6 C
Астана
28 мая, 2024
Image default

Ел тағдырынан тыс қалмаңыздар!

Ұмыт бола бастаған оппо­зи­ция өкіл­дерінің рефе­рен­ду­мы бой­ын­ша жиын алды­мы­здағы сен­бі­де өтетін бол­ды. Бұл шара халық пен сая­сат­кер­лер­ге не үшін керек? Осы орай­да баста­ма­шыл топ мүше­лері өз пікір­лерін білдірді.

 

Фото: Жан­на БИСАРОВА

 

Рефе­рен­дум өткі­зу бой­ын­ша ұйым­да­сты­ру коми­тетінің мүше­сі, «Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Рыс­бек Сар­сен­бай шара­ның қажет­тілі­гін былай деп түсіндіреді.

- Ел тәу­ел­сізді­гіне, дер­бес­ті­гіне қауіп төн­ген кезең­де өмір сүріп отыр­мыз. Бұл — асы­ра айту емес. Көзі қарақты кез кел­ген аза­мат тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­лып бара жатқа­ны­мы­зды сезіп отыр. Осын­дай жағ­дай­да келем деген адам­дарға аран­да­ту жасау — барып тұрған қаны­пе­зер­лік, надан­дық, арт­та қалушы­лық. Қай­та осы көтеріл­ген төрт мәсе­ле де маңы­зды ғой, барып қай­ты­ң­дар деп жолы­на билет алып беріп, қал­та­сы­на ақша салып шыға­рып салуы керек емес пе? — деді қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәрсенбайұлы.

Ал сая­сат­кер Әмір­жан Қоса­нов рефе­рен­ду­мға қаты­сты қоғам­да төрт түр­лі күдік барын жеткізді.

- Бірін­ші­ден, рефе­рен­дум деген­нің өзі не? Халық сана­сын­да бұл баяғы­дай пре­зи­дент­тің өкілетін ұзар­ту, неме­се 95 жылы атүсті Ата заң қабыл­дау деген­дей түсінік­пен қалып қой­ған. Сон­ды­қтан қоғам оны дұрыс түсін­бей­ді. Билік­тің қай­нар көзі — Ақор­да неме­се пре­зи­дент емес, халық. Рефе­рен­дум — тағ­ды­ры­на бай­ла­ны­сты өзіңнің атса­лы­суың деген сөз. Содан кей­ін «рефе­рен­дум керек пе өзі?» деген­дей бір­түр­лі түңілу­шілік бар. Менің айта­рым, керек. 20 жыл­да халы­қтың сана-сезі­мі қалай оян­ды, билік­ке қан­дай пікір айта ала­ды? Соны көр­се­туі­міз керек. Қажет десеңіз, өз намысы­мыз үшін керек. Үшін­ші себеп — ертең билік мұны өз пай­да­сы­на шешіп кет­пей ме деген қауіп бар. Мыса­лы, он мың­дай учас­келік комис­си­я­сы бар. Сіз­дер­дің қол­да­ры­ңы­з­бен Еура­зи­я­лық одақты заң­да­сты­рып жібер­мей ме деген пікір айты­лып жатыр. Бұл ең алды­мен өзі­міз­ге бай­ла­ны­сты. Әрбір аза­мат өз учас­кесін­де бақы­ла­у­шы бол­са, ондай­ға жол бер­мей­міз. Билік өлетін жерін біл­се, ертең рефе­рен­ду­мға шығып, пәлен­ше қазақ Еура­зи­я­лық одақты қол­да­ды, Ресей қол­ты­ғы­на кіре­міз десе, сон­да Жаңаө­зен­де шық­паған қазақ көше­ге шыға­ды. Төр­тін­ші­ден, рефе­рен­дум біз­ге не береді? Ол — ең алды­мен ағар­ту­шы­лық жұмыс. Рефе­рен­дум заң бой­ын­ша жина­лыс өткіз­ген соң үгіт-наси­хат жүр­гізу­ге құқық ала­мыз. Ресми түр­де үлкен зал­дар­да халы­қ­пен кез­десіп, түсін­ді­ру жұмыста­рын өткі­зе ала­мыз,— дей­ді Әмір­жан Қосанов.

Өз кезе­гін­де Мұх­тар Тай­жан, Б. Тай­жан атын­дағы қор­дың пре­зи­ден­ті рефе­рен­дум бой­ын­ша жина­лы­сты өткізу­ге дай­ын­дық жұмыста­ры тура­лы айтып берді.

- Біз рефе­рен­дум­ды өткі­зе ала­мыз ба, мақ­са­ты­мы­зға жете­міз бе, қазір дөп басып айту қиын. Өйт­кені алды­мы­здағы жиы­нға жетудің өзі үлкен нәти­же, менің­ше. Әр аймақтан 30-дан астам адам келу оңай емес, жұрт жина­ла­ды, бір бірі­мен әнгі­ме­ле­седі, көреді жағ­дай­ды өз көз­дері­мен, бұл өте жақ­сы. Бізді рефе­рен­ду­мға жақын­да­та­тын алға­шқы қадам­дар­дың бірі, сон­ды­қтан, біз халық пен бір­ге мақ­са­ты­мы­зға жету үшін бар­лық күші­мізді сала­мыз, — деп уәде береді экономист.

Естерініз­ге сала кетей­ік, рефе­рен­ду­мға көтерілетін төрт сұрақ енгізіл­ген, олар: Кеден Одағы мен Біры­ңғай эко­но­ми­ка­лық кеңістік­тен шығу, ірі кәсі­по­рын­дар­ды мем­ле­кет­ке қай­та­ру, әкім­дер сай­ла­у­ын енгі­зу, ядро­лық отын бан­кі мен атом электр стан­ци­я­сын салу­ды тоқтату.

Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық күш­терінің ел өмірін­де­гі маңы­зды сұрақтарға қаты­сты рефе­рен­дум өткі­зу­ден өзін­дік тәжіри­бесі бар. Өкініш­ке орай, бұл баста­ма­ларға билік тара­пы­нан кедер­гілер жаса­лып келіп, олар сәт­сіз аяқталға­ны бел­гілі. Оппо­зи­ция өкіл­дерінің бесін­ші тал­пы­ны­сы қалай аяқта­ла­ты­нын уақыт көрсетеді.

Ори­ги­нал статьи:

Ел тағ­ды­ры­нан тыс қалмаңыздар!

архивные статьи по теме

Дорогие друзья Нурсултана Назарбаева

Дело БТА: сюрпризы продолжаются

Сергей Дуванов / Как обрести славу и величие

Editor