13 C
Астана
19 мая, 2022
Image default

МАКАҢНЫҢ ҚАМШЫНЫҢ САБЫНДАЙ ҚЫСҚА ӨМІРІ

Тар­ты­лған теңіздің басты айлағы сана­ла­тын Арал қала­сы бір­не­ше бел­гілі адам­дар үшін кең дүниенің есі­гі болған: ұлы жазу­шы­мыз Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­сов, елі­міздің тұңғыш пре­мьер-мини­стрі Ұза­қ­бай Қара­ма­нов, Ресей әскерінің гене­рал-лей­те­нан­ты Лев Рох­лин… Алай­да, көп­шілік біл­мей­тін тари­хи кей­іп­кер­лері­міздің бірі де әлгі қала­да дүни­е­ге кел­ді. Ұзе­кең мен Қазақ КСР Балық шару­а­шы­лы­ғы­ның бұры­нғы мини­стрі – арал­дық Құдай­бер­ген Сар­жа­но­втың құр­да­сы, олар­мен бір­ге Т.Г. Шев­чен­ко атын­дағы №13 орта мек­теп­те оқы­ған Малқаж­дар Тіле­ужанұ­лы Ізба­са­ро­втың (1937−1971) жөні бөлек. Бой­шаң, теп­се темір үзетін жігіт Темір­тау қала­сын­дағы қаза­қстан­дық Маг­нит­ка – Қар­мет­ком­би­нат­тың тұңғыш құры­лыс­шы­ла­ры­ның бірі. Ол – сая­сат­кер Дариға Назар­ба­е­ва­ның био­ло­ги­я­лық әкесі болып табылады.

Туған-туы­ста­ры, доста­ры Малқаж­дар­ды “Мака” деп атай­тын. Осы көгіл­дір үйде Макаң­ның бала­лық, бозба­ла шағы өтті. Ген­сек Лео­нид Бреж­нев пен бокс­шы Майк Тай­сон тәріз­дес, ол да қолға үйретіл­ген құстарға қызы­ғу­шы­лық таны­тып, көгер­шін өсір­ді. Жастай­ы­нан тен­тек боп жүр­ген кей­іп­кері­міздің руы – Құр­ма­най, даңқты Жанқо­жа батыр­дың тұқы­мы. Жасы­ра­ты­ны жоқ, ол нашар оқып, 1956 жылы он тоғыз жасын­да мек­теп­ті әрең деген­де бітір­ді. Оның нөмірі 172418 кәме­лет­тік атте­ста­тын­да бір­де-бір “бес­тік” баға жоқ. “Алгеб­ра”, “Аст­ро­но­мия” мен “Қазақ әде­би­еті” пән­дері­нен ғана “төрт­тік” баға­ны алып, қалған пән­дер үшін М.Т. Ізба­са­ро­вқа “үштік” баға беріл­ген. Пре­мьер-министр Вик­тор Чер­но­мыр­дин мен әкім Серік Үмбе­тов те дәл сон­дай ортанқол баға­лар­мен мек­теп­ті бітір­ген. Оған қоса, оның қылы­қта­ры да тәр­тіп­сіздік сана­ты­на жата­тын. 2020 жыл­дың 4 мау­сы­мын­да, бұры­нғы арал­дық мили­ци­о­нер Болат Кім­ба­ев маған мына­дай ақпа­рат бер­ді: “Малқаж­дар­дың бұза­қы­лы­ғы бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғалған-мыс”.

Көп­ба­ла­лы отба­сы­ның түле­гі Макаң (оның алты туған ағай­ын­ды-қарын­даста­ры болған) мек­теп­ті бітіріп, бір­ден Темір­тау қала­сы­на аттан­ды. Дәл сол 1956 жылы, оның аға­сы Мау­лет­дин де И.В. Ста­лин атын­дағы Мәс­ке­улік темір­жол инже­нер­лерінің инсти­ту­тын тәмам­дап, жас маман ретін­де Темір­та­уға кел­ді.  Осы уақыт­та, Орта­лық Қаза­қстан­дағы бұл елді мекен­де аса маңы­зды Қараған­ды метал­лур­ги­я­лық ком­би­на­ты­ның құры­лы­сы бастал­ды. Ағай­ын­ды Ізба­са­ро­втар алғыр, пысық жігіт­тер болып-ты. Мәсе­лен, 1959 жылы Мау­лет­дин Алма­ты қала­сы­ның Ста­лин ауда­ны (қазір­гі Алма­лы ауда­ны) әкі­мі Рақым­жан Қилы­ба­ев­тың қызы, сәу­лет­ші Маянға үйлен­ді. Өз кезе­гін­де, алпы­сын­шы жыл­дар­дың басын­да Малқаж­дар қараған­ды­лық сауда­гер­лер­дің ерке қызы, буфет перісі Сара Қонақа­е­ваға үйленді.

Алай­да, 1962 жыл­дың басын­да мон­таж­ник Макаң қауіп­сіздік шара­ла­рын сақта­май, құры­лыс алаңын­дағы биік­тік­тен құлап қал­ды. Салы­нып жатқан ғима­рат­тың тас, темір бөл­шек­теріне соғы­лып, Сары Арқа­ның мұз­ды төсіне түсті арал­дық құры­лыс­шы! Көп ұза­май, қараған­ды­лық ару оны­мен ажы­рас­ып, ком­со­мол бел­сен­дісі Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа тиді. Олар­дың тойы 1962 жыл­дың 25 тамы­зын­да өтті. Ал, 1962 жыл­дың 6 қара­ша­сын­да, “Темир­та­ус­кий рабо­чий” газетінің мере­келік санын­да жари­я­ланған “Огнен­ных дел масте­ра” мақа­ла­сын­да жур­на­лис В. Жаров Нұре­кең тура­лы былай жаз­ды: “… ему помо­га­ет жена, Сара Кунак­ба­е­ва, дежур­ный тех­ник под­стан­ции”. Ресми құжат­тар бой­ын­ша, Дариға Назар­ба­е­ва 1963 жыл­дың 7 мамы­рын­да дүни­е­ге кел­ді. Демек, оның био­ло­ги­я­лық әкесі, Сара­ның тұңғыш күй­е­уін жасы­ру үшін 1962 жылы өмір есі­гін ашқан Дариға­ның туған жылы өзгер­тіл­ген. Айт­пақ­шы, ресми түр­де 1963 жылы дүни­е­ге кел­ген қыл­мыс­кер палу­ан Дәу­лет Тұр­лы­қа­нов та ерте­рек туған. Малқаж­дар мен Сара­ның неке куәлі­гі түгіл, бай­ғұс арал­дық құры­лыс­шы­ның туу және өлу куәлік­тері жой­ы­лған неме­се жасы­ры­лған! Өз басым, қан­ша­ма элек­трон­дық пен қағаз мұрағат мате­ри­ал­да­рын зерт­те­сем де, Макаң­ның мек­теп құжат­та­рын ғана тауып алдым.

2020 жыл­дың 5 мау­сы­мын­да оның рула­сы, арал­дық зақым­далған мұғалім Ораз Мыр­за­ғұ­лов маған ашы­қтан-ашық айт­ты: “Дариға Малқаж­дар­дың қызы екен­ді­гін қалай дәлел­дей­сің? Бүкіл құжат­тар жой­ы­лған”. Өз кезе­гім­де, халай­ық, сіз­дер­ден сұрай­ты­ным: Макаң құжат­та­рын жой­ы­луы неме­се жасы­ры­луы­ның себебі не де жатыр? Ал, 2019 жыл­дың 9 қара­ша­сын­да Мәс­ке­удің қақ орта­сын­да, яғни Кремль мен Ресей мем­ле­кет­тік кіта­п­ха­на­сы­ның маңын­да, меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Қырғыз­стан пре­зи­ден­ті­гіне бұры­нғы үміт­кері Куба­ныч­бек Апасқа жолы­қтым. Бұл кісі маған дәрі­гер ретін­де ескер­ту жаса­ды: “Құжат бой­ын­ша, Назар­ба­ев­тың үлкен қызы деп сана­ла­тын Дариға­ның био­ло­ги­я­лық әкесін сөз етсең, онда ең алды­мен гене­ти­ка­лық сарап­та­ма­ны өткізіл­гені жөн”. Өз кезе­гім­де, айта­ты­ным: Назар­ба­ев пен Дариға ара­сын­дағы туы­сқан­ды­қты дәлел­дей­тін гене­ти­ка­лық сарап­та­ма да жоқ, бол­май­ды да ол!

2016 жыл­дың 4 тамы­зын­да, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы кеңесінің бұры­нғы төраға­сы, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры Серік­бол­сын Әбділ­дин­мен кез­де­су­ге сәті түсті. Әңгі­ме­міздің бары­сын­да, Дариға­ның био­ло­ги­я­лық әкесі кім екен­ді­гі сұра­май­мын ба? Сая­си арда­гер мырс етіп, жау­ап қай­тар­ды: “Біл­мей­мін. Ол тура­лы, бәл­кім, Кәрі­шал Асан Ата­ның кіта­бын­да жазылған”.

Расын­да, кей­інірек Кәре­кеңнің Мәс­ке­уде жарық көр­ген “При­зрак неза­ви­си­мо­сти”, 1997, кіта­бы­ның 44 бетін­де мына­дай жол­дарға тап бол­дым: “два зна­то­ка био­гра­фии сего “пре­зи­ден­та из пре­зи­ден­тов” Е.Доцук, И.Сичка (22.2.1992) опуб­ли­ко­ва­ли в “Ком­со­моль­ской прав­де” мате­ри­ал “19 неиз­вест­ных фак­тов жиз­ни Н.Назарбаева” под завле­ка­тель­ным назва­ни­ем: “Когда он игра­ет на дом­б­ре, вокруг все поют”. Хотя пер­вый муж жены пре­зи­ден­та по име­ни Мал­гаж­дар пел, как под­твер­жда­ют оче­вид­цы, гораз­до луч­ше. Он пел даже с эст­рад­ной сце­ны и был к тому вре­ме­ни, по сло­вам тех же оче­вид­цев, куми­ром тогдаш­ней темир­та­уской моло­де­жи — шести­де­сят­ни­ков. Уход из жиз­ни это­го талант­ли­во­го чело­ве­ка по име­ни Мал­гаж­дар про­изо­шел при зага­доч­ных обсто­я­тель­ствах…” Шын мәнін­де, Макаң­ның өнер қабілет­терін әжепте­уір дамы­ған болған. 2020 жыл­дың 30 мау­сы­мын­да, оның жең­гесі Маян Ізба­сар теле­фон арқы­лы маған былай деді: “Ол тіп­ті “Қаза­қкон­церт” ұйы­мы­ның шең­берін­де Мәс­ке­удің өзін­де ән сал­ды”. Кей­бір арал­ды­қтар­дың айтуын­ша, “Пәлен ари­я­ның орын­да­у­шы­сы – Малқаж­дар Ізба­са­ров” атты дыбыс жаз­ба­сы болыпты-мыс.

Ал, Кәре­кеңнің әлгі кіта­бы­ның 475 бетін­де мына­дай ақпа­рат кел­тіріл­ген: “… образ быв­ше­го мужа Сары Алпы­сов­ны, Мал­гаж­да­ра, с его тра­ге­ди­ей: он, кста­ти, был убит дру­гим отри­ца­тель­ным пер­со­на­жем при неиз­вест­ных обсто­я­тель­ствах…” 2020 жыл­дың 20 науры­зын­да, Сыр өңірі про­ку­ра­ту­ра­сы­ның арда­гері, атақты кәсіп­кер Болат Өте­мұра­то­втың туы­сы Шырын Иса­е­ва маған келесі ақпа­рат бер­ді: “Нұре­кең Макаң­ды тере­зе­ден итеріп, құр­тып жібер­ді. Сосын, қай­ғы­ға батқан Сара­ны жұба­тып, айт­ты: “Қай­тесің оны? Ешнәр­се етпес, бізді жарқын бола­шақ күтіп тұр!” Нұре­кең жоға­ры билік­ке кел­ген соң, Макаң туы­ста­ры­нан осы қыл­мыс жай­ын­да жария қыл­мау тура­лы тіл­хат алғы­зды”. Дәл сол күні, Қызы­лор­да қала­сы­ның қазы-билерінің бірі, Шалқар Қожан­та­ев­пен кез­де­стім. Оны­мен сөй­лес­кен­де де, Малқаж­дар тура­лы сұрақ қой­дым: “Оның аты-жөнін білесің бе? Біл­ме­сең, бұл жөнін­де таны­ста­ры­ң­нан сұра­с­ты­ра ала­сың ба?” Шакеңнің жау­а­бы: “Біл­мей­мін, сұра­с­ты­рай­ын. Бірақ, бұл қауіп­ті мәсе­ле”. Егер дер­бес құқы­қты­лы­ғы бар қазы-би бұн­дай сұрағы­ма қауіп­тене қара­са, сон­да оның түбін­де қан­дай жан түр­ші­гер­лік құпия жатыр?! Айт­пақ­шы, биы­лғы мау­сым­ның басын­да Арал аудан­дық тари­хи-өлке­та­ну мұра­жай­ы­ның бас­шы­сы Мәди Жасе­ке­нов та мені­мен сұм­дық ақпа­рат­пен бөлісті: “Макаң Нұре­кең­ге талай рет қол ұшын бер­ді. Ал, рақ­меті жоқ Назар­ба­ев оны құр­тып жіберді!”

Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты тағы бір өзге­ше кез­де­су есі­ме түседі. 2015 жыл­дың қазан айы­ның орта­сын­да, Алма­ты қала­сын­дағы “MaZaiKa” буки­нист дүкенін­де заң ғылым­да­ры­ның док­то­ры Қаб­дул­са­мих Айтқо­жин­мен таны­стым. Бұл ғалым сыр шерт­ті: “Сара Алпы­сқы­зы әде­мі қыз бол­ды. Көп­те­ген жігіт­тер оған ғашық бол­ды. Назар­ба­ев Сара­ны қызға­нып, оның тұңғыш күй­е­уінің өлтіруіне ат салы­сты. Сая­сат­кер Заман­бек Нұрқа­ді­лов осы оқиға бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық істің көшір­месін тауып алды да, Назар­ба­ев­ты бопса­лай баста­ды. Сон­ды­қтан, пре­зи­дент бұры­нғы әкім­ді жой­ып жібе­ру­ге бұй­рық бер­ді”. Бірақ, 2020 жыл­дың 10 мау­сы­мын­да мені­мен дидар­ласқан Малқаж­дар Тіле­ужанұлы­ның досы әрі көр­шісі, Дани­яр Қосмам­бе­тов, әлгі қыл­мысты жоққа шығар­ды. Оның айтуын­ша, 1962 жылы арал­дық құры­лыс­шы өндірістік апат­тың құр­ба­ны болып, екі жыл бойы Мәс­ке­уде емдел­ді (өз кезе­гім­де, айта кетей­ін: оның аға­сы Мау­лет­дин мәс­ке­улік аспи­рант болған соң, інісінің емде­луіне қамқор­лық жаса­ды-мыс – Д.Н.). Елге қай­тқан соң, шама­мен 1964 жылы Макаң Темір­та­уда дүни­е­ден озды. Айт­пақ­шы, Дани­яр Қосмам­бе­тов ақсақа­лы­мыз Дариға ханым­ды Арал қала­сы­на шақы­ра­ды: “Оның әкесін тани­тын тірі қалған аз адам­дар­дың бірі­мін. Дариға ханы­мға Макаң­ның өмірі жай­лы айта­мын, оған қаты­сты үй-орын­дар­ды көр­се­те­мін”. Соны­мен қатар, Дакең Макаң­ның жақ­сы төбе­ле­с­кен­ді­гін де тіл­ге тиек етті.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өмір­ба­я­ны­ның жалған тұста­ры тура­лы тағы бір куә­гер маған мәлім­деді. 2016 жыл­дың 10 тамы­зын­да, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еңбек сіңір­ген метал­лур­гы, Қазақ КСР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы иегері Ағы­бай Бек­та­со­втың қонағы бол­дым. Ақсақал Нұре­кең­мен бір­ге Темір­та­уда жұмыс істе­ді. Оның айтқа­ны: “Ант ете­мін: Дариға – Нұр­сұл­тан­ның қызы емес! Темір­тау метал­лург­терінің мәде­ни­ет үйін­де ән айта­тын жігіт бол­ды. Ол – Дариға­ның био­ло­ги­я­лық әкесі болып табы­ла­ды”. Оған қоса, қара метал­лур­ги­я­ның арда­гері сол кез­де­гі Қаза­қстан пре­зи­ден­ті жөнін­де біраз сын­шыл сөз­дерін айт­ты: “Нұр­сұл­тан – метал­лург емес. Ол ком­со­мол, пар­тия бел­сен­дісі ретін­де көбі­не­се жина­лыс, фести­валь, митинг­тер­ге қаты­са­тын. Ал, біз дәл сол уақыт­та Қар­мет­ком­би­нат­та тер төк­тік”. Бірақ, ақсақал: “Ұмыт­тым!” деп Мақаң­ның аты-жөнін айтпады.

Ал, 2016 жыл­дың 24 қыр­күй­е­гін­де “Жалын” жур­на­лы­ның Ғабит Мүсіре­пов атын­дағы сый­лы­ғы­ның иегері Гүл­сім Ора­за­лы­қызы­мен кез­де­стім. Бұл кісі “Орта­лық Қаза­қстан” газетін­де жұмыс істе­ді. Демек, ол Қараған­ды мен Темір­та­удың мән-жай­ы­нан хабар­дар адам. Соны­мен қатар, жур­на­лис Гүл­сім атақты қызы­лор­да­лық гео­лог Шах­мар­дан Есе­нов тура­лы кітап жазған. Демек, ол Сыр өңірінің жағ­дай­ын да жақ­сы біледі. Малқаж­дар тура­лы маған айты­лған әңгі­месі: “Сара­мен ажы­рас­қан соң, ол ішім­дік­ке салын­ды. Сол себеп­тен қай­тыс болған, шығар”. Мәс­ке­уде жарық көр­ген және де авто­ры бел­гісіз (мүм­кін, оны қараған­ды­лық сауда­гер Сыздық Әбі­шев жазған) “Испо­ведь госу­да­ря”, 1998, кіта­бы­ның 13 бетін­де Сара тура­лы былай жазы­лған: “… бро­сив боль­но­го мужа в Кызыл-Орде, она так­же рва­ну­лась в роман­ти­че­ские места”. Айт­пақ­шы, бұры­нғы әкім Вик­тор Хра­пу­нов Дариға­ның ішім­дік­ке қарай әуе­сті­гін сөз етті. Мүм­кін, осын­дай жаман әдет те ән салу қабілеті­мен бір­ге әкесі­нен дары­ды бұлбұл бикешімізге.

Қалай десек те, дик­та­тор отба­сы мен Арал қала­сы ара­сын­дағы бай­ла­ныс білініп тұр. Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың басын­да, Сара Алпы­сқы­зы екін­ші күй­е­уі­мен бір­ге Арал қала­сы­на сапар шек­ті. Жер­гілік­ті ақсақал­дар­дың тобы пре­зи­дент жұбай­ы­мен кез­де­су­ге ұмты­лып, ағы­нан жарыл­ды: “Келіні­міз қай­да?” Әрине, тұңғыш күй­е­уін ұмыт­пай, Сара ханым бұры­нғы ата-енесіне қолы­нан кел­ген­ше қамқор­лық жасай­ды. Арал­дың қызы Дариға да төр­кінінің қамын жей­ді. Мыса­лы, Мау­лет­дин Ізба­са­ров және оның бала-неме­ре­лерінің эко­но­ми­ка ғылы­мын­дағы сәт­ті ман­са­бы­на да келіні мен қарын­да­сы­ның сеп­ті­гі тиді. Сыр өңірі Дариға­ны қаны­на тар­тып тұр ғой. Оның тұңғыш күй­е­уі – Рахат Әли­ев­тың ата-баба­ла­ры қызы­лор­да­лық Төме­на­рық ауы­лы­нан шықты. Кезін­де, Дариға мен Рахат­тың ең сенім­ді әріп­те­стерінің бірі – мил­ли­ар­дер Болат Өте­мұра­тов – арал­дық жігіт Өте­мұрат­тың неме­ресі болып табылады.

Елі­міздің басқа аймақта­рын сая­си тұрғы­дан  алып қараған­да, Сыр өңірі бір­ша­ма тыны­штау екен. Себебі, көп­те­ген қызы­лор­да­лы­қтар Дариға ханы­мға үміт арта­тын: “Қызы­мыз пре­зи­дент бол­са, тіп­ті Арал теңізінің қал­пы­на келуі әбден мүм­кін. Себебі, орыс бас­шы­ла­ры­мен достас Дариға­мыз артық суы көп Ресей­дің сол­түстік өзен­дерін тар­ты­лған көлі­міз­ге қарай бұрғы­з­бақ”. Ақмо­ла­ның айтағын­дағы қуыр­шақ-сай­қы­ма­зақ бол­са да, қазақ пен орыс тіл­дерін­де сай­рап тұрған арал­дық ысы­лған сая­сат­кер Әмір­жан Қоса­но­втан үрей­леніп өмір тәжіри­бесі бан­кет пен жина­лы­стар­мен шек­тел­ген оры­стіл­ді Қасым-Жомарт Тоқа­ев пре­зи­ден­тік­ке үміт­кер­лер­дің ара­сын­да бет­пе-бет пікір­та­ла­стан бас тарт­ты. Енді, пре­зи­дент­тік­ке жете­лей­тін жол Дариға үшін де кесіл­ген. Сай­ла­удың мәре­ге жет­кен кезін­де ынжық боп шыққан Әмір­жан Қоса­но­втың абы­ройы да айран­дай төгіл­ді. Демек, момын қызы­лор­да­лы­қтар екеш қызы­лор­да­лы­қтар да дүр­лі­гіп кетуі мүм­кін: “Неге Ақмо­ла біздің үміт­кер­лер­дің жолын кеседі?!”

Тағы бір айта кетер­лік жайт, осы­дан жиыр­ма жыл бұрын аты аңы­зға айналған әнші­міз Роза Бағла­но­ва­ның ізба­са­ры, қаза­лы­лық бұлбұл Мәди­на Ерә­ли­е­ва туған топы­рағын­да жол апа­ты­на түсіп, қаза тап­ты. Оны­мен қатар тағы біраз адам­дар мерт бол­ды. Тек қана, оның күй­е­уі – Нұр­сұл­тан­ның ана­лас інісі Болат Назар­ба­ев – аман-сау қал­ды. Қаза­лы, Арал жұр­ты зар қақты: “Әнші­міз­ге қастан­дық жасалған!” Әрине, парақор құқық “қорғау” орын­да­ры­ның “тергеуі”-нен тұшым­ды нәти­же шық­па­ды. Демек, жұм­бақты жол апа­ты әлі күн­ге дей­ін қара­ма-қай­шы пікір­лер­ді туды­ра­ды. Енді, басты тақы­ры­бы­мы­зға орал­сақ,  “В рит­мах валь­са и квикс­те­па. Неве­сты юно­сти Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва” мақа­ла­сын­да оға­штау дерек кел­тіріл­ген: “В то вре­мя за Сарой Куна­ка­е­вой уха­жи­ва­ли несколь­ко моло­дых метал­лур­гов. И они отнюдь не обра­до­ва­лись ново­му кон­ку­рен­ту. По вос­по­ми­на­ни­ям Нур­сул­та­на Назар­ба­е­ва, один из них даже при­гро­зил столк­нуть его в домен­ную печь, если он не пре­кра­тит уха­жи­вать за девушкой”.

Ұрлы­қтың сұл­та­ны Назар­бай жемқор­лы­ққа қар­сы нет­кен шешен­дік сөз­дер қол­да­на­ды! Сары оры­сқа атом қару-жарағы­мы­зды сый­лаған, қара қытай­ға қаси­ет­ті жері­мізді тап­сы­рған Нұр-Шай­тан отан­сүй­гі­штік пен қай­сар­лық тура­лы шабыт­ты баян­да­ма­лар­ды жасай­ды! Енде­ше, оның: “Сара­дан қол үзбе­сем, мені дом­на пешіне ите­ру­ден тай­ын­бай­тын қар­сы­ла­сым бол­ды” сөз­дерін басқа­ша түсі­ну керек. Әрқа­шан, Назар­ба­ев көз­де­ген мақ­са­ты­на жету үшін айла-амал­да­рын талға­май­ды. Бұл жолы да, сүй­ік­ті қызын жау­лап алу үшін барын сал­ды Нұр­сұл­тан! Крем­ль­ге кере­гі сол. Әрдай­ым, мәс­ке­улік­тер “шаш ал десе, бас ала­тын” жан­дай­шап­та­рын таң­да­уда. Және де, ком­про­мат бақы­ла­уы үшін оларға өмір­ба­я­нын­да масқа­ра жағ­дай­ла­ры бар кей­іп­кер­лер ұнай­ды. Мыса­лы, бопса­ла­у­шы Ота­ри Кван­т­ри­шви­ли, әкім Амал­бек Тша­нов неме­се алып­са­тар Әлі­шер Ұсма­нов қыз-келін­шек­тер­ді жәбір­ле­гені үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған. Міне, Кремль осын­дай ешнәр­се­ден тай­ын­бай­тын кей­іп­кер­лер­ді әлпештейді!

Үлкен басты­қтар мен қоғам­дық қай­рат­кер­лер­дің жеке өмірі қатар­дағы аза­мат­тар­дың тұр­мыс-тір­шілі­гі­нен бөлек. Бай, ықпал­ды адам­дар­дың өмір­ба­я­ны бұқа­ра халық үшін мей­лін­ше ашық болуы қажет. Мәсе­лен, АҚШ-тың бұры­нғы пре­зи­ден­ті Билл Клин­тон­ның шын фами­ли­я­сы – Блайт. Бола­шақтағы аме­ри­кан­дық елба­сы­ның дүни­е­ге келуіне бір­не­ше ай қалған­да, оның әкесі жол апа­тын­да қаза тап­ты. Ал, төрт жыл­дан кей­ін оның шеше­сі Род­жер Клин­тонға тиді. Міне, бұл деректер көп­шілік­ке мәлім. Ал, Қаза­қстан­да үлкен басты­қтар­дың жеке өмірі көп­те­ген жағ­дай­лар­да жасы­ры­ла­ды. Мыса­лы, министр Зағи­па Бәли­е­ва­ның алты бала­ла­ры­ның еке­уі – оның туған бала­ла­ры емес. Өйт­кені, Бәли­е­ва ханым­ның туған інісі өлтіріл­ді. Сон­ды­қтан, Зағи­па сұлуы­мыз арман­да кет­кен марқұм­ның қос бала­ла­рын асы­рап алды.

Сай­ып кел­ген­де, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев­ты келе жатқан 80-жыл­ды­ғы­мен шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мын, зор ден­са­улық тілей­мін! Өйт­кені, бұл кісі әлі қоға­мы­м­ы­здың маза­сын ала­тын көп­те­ген сұрақтарға жау­ап бер­меді. Сон­ды­қтан, әділ тер­геу мақ­са­тын­да біз­ге тірі, мықты Назар­ба­ев керек! Алай­да, елі­міздің билік тіз­гінін ұстаған мәсі­мов-құлы­ба­ев-қасы­мо­втар жоңғар ақсақа­лы­мы­зды тірі­дей жер­ле­у­ге даяр! Жалған пан­де­ми­я­ны сыл­тау етіп, бүкіл­ха­лы­қтық дең­гей­де­гі Нұре­кеңнің мерей­той­ын атап өту­ге тый­ым сал­ды әлгі кесір­лі “үштік”. Кең көлем­де­гі мере­келік шара­лар­дың орны­на, ас беру­ге ұқсай­тын қай­ғы­лы жиын­дар өткізілу­де. Мыса­лы, Ақмо­ла қала­сын­дағы Ұлт­тық қорға­ныс уни­вер­си­тетінің алдын­да қабір­дің басы­на қой­ы­ла­тын көк­тасқа ұқсай­тын Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­ші орна­ты­лған. Демек, Нұре­кең хал үстін­де жатыр әлде аталған “үштік” елба­сы­ны іс жүзін­де тақтан тай­ды­рып кетті.

Источ­ник: https://blog.daniyar.info/

архивные статьи по теме

Мухтар Аблязов: «Казахстану нужна «экономика народа»

Акежан КАЖЕГЕЛЬДИН:«Если на три месяца отправить в международный тур по гольфу весь кабинет министров, этого не заметит даже сам президент»

Editor

Токаев подписал сам себе административный приговор

Editor