-3 C
Астана
12 октября, 2024
Image default

Шындықтың шырайы – нақты дерек

Марқұм ары­ста­ры­мыз — Мағ­жан Жұма­ба­ев пен Сәкен Сей­фул­лин­нің 1938-жылы атыл­маған­да­ры, Сібір­де­гі «халық жау­ла­ры» лагерін­де көз жұмған­да­ры тура­лы сөз қозғалға­лы біраз жыл болды.

 

Автор: Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Арқа­уы — олар­ды көр­ген, таны­сқан, біраз уақыт бір­ге жүр­ген, ал қай­тыс болған­да­рын­да жер­лес­кен екі кісінің оқыр­ман қауы­мға мәлім әңгі­ме­лері. Оған бас­пасөз­де әрқа­лай пікір айтыл­ды, әлі де айты­лып жатыр. Соған менің де ой қосқым келді.

Мағаң мен Сәкеңді «Сібір­де көр­дім, сөй­ле­стім» деген ағай­ын­дар­дың (ара­сын­да Бауы­р­жан Момы­шұ­лы бар) сөз­деріне сене­мін де, сен­бей­мін де. Сенетінім: айтқан­да­ры жатық, сезі­міyңді бау­рай­ды, толқы­та­ды, қинал­та­ды. Ал сен­бей­тінім: бұрын не жүз­бе-жүз таныс бол­маған, не шығар­ма­ла­рын оқып көр­ме­ген негіз­гі екі куә олар­дың Мағ­жан екеніне, Сәкен екеніне қалай илан­ды? «Халық жауы» деген жала­мен сон­да айда­уда жүр­ген, бұрын­да ақын­да­ры­мы­зды біл­ген басқа біре­улер Мағаң­ның, Сәкеңнің атын жамыл­ма­ды ма екен? Тарих­шы ғалым Мәм­бет Қой­гел­ді айтқан­дай, бір жапы­рақ қағаз бол­са да дерек жоқта шын­ды­қты сөз­бен ғана бекіту­ге бол­май­ды. Рас, кей­де жаз­ба­ша деректің де әдейі бұр­ма­ла­нып жазы­лға­ны кез­десіп жүр, өйт­кені ақиқат­тың жолы ауыр.

Бау­кең да Мағаң­ды бұрын көр­ме­ген. Жүдеу-жадау кісінің «мен — Мағ­жан­мын» дегеніне иланға­нын «Бау­кең өтірік айтқан адам емес!» деп мақтан тұту сөзі­міз­бен бекі­те салуға кел­мес. Бұл тұрғы­да да нақты, ресми дерек сөй­ле­уі керек. Әйт­пе­се, соңғы кез­де: «Мұх­тар Әуе­зов былай деген», «Сәбит Мұқа­нов айтып еді», «Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның мына­дай бір сөзі бар» сияқты «ештен кеш жақ­сы» естелік­сы­мақтар біз­де көбей­іңкіреп жүр. Еркін Рақы­шев мақа­ла­сын­да сон­дай­дан сақта­ну жай­ын еске салып­ты. Дұрыс.

Сәкең тура­лы айтқан кісі қай­тыс болған­дар­дың аяқта­ры­на оның түр­мелік қаңы­л­тыр нөмірі жіп­пен тағы­ла сала­ды, ал мен жіп шіріп кете­ді деп ойлап, сым­нан тақтым деп­ті. Сәкеңнің қабірі, сүй­е­гі, нөмірі табыл­са, ол нөмір түр­ме құжа­тын­дағы «Сәкен Сей­фул­лин» нөмірі­мен сәй­кес­се, естелік иесінің куә­гер­лі­гі сон­да ғана расталады.

Мағаң тағ­ды­ры­нан мағлұ­ма­тым аз емес. Қысқа­ша айтқан­да былай­ша: Жазу­шы­лар одағы­ның Әде­би қорын­да дирек­тор кезім­де бір ажар­лы апай келіп: «Қалқам, мен Мағ­жан Жұма­ба­ев ағаң­ның бәй­бі­ше­сі Зулей­ха­мын. Тата­рым­ша — Зулей­ха; қаза­ғым­ша — Зыли­ха. Мұн­да бұрын оты­рған­дар, «халық жауы­ның қаты­ны» деп, мені жолат­пай қой­ған. Әне­угүні Мұх­тар Әуе­зо­втің бала­сы Мұрат сен тура­лы айтып, «бары­ңыз, көмек көр­се­те­ді» деген соң кел­дім» деді.

Сол күн­нен бастап біз апай мен бауыр­дай болып кет­тік. «Жұма­бек Тәше­нев бер­гізді» деген пәтерін­де бір­не­ше рет бол­дым. Зыхаң Мағаң­ның өлең­дерін кітап күй­ін­де де, гәзет-жур­нал қиын­ды­ла­ры күй­ін­де де хал- қада­ри сақтаған екен, солар­ды маған беруін өтін­дім, бәрін рет­теп, машин­ка­ла­тып, түп­тетіп, қол­дан кітап жасап қою ниетім­ді айт­тым. «Қалқам-ау, Мағ­жан әлі ақталған жоқ қой?!» деп сес­кен­ген апай­ды: «Апай, мен сас­пай, сіз сас­паңыз» деп әзіл­дей алдарқа­тып, бәрін алып қайт­тым да, машин­ка­ла­тып, өлең­дерін бір кітап, мақа­ла­ла­ры мен аудар­ма­ла­рын бір кітап етпек бол­дым. Неше дана жаса­уды апай­мен ақыл­да­сып, өзіне, мем­ле­кет­тік архив­ке, орта­лық кіта­п­ха­наға, Әну­ар Әлім­жа­но­вқа — жиы­ны төр­теу етіп, түп­тет­пек бол­дым. «Фото-сурет­теріңіз бар ма? Бол­са, қоса­лық» деп едім, апай: «Фото көп еді, Мәс­ке­уде­гі дос-жол­даста­ры­мен, Алек­сандр Блок­пен теат­рға барған­да түс­кен, бірақ «Бай­тал түгіл бас қай­ғы» кез­де бәрі­нен айрыл­дым ғой» деп ауыр күр­сініп алып, сан­ды­ғын ақта­рып, бес-алты фото әкеліп бер­ді. Мағаң­ның фото­сын да көр­ме­ген­дік­тен ол кісіні ізде­уден бұрын кітап­та­рын­дағы суреті­нен таныс Блок­ты іздедім. Таба алмаған соң апай­ға ұсы­нып: «Мағ­жан аға қай­сысы?» дедім. Ол кісі бір топ кісі түс­кен сурет­тің орта тұсын мең­зеп: «Мағ­жан ағаң міне» деп кем­сең­деп, басо­ра­ма­лы­ның ұшы­мен ақы­рын сүрт­ті. Кел­бет­ті жігіт болған екен! Сол сурет­ті фото­сту­ди­яға апа­рып, Мағаң­ның бет-бей­несін жеке алды­рып, 22 х17 сан­ти­метр көлем­мен төрт дана жасат­тым да, жасы­рын жасалған (само­из­дат) екітом­ды­қтың бірін­ші томы­на бета­шар етіп орна­ла­стыр­дым. Ол фото­ны кей­ін бір­сы­пы­ра гәзет-жур­нал редак­ци­я­ла­ры­на тараттым.

…Сөй­тіп кітап­тар­ды Зыли­ха апай­ға алып бардым.

-Апай, міне, дай­ын бол­ды! — дедім, қуа­ны­шым­ды жасыр­май жарқын сөйлеп.

-Рах­мет, қалқам, рах­мет, көп жаса! — дей қал­ба­лақаған апай көз жасы­на ие бола алмай, кітап­тар­ды кезек-кезек сипа­лай берді…

-Апай архив пен кіта­п­ха­наға мен тап­сы­рай­ын, сіз әуре бол­маңыз, жарай ма? — деп едім, апай басын шай­қап, білезік­ті оң қолын сілтеп:

-Қалқам, мен басқа­ша ойлап отыр­мын. Сен архив­ке, кіта­п­ха­наға апар­ма, олар­ды Әбділ­да Тәжі­ба­ев алып, құр­тып жібе­реді, ол Мағ­жанға тірісін­де жау болып еді, өлісін­де де әлі жау… Жоқ, кітап­ты оның қолы­на түсір­мей­ік! Біре­уін өзің ал, біре­уін… Олжас Сүлей­ме­нов­ке апа­рып бер, — деді, әншей­ін­де­гі басы­ңқы қоңыр үні шыңыл­даңқы­рап шығып.

Тіле­гін орын­да­дым. Том­дар­дың алғы бетін өзгерт­кен жоқ­пын, онда “архив­ке тап­сы­рыл­ды” деп қазақ, орыс тіл­дерін­де қысқа­ша сіл­те­ме-түсінік жазғанмын-ды.

Әну­ар өзіне тап­сы­ры­лған­ды: “Сен архив­ші-тарих­шы­сың ғой, сен­де болға­ны дұрыс шығар”, деп жазу­шы Аман­тай Сата­евқа силаға­нын айт­ты. Жақ­сы жол­да­сым, сыр­ла­сым Аман­тай сөй­тіп ойын­да жоқ олжаға кенел­ді. Ал екітом­ды­қтың басқа дана­сын бір күні Жазу­шы­лар одағы кең­сесінің под­ва­лы­нан тауып алдым. Одақтың бір­не­ше бөл­месі жөн­де­летін болып, ондағы мүлік­тер сон­да апа­ры­лға­нын есті­ген едім, әлдебір мерей­той алдын­да бір кітап­тар керек бол­ды да, ақын жол­да­сым Сабыр­хан Аса­нов еке­уі­міз под­вал­дың кіл­тін алып, түстік. Кітап­тар бөл­менің орта­сы­на үйіліп тасталған екен. Сабыр­хан аңы­рып тұрып қалып: “Аста­пы­рал­ла! Мынау сұм­дық қой!” — деді. Шынын­да солай болған­мен, не істер­сің, кере­гі­мізді ізде­у­ге кірістік. Бір тұстан өзі­ме таныс қос қоңыр том­ды көріп қал­дым да, дереу ұмты­лып барып алдым. “О не? Не кітап?” деді Сабыр­хан. Мен көр­сет­тім, айт­тым (Жазу­шы­лар одағын­дағы төр­тін­ші хат­шы­лық қыз­меті­нен Кине­ма­то­гра­фия коми­тетінің төраға­лы­ғы­на ауы­сып кет­кен Олжас Сүлей­ме­но­втің каби­нетін­де қалған кітап­тар­дың да қоса шыға­рып тасталға­нын біл­дім). Сабыр­хан: “Маған бер­ші!” деді, құмар­та қалып. Көңілін жық­па­дым, бірін­ші томын — өлең­дерін бер­дім. Ал екін­ші томын жазу­шы-сын­шы про­фес­сор Тұр­сын­бек Кәкі­шев: “Мағ­жан Жұма­ба­ев­тың аудар­ма­ла­ры тура­лы зерт­теу еңбек жазуы­ма керек еді” деп сұрап алған, әлі де Тұрсекеңде.

Мағаң толық ақтал­ды. Қуа­ны­шы­мы­зда шек болған жоқ. Бас­па­дан алға­шқы жинағы шықты. Сол күні Зыли­ха апай­ға барып, құттықтап:

-Апай, көңіліңіз­де­гі пәлен бат­пан зіл­ден құтыл­ды­ңыз, сүй­іні­шіңіз ұза­ғы­нан бол­сын! — дедім. Апай қүшақтап, бетім­нен сүй­ді де:

-Отыр­шы, саған бір нәр­се айтай­ын. Мағ­жан­ның ақталға­ны, кіта­бы шыққа­ны — халқы­на куа­ныш, маған кеш бол­са да, аздап бол­са да бақыт. Біраз жаса­рып та қал­дым, — деп жыми­ды. — Бірақ… — Апай қабақ шыт­ты. Дөң­ге­лек көзі кіре­уке­лен­ді. — Оры­стар “сила есть, ума не надо” дей­ді ғой, солай бол­ды. Анау цека­дағы­лар күш көр­се­ту­ден әлі де танар емес, кітап­тың алғы­сөзін әлгі Әбділ­да Тәжі­ба­евқа жаз­дыр­ды, менің қар­сы­лы­ғы­ма қара­ма­ды, ұятсыздар!..

-Апай, оған қамы­қ­паңыз, Тәжі­ба­ев та, цека­дағы­лар да жұмыр­ба­сты пен­де­лер емес пе, — деп жұбатқан бол­дым. Ал апай­дьщ нара­зы­лы­ғы орын­ды еді.

-“Жұмыр­ба­сты” дей­сің, шақ­ша­ба­ста да аздаған ақыл болуы керек қой?! Өмір бойы Мағ­жаң­ды жаман­дап кел­ген Тәжі­ба­ев аяқа­сты­нан мағ­жан­шыл бола қалып­ты! Одан басқа жаза ала­тын­дар құрып қалып па?! Тым бол­ма­са мына тірі оты­рған менің қар­сы­лы­ғы­ма құлақ қой­са еді?! “Е, ол кем­пір­дің бары не, жоғы не” деген­дері ме?.. «Пар­ти­я­ның орта­лық коми­теті­нен­мін» деп нығы­зда­нып бір жігіт кел­ді, бетінің бәрі түк пе, бір­түр­лі, қиқоңыз сияқты сүй­кім­сіз. “Сіз келіс­пе­сеңіз де, алғы­сөзді Әбділ­да Тәжі­ба­евқа жаз­ды­ра­мыз!” деп күш көр­сетіп кет­ті. Сөй­ле­сей­ін, хал-жағ­дай­ын білей­ін, пікірін естиін деп кел­меп­ті, сіресіп кіріп, сіресіп шықты. Ақы­рын­да айтқан­да­рын істеді.

Апай­дың ашуын тарқа­та әңгі­ме­лесіп оты­рып, Мағаң­ның соңғы тұтқын­да­луы­на нен­дей себеп, кім­дер­ден болға­нын біл­гім келетінін айт­тым. Ол сәл ойла­нып алып:

-Пәле-жала пәлен­бай­дан, түг­лен­бай­дан бол­ды деп күнәлі болғым кел­мей­ді. Әбділ­да­ның: «Мағ­жан ақта­ла­ды екен», деген сөз шыққан­нан бастап қар­сы сөй­ле­уін көбейт­кені рас, неге екенін біл­мей­мін. Шыным­ды айтай­ын, оны да кінәла­май­мын, құдай сақ­та­сын! — деді.

Кей­бір­де Зыли­ха апай­ды: «Бай­дың қызы болған. Мағ­жан аға­ның соңы­нан Сібір­ге барға­ны өтірік» деген­дей небір орын­сыз ғай­бат сөз естіліп қала­ды. Ол — бекер­шілік. Мағаң алғаш тұтқын­да­лып, Сібір­ге айдалған­да Зыхаң соңы­нан барып, лагерь іргесін­де бір үйде өзін­дей екі әйел­мен бір­ге тұрып, күй­е­уіне тапқа­нын­ша тамақ апа­рып беріп, кір-қоңын жуып беріп жүр­гені, КСРО Жазу­шы­лар одағы­ның бас­шы­сы Мак­сим Горь­кий­ге хат жазып, Мағаң­ды боса­тып алға­ны рас. Егер Зыхаң кей­ін жүзік, сырға, сақи­на, алқа, тағы басқа дүни­е­лерінің Сібір­ден қалға­нын сатып жүріп, күй­е­уінің гәзет­тер­де шыққан өлең­дерін не қиын­ды күй­ін­де сатып алма­са, не ақы­сын беріп мәшин­ка­ла­тып жина­ма­са, мен аталған екітом­ды­қты шыға­ра алмас та едім. Мағаң­ның әде­би мұра­сын шама­сы жет­кенін­ше жинап сақтаға­ны үшін ғана Зықаң­ның ару­ағы­на бас июі­міз керек.

Осы­дан бір ай шама­сы бұрын бір жиын­да Мәс­ке­уде бір кітап шыққа­нын, орыс автор Мағ­жан­ның әйелі ерінің сот­талға­нын Мұх­тар Әуе­зо­втен көретінін жазған, деген­ді естідім. Менің­ше, ол — қате пікір, кітап авто­ры­ны­ңы өсе­гі. Бірін­ші­ден, Зыли­ха апай Мағаңа қаты­сты әңгі­месін­де Мұх­тар Әуе­зо­вті аузы­на алған емес. Екін­ші­ден, Мұхаң­ның бір кез­дер­де одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дағы ұлт­тар әде­би­етіне мәс­ке­улік, ленин­град­тық кей­бір өркөкірек ақын-жазу­шы­плар­дың, сын­шы­лар­дың тым жоға­ры­дан қарай­ты­нын батыл айтып, той­та­рыс беріп жүр­гені мәлім. Мыса­лы, қырғы­здың «Манас» жырын қорға­удағы біл­гір батыл­ды­ғы үшін Мұхаңа жауы­ққан шови­ни­стер аз бол­ма­ды. Ең соңы бер­тін­де «Ко мне, Мух­тар!» деген кино­фильм шығар­тып, марқұм­нан есе қай­та­рып бақты десек ше?!.

Ой түй­іні: рес­пуб­ли­ка­лық Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің мұрағат­жай­ла­рын­дағы «халық жау­ла­ры» құжат­та­ры­ның түгел­дей ашық, жари­я­лы болуын талап етуі­міз керек. «Жау» ата­лып кете барған жазы­қ­сыз аға­ла­ры­мы­зға қаты­сты нақты деректер­дің ізі сон­да ғана табылады.

ОТ РЕДАКЦИИ: В послед­нее вре­мя в каза­хо­языч­ной прес­се ста­ли появ­лять­ся све­де­ния, ста­вя­щие под сомне­ние такой исто­ри­че­ский факт, как рас­стрел Маг­жа­на Жума­ба­е­ва и Саке­на Сей­фул­ли­на в 30‑е годы про­шло­го сто­ле­тия, во вре­ме­на ста­лин­ских репрес­сий. По неко­то­рой инфор­ма­ции, они вовсе не были рас­стре­ля­ны, а дожи­ва­ли послед­ние дни в сибир­ских лаге­рях “вра­гов наро­да”. Свое мне­ние по это­му пово­ду решил выска­зать и писа­тель Габ­бас Кабы­шу­лы, он счи­та­ет, что явных дока­за­тельств послед­ней вер­сии нет.

Ори­ги­нал статьи — 

Шын­ды­қтың шырайы – нақты дерек

архивные статьи по теме

Жумаканов отомстил «Республике»?

Казуистика от Минюста

Біз не көрмедік…