6 C
Астана
25 октября, 2021
Image default

Жанболат МАМАЙ: Әрбір саяси тұтқын үшін күресуіміз керек!

Кеше сотқа тар­ты­лған 13 бел­сен­дінің төр­те­уі 5 жылға түр­ме­ге қамал­ды. Сая­си астар­мен болған сот­та. Сая­си қуда­ла­у­ға ұшы­рап. Тағы­лған айып – «экс­тре­ми­стік ұйым ісіне ара­ла­сты» дейді.

5 жылға түр­ме­ге қамалған Асхат, Қай­рат, Абай мен Ноян­ды тани­мын. Түр­лі жиын­да кез­десіп қал­дық. Жақын ара­ласқан жоқ­пыз. Дос бол­ма­дық. Алы­ста оты­рған әлдебіре­удің айтақта­уы­мен сыни пікір де айтқан болар. Бірақ, мәсе­ле онда емес. Қама­лып, қуда­ла­нып жатқан бұл жігіт­тер­ді мен «экс­тре­мист» деп есеп­те­мей­мін. Кеше­гі өткен сот — сая­си репрес­си­я­ның айқын көрінісі екені анық. 

  • Олар қол­да­ры­на қару алуға шақыр­ды ма? Жоқ. 
  • Күштік құры­лым қыз­мет­кер­леріне зор­лық көр­се­тей­ік деді ме? Жоқ. 
  • Билік­ті күшпен ауда­рай­ық деді ме? Жоқ. 
  • Тек қана бей­біт митинг­ке шықты, сая­си қуда­ла­уды тоқта­ту­ды талап етті. 
  • Ал сол үшін бұлар­ды түр­ме­ге оты­рғы­зу сая­си қуда­лау бол­маған­да, не енді? 

Билік­тің басты қағи­да­сы «бөліп ал да, билей бер» деген принцип. 

Оларға басы­мы­здың қосыл­маға­ны, бір бірі­мізді сынаға­ны­мыз өте қажет болып тұр. Өкініш­ке қарай, билік­тің жібер­ген жан­сызда­ры­ның арқа­сын­да, аран­да­ту­шы­ла­ры­ның көме­гі­мен және шетел­де­гі ала­яқтар­дың кесірі­нен оппо­зи­ция бөл­шек­теніп, бөлініп жатыр. Қазір­гі күн­гі ең үлкен про­бле­ма­ның бірі осы. Бірақ, бар­лы­ғын бірік­тіретін бір мәсе­ле болу керек — сая­си тұтқын­дар­дың бостандығы. 

Кеше сот­талған 4 жігіт — сая­си тұтқын­дар. Сол аза­мат­тар­ды боса­ту­ды әрі бола­шақта сая­си қуда­лау бол­мауы үшін бар­лы­ғы­мыз күре­суі­міз тиіс.

Источ­ник: https://dpkkz.com/

архивные статьи по теме

В Казахстане разблокированы наши интернет ресурсы

Давайте защищать людей

Editor

Кто ты такой? Давай, до свиданья!