон» қонақ үйін басып алған кездің видео­сы мен­шік иесін­де сақталған. Осы рэкет­тік-қыл­мыстық әре­кет­ті тек­се­ру бары­сын­да қажет десеңіз, ол видео­ны Қара­не­е­ва ханым­нан сұра­тып алуға бола­ды. Өтініш беру­ші сотқа шағым­дан­са да, бүгін­де Саты­бал­ды түр­ме­де жат­са да, әлі күн­ге дей­ін «күштінің арты диір­мен тар­ту­да». Бұл қыса­стық қыл­мысқа қар­сы бұған дей­ін депу­тат Мақ­сат Толы­қ­бай ара­ша түсу әре­кетін жаса­са да, жәбір көру­ші жақ жанұ­шы­ра жан-жаққа шағым­да­нып жүр­се де, «Хил­тон­ның» хика­я­сы Саты­бал­ды­ның пай­да­сы­на шешіліп тұр. Сіз­ге жол­да­нып оты­рған құжат­тар­да бұл рэкет­тік қыл­мыстың жай-жап­са­ры толық қам­ты­лған. «Хил­тонға» қаты­сты рэкет­тік тар­тып алу тура­лы бір бума құжат­ты сіз­ге жол­дап отыр­мын, Берік мырза!

Саты­бал­ды­ның рэкет­ті­гіне бай­ла­ны­сты тағы бір­не­ше өтіні­штің дерек- дәй­е­гіне менің көмек­шілерім тек­се­ру жүр­гі­зу­де. Мән-жай­дың қыл­мыстық және қыса­стық жағы аны­қта­лар бол­са, бұл құжат­тар­ды да Сіз­ге жол­дай­мын, Бас про­ку­рор мырза! 

Қысқа­сы, Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың актив­тер­ді қай­та­ру баста­ма­сы «ескі Қаза­қстан­ның» қыса­сты­ғы сал­да­ры­нан зардап шек­кен жеке биз­не­смен­дер­ге де қаты­сты болуы тиіс. Пре­зи­дент мем­ле­кет­тік тұрғы­да мін­дет еткен әділет­тілік­тің толық тала­бы – осы.

Ермұрат БАПИ,
ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Источ­ник: Datnews

архивные статьи по теме

Президент 3.0

Editor

БроуНАНское движение

Гульнара “заплатила” за отца-диктатора