20 C
Астана
29 мая, 2024
Image default

Казақ интернеті: сайттар – сапасыз, қаражат — тапшы

Сапа­сы төмен, қал­та­ла­ры «тесік» қазақ сайт­та­ры­ның қар­жы­лық аху­а­лы қайт­се жақ­сар­мақ? Сайт­тар­дың саны артқан­нан сапа жоға­ры­лай ма? Қазақ сайт­та­ры ара­сын­дағы бәсе­ке көрі­гін қызды­руға не кедер­гі? Тіл­ші­міз осы және басқа да сұрақтарға жау­ап іздеп көр­ген еді.

 

Автор: Асқар ҚУАТҰЛЫ

Қаза­қстан­да Интер­нет қыз­метін қазақ тілін­де қол­да­ну­шы­лар саны артқан сай­ын қазақ тілін­де­гі кон­тент­ті де дамы­ту өзек­тілі­гі арту­да. Мем­ле­кет тара­пы­нан да қаза­қ­ша кон­тент­ті дамы­туға айры­қ­ша көңіл ауда­ры­лып отыр.

«Тәжин­нің тізі­мі» интер­нет­ке не береді?

Күні кеше ғана ҚР Мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Марат Тәжин қаза­қ­ша «KZ» домен­дік аймақта сапа мен кон­тент­ті жақ­сар­ту, отан­дық интер­нет кеңістік­те­гі таны­мал блоггер­лер мен әле­умет­тік желі моде­ра­тор­ла­ры­ның мәлі­мет­тер база­сын құру, мем­ле­кет­тік меди­а­ны нары­қтық инду­стри­я­ның маңы­зды бөл­ше­гі ретін­де қарас­ты­ру керекті­гін айтқан.

Сол-ақ екен, ескі әдетіне басып, екі­ге жары­лған Интер­нет кеңістік­те «Тәжин­нің тізі­мі» аталған жаңа ұғым пай­да бол­ды. Бірі мақтап, бірі дат­тап, сана­лу­ан пікір айтқан ағай­ын­ның уәжі де әртүр­лі. Ара­ла­рын­да «мем­ле­кет енді Интер­нет пен әле­умет­тік желі­де­гі өткір ой айта­тын аза­мат­тарға ауыз сал­ды» деп аттанға басқан­дар да жетер­лік. Шене­унік­тер көз­де­ген басты мақ­сат пен мүд­денің не екені әзір бел­гісіз. Яғни, уақыт еншісін­де­гі мәсе­ле. Бірақ бүгін­гі қазақ интер­нетінің про­бле­ма­ла­ры күн тәр­тібіне шыға­ры­лға­ны анық.

Егер ресми құжат­тарға сал­сақ, интер­нет желісі қаза­қстан­дық сег­мен­тінің (Қаз­нет) біры­ңғай ақпа­рат­тық кеңісті­гін қалып­та­сты­ру мен дамы­ту­дың 2008—2012 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сы тура­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­метінің 2008 жылғы 17 сәуірін­де­гі № 358 Қаулы­сын­да да бұл жайт­тар ашық көр­сетіл­ген. Ресми деректер­ге сүй­ен­сек, Қаза­қстан­да орыс тілін­де­гі — 32 680, ағы­л­шын тілін­де 4500 сайт бар. Ал мем­ле­кет­тік тіл­де­гі сайт­тар саны тіп­ті 4 мыңға да жет­пе­ген. Егер пай­ы­здық көр­сет­кі­ш­тер­ге шақ­сақ, оры­стіл­ді интер­нет ресурс — 79,6%, ағы­л­шын­тіл­ді — 11%, қаза­қтіл­ді — 9,3%.

Осы­дан үшін жыл бұрын Қаза­қстан интер­нет ком­па­ни­я­ла­ры қауым­да­сты­ғы­ның жетек­шісі Шав­кат Саби­ров қаза­қ­ша сөй­ле­су сайт­тар­да сән­ге айналға­нын айтқан бола­тын: «Соңғы бес жыл­дың ішін­де қазақ тілін­де­гі Интер­нет ресур­стар­дың саны 8 пай­ы­зға арт­ты. Егер 2004 жылы мем­ле­кет­тік тіл­де­гі сайт­тар бар­лық көлем­нің тек 4%-ын ғана құра­са, 2009 жыл­дың соңы­на қарай бұл 12 пай­ы­зға өсті. Бұл қазақ тілін­де сөй­ле­су күн­нен-күн­ге сән­ге айна­лып келе жатқан­ды­ғы­мен бай­ла­ны­сты. Соны­мен қатар мем­ле­кет­тік сайт­тар­дың бар­лы­ғын­да (шама­мен 120) қазақ тілін­де­гі нұсқа­сы болуы тиіс». Елі­міз­де­гі қазақ сайт­та­ры орта­ша есеп­пен алған­да, 20 пай­ы­зға өсіп оты­рған. Осы­ның арқа­сын­да сол кезең ішін­де орыс және ағы­л­шын тілін­де­гі сайт­тар­дың өсу қарқы­ны 15 пай­ы­зға бәсең­деп­ті. Сон­да үш жыл­дың ішін­де қазақ сайт­та­ры­ның саны 1,3 пай­ы­зға өскен: 2009 — 8 пай­ыз, 2012 жылы — 9,3 пайыз.

Бедел­ді сайт­тар сау­сақ­пен санарлықтай

Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі интер­нет­тің күше­юі бір жағы­нан демо­гра­фи­я­лық аху­алға бай­ла­ны­сты. Уақыт өткен сай­ын зама­нағи тех­но­ло­ги­я­ның тілін білетін жас ұрпақ қата­ры көбе­ю­де әрі аға буын мен орта буын өкіл­дері де бәсе­ке алаңы­нан шет қал­май, Интер­нет ресур­стар­дың мүм­кін­ді­гін барын­ша кеңі­нен қол­да­нуға тыры­су­да. Оның үстіне, Үкі­мет те халық қазы­на­сы­нан бөлі­нетін қара­жат­ты сайт­тар санын арт­ты­руға бағыттауда.

Мәсе­лен, 2013 жыл­дың 22 қаңта­рын­да Аста­на­да өткізіл­ген Қазақ сайт­та­ры редак­тор­ла­ры­ның кон­фе­рен­ци­я­сын­да ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат вице-мини­стрі Арман Қыры­қ­ба­ев: «Үкі­мет үсті­міз­де­гі жылы 450 интер­нет ресур­сын ашу­ды мақ­сат етіп отыр. Сон­дай-ақ, мем­ле­кет тара­пы­нан бөлін­ген 1 млрд. дол­лар­дың 110 млн. дол­ла­ры Интер­нет­ке арналған» деп мәлім­де­ген еді. «Абай-ақпа­рат» ҚҚ вице-пре­зи­ден­ті Айдос Сарым­ның айтуын­ша, был­тыр 200-ден астам БАҚ өздерінің төл сайт­та­рын ашқан. Қазақ интер­нетінің дамуы­на бұл да үлкен сеп, әрине. Алай­да, сайт­тар­дың көп болуы сапаға әсер ете ала ма? «Қаз­кон­тент» АҚ Басқар­ма төраға­сы Айдос Қыдыр­ма­ның пай­ым­да­уын­ша, елі­міз­де­гі жүй­елі түр­де жұмыс істей­тін 100 сайт­тың ішін­де ең бедел­ді деген неба­ры 11 сайт бар. Ал ақпа­рат­тық сайт­тар 2—3‑пен шек­те­леді: «Қазақ сайт­та­ры ара­сын­да қызу бәсе­ке жүріп жатыр деп айта алмаймын.

Менің­ше, ол енді баста­ла­ды». Қазір­гі кез­де таны­мал қазақ сайт­та­ры­ның алды­ңғы легін­де «Абай-ақпа­рат» ҚҚ-ның www.abai.kz сай­ты тұр. Қоғам­дағы сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік мәсе­ле­леді түгел қам­ти­тын бұл сайт­тың тұрақты оқыр­ман­да­ры да көп. Соны­мен қатар «Азаттық» радио­сы­ның сай­ты да (www.azattyq.org) бедел­ділер қата­рын­да. Әле­умет­тік желілер­дің бірін­де жүр­гіз­ген сау­ал­на­ма нәти­же­сін­де қан­даста­ры­мыз таны­мал деген қазақ сайт­та­ры­ның тізі­мін былай­ша түз­ген еді: www.abai.kz, www.azattyq.org, www.halyksozi.kz, www.ult.kz, www.ulttimes.kz, www.zhasalash.kz, www.jasqazaq.kz, www.alashainasy.kz, www.aikyn.kz, www.shyn.kz, www.ekpin.yvision.kz, www.massaget.kz, www.it-tirlik.kz, www.jaqsy.kz, www.namys.kz, www.baq.kz, http://www.qalaisyn.kz/

Аста­на­дағы сайт­тар жетек­шілерін жинаған басқо­су­да Қазақ интер­нетінің даму бағы­ты, Интер­нет­те­гі қазақ оқыр­ма­нын, қазақ тұты­ну­шы­сы­ның сұра­ны­сын қанағат­тан­ды­ру, мем­ле­кет­тік тіл­де­гі кем­шін түсетін тақы­рып­тар­ды аны­қтау сала­лық сайт­тар про­бле­ма­ла­рын аны­қта­уға баса назар ауда­ры­лған еді. Соны­мен қатар жиын­да сайт­тар­дың сапа­сын көте­ру­ге ықпал жур­на­ли­стер­ді дай­ын­да­уға ұсы­ныс біл­діріл­ді. Өйт­кені, бүгін­де сайт­тар­да бірін бірі көшіріп басу, ұрлап алу, автор­лық құқы­қты басу, бей­піл сөз­дер­ден құралған бәдік мақа­ла­лар, өсек-аяң, жала жабу секіл­ді басқа да келеңсіздік­тер белең алған.

«Сайт­тар үкі­мет­ке қол жаймасын»

Соңғы кез­дері қазақ тілін­де­гі сайт­тар жай­лы сөз қозғал­са, қара­жат тап­шы­лы­ғы бір­ге көтерілетін бол­ды. Осы сала­да жүр­ген қазақ маман­дар мем­ле­кет қара­жат бөлу арқы­лы қазақ сайт­та­рын дамы­туға мін­дет­ті десе, CNP Processing GmbH интер­нет про­цес­со­ры­ның бас мене­джері, «Award.kz» Ұлт­тық интер­нет сый­лы­ғы» қоғам­дық қоры­ның дирек­то­ры Кон­стан­тин Горо­жан­кин мем­ле­кет­ке қол жаю, үкі­мет­тен көмек күту Интер­нет нары­ғын­дағы бос кеңістік тіз­гінін шетел­дік­тер­ге беру­мен тең екенін көл­де­нең тартады.

Бүгін­де отан­дық интер­нет нары­қта шетел­дік­тер басым­ды­ққа ие. Горо­жан­кин елі­міз­де­гі мұнай мен газ­дың мол­ды­ғы жастар­ды ерке­летіп жібер­ген­дік­тен, ІТ сала­сы­ның маман­да­ры жоба жасап, ақша табуға тал­пы­ну­дан гөрі ман­сап қуып, дең­гейі жоға­ры жалақы алуға ұмты­ла­ты­нын айта­ды: «Осы­ның сал­да­ры­нан зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ны жақ­сы мең­гер­ген маман­дар өзге салаға кетуде».

Был­тыр интер­нет арқы­лы 9 млн. дол­ларға жар­на­ма беріліп, 250 млн. дол­ларға сауда жасалған: «Егер елі­міз­де­гі қаза­қтар саны­ның 65—70 пай­ы­зға жақын­дап қалға­нын ескер­сек, Интер­нет арқы­лы жұмыс жаса­уға, пай­да табуға қаза­қтар­дың да мүд­делі екенін және бұл тұрғы­дан алған­да аса бел­сен­ді екенін ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Қаза­қстан­дық темір­жол қыз­метін­де­гілер Интер­нет арқы­лы 1 мил­ли­он­нан астам билет саты­лға­нын хабар­ла­ды» деген К.Горожанкин был­тыр­дан бері кино­те­атр­лар билет­терін Интер­нет арқы­лы сату қыз­меті іске қосы­лған бой­да алға­шқы 4 айда 25 мың билет саты­лға­нын жеткізді.

Ал Айдос Сарым­ның пікірін­ше, «Қаз­нет қазір жоқ, біз­де­гі — тек рунет­тің жалға­сы. Пай­да түсір­мек түгілі, қазақ сай­ты қал­та­ры­ста қалып қой­ып жатыр. Осы рет­те латын әлі­п­биіне көшу қазақ сай­ты­на сер­піліс береді. Шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­здың есебі­нен оқыр­ман қата­ры кеңиді. Мем­ле­кет­тің басты көме­гі — Қаза­қстан­дағы әрбір аза­матқа интер­нет жет­кіз­се, және оны арзан­дат­са. Егер менің 100 мың­нан аса оқыр­ма­ным бол­са, маған мем­ле­кет­тің де, ешкім­нің де көме­гі керек емес. Таза жар­на­ма­мен өмір сүрер жағ­дай­ға жетем». Латын мәсе­лесіне қаты­сты пікір біл­дір­ген «Керек ньюс» сай­ты­ның жетек­шісі Аршат Ора­зов: «Транс­лит құра­лы бар, кирил­ли­ца жазған­да, латы­нға бір­ден ауы­са­ды. Сон­дай көмек­ші құрал­дың негіз­гі мақ­са­ты — латы­нға үйре­те беру, көзді-қол­ды үйре­ту» дейді.

Кез кел­ген мәсе­ле­де қаза­қты қауқар­сыз, қабілет­сіз көр­се­ту­ге тыры­са­тын сыңаржақ пікір­мен де келіс­пей­тінін ашық мәлім­де­ген Кон­стан­тин Горо­жан­кин «қазақ жаста­ры зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ның қыр-сырын білу­ге қабілет­сіз» деген сөзді теріс­ке шығар­ды: «Өзбек­стан­да қазір бірін­ші орын­ды ием­де­нетін Интер­нет-пор­тал­дың ірге­та­сын қалаған қазақ жігіт­тері кәсі­би тұрғы­да жүр­гізіп отыр. Олар­дың Қаза­қстан­да жасаған «Nur.kz» жоба­сы да елі­міз­де табысқа ие бол­ды». Жал­пы сайт­тар­дың таны­мал­ды­ғы интер­нет қор­ды қан­ша адам­ның қараға­ны­мен, қан­ша­лы­қты сол сайт­тың көме­гіне жүгі­нетін­ді­гі­мен екшеледі.

Қазақ тілін­де­гі тұңғыш пор­тал­дар­дың бірі www.massagan.com сай­ты­ның негізін қала­у­шы­лар­дың бірі Жанар­бек Матай­дың пікірін­ше, ең жақ­сы есеп­те­гіш — Гугл ана­ли­тикс. Ал Кон­стан­тин Горо­жан­кин қазақ сайт­та­ры­ның ста­ти­сти­ка­сын жеке жүр­гі­зу қажет дей­ді. Осы орай­да, көп­шілік ара­сын­да қызу пікір­та­лас туды­рып кел­ген www.zero.kz сай­ты­ның бас­шы­лы­ғы қазақ сайт­та­ры үшін арнайы тар­мақ қосуға шешім қабыл­дап­ты. Бұл қазақ сайт­та­ры ара­сын­дағы бәсе­кені арт­ты­руға сеп бола­тын көрі­неді әрі жар­на­ма беру­шілер­дің қызы­ғу­шы­лы­ғын оята­ры хақ.

Айт­пақ­шы, елі­міз­де­гі web-қор­лар қары­мын сара­лай­тын сайт­тың алға­шқы онды­ғы түгілі, жиыр­ма­лы­ғын­да тек Сұрақ-жау­ап сай­ты ғана ілі­гіп­ті. Сайт жетек­шісі Ербол Серік­бай «Сұрақ-жау­а­пқа» күніне 20 мың адам­ның кіретін­ді­гін, бірақ жар­на­ма беру­шілер­дің ешқай­сысы өз тара­пы­нан серік­те­стік орна­туға, яғни, жар­на­ма беру­ге құл­шын­баға­нын айта­ды. Осы себеп­ті, бір топ жас өздері қазақ тілін­де қыз­мет көр­се­тетін жар­на­ма агент­ті­гін құруға құл­шы­нып отыр. Қазір қазақ тілін­де­гі сала­лық сайт­тар санын көбей­ту маңы­зды. Өйт­кені олар­дың қата­ры өте сирек.

Мыса­лы, тарих пен әде­би­ет тақы­ры­бын көте­ретін «Күл­те­гін», қаза­қы құн­ды­лы­қтар, адам­гер­шілік пен діни сау­ат­ты­лы­қты ашу­ды мақ­сат ететін «Аза­мат­тар», ком­пью­тер мен сайт жасау және ғалам­тор­дағы ғажай­ып мүм­кін­дік­тер, элек­трон және инфор­ма­ци­я­лық қол­да­ны­лым­дар, сабақ ұйым­да­сты­ру, тақы­рып­ты талқы­ла­уды көз­дей­тін «Қаза­қ­софт», Интер­нет сауда­сы­ның қыр-сырын мең­ге­ру­ге тал­пы­на­тын «Қазақ сауда» тора­бы сапа биі­гіне көрі­ну­ге күш салу­да. Сон­дай-ақ, жастар­ды жаңа­ша ойла­у­ға және білім­ге жете­лей­тін Жаңа ой орта­лы­ғын­да (www.zhanaoi.kz) ІТ сала­сы­ның мүм­кін­дік­тері­нен мағлұ­мат ала­сыз. Сала­лық сайт­тар ара­сын­да қаза­қы салт-дәстүр, қазақ әде­би­етіне ден қой­ған­да­ры бар. Солар­дың қата­рын­дағы www.naqyl.kz сай­тын­да халық дана­лы­ғы тізіл­ген. Зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ның мүм­кін­ді­гін жас ұрпақты руха­ни тәр­би­е­ле­у­ге пай­да­ла­нып жүр­ген тұлға­лар ара­сын­да Әбіш Кекіл­ба­ев аға­мыз бар. Оның kekilbaev.kz жеке сай­ты­на кір­сеңіз, қаза­қы рух­тағы небір кере­мет дүниені таба­сыз. Кей­ін­гі кез­дері спорт сала­сын наси­хат­та­уға бағыт­талған сайт­тар да көбей­іп келеді: www.sportsarap.kz.

Бүгін­де сайт ашу оңай шару­аға айнал­ды. Тек оны дөң­ге­летіп әке­ту­ге екінің бірі қабілет­ті емес. Әлбет­те бұл талап­танған­дар­дың ары­нын тоқта­та алма­сы анық.

Ори­ги­нал статьи — 

Казақ интер­неті: сайт­тар – сапа­сыз, қара­жат — тапшы

архивные статьи по теме

145 активов в Европе на 17,5 млрд долларов. Трекер санкционных активов россиян: новый проект OCCRP

Editor

Холопы, строем на автобус!

«Алга» в Уральске тоже под колпаком