13 C
Астана
15 июня, 2021
Image default

Жанболат МАМАЙ: Бәйбектің жемқорлығы туралы тағы да бірер сөз

Назар­ба­ев­тың «НұрО­тан­дағы» бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бәй­бек, бізді сотқа беріп,  «жемқор емес­пін, адал­мын, таза­мын» деп, жаһанға жар салып жатыр. Бірақ, Бәй­бек­тің мем­ле­кет қазы­на­сы­нан бір тиын ұрла­маға­ны­на, ел бай­ы­лы­ғын жымқыр­маға­ны­на сенетін пен­де елде кем де кем.  «Бәй­бек адал» деп жүр­ген­дер, сол айтқа­ны­на өздері де сене қой­мас. Тек амал­сыздан «НұрО­тан­ның» май жағы­лған «нанын жеп», соларға болы­сып жүр­ген «туфли жалағы­штар­дың» бұлай демес­ке лажы жоқ болар.  Иә, Бауы­р­жан Бәй­бек бізді сотқа беріп, оның қорға­у­шы­сы, мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­рын­да, біздің ешбір дәлелі­міз жоқ деп, тоты құстай сай­рап жүр екен. Соған анық, айқын, «көзін шұқып» тұрып, Бәй­бек­тің нағыз жемқор екенін көр­се­туі­міз керек деп сана­дық.  Ел де Бауы­р­жан­ның ұрлап алған дәу­летін көрсін!2,5 млн халық үйсіз, күй­сіз пәтер жал­дап жүр­ген кез­де, оның отба­сы­ның биз­нес-серік­тесі сана­ла­тын,  Ахме­то­втер­дің құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның аста­на­да зәулім үйлер мен әкім­шілік ғима­рат­тар­ды салып жатқа­ны бегілі.  Назар­ба­ев­тың кла­с­та­сы­ның бала­сы бол­саңыз қалай өмір сүресіз, ал олар­дың қата­ры­на жат­па­саңыз қалай өмір сүресіз?  Міне, осы айыр­ма­шы­лы­қты нақты фак­тілер­мен, дәлел­дер­мен кел­тіріп көрейік.

Мыса­лы, аста­на­дағы, адам қара­сы мол,  орта­лық даңғыл­дар­дың бірі – Рес­пуб­ли­ка көше­сін­де «Нұр­Тау» деп ата­ла­тын биз­нес орта­лы­қтың ғима­ра­ты тұр. Тоғыз қабат­тан тұра­ды, Оның алты қаба­тын түр­лі фир­ма­лар,  кең­се ретін­де,  ал, қалған үш қаба­тын түр­лі сауда орта­лы­қта­ры жал­дап отыр.  Бұл ғима­рат­та асха­на да, жат­ты­ғу зал­да­ры да бар, түр­лі ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың кең­се­лерін де осын­нан таба­сыз. Бұл сәу­лет­ті ғима­рат­тың Бай­ы­р­жан Бәй­бек­ке тіке­лей қаты­сы да бар. Оны дәлел­деу қиын емес – құжат­та­рын­да иелері Бай­ы­р­жан­ның жақын туы­ста­ры екені айқын көрініп тұр.

Ал, бұл ғима­рат­тан кең­сені жалға алу құны қан­ша тұра­ды?  Оның арнайы сай­ты­на кіріп, тек­серіп көр­дік. Орна­ласқан қаба­ты­на, жағ­дай­ы­на қарай баға­сы да түр­лі болып келеді екен. Жағал берілетін тоғыз қабат­тың ай сай­ын қыру­ар қар­жы түсіріп тұрға­ны анық. Біз бен сіз­дер үшін, әрине, көп ақша. Ал, бәй­бек­тер­дің жұмы­ры­на жұғын да бол­май­ды.  Өйт­кені олар­дың кәсібі түр­лі сала­ны қам­тып жатыр. Ал, бұл пай­да­сы мол биз­нес орта­лы­қты Бауы­р­жан­ның әкесі­мен бір­ге, оның биз­нес серік­тесі,  Қуат Ахме­тов те иеленіп отыр. Ол ағай­ын­ды ахме­то­втер­дің әкесі.  Бұл отба­сы бәй­бек­тер отба­сы­мен тығыз биз­нес-бай­ла­ны­ста. Мыса­лы,   Назар­ба­ев­тың кла­с­та­сы Қыды­рға­ли-Мұхам­мед Әмірұ­лы «Вуд Арт» ата­у­лы жиһаз шыға­ра­тын ком­па­ни­я­ның құры­л­тай­шы­сы бола­тын. Кей­інірек, бұл ком­па­ния Сала­мат Ахме­то­втың мен­ші­гіне өтті. Бұл екі әулет­тің ара­сын­дағы алыс-беріс биз­нес қаты­на­стың бір мыса­лы ғана.  Ортақ биз­нес импе­ри­я­ны құру бары­сын­да әрі-бері өтіп жатқа­ны баршылық.

Аста­на­дағы сол жақ жаға­ла­удағы Қабан­бай батыр көше­сін­де­гі үйлер­дің қата­рын­да «Нұр­лы Орда» деген ата­уы­мен бел­гілі биз­нес орта­лы­ғы  бой көтер­ді. Бұл әлі салы­нып біт­пе­ген ғима­рат, жақын­да қол­да­ны­сқа беріледі деген мәілі­мет­тер бар. Мұның Бәй­бе­ке не қаты­сы бар дер­сіз. Бар болған­да қан­дай! Орта­лы­қтың иесі жаңағы Қыды­рға­ли-Мұхам­мед Әмірұ­лы, Бауы­р­жан­ның әкесі. Ресми құжат­тар­ды 81 жастағы Қыды­рға­ли- Мұхам­мед осы ғима­рат­тың қожай­ы­ны ретін­де көр­сетіл­ген. Ал, құры­лы­сын жүр­гізіп жатқан ағай­ын­ды Ахме­то­втер­ге тиесілі НАҚ, яғни, «НұрАс­та­наҚұры­лыс» кор­по­ра­ци­я­сы. Бұл қала­дағы ең зәулім ғима­рат­тар­дың, ең зәулім биз­нес орта­лы­қтар­дың бірі бола­ры сөз­сіз. Енді ойлап көріңіз­дер. Бауы­р­жан Бәй­бек­тің жемқор­лы­ққа еш қаты­сы бол­ма­са, қолы таза, ниеті ақ бол­са, оның 81 жастағы әкесі осын­дай қым­бат мүлік­ті иеле­нер ме еді? Зер сала қара­саңыз, Қыды­рға­ли-Мұхам­мед Әмірұ­лы тек 2013 жыл­дан ғана биз­не­спен айна­лы­са бастаған. Яғни, 73-ке толған­ша, ешқан­дай да үлкен кәсібі бол­маған. Бала­сы Бауы­р­жан­ның «тасы өрге дома­лаған» сай­ын, қыз­меті көтеріл­ген сай­ын, әкесінің де, отба­сы мүше­лерінің де биз­несі дамып, бай­лы­ққа кене­ле түс­кен. «Нұр­лы Орда» пай­да­ла­нуға беріл­ген соң, Бәй­бек­тің толып жатқан фир­ма­ла­ры­ның кең­се­лері осы ғима­рат­та  қоныс теуіп жат­са, таң қал­маңыз. Соны­мен, биз­нес орта­лы­ғын ашса, Бәй­бек орта­лық ашсын, үй сал­са, «нұр­ланған» НАҚ үй сал­сын дей­міз де.

Бәй­бек­тің шеше­сі Алты­най Күнға­лиқы­зы да биз­не­стің құлағын ұстаған жан.  Балаң әкім бол­са, Назар­ба­евқа жақын бол­са, неге ұста­масқа? Бұл кісінің де биз­не­сте­гі жолы, құдай қосқан қосағы­нікі секіл­ді, 2013–15 жыл­дар­дан бастап ашы­лған. «Нүр­лы би» және «Эко­биз­нес» сын­ды ком­па­ни­я­лар­дың иесі.

Бәй­бек­тер­дің отба­сын­дағы «дарын­ды» кәсіп­кер­дің бірі – оның әпкесі Айгүл  Бәй­бек. Бауы­р­жан өзі бер­ген бір сұх­ба­тын­да оны өз ісі­мен айна­лы­сып жүр­ген дарын­ды адам деп сый­пат­тай­ды. Бірақ, Айгүл­дің «дары­ны» мем­ле­кет­тік тен­де­ре­рді жеңіп алу­мен ғана шек­те­летінін айтқан жоқ. Айгүл­дің мен­ші­гін­де­гі  «Медиа групп» фир­ма­сы, бір­не­ше жыл бұрын, отан­дық  кино­ны қорға­у­мен айна­лы­са­тын мем­ле­кет­тік ком­па­ни­ядан 155 млн тең­ге алға­ны бел­гілі. Біз ол тура­лы айтқан­быз және қолы­мы­зда ол келісім-шар­ттың көшір­месі де бар. Ол шар­тқа сай, «дарын­ды»  Айгүл кәсіп­кер 2020 жыл­дың соңы­на дей­ін әйгілі «Дос-Мұқа­сан» тобы тура­лы фильм түсіетін болған. Бірақ, ол фильм әлі де аяқталған жоқ. Жары­ққа шығып, көре­рменін қуан­та да алма­ды. Айгүл­дің тағы бір ком­па­ни­я­сы «Арай фай­нинг групп» азық-түлік жет­кізіп беріп, мей­рам­ха­на биз­несін «жан­ды­рып» отыр. Бұлар­дың қыз­метіне жүгі­нетін­дер, әрине,  мем­ле­кет­тік орган­дар. Бүкіл мем­ле­кет­тік меке­ме­лер осы ком­па­ни­яға ғана бйла­нып қалған сияқты.  Қыз­метін тұтын­баған­дар жоқ десек те бола­ды. Айгүл­дің де қаты­спаған биз­несі шама­лы. Таны­мал «Росин­ка» суын сата­тын ком­па­ни­я­ның да құры­л­тай­шы­ла­ры қата­рын­да. Кей­бір деректе­ге қараған­да, ол мем­ле­кет­тік сатып алу жөнін­де­гі 154 келісім-шар­тқа қол қой­ған.  Сіз ішкен бұл судың әр там­шы­сы бәй­бек­тер­дің қал­та­сы­на түс­кен тиын деп санай беріңіз. «Индаст­рил ком­па­ни зуум» мем­ле­кет бюд­жетін салық төле­ме­гені үшін қары­здар бол­са да (39,3 млн тең­ге), мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­мен 900-ге тар­та келісім-шарт жасап, «Самұрық-Қазы­наға» қыз­метін сатып отыр. «НАК-менедж­мент» ком­па­ни­я­сы да Айгүл Бәй­бек­тің мен­ші­гі деген деректер бар.

Бауы­р­жан Бәй­бек­тің қазір­гі әйелі аста­на­лық қала­да сот болып қыз­мет атқа­ра­ты­ны бел­гілі. Өткен­де басы үлкен дауға қалған Алма­ты­дағы Медеу аудан­дық соты­ның судья­сы Свет­ла­на Жола­ма­но­ва  осы Жанар Бәй­бек­пен бір­ге оқып, заң сала­сын­дағы «биз­не­сті бір­ге тоқы­ған» құр­бысы екенін ашық мой­ын­да­ды.  Ал, Жанар­дың аға­сы Топ­жар Есболұ­лы Жамал­бе­ков  – жолы болғыш, сәт­ті кәсіп­кер. Ол тура­лы өзі­міздің алға­шқы филь­мі­міз­де көр­сет­кен бола­тын­быз. Оның «Эпл  уилд» ком­па­ни­я­сы­на Алма­ты­ның сол кез­де­гі әкі­мі Бауы­р­жан Бәй­бек­тің 73 гек­тар­дан астам жер­ді жалға бер­гені бел­гілі. Бәй­бек бол­са, «нұро­тан­дық» экс-депу­татқа бер­ген сұх­ба­тын­да ағай­ын­ды Ахме­то­втар тура­лы, өзінің олар­мен биз­нес серік­тес екенін тура­лы жағын ашпа­ды. Қалай айта­ды? Ол тура­лы ауы­зын ашса, өзінің артын өзі ашып алмай ма? Бәй­бек­тер мен Ахме­то­втар­дың биз­нес бай­ла­ны­сы бар екені – олар­дың ком­па­ни­я­ла­ры­ның бір ғима­рат­та оты­рға­ны­нан, бір ком­па­ни­я­ны кезек иелен­ген­дері­нен-ақ көру­ге бола­ды емес пе?

Бәй­бек­тің бұл серік­те­стеріне «НұрАс­та­наҚұры­лыс» ком­па­ня­сы тиесілі. Бұл ком­па­ни­я­ны ағай­ын­ды Сала­мат және Жомарт Ахме­то­втер басқа­ра­ды. Құжат бой­ын­ша сол еке­уі құры­л­тай­шы. Қазір аста­на­дағы салы­нып жатқан ең ірі құры­лыс жоба­ла­ры –  тұрғын үй кешен­дері, зәулім ғима­рат­тар осы ком­па­ни­я­ның еншісін­де.  Олар салып жатқан үйлер аста­на­ның ең қым­бат аудан­да­рын­да орна­ласқан. «Хан­шай­ым», «Әулет», «Три­умф аве­нью», «Прайм парк» тұрғын үй кешен­дерінің құры­лы­сын жүр­гізіп жатқан нақ осы «НАҚ» кор­по­ра­ци­я­сы. Ком­па­ни­я­ның сай­тын­да кел­тіріл­ген мәлі­мет­тер­ге қараған­да, өздері салып жатқан үйлер­де үш мың­нан аса­тын пәтер бар. Жал­пы аумағы 2 млн шар­шы метр­ден де көп. НАҚ жал­пы саны 70-тен астам осын­дай нысан­ның құры­лы­сын жүр­гіз­ген. Ал, есеп­тей беріңіз – аста­на­дағы мұн­дай әр бір пәтер­дің баға­сы ондаған мың дол­ларға шыға­ты­нын ескер­сек, НАҚ қыру­ар пай­даға кенеліп жатқа­нын түсі­не­міз.  Бәй­бек­пен тығыз бай­ла­ны­сты Ахме­то­втер, Көл­гі­но­втен жер алып,  тұрғын үй құры­лы­сы­нан осы­лай­ша бай­ып жатқан тұста,сол  қала әкі­мі Көл­гі­но­втің орын­ба­са­ры Дани­яр Мәкен бас­па­на зары­мен алды­на  кел­ген көп бала­лы ана­ларға бөтел­ке лақты­рып жүр (ол бейне жаз­ба желі­де кеңі­нен тараған).  Демек, Бәй­бек­тің туы­сы бол­саң, оның биз­нес серік­тесі бол­саң, жалған­ды жал­пағы­нан баса­сың, ал, әле­умет­тік жағы­нан қорғал­маған жан бол­саң, күнің сол – қорған­сыз өтеді.

Бірқа­тар деректер­ге қараған­да, қауіп­сіздік кеңесін­де лау­а­зым­ды қыз­мет атқа­ра­тын Аза­мат Ахме­тов, бұл биік­ке Бәй­бек­тің көме­гі­мен көтеріл­ген. Ағай­ын­ды Ахме­то­втер мен олар­дың әкесі ондаған ком­па­ни­я­ның иесі.  Қата­рын­да ғима­рат­тар­ды басқа­ра­тын және құры­лыс жүр­гі­зетін­дері бар. Биыл наурыз айын­да Алма­ты­да шыққан үлкен дау көп­шілік­тің есін­де болар – «Рахат» база­рын­дағы­лар оның жабы­луы­на нра­зы­лы­қта­рын біл­діріп, қар­сы­лық акци­я­сы­на шыққан  бола­тын.  Бұл жер­ді Бай­ы­р­жан Бәй­бек әкім­дік құрып тұрған тұсын­да «Алма­ты СРС»  ком­па­ни­я­сы­на беріп жібер­ген екен. Бір гек­тар аумақтағы жер­ді Бәй­бек Сала­мат Ахме­то­втің ком­па­ни­я­сы­на  бере салған. Осы істің өзі­нен-ақ жемқор­лы­қтың иісі мүңкіп тұр емес пе? Бұның өзі Бәй­бек­тің Ахме­тов отба­сы­мен қан­ша­лы­қты тығыз қаты­на­ста екенін көр­сет­се керек. Жәй қаты­нас па? Осы­ған қарап, Ахме­то­втер­дің биз­несін­де Бәй­бек­тің үлесі бары­на шек кел­ті­ре алмас­пыз. Әбден мүм­кін ғой. Мыса­лы, Бауы­р­жан-әкім Бауы­р­жан-биз­не­смен­ге жер­ді бере алмай­ды. Дау туа­ды.  Оның үстіне жемқор­лық жең ұшы­нан жалғас­па­са, жемқор­лық бола ма?  Сон­ды­қтан, Бауы­р­жан-әкім Сала­мат-биз­не­смен­ге жер­ді береді де, сырт көз­ге сынын бұз­бай­ды – құда да тыныш, құдағи­дың да көңілі жақ­сы.  «Өле жеген­ше, бөле жесе», аты­на кір кел­тір­мей­ді. Бұл нағыз жемқор­лық. Ахме­то­втер­дің Бәй­бек сын­ды қорға­ны бол­ма­са, аста­на­дағы ең көр­нек­ті  жер­лер­де тұрғын үй салуы мүм­кін бе еді?  Қаза­қстан­дағы, ірі табыс әке­летін, кез кел­ген үлкен биз­не­стің «кры­ша­сыз» жүр­мей­тіні бел­гілі ғой. 

Бауы­р­жан Бәй­бек­тің жау­ап бер­гісі кел­мей­тін тағы бір түйт­кіл мәсе­лесі бар. Ол –  Алма­ты­дағы Қазақ Ұлт­тық уни­вер­си­тетінің 73 сотық жерін кім­ге және не үшін бер­геніне қаты­сты мәсе­ле. 2012 жыл­дың 30 қаңта­рын­да, қала­ның сол кез­де­гі әкі­мі Есі­мо­втың қаулы­сы­на сәй­кес, уни­вер­си­тет­тің жер көле­мі 73. 26, 62 гек­тар­ды құраған. Ал, 2017 жылы 2 қаңтар­да Бәй­бек әкім шығарған жаңа қаулы­ға қара­сақ,  уни­вер­си­тет жері 71. 42.  20 гек­тарға дей­ін кеміп қалға­нын көре­міз.  Яғни 0.8 га жер ұшты күй­лі жоқ болып кет­кен. Сон­да, бұл жер­ді Бауы­р­жан Бәй­бек «кім­ге және не үшін бер­ді? Қан­дай негіз­ге сүй­еніп бер­ді?» деген сау­ал туа­ды. Бәй­бек бол­са, Алма­ты­ның төрін­де­гі мұн­дай қым­бат жер­ді қай­да жібер­генін әлі де айтқы­сы кел­мей отыр. 

Міне, осы екі мысал – «Рахат» база­ры­ның жерін әкесінің биз­нес серік­тесіне, ал Қазақ уни­вер­си­тетінің жерін әлде кім­дер­ге, кей­бір ақпа­рат­тарғка қараған­да,  Құлы­ба­евқа қаты­сты ком­па­ни­я­ларға, бер­гені  нағыз жемқор­лы­қты көр­сет­се керек.

Алма­ты­дағы Гоголь мен Бай­тұр­сы­нов көше­лерінің қиы­лы­сын­да Бәй­бек «түбіне жет­кен» трам­вай депо­сы орна­ласқан. Эко­ло­ги­я­лық таза көлік сана­ла­тын трам­вай­мен күрес – Бәй­бек әкім­нің алға­шқы май­да­ны.  Қалаға тән ерекшелік­тің бірі сана­ла­тын  қоғам­дық көлік желісін құр­ты­сы­мен, орта­лы­қтағы депо­ның жері қол­ды бол­ды. Ал, ол жер­ді кім иеленіп алға­ны әлі күн­ге жұм­бақ. Мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мұн­дай жер­лер толы­ғы­мен жеке қол­дарға өтіп кет­ті деген мәлі­мет­тер бар.Деподан босаған жер­ге сауда-сат­тық орта­лы­ғы, кафе­лер салы­нып жатқан көрі­неді. Депо­ның, сәу­лет өнерінің мұра­сы іспет­ті, ескі ғима­ра­ты сүріліп таста­лы­нған. Қала бел­сен­ділері оны қал­ды­ру­ды өтін­ген бола­тын. Ресми ақпа­рат­тар бұл жер­де жастарға арналған орта­лық салы­на­ды дей­ді. Әрине, оның  жеке мен­шік орта­лық бола­ты­ны сөз­сіз. Міне, трам­вай­ды құр­тқан­дағы Бәй­бек­тің түп­кі мақ­са­ты бел­гілі бол­ды – жер сатып,  пай­да табу, тіп­ті, салы­нып жатқан орта­лы­қта да үлесі болып жат­са, таңқал­май­мыз.   Соны­мен, трам­вай депо­сы­на қарас­ты бір­не­ше гек­тар жер саты­лып кет­кен деген болжам жасай беру­ге де болады.

Ал, Төле би мен Ясса­уи көше­лерінің қиы­лы­сын­да авто бөл­шек­тер сауда­сы жүретін «Бая­на­уыл» база­ры тұрған. Бәй­бек осы база­рдың 7.5 га жерін мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рып алу тура­лы қау­лы шыға­ра­ды. Сыл­та­уы – мек­теп пен бала­бақ­ша салу бола­тын. Алай­да, ауы­зын «қу шөп­пен сүр­тіп­ті». Мек­теп те жоқ, бақ­ша да жоқ. Алма­ты­да қиын­дық туды­рып тұрған мәсе­ле – сол мек­теп пен бала бақ­ша емес пе еді? Қазір,  осы Ақсай шағын ауда­нын­да, бала­лар үш ауы­сым­мен оқып әуре. Ал, мек­теп пен бақ­ша түс­пек­ші жер саты­лып кет­кен. Бәй­бек­тер осы жер­ге зауыт салып, авто­бу­стар шыға­ра­мыз деп те бөс­кен еді.  Бірақ, жеме жем­ге кел­ген­де, бар-жоғы,  Қытай­дан келетін авто­бу­стар­дың гара­жы ғана болып шықты.  Жәй гараж емес, нағыз ала­я­ты­қтың бір көрінісі. Қытай­дан кел­ген дай­ын авто­бу­сқа «Қаза­қстан­да жасалған» деген лей­бл осы жер­де тағылады.

Алма­ты­да құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры­на,  үй салуға,  Бәй­бек сатқан жер­лер аз емес. Соның арқа­сын­да, қала зәру болып оты­рған мек­теп­тер мен бала бақ­ша емес, ірі тұрғын үй кешен­дері бой көтер­ді. Ал, Бәй­бек­тің  қала­дағы пар­кинг­тер орна­ласқан жер­ді жеке мен­шік­ке біріп жібер­гені – ол да бір үлкен де дау­лы мәсе­ле. Пар­кинг жері,  ым-жым­мен, Дариға Назар­ба­е­ва­ның құда­сы Қай­рат Боран­ба­ев­тың мен­ші­гіне өтіп кете барған. Тек Лон­дон­дағы пәтері ғана, кей­бір деректер­ге қараған­да, 100 млн евро тұра­тын бай оли­гарх.  Қазір авто мін­ген алма­ты­лы­қтың бәрі де Боран­ба­евқа ақша төле­у­ге мін­дет­ті. Жеке мен­шік­те­гі пар­кинг­ке төле­мей кет­сеңіз, поли­ция үш айлық көр­сет­кіш көле­мін­де айып пұл сала­ды. Пар­кинг жеке мен­шік, ал оны қорғау мем­ле­кет­тің пәр­мені­мен жүзе­ге асады.

Авто көлік­ке қаты­сты тағы бір мәлі­мет­ті кел­ті­ре кет­сек. Әкім кезін­де, авто­бус сатып алған Бәй­бек, биз­нес­мен Дін­мұ­хам­мед Ыды­ры­сов­пен бір­ге, 11 млн дол­ларға жуық пай­да көр­генін өткен фильм­де айтқан­быз.  Шикілік­тің түбін, қазір қолы­мы­зға түс­кен, әкім Бәй­бек қол қой­ған 2016 жылғы келісі­мі көр­се­те­ді. Оған сәй­кес, Алма­ты­ның бүкіл жола­у­шы­лар тасы­ма­лын «Элек­тро­транс» ком­па­ни­я­сын сырт­тай басқа­руға беру тура­лы шешім шыққан.  Соған орай, «Элек­тро­транс» бар-жоғы 1,5 млрд  тең­ге­ге «Green Bus» ком­па­ни­я­сы­на бес жылға сенім­ді басқа­руға беріл­ген. Ал, бір ғана нөмірі екін­ші ком­му­нал­ды авто­парк­тің құны тоғыз млрд-тан астам. Үшін­ші авто­парк­тің құны 6.5 млрд тең­ге­ден, нөмірі бірін­ші парк­тің баға­сы 3 млрд тең­ге­ден асып жығы­ла­ды.  Тек бірін­ші трол­лей­бус пар­кінің өзі ғана 4.5 млрд тең­ге­ге баға­ла­на­ды. Бәй­бек бол­са, осы ірі шару­а­шы­лы­қты бүкіл тех­ни­ка­сы­мен, ғима­рат­та­ры­мен, кең­селік жиһаз, басқа да  мүл­кі­мен қоса бір жарым млрд тең­ге­ге бес жылға бере сала­ды. Бұл қала үшін стра­те­ги­я­лық аса маңы­зды нысан. Оны ешкім­мен де ақыл­дас­пай жатып, тұрғын­дар­дың пікірін біл­мей жатып, жеке қолға өткізіп жібе­реді. Тіп­ті, мәс­ли­хат­тың шеші­мін шығарт­ты ма, жоқ па, ол жағы да бел­гісіз. Мәс­ли­хат бол­са, біз қой­ған сұраққа жау­ап беру­ден бас тар­тып отыр. Осы ара­да жемқор­лық жоқ дей алмай­мыз. ӨЙт­кені, бұл ком­па­ния не бәрі үш жыл­дан соң, Шым­кент соты­на өзін банк­рот деп тануға арыз түсіріп, шешім шығар­та­ды. Ал, осы мәсе­лені жемқор­лы­ққа қар­сы күрес Агент­ті­гі неге қара­май­ды, неге тек­сер­мей­ді? Біздің фильм­де айты­лған, көр­сетіл­ген мәлі­мет­тер­ден соң, Бәй­бек қыз­метін­де бір күн де отыр­май, түр­ме­ден шыға­уы керек еді. Әрине, Назар­ба­ев режи­мінің қорға­уын­дағы адам­ды оты­рғы­за қой­ма­сы да анық, заң үстем­дік құрған демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет емес­піз ғой. Елді қалай тонай­мын десе де, өздері біледі. Керісін­ше, шын­ды­қты айтқан, былы­қта­рын ашқан бізді сотқа тар­тып отыр. Авто­бус жырын жалғастырсақ.

Бәй­бек­тің Алма­ты­ға қытай авто­бу­ста­рын толы­тырп тастаға­ны естеріңіз­де болар. «Jong Tong Bus» ком­па­ни­я­сы қала әкім­ді­гі сатып алмақ­шы бір авто­бу­сты 83 мың дол­лағ­ра ұсы­на­ды. Ал, біздің қолы­мы­зда Дін­мұ­хам­мед Ыды­ры­со­вға тиесілі «Опти­ма» ком­па­ни­я­сы мен «Элек­тро­тран­стың» жасасқан келісім-шар­ты бар. Соған қара­сақ, 32019 жылы жаңағы қытай авто­бу­ста­ры­ның «Опти­ма» «Элек­тро­тран­сқа» әр қай­сысын 62 млн 160 мың тең­ге­ге сата­ды. Сол тұстағы дол­лар баға­мы­м­ен есеп­те­сек, бұл 163 мың дол­лар­ды құрай­ды. Қаза­қстан­дағы бүкіл алым-салы­қты, баж салы­ғын, «утиль­с­бор­ды» қос­саңыз, шама­мен, 25 мың дол­лар шығын бар. Сон­да,  «Опти­ма» әр авто­бу­стан,  кемін­де, 55 мың дол­лар пай­да көр­ген. Ал, олар­дың сатқан авто­бу­ста­ры­ның саны 200. Сөй­тіп, жал­пы 11 млн дол­лар таза табыс түсір­ген. Осы­дан соң, «Опти­ма» Қаза­қстан­дағы бай ком­па­ния болып шыға келеді. Міне, осы істері үшін Бәй­бек баяқы­да-ақ абақты­да оты­руы керек еді. Ал, ол сол 11 млн дол­лар­ды әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу­ге жұм­саған жоқ қой! Осы­дан кей­ін, Бәй­бек­ті ұры еммес, жемқор емес деп айта ала­сыз ба? Неге ол сотқа өзі жазған ары­зда, тұрғы­лы­қты мекен жәй­ін емес, «НұрО­тан­дағы» каби­нетін көр­се­те­ді? Өйт­кені, әл Фара­би даңғы­лын­да орна­ласқан, бір пәтер­дің нары­қтағы құны алты жүз мың дол­лар шама­сын­дағы,  «Есен­тай аппар­та­мент­сте­гі» пәтерін көр­се­ту­ге дәті шыда­ма­ды. Ұяты жібер­меді деп айта алмай­мыз.              Ал, Бәй­бек­тің мұн­да бір емес, бір­не­ше пәтері болға­ны жәй­лі де айты­лып жүр. Пәтер­лер­ді қосып тұрған ғой.  Сон­да, оның үй-жайы бір­не­ше мил­ли­он дол­ларға баға­ла­на­тын болып шыға­ды емес пе.   Ал, әкім ретін­де ала­тын жалақы­сы 600 мың тең­ге болған. Жемқор­лы­қ­пен айна­лы­спа­са, азын-аулақ жалақы­сын бай өмір­ге қалай жет­кізді? Мың­даған алма­ты­лы­қтар  «жетім бұры­шты»  жаға­лап, «Кры­ша­ны»  ақта­рып, пәтер­ден пәтер жал­дап жүр­ген­де, Бәй­бек сын­ды ұры­лар, осы­лай­ша, шалқып өмір сүріп жатыр.

Бәй­бек­ке қой­ы­ла­тын сұрақтың бірі – ол Алма­ты­да алдыр­тып тастаған,  жал­пы ұзын­ды­ғы, шама­мен,  150 шақы­рым­дық,  темір қор­ша­у­лар. Оның қазір қай­да кет­кені бел­гісіз. Әр бір темір едәуір ақша тұра­ты­нын ескер­сек, Бәй­бек осы жер­де де «асап» қалған болар дей­міз. Бауы­р­жан, темір қор­ша­уды қай­да жібердің?

Бәй­бек­тің Алма­ты­да қоғам бел­сен­ділерін сая­си қуғын­да­у­мен айна­лы­сқа­ны да бар­ша­мы­зға мәлім.Ол біздің «Три­бу­на – Ашық алаң» газетін, «Адам бол» жур­на­лын жапқы­зуға да үлкен үлес қосты деп ойлай­мыз. Ол өзін адал адам санай­ды. Алай­да, біз кел­тір­ген мәлі­мет­тер оның нағыз жемқор, ұры екенін дәлел­дей­ді.  Бір де бір күн биз­не­сте жұмыс істе­ме­ген, бар біл­гені мем­ле­кет­тік қыз­мет болған адам­ның әке-шеше­сінің, туған-туы­сы­ның аяқ асты бай­ып кетуі оның жемқор екенін дәлел­дей ме? Әрине, дәлелдейді!

Источ­ник: https://dpkkz.com/

архивные статьи по теме

Четверть школ региона непригодны для учебы?

Я свободен! Всем спасибо!

Китайский вопрос