24 C
Астана
2 августа, 2021
Image default

Инга ИМАНБАЙ: Мәмилер байлығын қайдан алды?

«Түй­ін-түй­ін сыры­ң­ды, түбін­де келіп шын ашар». Билік биі­гін­де­гі шен­ділер­ді шын­ды­қтың шыңы­на шыға­рып көр­сек, қай қай­сысы бол­ма­сын, жем­са­уын жемқор­лы­қ­пен тол­ты­рған кәдім­гі ұры кей­піне түсетіні анық.

Біре­уі де «сау сиыр­дың жапа­сы» емес, бірі­нен бірі өте­ді. Тіп­ті, бұлар­дың тір­лі­гі «кім қан­ша қар­пып қала­ды» деген жемқор­лық жары­ста жүр­ген­дей  әсер қал­ды­ра­ды. Әрине, сана­ла­ры­на елді көр­кейт­сек, Қаза­қстан халқы­ның мұрат-мақ­са­тын орын­да­сақ  деген ой  кіріп те шық­пай­ды.  Авто­крат­тың режи­мін тіреп тұрған кілең клеп­то­крат­тар. Солар­дың бірі – Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің төраға­сы Қай­рат Мәми.

Алма­ты облы­сы­ның Жам­был ауда­нын­дағы Жам­был ауы­лын­да туған. Совет зама­нын­дағы Мәми­ев­тің фами­ли­я­сы кей­ін Мәми болып қысқарған. Есесіне, «қолы ұза­рған».  Сая­си сана­сы шама­лы адам ретін­де таны­мал. Соған қара­ма­стан, биік «самға­уы­на» мүм­кін­дік беретін қаси­еті бар – бұл да бірін­ші пре­зи­дент­тің туы­сы, Назар­ба­ев­тың наға­шы жұр­ты­нан. Былай­ша айт­сақ, жақын туы­сқа­ны. Жиен аға­сы­ның «жақ­сы­лы­ғын», жан-тәнін бере, ақтап жүр­ген пенде.

ӨЗГЕШЕ ПІКІРІ БАРЛАРДЫ ҚУДАЛАУ

Қай­рат­тың алғаш көз­ге түс­кен кезі – жел­тоқ­сан­ды­қтар­ды қуда­лау кезеңі. Оның ол заманғы қыз­меті тура­лы алма­ты­лық мұғалім Жан­сая Сәби­то­ва­ның 1998 жылы жары­ққа шыққан естелік кіта­бын­да жазы­лған. Жан­сая 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на қаты­сты репрес­си­яға ұшы­раған бола­тын. «Анти­со­вет­тік» бап­пен түр­ме­ге оты­рып шыққан. 1989 жылы Кол­бин билі­гі әлсірей түсіп, мұғалім қыз қапас­тан шыға­ды. Алай­да, бір­не­ше жыл бойы ақта­ла алмай әуре­ге түседі. Осы­лай «тар жол­да тай­ғақ кешіп» жүр­ген жан­ды сол кез­де­гі Жоғарғы сот кол­ле­ги­я­сы­ның төраға­сы Қай­рат Мәми «сайқымазақ»(«комедиантка»)  деп әжу­а­лай­ды. Жан­сая, өз естелі­гін­де, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның Жоғарғы сотын­да совет кезеңін­де өзін, жалған жала­мен, түр­ме­ге қамаған судья­лар­дың бәз қал­пы билік құрып оты­рға­нын көріп, таң қалға­нын жазады.

Қай­рат Мәми ман­сап жолын­да маңды­тып сөй­леп көр­ме­ген кісі. Жары­ққа шығып, елмен пікір­лесіп, ойын айту – Қай­рат­та жоқ қаси­ет. «Ауы­зын буған өгіз» дер­сің.  Деген­мен де, 2011 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да Қай­рат­тың тілі ағы­ты­лып, нашар еңбек жағ­дайы мен мар­дым­сыз жалақы­ға нара­зы­лық біл­діріп, митинг­ке шыққан Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры поли­ци­я­ның оғы­на ұшқан қай­ғы­лы оқиғаға қаты­сты: «Заң­сыздық пен қоғам тіәр­тібін бұзуға жол беру­ге бол­май­ды. Тәр­тіп бұзу­шы­лар мен оны ұйым­да­сты­рған­дар қатаң жау­а­пқа тар­ты­лып, тиісті жаза­ла­рын ала­ды» деп төтесі­нен қой­ды. Осы­лай­ша, пар­ла­мент төрін­де тұрып, Пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі құрған, тер­геу тобы­ның қалай­ша жұмыс істе­уі керек екені тура­лы алғы шар­тты нақты­лап бер­ді. Бұл –  тәр­тіп қорға­у­шы орган өкілінің емес, сол кез­де­гі Пар­ла­мент Сеан­ты төраға­сы­ның ауы­зы­нан шыққан сөз. Міне, осын­дай «алғы сөз­ден» кей­ін-ақ митинг­ке қаты­сқан­дар­ды «сот­тау» бастал­ды. Жау­а­пқа тар­ты­лған­дар­дың дені азапта­лып, ұры­лып, соғыл­ды. Олар­дың 13‑і  3 жыл­дан 7 жылға дей­ін бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Талай­ы­ның тағ­ды­ры тәл­кек­ке түсті,  ден­са­улы­ғын құрт­ты, жарқын жыл­да­ры жалған кет­ті. Жаза­ла­у­шы бұл істі Мәми басқарған болуы да ғажап емес.

ПАРАҚОРЛЫҚ ПЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ

Жоғағы сотт­тың мүше­сі кезін­де-ақ Қай­рат Мәмидің  пара алға­ны әшке­ре­лен­ген еді.  Алай­да, құты­лып кет­кен. Ал, кей­інірек, осы сот­тың төраға­сы қыз­метін­де оты­рған­да, ол жұмысқа алған 6 судья жемқор­лы­қта­ры үшін ұста­лып (дан­дай­сып кет­кен­дер пара­ны тура каби­нет­терін­де ала бастаған), қыз­мет­тері­нен қуы­лған болатын.

Осы күн­дері Мәми тәр­тіп сақтау жүй­есін сырт­тай бақы­лап отыр десек те бола­ды. Өйт­кені кей­бір деректер­ге қараған­да, сот­тар­дың «дұрыс шеші­мі» үшін төле­нетін ақша құй­ы­ла­тын «қара кас­са» Мәми мен оның сыбай­ла­ста­ры­ның қолын­да көрі­неді. Сол сыбай­ла­стың бірі – Тілек­тес Бәр­пі­ба­ев – Нұр-Сұл­тан қала­лық соты­ның төраға­сы, Қай­рат­тың Жам­был ауда­ны­нан шыққан жер­лесі.  Жәй жер­лес қана емес, Қай­рат­тың «қал­та­сы», «жете­леп жет­кіз­бек­ші» болып жүр­ген мұра­гері де дей­ді, білетін­дер. Бәр­пі­ба­ев Қаза­қстан­дағы кез-кел­ген сотқа бір рет теле­фон шалып-ақ, қан­дай да бол­сын істі шешіп тастай­тын құзы­рет­ке ие.  Әлгі Қаза­қстанға коро­на­ви­ру­сты алғаш алып кел­ген осы Бәр­пі­ба­ев­тың отба­сы бола­тын. Евро­паға ұышып барып-келуі үшін оли­гарх Баха­ри­дин Абля­зи­мо­втың жеке­мен­шік биз­нес-ұшағын пай­да­ланға­ны бел­гілі болған.

ҚАЙРАТ МӘМИДІҢ ҚЫЗДАРЫНЫҢ БИЗНЕСІ

Жоғарғы сот төраға­сы және Бас про­ку­рор болған кезін­де биік лау­а­зы­мын пай­да­ла­ныа оты­рып, Қай­рат Мәми, ресми түр­де Қаза­қстан «Forbes-інде» көрін­бе­се де, елде­гі ең бай адам­дар­дың біріне айна­лып шыға кел­ді. Бар ғұмы­рын мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке сарп еткен,  «биз­несі жоқ» кезек­ті мил­ли­ар­дер.  Ақпа­рат кеңісті­гін­де Мәми бай­лы­ғы­ның негіз­гі сөлі ұлы Мирас пен қыл­мыстық жол­мен кел­ген қыру­ар қар­жы­сын заң­да­сты­рып оты­рған,  Лон­дон­да тұрып жатқан кіші қызы Эль­ви­ра­ның қолын­да қом­далған деген хабар да тараған бола­тын. Деген­мен де, бұл бер­гі жағы ғана. Мәми шаңы­рағы мен оның туы­стар­ның биз­несі табысты әрі жан-жақты – олар­дың иелі­гін­де көп­те­ген кәсі­по­рын бар, бір­ша­ма­сы Қаза­қстан­да орна­ласқан. Енді осы тура­лы түстеп айтсақ.

 Мәмидің ресми таны­лған үш бала­сы бар. Үлкен қызы Айнұр Мәми – табысты биз­не­сву­мен. Күй­е­уі – Қаза­қстан­ның Нидер­ланд  король­ді­гін­де­гі жаңа тағай­ын­далған елшісі Асқар Жұмаға­ли­ев. Оған дей­ін, он жыл­дан астам уақыт бойы Цифр­лық даму, инно­ва­ци­я­лар мен аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стрі қыз­метін­де оты­рып, цифр­лан­ды­ру сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сатып алу жүй­есін өзінің жанқал­та­сы іспет­ті пай­да­ла­нып кел­ген бола­тын. Ресей­де бұл экс-министр өзінің асқан сараң­ды­ғы­мен таны­мал. «Uzun Qulaq»  деректеріне сәй­кес, оның тұсын­да «откат» мөл­шері 40 пай­ы­зға жет­кен көрі­неді. Жұмаға­ли­ев «зама­нын­да» қазақ елі «Живой жур­нал», «Live Journal» және «Liveinternet» сын­ды тағы басқа да ондаған интер­нет сайт­тарға кіру­ден құр қалған бола­тын. 2019 жыл­дың жаз айла­рын­да Қаза­қстан­ның 11 мил­ли­он аза­ма­ты­ның жеке деректері (DarkNet-тегі бұл деректер, әлі күн­ге, төле­у­ге қабы­лет­ті кім­ге бол­са да қол­жетім­ді)  «қол­ды болға­ны­на» қаты­сты жан­жал шықты.  Бұдан кей­ін, цифр­лан­ды­руға мил­ли­ард­тар жұм­саған, мини­стр­лік пан­де­мия кезін­де он-лайн оқу­ды қам­ти алма­ды.  Сөй­тіп,  «жұмағұ­лов­ша» цифр­лан­ды­ру­дың «арты» жалаң сөз екені де  көрініп қал­ды – мек­теп­тер­де бол­сын, меди­ци­на сала­сын­да бол­сын, құжат­тар­дың элек­трон­ды айна­лы­мы бол­сын  түк­ке тұр­май­ты­нын білдік.

Ал, бұл іске, тек ресми деректер бой­ын­ша ғана, 2018–2019 жыл­да­ры 41,5 мил­ли­ард тең­ге жұм­салған бола­тын. Шын шығы­ны бол­са, мини­стр­лік жари­я­лаған сома­дан әлдеқай­да артық екені мәлім. Өйт­кені, «НИТ» АҚ‑ы (қаза­қ­ша­сын біл­медім!) 2016- 2020 жыл­дар ара­лы­ғын­да мем­ле­кет­тік сатып алу аясын­да қазы­на­дан 178,8 мил­ли­ард тең­ге алған.  Ал, 2018–2019 жыл­дар­да бұлай­ша бөлін­ген қар­жы сома­сы Асқар Жұмаға­ли­ев мәлім­де­ген 41,5 мил­ли­ард­тан бір­ша­ма көп – 96,5 мил­ли­ард тең­гені құрай­ды. Бұл «цифр­лан­ды­руға» тағы бір  «Аза­мат­тар үкі­меті» деген АҚ енеді. Бұл меке­ме 2016- 2020 жыл­да­ры мем­ле­кет­тен жал­пы 229,5 мил­ли­ард, соның ішін­де, 2018–2019 жыл­да­ры 111,8 мил­ли­ард тең­ге алған. 

Бұлар «ғары­шты» да тонаған боп шыға­ды. Аста­на­лық қала бой­ын­ша істей­тін кор­руп­ци­яға қар­сы іс-әре­кет қыз­меті  «Ғары­шты Жер­ден қашы­қтан зон­ды­лау жүй­есі» жоба­сы­ның жүзе­ге асы­ру бары­сын тек­се­ре келе, «Қаза­қстан Ғарыш Сапа­ры» АҚ-ының бұры­нғы пре­зи­ден­ті мен Ұлт­тық ғарыш агент­ті­гі төраға­сы орын­ба­са­ры­ның құзыр­ла­рын пай­да­ла­на оты­рып,  бюд­жет қар­жы­сын жымқы­рға­нын көр­се­тетін фак­тілер­ді анықтаған. 

Асқар Жұмаға­ли­ев­тің жеке өзіне қат­сы­ты және оның орын­ба­сар­ла­ры Абы­лай­хан Оспа­нов, Сәкен Сәр­се­но­втер­ге (қар­жы­ны иге­ру­мен айна­лы­сқан), соны­мен бір­ге, «Цифр­лы Қаза­қстан» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша бөлін­ген қар­жы­ны иге­ру бары­сын­да,  олар­мен «жең ұшы­нан» жалағасқан тұлға­лар мен ком­па­ни­я­ларға қаты­сты  кор­руп­ци­яға қар­сы күрес меке­месі жет­кілік­ті деректер жинап, сот про­цесін бастап кету­ге де дай­ын оты­рған.  Көтеріл­ген мәсе­ле инфор­ма­ти­за­ция дәне цифр­лан­ды­ру сала­сын­да, Асқар Жұмаға­ли­ев­тің бас­шы­лы­ғы­мен,  15 жыл көле­мін­де  қол­ды болған, кем деген­де, 2 мил­ли­ард дол­лар ақшаға бай­ла­ны­сты. Агент­тік­тің экс-төраға­сы Алик Шіпек­ба­ев ұры Жұмаға­ли­ев­ті қамауға алуға тыры­сқан.  Алай­да, іске оның  қай­ын ата­сы Қай­рат Мәми ара­ла­сып, Түр­ки­е­де дем алып жатқан Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзіне тіке­лей шықан көрі­неді. Сөй­тіп,  мил­ли­он­даған дол­лар қар­жы­ны ұрлаған жемқор күй­еу бала­сын «аман» алып қалған. Оны­сы­мен қой­май, оны Нидер­ланд король­ді­гіне елші қып жіберт­кен. Бүгін­гі Қаза­қстан­ның шын кей­пі осын­дай – жемқор отба­сы «от бас­са» да, айы оңы­нан туа­ды. Ішіп, жеп, ортақ қазы­на­ны тонап, елді қор­лап жаста да Назар­ба­ев­тар мен оның маңын­дағы­ларға кір жұқ­пай­ды.  Нұр­сұл­тан құрған демо­кра­ти­я­ның сиқы  – ұры­ның ұртын май­лап, жал­пы жұрт­тың еркін бай­лап қой­ған. Аста­на­дағы «үкі­мет квар­та­лы­ның» тұрғы­ны  Асқар Жұмаға­ли­ев бол­са, құдай қосқан қосағы­мен бір­ге, жалған­ды жал­пағы­нан басты, гольф ойы­ны­на  құмар «зия­лы­лы­ғы­мен» таныл­ды, ілгері дамы­ған сән үлгілеріне, аспаз­дық өнеріне тән­ті бол­ды, әлем­де­гі  ең озық орта­лы­қтар­да ден­са­улы­ғын күт­ті. Шірі­ген бай бол­саң, өмірің де осы­лай  шікірей­іп өтеді.

Ал, осын­дай көр­нек­ті мем­ле­кет қай­рат­кер­лерінің бірінің қызы, екін­шісінің жұбайы Айнұр бол­са, өткін­ші жаң­быр­дан соң, өре шыққан саңы­ра­уқұлақ тәрізді, жаңа меке­ме­лер­ді тір­ке­уден шар­ша­ма­ды.  Оның бел­гілі актив­терінің бірі – жылы­жай кешен­дері. Міне, ол меке­менің сай­ты, қараңы­здар. 2015 жылы биз­нес-бикеш, сол кез­дер­де­гі Оңтүстік Қаза­қстан, қазір­гі Түр­кістан облы­сын­дағы  «Аде­ля» шаруа қожа­лы­ғын­ның 11 гек­тар жерін­де ірі жылы­жай кешенін іске қосты. Әрине, биз­несін мем­ле­кет­тің көме­гіне сүй­ене оты­рып жүр­гі­зеді. Мыса­лы, облыс әкім­ді­гі «Биз­не­стің жол кар­та­сы – 2020» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да бұл кәсі­по­ры­нға газ желісін тегін жүр­гізіп бер­се, Ұлт­тық «ҚазА­гро» хол­дин­гі «Агро­биз­нес ‑2020» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да 516 мил­ли­он суб­си­дия бөл­ген. Мұны­мен қатар, Ақтө­бе­де «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС және «Izet Greenhous» ЖШС –інде тұқым алып, көшет өсіретін кәсіп­ті де бастап кет­ті.  «ҚазА­гро» қарап қал­сын ба – ком­па­ни­яға 4,2 мил­ли­ард тең­ге мөл­шерін­де­гі заем­ды жеңіл­дік­пен бөліп бер­ді. Ал, облыс әкім­ді­гі, «Биз­не­стің жол кар­та­сы ‑2020» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша, кешен­ге қажет  газ,  электр желісі, су құбы­ры тәрізді  инже­нер­лік желілер­ді тегін жүр­гізіп бер­ді. 2015 жылға дей­ін аса пай­да көре қой­ма­са да, кей­ін табысы таудай болып түсе бата­ды. Ол қай­дан кел­ген табыс дей­сіз ғой? Айнұр­дың бұл кәсі­по­рын­дар­дағы қосым­ша құры­л­тай­шы­сы бұры­нғы Бас про­ку­рор Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дың қызы Әзи­за Зәкір. Ол бұрын­да­ры Бас про­ку­ра­ту­ра­да қыз­мет атқарған, Пре­мьер-министр Кең­сесі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Әбді­ха­лық Зәкір­дің (2017 жылға дей­ін Нәлі­ба­ев) әйелі. Айта кет­сек, Нәлі­ба­ев деген Ақтө­бе облы­сын­да, осы әйел­дер­дің биз­несі басталған 2015 жыл­дан 2019 жылға дей­ін әкім­дік құрған Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың туған бауыр­ла­ры мен әпке-қарын­даста­ры­ның фами­ли­я­сы.  Ал, қазір­гі күн­дері бұларға, қыз­мет­ке «Бор­дюр­бек­тің» өзі тағай­ын­даған  жиені, бұл облы­стағы бас­шы­лық қыз­мет­ке 2015 жылы кел­ген, облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Мей­рам­бек Шер­мағам­бет қамқор болып отыр­са керек.  Ол 2017 жыл­дан бері есірт­кі биз­несін ұйым­да­стыр­ды деген күдік­ке ілінген.

Бұл жолы болғыш фер­мер­лер Ақтө­бе­де­гі 9 гек­тар жылы­жай­ға мем­ле­кет жеңіл­дік­пен  бөліп бер­ген заем­нан бөлек, 1,5 мил­ли­ард өз қар­жы­ла­рын да салған.  Ұдайы мем­ле­кет қыз­метін­де жүр­ген, өздерін кір­шіксіз әділ санай­тын жан­дар­дың қызда­ры мұн­ша­ма қомақты қар­жы­ны қай­дан алды, қалай және қай­тіп тап­ты? Бұл сома олар­дың сол кез­де­гі салық декла­ра­ци­я­сын­да көр­сетіл­ген бе?  Аграр­лық ғылым ойлап тапқан соңғы тех­ни­ка­мен, бесін­ші буын­дағы «Ultra-Clima» тех­но­ло­ги­я­сы­мен жаб­ды­қталған бұл жылы­жай, тіп­ті, жер­гілік­ті шен­ділер­дің, маңғаз қонақта­ры­на көр­сетіп тұра­тын, мақта­ны­шы­на айналған. Қожай­ын­да­ры бол­са, жылы­жай аумағын кеңейт­пек­ші – жер­гілік­ті әкім­дік ол үшін 57 гек­тар жер телі­мін бөліп те қой­ды. Қосып алы­на­тын жаңа жер телі­мі лату­фун­ди­стер­дің иелі­гін үш есе ұлғай­та түседі де, жылы­жай Қаза­қстан­дағы ең ірі кешен­ге айна­лып шыға келеді. Өзінің мене­джері әрі «қал­та­сы» болып сана­ла­тын шым­кент­тік Гүл­нар Жазы­қ­ба­е­ва­мен бір­ге, Айнұр Мәми дән­ді дақыл­дар­ды өсіру­мен айна­лы­са­тын тағы бір меке­ме – «Green Kitkсhen» ЖШС-нің құры­л­тай­шы­сы. Бұл ком­па­ния Нұр-Сұл­тан­да тіркелген.

 Айнұр­дың төрт бір­дей кәсі­по­ры­ны көтер­ме сауда­мен шұғыл­да­на­ды. Аста­на­дағы «Seven capital wealth management»   және Алма­ты­да қоныс теп­кен бренд­тік «Кали­фор­ни­кейшн» бути­гі, авто-мото жөн­де­умен айна­лы­са­тын  «Solar capital» ЖШС және «Amak Group» ЖШС. Соңғы екі серік­те­стік­ті Айнұр­дың наға­шы әпкесі Толқын Ахме­то­ва басқа­ра­ды.  «Amak Group» ЖШС қар­жы рын­ок­та­рын басқа­ру ісмен шұғыл­да­нып жүр­ген  «Тау-Кен инжи­ринг» ЖШС құры­л­тай­шы­ла­ры­ның қата­рын­да. Ал, ол серік­те­стік бол­са,                                                                                                                                                Пав­ло­дар қала­сын­дағы «Пав­ло­дар»  Әле­умет­тік кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ-ымен (100% облыс әкім­ді­гінің иелі­гін­де­гі АҚ) бір­ге баға­лы метал­дар және сирек руда­лар өндірісі­мен шұғыл­да­на­тын «Алтын Инжи­ринг» ЖШС-нің құры­л­тай­шы­сы болып келеді.

Айнұр сән сала­сын­да да құр алақан емес. Оның астанадағы«Сalifornication beauty»  сұлулық пен ден­са­улық сало­нын­да шашта­раз, йога­мен жат­ты­ға­тын залы,  СПА қыз­метін көр­се­тетін кәсібі де бар. Соны­мен қатар, Алма­ты­дағы «Я сам» атты бала­лар білім орта­лы­ғы­ның жалғыз құры­л­тай­шы­сы. Бұл кәсіп­те, бір кез­дері, шеше­сі Мақ­пал Ахме­то­ва­ның, «Самұрық-Қазы­на­ның» экс-бас­шы­сы «ақсақ құлан»  Ахмет­жан Есі­мо­втың  қызы Айжан Есім­нің де үлесі болған. Айнұр­дың  Аста­на­дағы жеке мен­ші­гін­де­гі үй-мүліктерін«Мәми Айнұр Қай­ратқы­зы» ЖК –і басқарады.

Мәмидің екін­ші қызы Эль­ви­ра Мәмидің де тұм­сы­ғын тық­паған биз­несі жоқ. Мәми­лер­дің Қаза­қстан­нан тыс жатқан биз­несінің бәрі соның атын­да. Ол «Greenvits Lmt» (2019 жылы құры­лған, азық-түлік өндіру­мен айна­лы­са­ды) және «Cjgnita house Limited» (2018 жылы құры­лған, іс басқа­ру және білім сала­сын­да кеңес береді) екі лон­дон­дық ком­па­ни­я­ның дирек­то­ры. Алма­ты­да бол­са, Эль­ви­ра­ның «El Cuisine», «Мәми Эль­ви­ра Қай­ратқы­зы» ЖК (екі ком­па­ния да жалға беріп, жеке­мен­шік­те­гі үй-мүлік­терін басқа­ра­ру­мен шұғыл­да­на­ды) ком­па­ни­я­ла­ры бар және шеше­сі Мақ­пал Ахме­то­ва­мен бір­ге  «El Capital» (басқа­ша қар­жы қыз­меті, эко­но­ми­ка­ның түр­лі сала­сын қар­жы­лан­ды­ру, инве­сти­ци­я­лық қыз­мет) фир­ма­сы­на да ие. Қай­рат­тың жұбайы Мақ­пал­дың атын­да, бұдан бөлек, жеке­мен­шік үй-мүл­кін жалға беріп, оны басқа­ру­мен айна­лы­са­тын «Ахме­то­ва Мақ­пал Заир­бе­ков­на» атты ЖК бар.

ҚАЙРАТ МӘМИДІҢ ҚАЙЫН ЖҰРТЫ МЕН ӨЗ БАУЫРЛАРЫНЫҢ БИЗНЕСІ

Мақ­пал Ахме­то­ва­ның Шым­кент­тік­гі бес сіңілісінің биз­несі мен тыныс-тір­шілі­гі тура­лы білу­ге мүм­кін­дік туған болатын. 

Шара Ахме­то­ва – дәрі­гер-педи­атр, Алма­ты­дағы «Child Care Centre» ЖШС-ның (басқа­ша кәсі­би, басқа топ­тарға енбе­ген ғылы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет; соны­мен бір­ге, сусын сату­мен, азық-түлік тау­ар­ла­рын қой­ма­да сақта­у­мен, ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы қыз­мет) құры­л­тай­шы­сы және аста­на­дағы теле­ме­ди­ци­на­мен айна­лы­са­тын «Дистан­ци­он­ный пат­ро­наж» ЖШС-інде үлесі бар.

Балқаш Ахме­то­ва – Шым­кент­те­гі тамақ өнер­кәсібі сала­сын­дағы «Ахза-Бал» ЖШС-нің құры­л­тай­шы­сы әрі өзі басқа­ра­ды және аста­на­да ЖК «Ахме­то­ва» сұлулық сало­ны бар.  Атқа­ру­шы бір іс бой­ын­ша өтел­мей қалған боры­шы бар.

Артық Ахме­то­ва – Шым­кент­те «Ахме­то­ва А. З» ЖК иесі және төлен­бей қалған салы­ғы мен кеден баж салы­ғы бой­ын­ша қары­зы бар. Негіз­гі қыз­меті жеке мен­ші­гін­де­гі үй-мүл­кін жалға беріп, басқа­ра­ды, соны­мен бір­ге, бөл­шек сауда­мен және авто­мо­биль­дер­ді жалға беру­мен айналысады.

Толқын Ахме­то­ва – жоға­ры­да аталған Айнұр Ахме­то­ваға тиесілі «Solar Capital» және «Amak Group» сын­ды  меке­ме­лер­ді басқа­ра­ды. Түр­кістан облы­сы­ның  Шар­да­ра қала­сын­да өсім­дік өсіру­мен шұғыл­да­на­тын «Нату­раль­ные продукты»(«Табиғи азық-түлік») ЖШС және бөл­шек сауда­дағы «Аксе­ли­ни» ЖШС-гі бар. Салық және кеден баж салы­ғы бой­ын­ша мем­ле­кет­ке қары­здар. Шым­кент­те­гі елді мекен­дер­ден тыс жер­де тамақ­пен қам­та­ма­сыз ету­мен айна­лы­са­тын «Ахме­то­ва Толқын Зай­ир­бе­ков­на» ЖК-нің де иесі. Аста­на­дағы «Bitrix» ЖШС-нің және Қоста­най­дағы «RAR Invetment Group» ЖШС-нің экс-бас­шы­сы. Бұл екі меке­ме де бөл­шек сауда­мен шұғылданады.

Әпке-сіңілілер­дің ішн­де жеке биз­несі жоғы – Такли­ма Ахме­то­ва ғана. Ол Алма­ты­ның Алма­лы аудан­дық соты­ның судьясы.

Құда­ша­ла­ры­ның қасын­да Қай­рат­тың өз іні-бауыр­ла­ры да қарап қал­маған сыңай­лы. Жомарт Мәмидің Түр­кістан облы­сын­да орна­ласқан «Арай ком­форт» ЖШС-інде (ден­са­улық сақтау орта­лы­ғы) үлесі бар. Аста­на­да  үй-мүлік­ті жалға (суб­арен­да) беру­мен және жалға алы­нған үй-мүлік­ті пай­да­ла­ну­мен айна­лы­са­тын «Arsaron Building Company» ЖШС-нің жалғыз құры­л­тай­шы­сы, одан бөлек, Алма­ты облы­сын­дағы туған ауы­лы Жам­был­да әкесінің құр­метіне аталған «Әбдіра­зақ» Шаруа қожа­лы­ғын басқа­ра­ды. «Әбдіра­за­қтың» салық және кеден баж салы­ғы бой­ын­ша қары­зда­ры бар. Жомарт­тың Алма­ты­дағы элит­ті аудан­да, Шев­чен­ко көше­сі 15-те орна­ласқан  үй-мүлік төңіре­гін­де­гі ала­яқтық іске де қаты­сы бары анықталған.

Мәмидің тағы бір інісі Мұхит Мәми­ев – Алма­ты­дағы «MBS Company» ЖШС-нің құры­л­тай­шы­сы және бір кез­дері осы Алма­ты­дағы «Тор­го­во транс­порт­ная ком­па­ния» («Сауда көлік ком­па­ни­я­сы») ЖШС-ін  басқарған. 

ҰЛЫ МИРАС МӘМИ МЕН ОНЫҢ «ҚАЛТАСЫ» АЙГҮЛ САЙМАСАЕВАНЫҢ БИЗНЕСІ

Қай­рат Мәмидің ұлы Мирас Мәми 2018 жыл­дан бері қар­жы-сарап­та­ма­лық «Hermes management Ltd»  ком­па­ни­я­сы­ның Лон­дон­дағы кең­сесін­де жұмыс істей­ді. Ман­са­бын Қаза­қстан­да «Қаза­қстан Ұлт­тық Бан­кі кор­по­ра­ци­я­сы­ның Ұлт­тық инве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­сы» АҚ-ында дер­бес дирек­тор, дирек­тор­лар кеңесінің мүше­сі ретін­де бастаған. Бұдан кей­ін, Лон­дон­да орна­ласқан қар­жы қор­ла­рын басқа­ра­тын «Adal Capital Limited» және  «Adal Capital Management LLP» сын­ды ком­па­ни­я­лар­да қыз­мет атқар­ды. Супер-биз­не­мен­нің бұл екі ком­па­ни­я­сы­ның  да ғұмы­ры ұза­ққа бар­ма­ды – 2017 ‑2018жж. Ком­па­ни­я­лар­дың заң­ды мекен-жай ретін­де осы қала­дағы элит­ті аудан Чел­сидің шека­ра­сын­да қоныс теп­кен үйде­гі пәтер көр­сетіл­ген. Бұл үй-мүлік­тің жай-жап­са­ры бүге-шігесіне дей­ін  көр­сетіл­ген құжат қол­жетім­сіз, алай­да, сол үйде­гі көр­ші пәтер­лер­ге қарай болжа­сақ, оның аумағы 100-ден 160 шар­шы метр­ді құрай­ды. Бри­тан үй-мүлік реест­рінің мәлі­мет­теріне сәй­кес, бұл пәтер­ді 2016 жылы 2,9 млн евроға сатып алған. Пәтер сатып алуға кет­кен мұн­ша­ма ақша­ны қай­дан алға­нын Мирас бри­тан­ды­қтарға ашып айта алмаған­ды­қтан, пәтер 1970 жылы дүни­е­ге кел­ген Айгүл Айт­жанқы­зы Сай­ма­са­е­ва деген біре­удің аты­на жазы­лған.  Бір қызы­ғы – Айгүл  Жам­был ауда­нын­ның орта­лы­ғы Ұзы­нағаш село­сын­да туған. Естеріңіз­де бол­са, Қай­рат Мәми де осы аудан­ның тума­сы.  Алма­ты­да Айгүл 4‑Мамыр шағын ауда­нын­да орна­ласқан  жеке мен­шік үйде тұра­ды. Бей­мәлім супер-биз­не­сву­мен­нің негіз­гі актив­тері жыл­жы­май­тын мүлік. Ол Алма­ты­дағы «Alba e^ Ezperanza» биз­нес орта­лы­ғы­на қожа­лық ететін «Аль­ба» Жыл­жы­май­тын мүлік акци­о­нер­лік инве­сти­ци­я­лық қоры» АҚ-ның ширек бөлі­гін иелен­ген,  «Alba E^speranza» ЖШС-інде  үлесі бар және «Сай­ма­са­е­ва Айгүл Айт­жанқы­зы» ЖК иесі. Аталған акци­о­нер­ліәк қоғам­ды бақы­лай­тын тұлға­лар ретін­де бұрын­да­ры қаза­қстан­дық «Форбс» тізі­міне ілін­ген Нұр­жан Бек­ше­нов, мили­ция гене­рал-лей­те­нан­ты Васи­лий Сима­чев, «Форбс»-тың бір жыл­дарғы  тізі­мін­де­гі тағы бір биз­нес­мен, Вла­ди­мир Школь­ник­тің ұлы Игорь Школь­ник, бұры­нғы жоға­ры лау­а­зым­ды чинов­ник Сау­ат мың­ба­ев оның туы­ста­ры – Алмас мың­ба­ев және қай­ын ата­сы Сала­у­ат Қали­ев­тер көр­сетіл­ген. Қай­рат Мәми мен Сау­ат Мың­ба­ев­тар бір жыл­да­ры Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры қыз­метін­де бірін бірі алма­сты­рған таныс чинов­ник­тер. Гене­рал Сима­чев те оған ала-бөтен емес. Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің төраға­сы қыз­метін­де­гі оған ресми түр­де биз­не­спен айна­лы­суға бол­май­тын­ды­қтан, ол Қаза­қстан­дағы және шет елдер­де­гі эли­та­лық дүние мүл­кін сеніп тап­сы­ра­тын сенім­ді адам ретін­де Айгүл Сай­ма­са­е­ва­ны таң­дап алған сыңайлы.

Бұл биз­не­сву­мен­нің, жыл­жы­май­тын дүние мүлік­тен бөлек, басқа да мүд­де­лерін көру­ге бола­ды. Соны­мен, Сай­ма­са­е­ва «Ста­тус Пласт» ЖШС құрып, иеленіп оты­рған  «Status басқа­ру­шы ком­па­ни­я­сы­ның» (өзінің заң­ды мекен-жай­ын­да орна­лас­паған және 2018 жыл­дан бері салық төлем­дерін күрт азай­тып жібер­ген) құры­л­тай­шы­сы. Бұл кәсі­по­рын­дар пласт­мас­са­дан  тақтай­ша­лар, табақ тақта­ла­рын, құбыр және про­фил­дер шыға­ру­мен шұғылданады.

Айгүл Сай­ма­са­е­ва­ның  Қарағанды­дағы гео­ло­ги­я­лық бар­ла­у­мен айна­лы­са­тын «WSM» ЖШС-інде де үлесі бар. Басқа да құры­л­тай­шы­ла­ры­ның қата­рын­да басқа да бір Мәмиді көре­міз – Аты­ра­удағы  «ҰМҚК ҚазҚұры­лыс­Сер­вис»  АҚ фили­а­лы­ның жетек­шісі Ерлан Мәми де бұрын Мәми­ев болған.   «WSM» ЖШС Қарағанды­дағы әйнек-шыны өндірісіне қажет баста­пқы шикі­зат өндіру­мен айна­лы­са­тын «Quarts KZ» ЖШС-інің 51 пай­ы­зы­на ие. Оның тағы бір құры­л­тай­шы­сы –  100 пай­ыз мем­ле­кет қара­мағын­дағы «Сары­арқа» Әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ.

ЕРЛАН МӘМИ ОТБАСЫНА ҚАРАСТЫ БИЗНЕС

 Бұл биз­нес-шыр­мауы­қтың ішін­де Ерлан Мәми мен оның шаңы­рағы мүше­леріне тиесілі биз­не­сті жеке атап өту керек сияқты. Ерлан – «Қаза­то­мөн­дірісі Күкір­тқы­шқы­лы зауы­ты бір­лес­кен кәсі­по­ры­ны» АҚ бұры­нғы бас­шы­сы және «Самұрық-Қазы­на» АҚ-ына қарас­ты «Бір­лес­кен хими­я­лық ком­па­ния» ЖШС-нің экс-дирек­то­ры. Мем­ле­кет­тік орган­дар­дағы қыз­меті Ерлан­ның  жеке мен­шік ком­па­ни­я­лар­да да құры­л­тай­шы болуы­на кедер­гі кел­тір­ме­ген және оның бұл коим­па­ни­я­ла­ры да эко­но­ми­ка­ның дәл сол сала­ла­рын­да қыз­мет атқа­рып, мем­ле­кет тара­пы­нан тап­сы­ры­стар алып, «Самұрық-Қазы­наға» да қыз­мет көр­сетіп кел­ген. Сон­дай-ақ, ол Ақтө­бе­де­гі  «Бура­тас» ЖШС (жары­лыс жұмыста­рын жүр­гізіп, үй-мүлік­тер­ді басқа­ра­ды), Ақта­удағы «Теңізқа­зы­на­тас» ЖШС (әрле­уші және құры­лыс тасын өндіреді), Ақтө­бе­де­гі тағы бір мұнай мен газ өндірісіне тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­тетін «Seismic well logging» ЖШС құры­л­тай­шы­ла­ры қатарында. 

Әкесі­нен оның «талант­ты» бала­ла­ры да қалы­спай­ды. Үлкен ұлы Сан­жар Мәми Алма­ты­да көтер­ме сауда сала­сын­дағы «Inkar resourses» ЖШС  және «Remex» ЖШС ком­па­ни­я­ла­ры­ның қожай­ы­ны.  Соңғы­сы­ның екі атқа­ру­шы іс бой­ын­ша боры­шы бар – заң­ды тұлға­лар­ды тір­ке­у­ге және ното­ри­ал­ды іс-әре­кет­ке баруға тиым салы­нған.  Соны­мен бір­ге, Сан­жар­ды көлік қыз­метін көр­се­тетін алма­ты­лық « Sen Oil» ком­па­ни­я­сы құры­л­тай­шы­ла­ры­ның қата­ры­нан да көре­міз. Бұл фир­ма­ның про­бле­ма­ла­ры да жетер­лік – салық және кеден баж салы­ғы бой­ын­ша 1,2 млн тең­ге қары­зы бар. Одан бөлек, 3 атқа­ру­шы әс бой­ын­ша борыш­кер – 1,3 млн тең­ге. Банк есеп-шоты бұғақталған. 6 сот ісіне қаты­сқан. Заң­ды тұлға­ны тір­ке­у­ге және нота­ри­ал­ды әс-әре­кет­ке баруға тиым салы­нған. Бұл фир­ма өзінің заң­ды мекен-жай­ын­да орна­лас­паған. « Sen Oil» өзі құры­лған 2013 жыл­дың 4‑қазанынан бері «Самұрық-Қазы­на» АҚ-ның мем­ле­кет­тік сатып алу­ла­ры­на қаты­сып, оған қыз­мет көр­сетіп келеді. Бір кез­дері осы мем­ле­кет­тік тен­дер­ге қаты­су үшін құры­лып, бірақ, кей­ін­нен кеге­же­сі кері кет­кен сыңайлы. 

Сан­жар Мәмидің шет елдік ком­па­ни­я­сы да болған – ол мәс­ке­улік «Энер­го­транс Групп» ком­па­ни­я­сы­ның 50 пай­ы­зын ием­ден­ген еді. Алай­да, Қаза­қстан­дағы көлік  ком­па­ни­я­сы­ның про­бле­ма­ла­ры тек­тес қиын­ды­қтар туып, 2020 жыл­дың 30 қыр­күй­е­гін­де жойылды.

Сан­жар­дың жұбайы Лилия Мәми­е­ва Алма­ты­дағы «Мами­е­ва Лилия Аббя­зов­на» ЖК арқы­лы киім сата­ды және компь­тер­лер­ді жөн­де­уден өткізіп, шет­кері жаб­ды­қтар­ды сату­мен айналысады.

Ерлан­ның кен­же ұлы Дар­хан Мәми – уро­лог-дәрі­гер, «Б. Жар­бо­сы­ноа атын­дағы уро­ло­гия ғылы­ми орта­лы­ғы» АҚ жұмыс істей­ді. Алма­ты­дағы қызы­меті хол­динг­тік ком­па­ни­я­ларға қаты­сты «Қаз­Проф» ЖШС және  ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы «AD Uroclinic» ЖШС құры­л­тай­шы­ла­ры тізі­мін­де. «Мәми Дар­хан Ерланұ­лы» ЖК‑ы  (өз мен­ші­гін­де­гі үй-мүлік­ті жалға беру мен басқа­ру, мәши­не­мен өңдеу және метал­мен көм­ке­ру) бар.

Ерлан­ның қызы Ақма­рал Мәми­е­ва Теңіз транс­пор­ты кәсіп­кер­лерінің Ассо­ци­а­ци­я­сы­ның Бас дирек­то­ры Өркен Бисақа­ев­тың жұбайы.  Ол бұрын­да­ры мәде­ни­ет және спорт вице-мини­стрі қыз­метін атқарған, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ының экс-төрағасы.

Жал­пы алған­да, Қай­рат Мәмидің биз­нес импе­ри­я­сы­ның өзе­гін құрай­тын толып жатқан жыл­жы­май­тын мүлі­гі сияқты. Оның үстіне, «мәми­лер» агро­сек­тор­да, көтер­ме сауда­да және басқа да сала­лар­да да бел­сен­ділік таны­тып отыр. Осы­ның бәрін көріп, біле оты­рып, енді осы Мәми­ге бағы­на­тын парақор судья­лар тура­лы, олар­дың «қара кас­са­сы» тура­лы, сот істерінің саты­ла­ты­ны тура­лы ақпа­рат­тар тек алып-қашпа сөз емес екеніне көзің жет­кен­дей бола­ды. Ол шын­ды­ққа жақын және ондай жол­мен табы­лған ақша­ның қай­да жұм­са­лып жатқа­нын да  білдік.

Мәмидің күй­еу бала­сы Асқар Жұмаға­ли­ев ұрлаған ақша­ның көле­мі, тіп­ті, халы­қа­ра­лық дең­гей­де жемқор­лы­ққа батып қалған деп сана­ла­тын,  Қаза­қстан үшін де масқа­ра екені анық.  Қай­рат Мәми мен оның туы­ста­ры, «жете­гін­де­гілер» әділ сот­тың алдын­да жау­ап беріп, Қаза­қстан мен шет елдер­де осын­дай түр­лі биз­нес жүр­гізу­ге ақша­ны қай­дан алға­нын, қан­дай жол­мен тапқа­нын түсін­діретін бола­ды деген­ге сен­гі­міз де келеді. Сон­да біз бар­лық актив­тері мен ком­па­ни­я­ла­ры­ның декла­ра­ци­я­сын көр­се­туін, қоға­мға олар­дың қай­дан пай­да болға­нын түсін­діруін, табыс көзі қай­да екенін, қан­ша салық төле­генін көр­се­туін талап ететін бола­мыз. Салық инспек­ци­я­сы­нан осы ком­па­ни­я­лар арқы­лы елден қан­ша ақша шығарған­да­ры тура­лы ақпа­рат беруін талап ететін боламыз.

Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның елді қан­дай ұры-қары­ның  билеп-төстеп оты­рға­нын білу­ге құқы бар! 

Источ­ник: https://dpkkz.com/

архивные статьи по теме

Не пора ли уже Вашингтону прозреть?

Закон Жанаозена вышел на дискуссию

Смерть малыша вызвала протесты