4 C
Астана
9 октября, 2024
Image default

Жазушылар қазақ газеттерін неге оқымайды?

Осы сау­ал қой­ы­лған­да, «мүл­дем оқы­май­мын» деген жазу­шы­лар көп бол­ды. Әрі қарай себеп­терін тарқа­та­ды. Негізі «Бас­пасөз — халы­қтың көзі мен құлағы» десек, жазу­шы­лар­дың газет­ті оқы­мауы өзіне зиян. Өмір күн­делік­ті жаңа­лы­қ­пен байиды.

 

Автор: Ұлт порталы

 

Жазу­шы осы­лай бай­ып тұр­ма­са, өмір көші­нен қалған деп біле­міз. Ал бұл жөнін­де сіз қалай ойлай­сыз, қадір­лі оқыр­ман? (Осы тақы­рып төңіре­гін­де бірер жазу­шы­лар­дың пікір­лерін ғалам­тор­дан әзір­ле­ген едік).

Әкім Тара­зи, жазушы:

- Менің редак­тор­лар­да шару­ам жоқ. Бірақ қазақ газет­терін оқы­май­мын. Ол рас. Ресей­дің екі газетін ғана ала­мын. «Лите­ра­тур­ная газе­та» мен «Новая газе­та». «Лите­ра­тур­ная газета»-дан әде­би­ет­тің бүгін­гі ағым­да­рын қадаға­лап оты­ра­мын, бірақ ол да жетістіріп жатқан жоқ. Ал «Новая газе­та» — мықты басы­лым. Жур­на­ли­стері ешқа­шан дәлел­сіз пікір айт­пай­ды. Сынаған­да да мәде­ни­ет­ті әрі әділ сынай­ды. Ал қаза­қтар біре­уді сына­са, оның жеке басы­на, баба­сы мен бала­ла­ры­на тиісіп кете­ді. Ешу­ақыт­та жеке басқа тиі­су­ге бол­май­ды. Ол сау­ат­ты адам­ның тір­лі­гі емес. Үйге газет­тер көп келеді, бірақ біре­уінің жазға­ны екін­шісін­де де жүреді. Басқа­ла­ры­нан да кез­де­стіресің. Сон-дықтан олар­ды қабыл­дай алмаймын.

Болат Ата­ба­ев, режиссер:

- Орыс жур­на­ли­стері­мен салы­сты­рған­да дең­гей­лерің төменіне төмен. Бұрын қазақ газет­терін оқи­тын едім. Біраз жыл­дан бері мүл­дем оқы­май­тын бол­дым. Енді оқу-оқы­мау өзім­нің құқы­ғым ғой. Жаза­тын­да­ры сол — анау жаман, мынау жақ­сы, бол­ды. Қабан жыра­удың, бірін­ші­ден, не жаман, екін­ші­ден, не жаман деп, бар жаман­ды тізіп беретіні бар емес пе? Құд­ды сол. Сон­да қазақ жур­на­ли­стеріне бар жаман­ды санап беру мін­дет болып па? Жаман екенін онсыз да біле­мін. Енді соны мың рет айту керек пе?

Мәди Арты­ға­ли­ев, қоғам қайраткері:

- Әсіре­се дау­лы, жан­жал­ды мә-селе­лер­ге кел­ген­де қазақ жур­на­лис-терінің қолы бай­ла­у­лы. Неге десеңіз, кез кел­ген газет­тің құры­л­тай­шы­сы бар. Қай­сы­бір басы­лым өзінің бас­шы­сы­нан асып ешнәр­се жаза алмай­ды. Бұл біз­де әлі цен­зу­ра­ның ұшқы­ны бар деген сөз. Қоғам­да орын алған про­бле­ма­ларға ашық қалам тер­беу үшін ол тәу­ел­сіз жур­на­лист болу керек. Бұл жер­де газет бас­шы­лы­ғы­ның бер­ген бағ­да­ры­на сәй­кес жұмыс жаса­уға мәж­бүр екенін еске­руі­міз керек.

Ғари­фол­ла Есім, сена­тор, фило­со­фия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, академик:

- Қазақ газет­тері­нен сусын­дап, білім алып, қазір­гі жағ­дай­ға жет­тім. Қазақ газет­тері бала жасым­нан мені өсіріп келе жатыр. Бұл басы­лым­дар­да елдің, мәде­ни­ет­тің, әде­би­ет пен өнер­дің тарихы, ірі тұлға­лар тура­лы ашық әрі маз­мұн­ды мақа­ла­лар жиі жари­я­ла­на­ды. Оры­стіл­ді басы­лым­дар­да осы үрдіс әлсіз­деу, сен­са­ци­я­лық, әсер қуа­ла­у­шы­лық басым. Халқы­мы­здың тарихын, тұлға­ла­рын жаз­са да, орыс газет­тері терең­ге бой­лай алмай­ды. Қазақ басы­лым­да­ры мәсе­лені нақты, мағы­на­лы түр­де береді. Сон­ды­қтан қазақ басы­лым­да­рын оқы­маған­дар­ды қазір­гі кез­де білім­ді, зия­лы адам­дар деу мүм­кін емес. Мәсе­лен, ғылы­ми дис­сер­та­ци­я­лар­дағы сіл­те­ме­лер­дің кемін­де 30—40 пай­ы­зы қазақ ба-сылым­да­ры­на сіл­те­ме жаса­лын­ба­са, ондай еңбек­тер­дің ғылы­ми құн­ды­лы­ғы шама­лы бола­ды. Қазақ халқы­ның саны биыл 11 мил­ли­онға жет­пек­ші. Яғни қазақ мүд­десі күшей­іп келеді. Олай бол­са қазақ басы­лым­да­ры­ның орны да, рөлі де қоғам­да арта түсетіні анық.

Жан­сая, «Жиһан­гер» сайтынан:

- Қаза­қ­ша газет-жур­нал оқы­май­мын. Оқып бол­дым өйт­кені. Не жаза­тын­да­ры бұрын­нан бел­гілі. Ол шаб­лон­ды бұры­нғы жур­на­ли­стер ұрпағы жасап бер­ген, кей­ін­гі жас жур­на­ли­стер оны сәт­ті жалға­сты­рып келеді. Ал кей­бір жас жур­на­ли­стер бұл шаб­лон­ды көр­ме­ген болуы, іздені­сте болуы мүм­кін, жаза­тын тақы­рып таба алмауы да мүм­кін. Біздің қазақ жур­на­ли­стер қазақ, қаза­қтық және қазақ тіліне қаты­сты жаз­са, редак­тор­дың және оқыр­ман­ның үлкен респект ала­ты­нын біледі, сон­ды­қтан айна­лып кеп осы тақы­рып­тар­ды жаза береді.

Мақ­сот Ізі­мұ­лы, жазу­шы, «Ама­нат — таным әле­мі» бас­па­сы­ның бас редакторы:

- Объ­ек­тив­ті ақпа­рат ала­тын кез­де еш уақыт­та қазақ газет­теріне сүй­ен­бей­мін. Оқи­мын, бірақ тек зор­дың күші­мен, «Не жазып қала­ды екен?!» деп қана оқи­мын. Ал одан басқа анау айтқан­дай ештеңе күт­пей­мін. Қара­пай­ым ғана мысал — «Нұр­банк» оқиға­сы­на қаты­сты шынайы ақпа­рат беретін мате­ри­ал­дар­ды мен қаза­қ­ша газет­тер­ден ізде­ген жоқ­пын. Өйт­кені жоқ екенін де біле­мін. Сол газет­тер­ді басқа­рып оты­рған жігіт­тер­дің біра­зы менің жақ­сы таны­сым, доста­рым. Солар­дан сұра­сам, «Ешкім біз­ге бұл мәсе­лені жаз­ба деп жатқан жоқ. Бірақ, неге екенін біл­мей­міз, өзі­міз жазған жоқ­пыз», — дей­ді. «Біз жазу­дан аяғы­мы­зды тар­тып бастық, әліп­тің артын бақтық», — дей­ді. Кей­ін­нен, орыс газет­тері әбден шула­тып, ақ-қара­сын айы­ра бастаған кез­де там-тұм­дап ақпа­рат бер­дік дей­ді. Ал осын­дай қазақ газет­терінің жұмған аузын ашпа­уы газет­тің дәр­мен­сізді­гін көр­се­те­ді. Ондай газет­тің қоға­мға кере­гі бар ма?

Герольд Бель­гер, жазушы:

- Мұн­дай пікір­мен мүл­дем келі­се алмай­мын. Қазақ жазу­шы­ла­ры­ның орыс басы­лым­да­рын ғана оқуы — үл-кен кем­шілік, бір­жақты­лық. Қасым­да жүретін шал­дар­дың көп­шілі­гі орыс газет­терін оқуға әуес. Бұлар сол баяғы заман­нан қалған, бұры­нғы пікір­мен жүр­ген­дер. Олар өздерін-өздері кедей­лен­діріп отыр… Мен керісін­ше, қазақ газет­терін ғана оқи-мын. Оры­стіл­ді газет­тер­ге сұх­бат бер­ген­де де айта­тын пікірім бар: қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы, қазақ газет­тері соңғы жыл­да­ры өте дамып, өрістеп, жұрт­ты қат­ты қызы­қты­ра­тын бол­ды. Қазақ басы­лым­да­ры­ның он, он бес шақты­сын оқып тұра­мын. Олар­ды оқы­ған сай­ын іштей риза болып, қуа­на­мын. Сосын бір таңға­ла­ты­ным: қаза­қтың жур­на­лист қыз-келін­шек­терінің дең­гейі өте жоғары.

«Заман-Қаза­қстан» газеті­нен алынды

ОТ РЕДАКЦИИ: Неко­то­рые извест­ные казах­ские писа­те­ли и дея­те­ли при­зна­лись, что дав­но не чита­ют казах­ских газет. Это­му назы­ва­ют несколь­ко при­чин. По мне­нию писа­те­ля Аким Тара­зи кри­ти­ка в казах­ской прес­се  непро­фес­си­о­наль­ная, часто наблю­да­ет­ся пере­ход на лич­но­сти, режис­сер Болат Ата­ба­ев счи­та­ет, что пишут об одном и том же, а писа­тель Мак­сот Ізі­мұ­лы сомне­ва­ет­ся в объ­ек­тив­но­сти казах­ских газет.

 

 

 

Источ­ник: Ұлт порталы

Ори­ги­нал статьи — 

Жазу­шы­лар қазақ газет­терін неге оқымайды?

архивные статьи по теме

Что заставляет людей не решаться пройти вакцинацию? Объяснение психологов.

Editor

Центризбирком сделал скидку на эмоции

Марченко любит деньги, но ненавидит женщин